
- •6) Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
- •7)Экономикалық теорияның құрылымдық мазмұны.
- •20) Өтпелі экономика; оның белгілері мен заңдылықтары.
- •26) Әміршіл - әкімшіл жүйенің нарықтық жүйеге ауысуы.
- •38) Қазақстандағы ақша жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •59. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.
- •66. Еңбек өндіріс факторы ретінде және жалақы еңбектің бағасы ретінде.
- •70. Өндірушінің шығындарды минималдау және табысты максимум заңдалуы.
- •72. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.
- •75. Табыстар мен шығындардың макроэкономикалық айналым үлгісі.
- •93. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты: кейнстік және монетарлық үлгілер.
- •109. Салықтар, оның түрлері және қызметтері. Салық және салық жүйесі
- •112. Нарықтық экономикадағы табыстар.
- •113. Табыстарды бөлудегі теңсіздік. Лоренц қисығы.
93. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты: кейнстік және монетарлық үлгілер.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ ғасыр 60жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Табыстар саясатын 2 бағытқа бөлуге болады. Жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және оларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен байланысты болады. Бағалардың өзгерістері еңбек ақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жүмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі. Ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуі шектеудің қойылуы бағаларды жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі дамытуы мүмкін.Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістері монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады. Мемлкет фискалдық саясат әдістері арқылы жиынтық сүранысты азайтуға тырысады. (мемлекеттік сатып алуға және инфестицияларға шек қойып ақша-несие саясатын жүргізу. (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы)
94. ҚР-ның бюджет-салық саясаты. Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады.Салықтар – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.Салықтар – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.
95. Экономиканың циклдық дамуының мәні және себептері. Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады. Экономикалық дамудың циклдік себептері:
1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;
2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность);3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы; 4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы). Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі. Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына,сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады.Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса,онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.
96. Экономикалық цикл кезеңдері және түрлері. Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:1)Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.2)Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.3)Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.4)Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы:1)Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.2)Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
3)Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.Жандану фазасының сипаттамасы:1)Дағдарыстан аман қалған кәіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.2)Инвестициялар өседі.3)Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.4)Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.5)Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.Өрлеу фазасының сипаттамасы:1)Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.2)Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.3)Тауарлардың бағасы өседі.4)Қарыз капиталының ұсынысы өседі.5)Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
97. Мемлекеттік реттеудің әдістері. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасыМемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
98. Ақша агрегаттары. Агрегаттар (латын. аггрегатұс - қосылған) - 1) макроэкономикалық агрегаттар — экономикалық агенттердің жекелеген операцияларының жалпылама қорытындысы, экономика жай-күйінің жиынтық статистикалық сипаттамалары. Агрегаттар, әдетте, ұлттық шоттар жүйесінде көрсетілетін теңгерімдік қорытындыларды қосу жолымен шығарылады (мысалы, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс).Ақша агрегаттары — ақша массасы құрылымының көрсеткіштері, бір-бірінен өтімділік дәрежесімен ерекшеленетін ақша түрлері. Ақша агрегаттарның құрамы елдер бойынша ажыратылады. Көбінесе М0 (айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі), М, (қолма-қол ақша мен талап етілмелі салымдардың көлемі), М2 (қолма-қол ақшаның, талап етілмелі салымдардың және аздаған мерзімді салымдардың көлемі), М3 (қолма-қол ақшаның және барлық банк салымдарының көлемі), Л (қолма-қол ақшаның, салымдардың және бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің көлемі) Агрегаттары пайдаланылады.
99. Бағалы қағаздар: түсінігі және жіктелуі. Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады. Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры бар. Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.Бұл курстық жұмыста бағалы қағаздардың операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.
100. Бағалы қағаздар түрлері. Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
мемлекеттік;муниципалды;корпоративтік.Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
Ұлттық жинақ облигациялары;Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
қарыздық бағалы қағаздар;
инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
қорлы бағалы қағаздар;саудалық бағалы қазаздар.Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:нарықтық бағалы қағаздар;нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:негізгі (акция, облигация);көмекші
(чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
101. Қор биржалары және қор операциялары. Бағалы қағаздар сауда саттығының орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия тексеруден мұқият өткен айналымға шығарылып оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы екінші алатын бағалы қағаздар нарығы қызмет жасайды. Қор биржасы нарығының экономикалық негізгі элементтері бола отырып уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. ҚР –да қор биржасын құру процесі енді ғана басталуда. Бұл процес мемлекеттің қалыптасу кезінде жеделдей түседі. Қазақстанда 1995ж сәуір айнда бағалы қағаздар және қор биржасы туралы заң қабылданды. ҚР қор биржасы тиімді деп аталмайды. ҚР-сі қор биржасындағы тек көлемді сауда –саттыққы ғана бағалы қағаздар операциясына жатқызамыз.
