
- •3)Көкем екеуіміз көл жағалап келеміз. Біз үндемей келеміз.
- •3)Манадан бергі ащы сөздердің бәрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді.
- •3) Нұржоға талтаң-талтаң басып Шәйкенің үйіне жөнелді.
- •3)Күннен-күнге ауруы меңдеп халі нашарлап барады.
- •3)Нағашым селк ете түскендей болды, көздері шеңбередей болды.
- •3) Қол қою, көз салу, қол ұшын беру
- •3)Түсте қапырық шатырдың іші ысып кетті.
- •3)Ежелгі Египетте папирусқа ұшталған қамыс таяқшамен жазған.
- •3) Еңбексіз өмір жоқ,
- •3) Түр, бет, келбет, ажар.
- •3)Ептен қоңықай тартқан иесіз дала.
- •3)Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт тартты.
- •3)Мұрат сөйлейін деп еді, аралары қашықтау болды, алыстан мойын созуды ыңғайсыз көрді.
- •3)Көп уақыт өткен сияқты болды, әйткенмен мағынасыз өткізген сағаттарға Хакім өкіген жоқ.
Билет 1
1) Сөйлем — ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлемнен кіші – тілдік бөлшектер, мысалы, жеке сөздер, сөз тіркестері ойды білдіре алмайды, олар тек жалаң (жеке сөздер) я күрделі (сөз тіркестері) ұғымды ғана білдіре алады.
Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.
Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы.
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы.
б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
в) Сұрау интонация арқылы.
Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
2) Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.
Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді.
Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді.
3)Көкем екеуіміз көл жағалап келеміз. Біз үндемей келеміз.
Билет 2
1) Табу – индонезия тілінен алынған термин: тыйым салу деген сөз. Меланезия мен Палинезияда бұл сөздің капу, тапу, тамбу деген синонимдері бар. Олардың да мағынасы – тыйым салу. Табу құбылысы адамзаттың әлсіз кездерінде туған. Ең алдымен этнографияға, адамзаттың діни наным – сеніміне, әлденеге сиынуына байланысты шыққан. Ерте замандардағы соқып сезім мен сенім, адамзаттың әр нәрсеге, әр құбылысқа табынуы, олардың ең киелі, ең құдіреті күшті деп саналуы тіл-тілде өзінің ізін қалдырған. Табу алғашында мифологиялық сенім – наным, қорқыныш сезімдерге байланысты қорытынды тұжырымдар жасау нәтижесінде пайда болған. Осындай белгілі бір себептерге сай, тіл-тілде кейбір сөздер мен сөз тіркестерін өзінің тура атымен атамай, басқаша, екінші бір келтірінді сөздермен, кейде мүлдем тұспалдап, алмастырып жеткізетін болған.
Эвфемизм. Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.
Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атаймыз.
2) Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік — қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді.
Ол дара, күрделі және үйірлі болады
Үйірлі анықтауыштар құрамындагы сөздерді сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды. Өйткені бәбі бірігіп, бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөзді анықтайды
3)Манадан бергі ащы сөздердің бәрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді.
Билет 3
1)
2) Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері.
3) Нұржоға талтаң-талтаң басып Шәйкенің үйіне жөнелді.
Билет 4
1) Фонетика– тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.
Тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
2) Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады.
1)Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
2)Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
3)Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады.
4)Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады.
5) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады.
6) Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады.
7) Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады.