Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория шпор11111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
562.69 Кб
Скачать

70. Өндірушінің шығындарды минималдау және табысты максимум заңдалуы.

71. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Макроэкономикалық талдаудың ерекщеліктері. 1.Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.         

Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірісте тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндіріс саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды (өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығыныңжүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б. салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.

  Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамдық бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.

 Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі – қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды.

Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды. Бір айта кететін жағдай, батыс статистикасында қайталама есепте үстеме құн көрсеткішін пайдаланады, соңғысы болса бір фирманың екінші бір фирмадан материалдар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алуымен байланысты көрсеткіш.Кеңестік экономикалық статистикада қайталама есепті болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері осы жылғы қайтадан өңдеуге түспейді. Түпкі өнімді жалпы өнім көлемінен еңбек заттарының айналымын шегеру арқылы да анықтауға болады. Сонымен қатар, оның құрамында затталған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдарын жаңартудың көзі болып табылады, яғни амортизация көзі.