
- •Б.Б. Мубаракова
- •Мемлекеттік тілде қатысты
- •Құрметті Ботығай Есенұлы!
- •Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
- •Сыйға беру туралы келісімшарт
- •Анықтама
- •Сенімхаттың құрылымы:
- •Сенімхат
- •Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
- •Түйіндеме келтірілетін даталар құжат мазмұнымен салыстырған негізг роль ойнамайтындықтан ол қағаз бетінің оң жағына жазылады.
- •Жұмыс тәжірибесі: 1998-1999 «Гранит», менеджердің көмекші
- •Өмірбаян
- •Мінездеме.
- •Қазақша-орысша сөздік Мазмұны
- •15. Қазақша-орысша сөздік......................................................................38
Сенімхаттың құрылымы:
Ең алдымен жолдын ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні, жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті ic-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы қойылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз
Сенімхат қандай құжат?
Сенімхаттың неше түpi болады?
Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?
Жеке сенімхат қандай ic-әрекеттepдi орындауға берілді?
Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?
Сенімхат қайда куәландырылады?
Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?
Сенімхаттың құрылымы қандай?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз
Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, ic жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пайдалану.
3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысу.
Сенімхат
2007 жылғы 21 қантар,Павлодар қаласы
Мен, азамат Жубанов Қайрат, мекенжайым: Павлодар қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №645782131, Павлодар қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің №925168111, Павлодар қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату үшін жүргізуге сенім беремін.
Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2001 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген.
2007 жылғы 21 қаңтар қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 21 қантарда мен, Бижанова Алмагүл, Павлодар қаласындағы лицензия №001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жубанов Қайрат қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 1300 (бір мын үш жүз) теңге.
Нотариус қолы
мөр орны
4-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ жауаптарын жазыңыз.
С
енімхатта сенім білдіруші кім?
С енім білдіруші кімге сенім білдірген?
Қ андай іс-әрекетке сенім білдірген?
Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған?
5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.
Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
CEHIMXAT
2006 жылғы 7 қантар, Семей қаласы
Мен, азамат Өмірбек Нұрқанат, мекенжайым: Семей қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Семей қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде туратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті қужаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.
2006 жылғы 7 қаңтар ќолы____________
Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық, кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылады, №11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 1300 (бір мын үш жуз) теңге.
Нотариус қолы ____________________
мөр орны
СEHIMXAT
2007 жылғы 20 cәyip,Павлодар қаласы
Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт — Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің №00144115, мекенжайы — Павлодар қаласы, Достық көшесі, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААЌ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.
Бұл үшін менеджер Бақыт Сағатулына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқұқ беремін.
Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Сенімхат 15 күнге берілді.
I 2007 жылғы 20 cєyip қолы
Осы сенімхатты 2007 жылгы 20 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдык кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатка менің катысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-єрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мєтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекетік салыќ алынды: 500 (бес жұз) теңге.
Нотариус қолы
Мөр орны
6
-жаттыѓу.
Сөз -тіркестерімен сөйлемдер құрастырьңыз
Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сеіммхаттьң мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сеіммхаттан бас тарту
Сенімхаттағы модельді есте сақтаңыз
Ќ.
Досановты
менің
атымнан өтініш
жазуға
өкілетті
етемін Ќ.
Досановқа
менің
атымнан
өтініш
жазуѓа
құқұқ
беремін
7-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазығыз
Машина жұргізу құқығын беру туралы
Тұғын үйді сату құқығын беру туралы
Мәміле жасау құқығын беру туралы
,
ҚОЛХАТ
Қолхат — белгілі 6ip құндылықтардың (құжат, мөлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың 6ipi. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші жєне қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі жєне ќолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері керсетіледі. Ќолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бip данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
1-жаттыѓу. Сұрақтарға жауап беріңіз
Қолхат — қандай құжат?
Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
Қолхат неше дана етіп жасалады?
Олар кімде сақталады?
2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз
Қолхат
Павлодар қаласы, 2006 жылғы он төртінші қазан
(
қолхат
берілген орын мен дата қолмен жазылады)
Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Павлодар қаласы, Абай көшесі, 36-ұй, 14-пәтер, Қазқстан Республикасының ІІМ 1999 жылѓы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің №88855214, Павлодар қаласыҚұрманғазы көшieci, 56-үй, 21-пєтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің ѓ 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.
Мен алынған ақшаны 2007 жылѓы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;
— мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Осы қолхат үш дана етіп жасалған, 6ip данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Канатұлында сақталады.
2007 жылѓы 14 қазан тараптардың қолы
З-жаттығ. Сұктардың жауабын кестеге толтырыңыз
Қ
олхат 6epyшi кiм?
Қолхат алушы кім?
Қ олхат 6epyшi қанша
теңге алѓан?
4 . Қолхат беруші не icтeyre
міндеттенед?
5 . Қолхат неше дана етіп
жасалған?
Есте сақтаңыз
міндеттенемін
— кепілдік
беремін
4-жаттыѓу. Сөз тіркестерін аударыңыз
Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп түруға, мерзімінде ќайтару, қолхат беру.
Қолхат
Мен, Болысова Гүлмира, С.Торайгыров атындағы ПМУ, жєне қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2006-2007 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032
Болысова Гүлмира 11.01. 2006ж.
6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз
Қолхат беруші кім?
Ол қайда жұмыс істейді?
Ол кітапханадан кандай
оқулықтар алған?
