
- •6) Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
- •7)Экономикалық теорияның құрылымдық мазмұны.
- •20) Өтпелі экономика; оның белгілері мен заңдылықтары.
- •26) Әміршіл - әкімшіл жүйенің нарықтық жүйеге ауысуы.
- •38) Қазақстандағы ақша жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •59. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.
- •66. Еңбек өндіріс факторы ретінде және жалақы еңбектің бағасы ретінде.
- •70. Өндірушінің шығындарды минималдау және табысты максимум заңдалуы.
- •72. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.
- •75. Табыстар мен шығындардың макроэкономикалық айналым үлгісі.
- •93. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты: кейнстік және монетарлық үлгілер.
- •109. Салықтар, оның түрлері және қызметтері. Салық және салық жүйесі
- •112. Нарықтық экономикадағы табыстар.
- •113. Табыстарды бөлудегі теңсіздік. Лоренц қисығы.
59. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.
60. Кәсіпкерлік мәні, ортасы және факторлары. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері. Кәсіпкерлік дегеніміз-белгілі бір істі істей білу. Іс істеу-адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады. Көпестер саудагерлер қолөнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерлік қабілеттілік адамдардың ерекше таланттылығы оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.1)әсіпкер барлық ресурстарды жер капитал және еңбекті өнім өндіру процессіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.2)Кәсіпкер өндіріс процессінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.3)Кәсіпкер бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі .4)Кәсіпкер бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.
61. ҚР-ғы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері: проблемалары және даму бағыты. Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары: Кез келген жағдайларда –өгерістерге жеңіл бейімделеді. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне т ең жауап береді.1)Капитал салымына деген қажеттіліктері төмен болады.2)Бәсеке дамуының негізін құрайды.3)Техникмаен қайта жабдықтану жылдам жүзеге асады.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің өалыптасуы мен дамуы негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілергі енгізілген «жеке кәсіпкерлік қорғаужәне қолдау туралы» (1992) «жеке кәсіпкерлік туралы» (1997жыл) «2001-2002 ж ж бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамытуда ҚР Президентінің әшағын кәсіпкерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997жылдың 6шы наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
62. Өндіріс шығындары мәні және маңызы. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындары - ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады. Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.
63. Өндіріс шығындарының негізгі түрлері. Өндіріс шығындары-тауар өндіру н/е қызмет көрсету процесінде қолданылатын эк/қ ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығындар. Өндіріс шығындары жіктеудің бірнеше тәсілдері бар: 1-ден, әлеу-к-эк-қ тұрғыдан қарастырғанда шығындар қоғамдық ж/е кәсіпорын шығындары боп бөлінеді. Қоғамдық тұрғыдан шығындарға дайын өнім құнына көшкен жанды еңбек ж/е заттанған еңбек шығындары жатады. Кәсіпорынның өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі б.т. Бұл өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтар мен жалақы төлемдеріне жұмсалған ақшалай шығндарды көрсетеді. 2-ден, өндіріс шығындары эк/қ ж/е бухгалтерлік боп бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарға өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік ж/е статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрінде көрсетіледі. Өндіріс шығындарының эк/қ түсінігі ресурстардың эк/қ шығыны оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Шығындар уақыт мерзіміне байланысты ұзақ ж/е қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторларының барлығы өзгермелі яғни кәсіпкер үшін оның көлемін өзгертуге уақыт жеткілікті болады. Сондықтан ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Қысқы мерзімді кезең деп өндіріс факторларының кем дегенде біреуі тұрақты болатын, фирмалар саланы не тастап кете алмайтын, не салаға кіре алмайтын кезең атайды. Қысқа мерзімде шығындар тұрақты ж/е өзгермелі болып бөлінеді.Тұрақты шығындар(FC)-бұл өндіріс ж/е өткізу көлеміне тәуелсіз болатын шығындар, оған әкімшілік басқару шығындары, ғимараттар мен құрал-жабдықтарға кеткен шығындар, арендалық төлемдер, сақтандыру жарналары, несие пайыздары ж/е т.б. кіреді. Өзгермелі шығындар(VC)-өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Оған жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады. Тұрақты ж/е өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды (TC) құрайды: TC=FC+VC. Өнім бірлігін шығаруға жұмсалғаншығын орташа шығынATCд.а.Бұл жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықталады:ATC=TC/Q Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады. Сәйкесінше орташа тұрақты ж/е өзгермелі шығындар есептеледі: AFC=FC/Q;AVC=VC/Q;ATC=AFC+AVC. Фирманың іс-әрекетін түсіну үшін шекті шығындарMC, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығын категориясын қарастыру қажет. Ол мына формуламен есептеледі: MC=∆TC/∆Q.
