
- •6) Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
- •7)Экономикалық теорияның құрылымдық мазмұны.
- •20) Өтпелі экономика; оның белгілері мен заңдылықтары.
- •26) Әміршіл - әкімшіл жүйенің нарықтық жүйеге ауысуы.
- •38) Қазақстандағы ақша жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •59. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.
- •66. Еңбек өндіріс факторы ретінде және жалақы еңбектің бағасы ретінде.
- •70. Өндірушінің шығындарды минималдау және табысты максимум заңдалуы.
- •72. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.
- •75. Табыстар мен шығындардың макроэкономикалық айналым үлгісі.
- •93. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты: кейнстік және монетарлық үлгілер.
- •109. Салықтар, оның түрлері және қызметтері. Салық және салық жүйесі
- •112. Нарықтық экономикадағы табыстар.
- •113. Табыстарды бөлудегі теңсіздік. Лоренц қисығы.
1)Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос- үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болды.Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелері емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А.Монкретьен болатын. 1615ж. оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған.Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырлар аралығында пайда болды. Бұл кезеңде шаруашылықтың жаңа құрылымы - өзіне тән буржуазия табы бар капитализм қалыптаса бастаған еді.Алғаш бұл теория саяси экономия деген атқа ие болды – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым. 17ғ басында саяси экономия дербес ғылымға айналды. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан эк ой-пікір – меркантелизм д.а. Осы мектептің белгілі өкілі Томас Ман ж/е т.б. Эк ғылымның дамуындағы келесі кезең - физиократтар ілімі. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кене, олар қоғамдық байлықтың көзі өндірісте екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың тұжырымы бойынша, бір ғана сала болады: ауыл шаруашылығы. Өндірісті зерттеуге бет бұру ғылыми саяси экономияның жарыққа келуіне жол ашты. Бұның өкілдері: У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын дәлелдеді. Олардың басты табысы – еңбек-құн теориясының негізі қаланды. Бұл теорины Маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді талдады. 19ғ соңы – 20ғ басында бірнеше эк мектептер қалыптасты. Маржинализм мектебінің ортаға салған мәселесі шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан эк талдау. Өкілдері: К.Менгер, Э.Бем-Баверк, В.Визер. Келесі жаңа бағыт – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушы – А.Маршал. Эк ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп п.б., негізін салушылар – М.Вальрас, В.Парето, У.Джевонс. Өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған А.Хайек, Л.Мизес сияқты ғалымдар. 20ғ басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы рыноктық механизм арқылы эк-ны дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы кезеңнен бастап эк-ны қалпына келтіру мақсатында көптеген бағыттар өз зерттеулерін ұсынды. Солардың бірі кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған – Д.М.Кейнс. Ол эк-ны дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын пайдаланып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды. Ол эк/қ теорияның бірнеше анықтамаларын берді. Олар:
1) адамдар арасындағы ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа б/ты қызмет түрін зерттейтін ғылым;2) әр түрлі тауарды өндіру ж/е оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажет шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым;3) адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;4) байлық туралы ғылым;
2) Экономикалық теорияның экономикалық ғылым жүйесінде алатын орны мен ролі. Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
3)Экономикалық таным әдістері. Экономикалық құбылыстарды ғылыми тануда экономикалық теорияны зерттеудің келесі әдістері пайдаланылады: 1) Талдау және жинақтау әдісі - әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды бөлімдер арқылы зерттеу, өзара байланыс және өзара тәуелділікті жинақтау.2) Ғылыми абстарция әдісі – кез келген түсінікті абстракция немесе категория арқылы анықтау.3) Тарихи және логикалық әдіс – экономикалық процестердің тарихи кезеңдері мен оларды логикалық түсіндіруді зерттеп, соны жалпы бағалау және қорытындылау.4)Индукция және дедукция әдісі – жеке фактілердің жалпыға әкелуі(индукция) , ал жалпы жағдайдан жеке қорытындылар жасау(дедукция).5) Сандық және сапалық талдау әдісі – экономикалық теорияда статистикалық көрсеткіштерді, математикалық әдістерді, экономика – математикалық модельдеуді өндірістік қатынастар жүйесінде сапалық өзгерістерді анықтауда кең көлемді пайдалану.
4)Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар-қогамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б. Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.). Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
5)Экономикалық заңдар және олардың жіктелуі.Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес.