7. Оқулықтарды қашан қайтаруға міндеттенеді?
7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз
Жасалған, 2006, жылы келісімшартқа, сәйкес төлеп, тұруға пайыз, міндеттенемін.
Міндеттенемін, 2007 жылы, жасалған, сәйкес келісімшартқа, пайыз, төлеп, тұруға.
2007 жылы, жасалған, келісімшартқа, сәйкес, пайыз, төлеп, тұруга міндеттенемін.
Келісімшартқа, сәйкес, 2007 жылы, жасалған пайыз, төлеп тұруга, міндеттенемін.
8-жаттығу. Жағдаятгар бойынша қолхат жазыңыз
Қарызға ақша алу
Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу
Мекеме бухгалтериясынан несие алу.
Бұрыштама(Резолюция).
Бұрыштама- келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша ңұсқауы.
Бұрыштама жазу- түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың ғана емес, соымен қатар ол бойынша шешім қабылдағандығыңыздың, ңұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделікті танвсып, ңұсқау беретен құжаттардың сан түрлігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Нң бастысы бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда ңұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі де нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.
Бұрыштама үлгісі:
«Таныстым» (күн, қол, тегі), «Келісемін» (күн,қол, тегі ), «Қарсы емеспін», «Мәселе қаралады», «Бекітемін», «Бекітілсін», «Қабылданбайды».
Бұрыштама құжатын бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады.
Қаламен, мүмкіндігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек. Ңұсқауды орындау тапсырылатын адамның тегі, аты-жөнінің басқа әріптері, орындау мерзімі анық жазылады, ай мерзімі екі санмен көрсетіледі. Мысалы, наурыз- 03(«3»емес), қаңтар-01(«1» емес). Бұрыштама да ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғаны айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе тегісі жазылады.
Түйіндеме (Резюме).
Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандағы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түіндеме сіз туралы мәлімет беру үшін, онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды қөрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Осыыған орай, түйіндеме қалай жазылу керек деген мәселеге де тоқтата кетейк.
Түйіндеме жазуы неден бастау? Алдымен мына құжаттарды даярлап.
1). орта білім туралы аттестат;
2 ) орта дережелі арнайы немесе жоғары оқу орнын бітіргендігіңіз жөніндегі диплом (егер сіз бірнеше оқу орнын бітірсеңіз, оның бәрін алдыңызға дайындап қойыңыз);
3 ) түрлі курстарды (шет тілдері, хатшылық, іс жүргізушілік, қайта дайындау, білім көтеру т. б.) бітіргендігіңіз жөніндегі куәлік, анықтама т. б. құжаттар;
4 ) еңбек кітапшасы немесе оның көшірмесі;
5) штаттан тыс істеген жұмыс орындарыңыз бен ондағы атқарған қызметтеріңіз жөнінде мәлімет;
6) алған марапаттарыңыз жөніндегі құжат;
7) соңғы жұмыс я оқу орындарынан алған мінездемелеріңіз;
8) сіздің көздеген жұмыс орнын алуға септігі тиеді, практикплық мәні болуы мүкін деп тапсаңыз, атқарған қоғамдық жұмыстарыңыз, қатысқан бірлестік, клуб, секцияларыңыз туралы мәліметтерді де дайындау керек.
Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциясымен көрсетесіз. Мысалы, «техника ғылымының кандидаты» «биология магистрі» т.б.
Жасаған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетесіз.
Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дережеңіз, компютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл автокөлік немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.
Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толлықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.
Енді дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып түйіндеменің қолжазбасын дайындауға кірісіңіз. Жоғарыда айтылған құжаттар мен мәліметтерде дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайта, кім болып істедіңіз, қайта, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Айтылған негізгі мәселелер осы. Қысқасы, «не, қайда, қашан» екендігі жазылады.
Мәтінге сонымен қатар:
1) жеке басыңыз туралы мағлұмат(аты-жөніңіз, тегініз, туған күніңіз, жылыңыз, туған жеріңіз);
2) кім болап істегіңіз келетіндігі;
3) өз координатыңыз – үй, жұмыс телефоны, сізбен хабарлаусуға болатын уақыт мерзімі де кіреді.
Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойган мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни, мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің тандап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы керек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым- қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жазылуы керек. Жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің 2 жолы бар: хронологиялық және функционалдық.
Хронологиялық тәсілі.
Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмас бірінш аяқталған оқу орны жазылады.
Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені баста назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стаже кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарында істесеніз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1991-1999жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқардым».
Соңғы жұмыс орнына немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екенідігі түйіндемеде бір сөзбен айтылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
Типтік түйіндеменің құрылымы төмендегідей болады;
1) құжат аты;
2) ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы туған жері);
3) ізденушінің мекен-жайы, телефон;
4) түйіндеме авторы үміттеніп отырған ваканция;
5) істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;
6) қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет,
7) кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндегі т. б.);
8)ғылыми дережесі, марапаттары туралы мәлімет (бұл жөніндегі жазу міндетті емес);
9) үміттенген ваканцияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі (бұ бөлім де міндетті емес);
10) қосымша ақпарат (ізденуші қалаунша жазылады);
11) кепілдеме;
12) түйіндеменің жазылған күні;
13) ізденуші қолы.
Кей жағдайда «түйіндеме» дген сөз тақырып ретінде жазылмайды. Оның орнына үлкен шрифтімен ізденушінің аты-жөні, тұған жері жазылады.