102. Ақша-несие жүйесінің негізгі мақсаттары, құралдары. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:1)рекстрикциялық ақша-несие саясаты;2)экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету.
103. Несие мәні, қызметтері және түрлері. Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп ж/е сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім-бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек:несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Халықаралық несие-бұл ссудалық капиталдың халықаралық экон-қ қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие берушіде, несие алушыда бола алады. Мемлекеттік несие-мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады. Тұтынушы несие-жоғары поцентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде беріледі. Кепілдік несие-несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады. Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкон-қ деңгейдегі обьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатынң басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.ақырғы мақсат:1.экон-қ өсу 2. толық жұмысбастылық 3.бағаны тұрақтандыру4.төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: 1.ақша жиыны 2. пайыз мөлшерлемесі 3.айырбас курсы. Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.
104. Ұлттық банк және оның қызметтері. Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1)мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2)төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3)валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4)қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық банкi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
Банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi.
Қорытындылай келе, ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа елдердiң орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым.
105. Коммерциялық банктер және олардың қызметтері. Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай: - мемлекеттік; - акционерлік; - жеке; - пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік); - аралас (шетел капиталының қатысуымен). 2. Операцияларының түрлеріне қарай: - әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер; - маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;3. Аумақтық белгісіне қарай:- халықаралық; - мемлекетаралық; - ұлттық; - аймақтық; 4. Салалық белгісіне қарай:- өнеркәсіптік банктер; - сауда банктері; - ауыл шаруашылық банктері; - құрылыс банктері; - басқа. 5. Филиалдар санына қарай: - филиалсыз; - көп филиалды.
106. ҚР-ның банк жүйесі. 1990 ж. Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.1990 ж. желтоқсанында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы ” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 ж. арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарды. Қазіргі таңда ҚР-ғы жұмыс жасап отарған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:1.Бірінші кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру, алғашқы коммерциялық банктер құру, 2.Екінші кезең. 1992 ж. аяғы 1993 ж. – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық бір қатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3.Үшінші кезеңі. 1993 ж. қараша айынан бастап осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетпен банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидадаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Елімізде қабылданған банктік заңдылыққа сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
І деңгей ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
ІІ деңгей Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзіндегі екінші деңгейдегі банктер немесе коммерциялық банктер жүйесі деп атайды.Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары болып саналады. Мемлекеттік банк Республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледі. Коммерциялық банктер өздерінің акционерлік жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекттік емес құрылым немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарды құрылуы мүмкін: мемлекеттік – жеке, мемлекеттік – кооперативтік, жеке – кооперативтік.Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер мына кестеде берілген:Осы кестеде көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған) саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуғын алады.Қорыта келгенде, нарықтық экономиканың тиімді ұйымдастырылып, тиімді қызмет етуінің негізі, жалпы экономиканың басты қозғаушысы қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банк жүйесі болып отыр. Содықтан, экономиканы реформалауда ең бірінші банктік жүйені реформалау қажет. өйткені банктік жүйе жүргізетін ақша-несие, валюталық реттеу және бақылау саясаттары арқылы экономиканы одан әрі реформалап, жан-жақты дамытуға болады.Сонымен, банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді.