
- •1. Негізгі құралдар жайлы түсінік, олардың топтастырылуы
- •2. Негізгі құралдардың бағалануы
- •3. Негізгі құралдардың түсуі мен босатылуын құжаттау
- •4. Негізгі құралдардың қозғалыс опреацияларын есепке алу
- •2 Лекция жоспары
- •1. Материалдық емес активтер туралы түсінік
- •2. Материалдық емес активтердің есебі
- •1. Материалдық емес активтер туралы түсінік
- •2. Материалдық емес активтердің есебі
- •2. Амортизациялық аударымдар мен оларды есептеудің әдістері
- •3. Амортизациялық аударымдарды есепке алу
3. Негізгі құралдардың түсуі мен босатылуын құжаттау
Бизнес жүйе ретінде капиталды ең алдымен негізгі құралдарға салу нәтижесінде жұмыс істейді және дамиды. Негізгі құралдар:
жаңа ғимараттар, құрылыстар және беріліс құрылғыларын салу (жасау);
өзге жеке және заңды тұлғалардан ақысын төлей отырып негізгі құралдар алу;
өзге заңды және жеке тұлғалардан өтеусіз түрде немесе атқарушы органдардан жәрдем қаржы (субсидия) тәртібінде негізгі құралдар алу;
құрылтайшылардың жарғылық капитал үшін олардың салған салымдарына негізгі құралдар объектілерін алу;
ұзақ мерзімге қаржыландырылатын жалға алу жағдайында негізгі құралдар объектілерінің түсуі;
түгендеу кезінде анықталған есепке алынбаған (артық) негізгі құралдарды кіріске алу кезінде ұйымдарға түседі.
Негізгі құралдардың шығарылу себептері:
негізгі құралдардың пайдаланылмаған объектілерін өткізу (сату);
жарғылық капиталға салым түрінде басқа ұйымдарға беру;
физикалық және моральдық тозу нәтижесінде жою (тарату);
өзге заңды және жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
объектілерді ұзақмерзімді (қаржыландырылатын) жалға беру;
жетпеушілік, табиғи апаттардан жойылуы.
Тиісті құжаттардың негізінде негізгі құралдардың барлық объетілері дер кезінде және толық кіріске еңгізілуі тиіс. Түскен негізгі құралдарды арнайы комиссия қабылдап алады және «Негізгі құралдарды қабылдап алу - беру Актісі» жасалады /нысан № НҚ - 1/.
Негізгі құралдар объектілері балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық нөмер беріледі. Ол нөмер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойынша сақталады, осы нөмер бойынша барлық өзіндік құжаттар мен есепке алынады. Объект шығысқа шығарылғанда,оның инвентарлық нөмері жаңадан тускен объектіге берілмеуі тиіс.
Әрбір объектіге тугендеу /инвентарлық/ кәртішке ашылады, объект инвентарлқ тізімге енгізіледі, негізгі құралдарды кіріске еңгізу жөнінде жазу жазылады.
Негізгі құралдар объектілерін басқа кәсіпорындарға өткізу келісімді бағамен жүзеге асырылады және «Негізгі құралдарды қабылдап алу - беру Актісі» /нысан № НҚ - 1/ құжатталады. Актіге объектінің жағдайы, оның өзіндік құны, жинақталған тозу сомасы, келісім бағасы көрсетіледі.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру 16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 16 бөлімі «Негізгі құралдар» сәйкесті есепке алынады. Негізгі құралдардың есебіндегі басты сұрақтар болып: бастапқы құнын тану кезеңі, пайдалы қызмет ету мерзімі, амортизация есептеу тәртібі және олардың шығуы бойынша нәтижелер. Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру актісі:
қабылданған негізгі құралдардың пайдаланылуға берілуін ресімдеу кезінде бір данада;
өтеусіз алу және құрылтайшылардан алу кезінде екі данада (объектілерді тапсырушы және қабылдаушы ұйымдар үшін);
содан кейін төлеу арқылы негізгі құралдарды алу кезінде үш данада: алғашқы екі данасы объектіні тапсырушы ұйым үшін (бірінші данасы негізгі құралдарды есептен алу үшін, ал екіншісі – төлеуге шот қою үшін қызмет етеді), үшінші данасы объектіні қабылдаушы ұйым үшін толтырылады.
Негізгі құралдардың ішкі ауысуын рәсімдеген кезде негізгі құралдардың ішкі ауысуына накладной құрылады. Негізгі құралдарды есептен шығару негізгі құралдардың шығуы бойынша актпен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды өзге объектілерге беру «Н Негізгі құралдарды қабылдап алу - беру Актісімен» ресімделеді (№НҚ-1 үлгісі), ол екі дана етіп жасалады, онда объектінің бастапқы (ағымдағы) құны, жинақталған тозу, сату кезіндегі келісімді баға, жарғылық капиталға салу кезінде келісілген өзге объектілер көрсетіледі.
Негізгі құралдарды есептен шығару «Негізгі құралдар объектілерінің топтарын қабылдап алу-беру» (№НҚ-4), ал автокөлік құралдары таратылатын жағдайда, екі дана етіп жасалатын, «Автокөлік құралдарын есептен шығару актісімен» (№НҚ-4а үлгісі) ресімделеді. Актінің бірінші данасы бухгалтерияға беріледі, екінші данасы материалға жауапты тұлғаның өзінде қалады және негізгі құралдар объектілерін бөлшектеп алудан және таратудан алынған материалдық құндылықтарды қоймаға тапсыру үшін негіз болып саналады. Негізгі құралдарды тарату актісінде объектінің толық сипаттамасы, пайдалануға берілген жылы, жөндеу саны, техникалық жағдайы мен есептен шығару себептері көрсетіледі. Одан өзге, актіде: бастапқы (ағымдағы) құны, жинақталған тозу сомасы, тарату шығындары және таратудан түскен кіріс көрініс табады.