Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория шпор11111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
562.69 Кб
Скачать

112. Нарықтық экономикадағы табыстар.

113. Табыстарды бөлудегі теңсіздік. Лоренц қисығы.

114. ҚР-ның әлеуметтік саясаты. Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан жақты дамуы тұрмыс жағдайы әл ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономикада мемлекеттік ретттеуден маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процессіне еңбек өнімділігін арттыруға еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауруға шалдығу деңгейін төмендететін өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмыс бастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:1.қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түрлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру; 2. халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру

әлеуметтік мүдделерді теңестіру;3. қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету;4. Әлеуметтік салаларды дамыту;5. еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

115. Валюта. Валютаның ауысымдылығы (конвертируемость). Валюта тауарар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерді қолданылады 1) мемлекеттік ақша өлшемі және оның типі, есеп айырысу өлшемі, төлем құралы. ХІХғасырға дейін күміс валютамен биметализм кең тарады. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде қағаз валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарсы кезінде қағаз валюта кеңінен қолданылды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасынан номинальды лтындық баламын тұрақтандыруға тырысты. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдалану тәртібіне қарай айырбасталымды ішінара айырбасталымды және айырбасталмайтын деп бөлінеді.

116. Валюта бағамы және оның түрлері. Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді: 1) Ұлттық валюталық жүйе; 2) Дүниежүзілік валюталық жүйе; 3) Аймақтық немесе мемлекеттік валюталық жүйе.Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық үдерісті құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие, қаржы институттары мен валюталық құралдың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекет аралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.Аймақтық немесе мемлекеттік жүйе – өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрады.

117. Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; “көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды); капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді). Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады. ХВҚ-ның әдістемесі бойынша Төлем балансы баптарының сыныптамасы:А. Ағымдағы алыс-беріс;Тауарлар;Қызмет көрсету;Инвестициядан түсетін кіріс

Басқа да көрсетілетін қызметтер мен кірістер;Жекеше бір жақты аударымдар;Жиыны:А. ағымдағы алыс-берісВ. Тікелей инвестицияларҚоржындағы инвестицияларБасқа да ұзақ мерзімді капитал

118. ҚР-ның әлемдік шаруашылыққа ену мәселелері. Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде ХХ ғасырда қалыптасты. Сайып келгенде әлемдік шаруашылық өндірістің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінің артуы, осындай процестерге көптеген жаңа мемлекеттердің кіруі, дүние жүзі сауданың экономика өрлеудің басты нысанына айналуы, халықтың және ұлттық шаруашылықтардың әр түрлі тауарларға сұранысын қамтамасыз ету заңдылықтарынан туындады. Мұнда өндіріс және банк құрылымдары үлкен рөл атқарды, солардың негізінде экономика мен саясаттың үстемдігін орнатушы қаржы капиталы пайда болды.Әлемдік шаруашылықтың одан әрі дамуы капиталды үдемелі түрде сыртқа шығарумен, трансұлттық компаниялардың құрылуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, әлемдік шаруашылықтың даму процесі үкіметаралық және үкіметтен тыс халықаралық ұйымдардың өркен жаюымен де сипатталады. Ондай ұйымдар ХЫХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап құрылып, қазіргі кезде оның саны 20 мыңға жуықтады. Атап айтсақ Халықаралық телеграф одағы (1865 жылы), Дүние жүзі сауда ұйымы (ЮНКТАД), Дүние жүзі кеден одағы, Шикізат өндіруші елдер одағы (ОПЕК, АПЕФ т.б.), Энергетикалық ресурстармен сауда (Еуропалық энергетикалық хартия, МИРЭС т.б.) және т.б. кіреді.Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әрқилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалык қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялдық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань т.б. жатады.Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзі сауда ұйымы, Дүние жүзі сауда ұйымы, әр түрлі банкілер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Қазақстанның әлемдік шаруашылықтары мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.

119. Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері. Өмір деңгейі адамдардың материалдық , әлеуметтік және мәдениеттік қажеттіліктерді ,өмірге қажеттіліктерді ,өмірге қажетті заттарды сапалы және санды түрде қанағаттандыру деңгейімен айқындалады.Өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ішкі ұлттық өнімге байланысты болып табылады.Өмір сүру деңгейінің шын мәнісін көру үшін санақ басының өмір сүру деңгейінің қандай болатынын көрсетінін нүктесіне ие болу керек.Өмір сүру деңгейі-адамның әлеуметтік өмір жағдайын сақтау үшін құндық түрде көрсетелетін және әлеуметтік ,рухтық сұраныстар мен физикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған ,жалпы қоғам мойындайтын тауарлар мен қызмет көрсетк жиыны.Ол жұмыс күшін қалпына келтіретін барынша аз көлемдегі қажетті шығындарды қамтиды.Өмір сүрудің ең төменгі - минимальді тұтынушылық құны бюджетіне тең болатын ,жан басына шаққандағы кірісті көрсетеді.Тұтынушылық минимумын аз кіріс кедейлікті бтабыладыілдіреді.Кедейлік шекарасы БҰҰ белгілеуі бойынша күніне 1 АҚШ доллары болып табылады.

120. Халықты әлеуметтік қорғау. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

1.Олардың ақшалай табыстарын индексциялау. Оның мәні инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді. Индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы сақтық(сақталған ) қаржыны индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау.Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көтеруге бағаның өзгеруін бақылап отырады.осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

2.Кедейленген топтарды сүйемелдеу .Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді.Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады.Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізлделеді.Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минимальді тұтыну бюджеті деп атайды.Ең төменгі бюджет мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып жылына 1 рет немеесе тоқсан сайын қаралып отырады.Ал тұтыну баға индексін анықтау үшін тұтыну қоржының белгілеп алу керек .Ол әдетте ең қажетті тауарлардан тұрады.Тұтыну қоржыны тұтыну игілігімен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белгіленген ең төменгі тұтыну деңгейінде қамтамасыз ету.

3.Атаулы әлеуметтік қрорғау(яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу) Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады. Осы келтірілген негізгі бағыттармен қатар, мемлекетке дейілік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлау, тұрғындардың жеке топтардың әлеуметтік қорғау механизмін жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.

.