Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiz_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.06 Mб
Скачать

Бордың постулаттары

Резерфордтың теориясын жоғарыда айтылған қиыншылықтан шығарған даниялық атақты физик Н.Бор болды. Ол Планктың кванттық теориясына сүйене отырып,атомның ядролық моделі н жаңа нысанадан қарап талқылады, атомның құрлысы туралы кванттық жаңа теория ойлап шығарды.Бұл жөнінде Н.Бор 1913жылы мынадай 2 постулат ұсынды:

1.Электрон ядроны айнала қозғалғанда, ол кез келген орбитаның бойымен қозғала алмайды. Электрон стационар орбиталардың біреуінің бойымен үдей қозғалғанмен ешбір жарық шығарылмайды,осындай орбиталарға сай атомның стационарлық күйдегі энергиасының дискрет мәндері (E1 2, Е3 . . .) болады.

2.Атом бір стационарлық күйінен екінші стационарлық күйіне көшкенде ғана жарық шығарылады немесе жарық жұтылады,сонда осы күйлердегі атом энергиасының айырмасы монохромат жарық кванты түрінде шығарылады немесе жарық жұтылады.Егер атомның жоғарғы стационарлық күйдегі энергиасы En2 төменгі энергиясы En1 болса, сонда атом жоғарғы күйінен төменгі күйіне көшкенде бір квант жарық шығады, яғни

En2 – En1 = hv1 (14.6)

Мұндағы - монохромат жарықтың тербеліс жиілігі,h - Планктың тұрақтысы. Бұл өрнек Бордың жиіліктер шарты бойынша жарық толқынының тербелісінің жиілігі:

(14.7)

Егер - орнына спектрлік сызықтың толқындық санын алсақ, онда бұл өрнекті былай жазуға да болады:

(14.8)

Франк пен Герцтің тәжірибелері

Бордың постулаттарының дұрыс екендігін Франк пен Герцтің 1914 жылы жасаған тәжірибесі айқын көрсетті. Олардың жүргізген тәжірибесінің схемасы 150 – суретте кескінделген. Мұнда R - ішінде сынап буы бар разрядтық түтік, F- сым, N - металл тор электрод, P - коллектор, G - гальманометр. Сымды ток жібріп қыздырғанда одан ұшып шыққан электрондар оң зарядталған сеткаға қарай қозғалады да ток жүреді, бұл токтың күші F пен N арасындағы потенциалдар айырмасына, яғни үдетуші потенциалға тәуелді, Франк пен Герц осы тәуелділікті зерттеген.

Сутегі атомының құрылысы

Сутегі атомының құрылысы жайындағы Бордың теориясы атомның ядролық моделіне негізделген. Сондықтан сутегінің атомдық номері Z=1 болған себепті, Бордың теориясы бойынша сутегі атомы бір элементар оң заряды бар ядродан және оны айнала қозғалған бір ғана электроннан құралған. Электронның массасы сутегі атомы ядросының массасынан 1836 еседей кем болғандықтан электронмен салыстырғанда ядро – шексіз ауыр деп санауға болады. Алғашқыда электрон ядроны айнала шеңбердің бойымен қозғалады, ядро оның центрінде қозғалмай тыныш тұрады деп саналған болатынды,біз де осылай деп жоримыз.

Сутегі атомының құрылысы дегеніміз -заряды оң атом ядросы және орбита бойынша қозғалатын электрон.

15 дәріс

Тақырыбы: Ядролық физика

Жоспар:

1. Ядролық физиканың элементтері

2. Атом ядросының құрылымы

Атом реттеулі-күрделі жүйе.Атом ядродан құралады,ядролар орбита бойынша қозғалады.Атом ядролық заряды +Ze болса,атом ядролық заряды оң болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]