Экономикалық зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт - ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.
6) Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
Эк теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау ж/е тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Эк теория бұл:
- ұдайы өндірістің фазалық динамикасы ж/е ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, эк өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым;
- қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауға шектелген ресурстарды пайдалану туралы ғылым;- өндіріс пен айырбас әрекетінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы ж/е өмір сүруге қажет заттар туралы ғылым.Қызметтері: алдымен, ол танып білу, өйткені ол қоғамдық эк-қ өмірдегі проценстер мен көріністерді зерттеп, түсіндіре білуі керек. Бірақ осы, н/е, басқа болмыстарда тек атап өту жетімсіз болады. Олардың мәніне бойлап, даму заңдылықтарын айқындап, соларды практикада қолдану бағыттарын белгілеу қажет. Екінші қызметі, практикалық д.а. – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, эк-қ өмірді реформалаудың эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. Үшінші қызметі, қоғамлдық дамудың ғылыми болжамын ж/е перспективасын жасауды қамтиды. Эк-қ теорияның осы аталған қызметтері өркениетті қоғамның күнделікті өмірінде жүзеге асырылып отырады. Эк ортаның қалыптасуында, эк динамиканың көлемі мен бағыттарын анықтауда өндіріс пен айырбастың салааралық құрылымын жетілдіруде, адамдардың жалпы өмір дәрежесін ұлттық деңгейге жоғарылатуда, - оысның бәрәнде эк-қ теорияның маңызы өте зор.
7)Экономикалық теорияның құрылымдық мазмұны.
8) Позивті және нормотивті экономикалық ғылым. Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті немесе дискриптивті экономика объективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Нормативті экономика субъективті негізделген жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы кекрек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы,бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер стимулының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиіс» және «лазым» түсініктері кезіксе – ол нормативті тәсілге қатысты.
9) Қоғамдық өндіріс және оның факторлары. Өнд\с –адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі. Метар\қ игілік\ді өндіру тәсілі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынас\дың диалектикалық бірліктің екі жағы б\т. Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бір қатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал – жабдықтары деп қарастырады. Мұндай пікір саяси экономиканың классиктерінен тараған А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал – жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де осындай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П.Самуэльсон мен Нордхаустың «Экономикс» деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктер сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік ғимараттар және т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», - деп жазды.Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.
10) Өндіріс және қайта өндіру.Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мне еңбек құралдары өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері деп атайды.Еңбек – бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.Қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мне құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды.Игіліктер өндірісі, біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін – экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.
Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталанмәніуы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.
11) ҒТП: мәні және оның дамуының жаңа бағыттары. ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін меңгеруі ғыл. жөне тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл — Р. т. п-тің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт, Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты.
12) Маркстік теория бойынша өндіріс факторлары. Маркстың теорияда өндіріс факторлар (өндіріс құралдары) және адамдық факторлар (жұмыс күші). Бұлай бөлу марксизм үшін мейлінше маңызды, өйткені қосымша кұн мен пайданы өндірістің барлық факторы емес, адам факторы жасайтынын көрсеткен. К.Маркс қоғамдық өндірісті- алғашқы қоғамдық, қол иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік деп бөледі. Маркстік тұжырымдама бойынша, капиталистік өндірістің мақсаты- экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды, бағаны тұрақтандыру, табыстарды әділетті бөлуді және т.с.с қамтамасыз ету болып табылады.Маркстік теорияда өндіріс факторларына- жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі топ құрады: 1) өндірістің жеке факторы- жұмыс күші және 2) өндірістің заттық факторы- еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Маркстік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Марксистер болса табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді. маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады.
13) Маржиналистік теория бойынша өндіріс факторлары. маржиналистік теорияда өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
1.Жер-табиғи фактор деп қаралады, бірақ, ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды, оған өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы қазбалар жатады.
2.Капитал-өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдалынатын мүліктердің жиынтығы жатады. Оған: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. 3.Еңбек-игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады.4.Кәсіпкерлік қызмет- бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті пайдалануды талап етеді.
маржиналистер, өндірістік факторларды- өндірістің жүруіне қажет тек жалпы техникалық-экономикалық элементтер деп қарайды.Маржиналистер капитал деп- еңбек құралдары мен заттары деп түсіндіреді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі.
