Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
225.79 Кб
Скачать

2. Негізгі құралдардың бағалануы

Негізгі құралдар объектісін тану барысында олар өзіндік құны бойынша бағалануы керек. Жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар өзіндік құнына келесілер кіреді: активтің сатып алу құны, импорттық пошлина, сатып алуға салынған орны толтырылмайтын салықтар, бағыт бойынша пайдалануға жұмыс жағдайына активтерді келтіру бойынша тікелей шығындар, сонымен қатар қайта монтаж жасауға және активтердің шығуы бойынша бағалау шығындары. Көп жағдайда жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар объектілері төмендегідей тәртіпте сатып алынады:

-ақшаға;

-құрылыс жолымен;

-несиеге;

-ақысыз;

-басқа да активтерге айырбас ретінде.

Ұйыммен өндірілген жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтардың объектісінің бастапқы құны сатып алынған кездегі принциптер негізінде анықталады.

Ғимараттар мен құрылымдарды салған кезде оның бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар қосылады: материалдар, еңбекақы, үстеме шығындардың сәйкесті үлесі, архитектор, заңгер қызметтерінің төлемі, құрылыс кезіндегі сақтандырумен байланысты шығындар, несие бойынша пайыздар, құрылыс салуға рұқсат алу бойынша шығындар.

Қаржылық жал құқығы бойынша алынған активтердің өзіндік құны №17 «Жалдау» бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкесті анықталады. Жылжымайтын мүлік, ғимарат және объектісінің өзіндік құнынан басқа келесідей түрде де бағалана алады: баланстық құн, амортизациялық құн, жою құны, әділет құны.

Баланстық құн – бұл бухгалтерлік баланста өзіндік құннан жинақталған амортизация сомасымен құнсыздану бойынша зияндарды шигергеннен кейінгі актив сомасы.

Тарату (жою) құны – бұл, егер бұл актив пайдалы қызмет мерзімінің аяғында болады деп күтуге болатын жасқа және жағдайға жетсе, шығаруға болжанған шығындарды шегергенде активті өткізуден ағымдағы кезде ұйым алуы мүмкін есептік сома, яғни бұл ұйымның актив үшін оның пайдалы қолдану мерзімінің соңында шығуы бойынша күтілетін шығындарды шигеріп тастағаннан кейінгі таза сомасы.

Амортизацияға жататын құн – қаржылық есепте өзіндік құн орнына жою құнын шигеріп тастағаннан кейінгі көрсетілетін активтің өзіндік құны.

Амортизация құны – бұл оның пайдалану мерзімі ішінде активтің амортизацияланған құнын жүйелі түрде бөлу. Мысалы: ұйым көлік сатып алды, оның бастапқы құны 1300000 тенге. 10 жыл пайдалану мерзім ішінде оның болжамды жою құны 50000 тенге. Онда көліктің амортизацияға жататын сомасы келесідей болады:

1300000-50000=1250000 тенге.

Жыл сайынғы амортизация сомасы 10 жыл мерзім ішінде келесіні құрайды:

1250000/10 жыл=125000 тенге.

Әділеттік құн - бұл тәуелсіз жақтармен осындай операцияны қалайтын активтерді айырбастай алатын сома.

Құнсыздану бойынша залалдар – бұл активтің баланстық құнынан оның орнын толтыру құнының жоғары сомасы.

Жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар – бұл материалдық активтер:

  1. өндірісте пайдалануға арналған немесе тауарлар мен қызметтер көрсетуге, басқа тұлғаларға жалға беруге және әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған активтер.

  2. ұзақ уақыт мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанады.

Пайдалы қызмет мерзімі - бұл:

  • ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не

- активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]