
- •1. Негізгі құралдар жайлы түсінік, олардың топтастырылуы
- •2. Негізгі құралдардың бағалануы
- •3. Негізгі құралдардың түсуі мен босатылуын құжаттау
- •4. Негізгі құралдардың қозғалыс опреацияларын есепке алу
- •2 Лекция жоспары
- •1. Материалдық емес активтер туралы түсінік
- •2. Материалдық емес активтердің есебі
- •1. Материалдық емес активтер туралы түсінік
- •2. Материалдық емес активтердің есебі
- •2. Амортизациялық аударымдар мен оларды есептеудің әдістері
- •3. Амортизациялық аударымдарды есепке алу
9-тақырып. Ұзақ мерзімді активтер: есебі, тозуы және амортизациясы
1. Негізгі құралдар жайлы түсінік, олардың топтастырылуы
№16 "Негізгі құралдар" ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар - бұл материалдық өндіріс және өндірістік емес салада да ұзақ мерзім /бір жылдан астам/ қызмет ететін материалдық активтер. Олар өзінің натуралдық-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалыңған өнімге өз құнын ауыстырады. Өздеріңізге белгілі оларға не жатады? Ғимараттар, көлік құралдары, есептеу техникасы т.б.
Соңғы стандартқа сәйкес, осы түсінікке қосымша, оларды экономикалық кіріс әкелсе ғана негізгі құралдар тобына апарамыз.
Негізгі құралдар – ұзақ уақыт мерзім ішінде еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс сферасында және материалдық емес сферада пайдаланылатын материалдық активтер болып табылады. Негізгі құралдарға келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскелері, ғимарат, құрылымдар), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентар, арнайы құралдар және басқа да негізгі құралдар.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және олар туралы керекті ақпараттарды жинақтау үшін негізгі құралдарды ғылыми негіздеп жіктеудің маңызы зор
- шаруашылық салалары бойынша
- функционалдық қажеттілігі бойынша
- натуралдық-заттық белгі бойынша
- пайдалану сипатына қарай
- кімге қарайтына қарай
Негізгі құралдар пайдалану аясына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар – кәсіпорынның техникалық жабдықтауының техникалық дәрежесін жоғарылататын өндірістік қорлар болып табылады.
Өндірістік емес негізгі құралдар – бұл тұтыну бағытындағы құралдар. Олар мәдени тұрмыстық тұтынуға ұзақ уақыт қызмет етуге арналған.
Меншік түрі бойынша негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Меншікті – бұл субъектінің меншігіндегі және оның балансында өз көрінісін табатын негізгі құралдар.
Жалға алынған – бұл жалдық келісімшартта көрсетілген мерзімге басқа субъектіден алынған негізгі құралдар.
Пайдалану мерзімдемесі бойынша негізгі құралдар келесідей бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмайтын және қорлар құрамындағы негізгі құралдар.
Қолданыстағы негізгі құралдарға іске қосылған негізгі құралдар жатады.
Қолданылмайтын – бұл қандай да бір себептер бойынша уақытша пайдаланбайтын негізгі құралдар.
Қорлар құрамындағы негізгі құралдарға жоспарлы тәртіпте қолданыстағы негізгі құралдарды алмастыратын, құнды құрайтын негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар инвентарлық және инвентарлық емес болып бөлінеді.
И
нвентарлық
негізгі құралдарға заттай мазмұны бар
айырбастауға және натуралды түрде
санауға келетін объектілер жатады
(ғимараттар мен құрылымдар, машиналар
мен жабдықтар).
Инвентарлық емес негізгі құралдарға жер, орман және су ресурстарына капитал салу табылады.
. сурет. Негізгі құралдар жіктеуі
Негізгі құралдарды ұйымдастырудың негізгі шарты болып бекітілген бағалаудың біріңғай принципі табылады. Негізгі құралдарды бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдардың келесідей бағалау түрлері бар: бастапқы, ағымдағы, баланстық құн, өткізу құны, жою құны.