Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория шпор11111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
562.69 Кб
Скачать

26) Әміршіл - әкімшіл жүйенің нарықтық жүйеге ауысуы.

27) Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері. Натуралды шаруашылық. Тауарлы шаруашылық Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.  Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:  өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;  өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі. Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. жеке меншіктің болуы; тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты. • жеке меншіктің пайда болуы; • тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; • еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; • қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды; • экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. 

28) Натуралды шаруашылық: негізгі белгілері және даму кезеңдері. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. жеке меншіктің болуы;тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

29) Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары және белгілері. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

30) Нарықтық экономика, оның негізгі сипаттамалары мен элементтері. Рынок(нарық) бұл ұдайы өндірісті барлық буыныңда өндіріс бөлу айырбас тұтыну және сату мен сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастардың жүйесі.Нарықтық жүйенің негізгі белгілілері мыналар:Өндіріс құрвл жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;Кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;Экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;Экономикалық коньюктераға байланысты нарықтың өзін өзі реттеуі;Өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз арласу ;Нарық механмзімінің негізгі элементтеріне жататындар :баға ,сұраныс пен, ұсыныс,бәсеке.Сұраныспен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады;

31) Тауар және оның қасиеттері. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну үшіншығарылатын еңбек өнім. Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан,май,сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қан. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны құқыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін.тағы бір ескертетін жайт адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз ьауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі.алайда ол тауар емес, өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады. Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегң жұмсалады. Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандайда болмасын еңбек өнімі тауар бола алама деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың,қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы шаруашылығында өсірген жеміс жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі де болса ауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағанттандыратындай айырбасқа түсу шарт. Сонымен, тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Тұтыну құны тауардың пайдалылығы, адамның беггілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді.тқтыні құнының ерекшеліктері: ол негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты; тұтыну құны сол заттың шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз; тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірісті қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Жоғарыда атап өтілгендей тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті айырбас құны немесе басқаша құн болуы керек. айырбас құны ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрәнедә. Мұнда біртектес тұтыну құндары екішші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты.тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракті еңбек түрінде көрінеді.алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап кстыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны екінші бір тауар арқылы анықталады. Айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен б\ты бүкіл тауарлы әлем екіге б\ді: тауарлар ж\е ақшалар.

32) Құн заңы. Тауар құнын анықтаудағы негізгі теориялық көзқарастар Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді. Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді. Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.  Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады. Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.  Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті: 1. Сапалық, біртектілік. 2. Сандық бөлінуі. 3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді. 4. Сақталуы. Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді. Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни • металдық • номиналдық • сандық теорияларна байланысты болады. Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды. «Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.  Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды. Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән: - Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады). - Пайдалануға өте ыңғайлы Мүлтіксіз сақталынуы  Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.Ақшаның атқаратын қызметтері. 1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.  2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет 3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады. 4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды. 5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

33) Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуы. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АҚ 501-бабының тұжырымдамасы).Түсініктілеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың әрқайсысы бір біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретінде сатып сату шартынан бұрын қалыптасқан.Жеке құқықтық қатыстарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дәрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық объективті ең басты нысаны болды.

Одақ кезіндегі (кеңес одағы) кезіндегі азаматтық құқықта яғни ұйымдардың қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулі қолданылды. ҚР-да қаржы-несие жүйесінің құлдыраған кезінде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгізілгенге дейін айқын сезілді. Өз кезегінде бартерлік (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына кері әсерін тигізді.

Сондықтан, бартерлік шарттарға тиым салынатын болды. Қазіргі кезде ҚР АҚ қабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкін емес, өйткені занды тұлғаларға, негізінен жеке меншіктегілерге тиісті әрекет қабілеттігіне сәйкес қандай да болсын құқыққа сәйкес қатынастарға кіруіне болады. Бірақ та сол субъектілер құқықтарын теріс мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы, егер кәсіпкерлер өздерінің іскерлік белсенділігін жасыру мақсатымен жаппай заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан теріс бағалануы тиіс.

Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес-консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа (оның нәтижесінде) айырбастағанда орын алады, әсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердігерлік қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын мінеттемелердің мәнісін ескеру керек болады.

34) Ақша мәні, түрлері және қызметі. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады. Ақшабұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.

Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Дж. Стюарт дамытты. „Металлистерге“ сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. „Номиналистер“ ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.Ақшаның сандық теоричсының негізін қалаушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғ. соңы), Ш.Монтескье, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық А.С.Пигу (ХХ ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты. Олардың көзқарастары келесі сұрақтарда қарастырылады.

35) Ақша жүйесі және оның элементтері. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:Ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;Нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады, монометализм тұсында – тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жұйе монометализмге алмастырылады.

36) Ақша массасы жіне ақша агрегаттары. И. Фишер айырбасының теңдеуі. Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі б.т. Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөлшектерімен танысу керек. Осының маңыздысына ақшаның массасы жатады.Ақшаның массасы қолма-қол ж/е қолма-қол емес формадағы барлық ақша құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылығы тауарлар ме қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының көлемі көптеген факторлардан тәуелді болады, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан.

Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикады айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны мемлекеттік қазыналық ж/е эмиссиялық банк шығарады. Ақшаның ұсынысы ақша агрегаттары М,М,М,.L ж/е т.с. арқылы белгіленеді. Агрегаттың келесісінің әрқайсысының ішінде қолданудың әрбір сатысындағы ақша құралдары, активтер, бағалы қағаздар болады.Ақшаның ұсынысын сипаттау үшін көбінесе М агрегаты – «келісімдер үшін ақша» қолданылады, бұған ақшалар, талап етілмелі дипозиттер ж/е чек дипозиттері жатады.

Ақша ұсынысын елдің орталық банкі бақылап отырады Бұл оны тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисық сызығын графикте тік түзу сызық түрін алады.

% Ақша ұсынысы, млрд теңге

Ақшаға сұраныс оның айналыс құралы ж/е байлықты сақтау құралы қызметінен, сонымен қатар оның абсолюттік өнімділігінен туындайды. Жиынтық сұраныс мәміле жасауға керек ақшаға сұраныстан ж/е байлықты сақтау үшін керек ақшаға сұраныстан тұрады.Ақшаға жалпы сұраныстың қисығының түрі мынандай болады.

%

Ақшаға сұраныс, млрд теңге

Бұл, процент мөлшермесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін ж/е бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын, ақшаның жалпы көлемі.

37) Ақша айналымы. Ақша жүйесі әр бір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру формасы. Ақша айналымының негізгі компоненттеріне мыналар жатады:1.Тауар және қызмет көрсету бағасымен анықталатын ұлттық ақша бірлігі.2. Ақша айналымындағы заңды төлем қаражаты болып табылатын несиелік және қағаз ақшалары айналым монеталарының жүйесі.3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни заңды түрде бекітілген айналымға ақша шығару тәртібі.4. ақша айналымын қалыптастыруды басқаратын мемлекеттік ұйымдар.Ақша айналымы жүйесінің екі негізгі түрі мынандай:1)Металлдық ақша айналымының жүйесі, бұл айналымдағы алтын және күміс ақшалар. Олар ақшаның барлық функцияларын орындайды, ал несиелік ақшаларды металлдық ақшаға еш шектеусіз айырбастауға болады.2)Алтынға айырбасталмайтын несиелік және қағаз ақша айналымының жүйесі ( бұл жүйеде алтын өзі айналымнан шығарылған деп есептеледі.