64. Пайда кәсіпкерліктің факторлық табиғи ретінде. Пайда-кәсіпкердің факторлық кірісі.Пайда-ол кіріс капиталы. Пайда ең негізгі мақсаты және қызметінің негізгі қорытындысы. Пайданың көлемі кіріс пен шығыстың айырмасынан анықталады.Пайдаға әсер етуші жіктелім факторлары:1.Қолданатын факторлар:А) қолдану;Б) әлеуметтік қажеттілік;В) шығынның жабылуы және басқа шығындар;Г) қаржы капиталынг салу;2. Бөлу факторлары:А) бюджеттік және бюджеттік емес қорға бағытталуы;Б) банкке несие өтеу және салық төлеуіне бағытталуы;В) өндірісте қалады;Г) басқа бөлу факторлары.3. Бір біріне әсер етуші факторлар:А) айналыс құралдарының айналымы;Б) баға, тариф, жиын;В) несиенің пайыздық ақысы;Г) салық және салық ақысы;Д) өзіндік құн;Е) еңбек өндірісі;Ж) қайтарымы қор;З) қордың жасақтануы.4. Құрылу факторы:А) түсімнен түскен тауардың таралуы, жұмыс және қызмет;Б) түсімнен басқа активтердің таралуынан, материалдық қор және материал емес активтар кірісі;В) түсімнен түскен негізгі қаражаттың таралуы;Г) бөлшектік кірістің басқа қорға қатысуы;Д) акция кірісі, облигация, басқа да бағалы қағаздар;Е)айыппұл алуының көптігі, төлеушілердің тұрақсыздығы.
65. Өндіріс факторлары және факторлы табыстар. Өндіріс факторлары – бұл ерекше тауар және нарықта өзінің ерекшеліктері бар:1)Барлық өндіріс факторлары экономикалық және технологиялық өзара байланысты және бөлек қолданылмайды. Тауар өндіру үшін, бір-бірімен анықталған арақатынастағы өндірістің үш факторы болуы керек.2)Әр факторға сұраныс көлемі, басқа факторлардың бағасының деңгейіне байланысты: мысалы, жұмыс күшіне сұраныс тек төлемақы мөлшеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар, қанша машина, теледидар өндірілді және олардың бағасының қандайлығына байланысты.3)Адамға қажетті тауар өндіру үшін қажетті өндіріс заттары және жұмыс күшінің соңғы есебі өндіріс факторларына сұраныс және бағаның деңгейі тұтынушы сұранысынан туындайтын болып табылады.Кәсіпорынның жалпы кірісі кәсіпорын жұмысшыларының белгілі бір уақыт ішінде жаратқан құнының ақшалай көрінісі.
Орташа табыс – жалпы өнімнің бір бөлігіне тең болған, сатылған игілік мөлшерінің өнімнің әрбір бірлігіне шаққандағы пайда, яғни бұл игіліктің нарықтық бағасына тең.Шекті табыс – шығарылған әрбір қосымша өнім бірлігінің нәтижесіндегі табыстың ұлғаюы.Шекті өнім – өндірістің басқа факторларының ұдайы өсуін есепке алып, өндірістің кез келген факторы қосымша бірлігі тарапынан жаратылған қосымша өнім немесе өнім шығаруы.