Жалпы жұмыс барысында мен банк жүйесінің екі деңгейлі болып келетіндігінің тиімділігіне көзіміз жетті. Яғни бірінші деңгейдегі Ұлттық банк елдегі бірден – бір ақша эмиссиялайтын, экономиканың тиімді дамуын іске асыратын ақша-несие саясаттарын және барлық екінші деңгейдегі банктерді қадағалап отыратын «банктердің банкі» ретінде маңыздылығын түсіндім. Ал екінші деңгейдегі банктер осы Ұлттық банкпен шаруашылық салалары арасындағы қаржы делдалы қызметін атқарушы болып табылады. Сондықтан еліміздегі Ұлттық банк «банктердің банкі» атағын алып, ал коммерциялық банктер экономикалық салаларды дамытуда басты құрал болып отыр. Олар арқылы экономикада қызмет атқарушы жеке және заңды тұлғаларға несие беріліп, олар өндірісті алға жылжытады. Ұлттық валютаның енгізілу сәтінен бастап, 1995 ж-ға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативті құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, содай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпанда ҚР Президентінң қаулысымен бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.Осы жасалған бағдарламалар нәтижесінде және еліміздің қаржы саласының толық қанды дамуына байланысты ұлттық банк жүйесі қазіргі уақытта ТМД елдері бойынша ең нақты нарықты экономика негізінде қызмет етіп отырған жүйе болып отыр. Бүгінде Ұлттық банк жүргізген ақша-несие саясаты өзінің реттеу қызметтерін іске асыру құралдары мен әрекеттері бойынша әлемдік дамыған елдердің ақша-несие саясатын жүргізу стандартына өте бастады.Бүгінгі таңда жалпы еліміздің банк жүйесі нарықтық экономика жүйелері ішіндегі ең бір дұрыс қалыптасқан жүйе және ол экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір құрылым десек артық болмас.
107. Қаржы және қаржы жүйесі. «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:1) қаржы қатынастарының жиынтығы;2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;3) басқарудың қаржылық аппараты.Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
108. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен зардаптары. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.
Ел бюджетінің қүрылымы, алдымен осы елдің мемлекеттік қүрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жуйесі екі қабаттан түратын қүрылым түрін алады — мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федераддық мемлекеттік қүрылымы бар елдерде (АҚШ, ФРГ) арабуын болады ~ штаттардың, жерлердің жоне осыларға сәйкес келетін әкімшіл қүрылымдардың бюджеті.Мемлекеттік бюджет - бүл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті олеуметтік-экономикалық қыз-меттер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады.
Бюджет, осымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашьшык конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы ша-раларды жүзеге асырудың куатты қүралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың копсалалы қызметтерін бейнелейтін күрделі қүжат деуге болады. Ол -мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы коздерінің жылдық жоспары. Бюджеттін жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде, немесе, муниципалдық жиналыста қабыдданады. Қаржылык жыл біткеннен соң атқару үкіметінің окілетті екілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша оздерінің табыстарын жинақтау туралы жоне жасалған шығындар туралы есеп береді. Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердін ара-сында бюджет табыстарының козін болу туралы, ел масштабында қаражаттарды кдйта болу арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді кдржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекетгік экімшілдік-территориялык үкім Бюджет шығындарының бірінші орнына ие болушы әлеуметтік баптар: олеуметтік жәрдемдер, білім, денсаулык сақтау және бас-қалар. Бұл мемлекеттік экономикалык саясатыныц басты макса-тын долелдейді — элеуметтік-экономикалык күрылысты түрақтан-дыру, нығайту және оны озгермелі жағдайлармен үйлестіруді. Осы шығывдар нарық шаруашылығына тон болатын олеуметтік топтар-дың жіктелу зардаптарын жеңілдетуді, ол-аукаты томен топтардың лайыкты білім алуын және медициналық қызметімен қамтамасыз етілуін коздейді. Олар түрғындарға белгілі бір тіршілік дорежесін камтамасыз етуге тиісті.еттердің барлык дорежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.Бюджеттік шығындар арқылы жүргізілетін мемлекеттік реттеудін әсерлілігі мынадай жағдайларға тәуелді болады: біріншіден, жүмса-латын соманың салыстырмалы колеміне (ЖІӨ-дегі олардың үлес салмағьша); екіншіден, осы шығъшдардың қүрылымьша; үшіншіден, қаражаттардың әр бірлігінің пайдалануының тиімділігіне. Экономичны мемлекеттік реттеу дөрежесінің, оның нақты мақсаттары-ның әр елдерде бірдей болмағандығынан, мемлекеттік меншіктің үлесін бағдарлаудың үлттық төжірибесі бірдей болмағандықтан, халық шаруашылығындағы бюджеттік шығындардың рөлі де бірдей болмайды.