14) Қоғамдық өндіріс қозғалысы:өндіру, бөлу, айырбас, және тұтыну.Өнд\с –пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғамдық өнімнің қозғалысындағы орнына қарай экономисттер ә\т бағыт\р ұстанады. Біреулері, бұл саты шешуші мағынаға ие, с\б, егер материалды ж\е рухани игіліктер өндірілмесе, нені бөліп, айырбастап ж\е тұтынылар еді. Кейбір зерттеушілер пікірінше, эк\ка тек айырбас болғанда қалыптасады, сол себепті тек айырбас пеен бөлу шешуші сфераларға жататындығын айт. Өз пайымдауларында олар, әдетте, айырбас пен бөлуден басталатын батыс\қ зерттеулерге сүйенеді. Көпшілік санасында қалып\н өндірісті екі\ші кезеккке қою эк\ға орасан зиян тигізетіні түсінікті. Көз алдымызда еңбек өнімділігің рөлі, мазмұны мен беделі жойқын жылдамдықпен төмендеді, ал бұл тұтастай қоғамның жасампаз еңбегінің құлдырауын білд\ді. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.Жеке тұтыну – бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.Қоғамдық тұтыну – қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.
15)Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.Өнд\с нәт\де қоғамда өнім н\е игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім –бұл бел\б кезеңде өнд\тің барлық салаларында жаслынған игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қоғамдық өнім көптеген сала\р мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек бөлініс жүйесіндегі күрделі күрделі өзара байланыстың нәтижесі. Қазіргі қоғамның эконо\қ өмірінде кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауарға айналады. Оқулықтарды ж\е ғылыми әдебиеттерде, адамзат қоғамның тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана нысаны: натуралдық ж\е тауарлы өнд\с болған ж\е солай қалып отырады деген пікір тараған. Соным\қатар қоғамдық өнд\с материалдық ж\е материалдық емес өнд\ке жіктеледі. Матер\қ өнд\стің өзі матер\қ игіліктер өнд\сі ж\е матер\қ қызметтер өнд\сі б\б. Матер\қ емес өнд\с матер\қ емес қызметтер ж\е матер\қ емес игіліктер б\бөл. Қажеттілік -бұл жеке тұлғаның н\е қоғамның өз өмір жағдайын н\е дамуын қалыпты деңгейде жүргізуі қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Адамдар қажеттіліктер сан алуан. Әдетте, қажеттіліктерді үш топқа бөледі: матер\қ, рухани, әлеу\к. Алдыңғы кезекте, әрқашан матер\қ қажеттіліктер, яғни киім, тамақ, тұрғын үйге деген қажеттіліктер тұрады. Матер\қ қажеттіліктер тауар\р арқылы сон\қатар қызметтер арқылы да қанағаттандырлады. Матер\қ қажет\р қатарына фирмалар мен мекемелердің ғимараттар, құрылыстар, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажет\р ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу, адамгершілікті жетілдіру ж\е т.б. барысында қанағат\ды. кең мағынада рухани азыққа адамның қабылдайтын барлық ақпарат түр\рі жатады. Қоғамның дамуына орай қоғамдық ж\е ұжымдық қызмет формаларына қатысуға бай\ты әлеу\к қажеттілік\ді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері де өсуде. Олар матер\қ та, рухани да боуы мүмкін, бірақ, ең бастысы олар қоғамдық сипатта ж\е көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне бай\ты. Қажеттілктерді қанағаттандыруы дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: біріншіге матер\қ өнд\с, екіншіге-матер\қ емес өнд\с жатады. Матер\қ өнд\с сферасында заттық игіліктер өндіріледі(өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ж\е т.б.) матер\қ қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету ж\е т.б.). өнд\к емес сферада рухани ж\е басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет ж\е т.б.). екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады, әсіресе бұл қазіргі заманғы жағдайлалда бірден күшейіп кетті. Осылайша, бірқатар елдерде матер\қ өнд\ң жоғары даму деңгейі матер\қ емес өнд\те жалпы елдегі еңбектенушілердің көп бөлігін қолдануға мүмкіндік берді. Өз кезегінде, ғылыми жаңалық ашулар, тех\қ өнер табыстар түріндегі матер\қ емес өнд\с сферасының жетістіктері өнд\к сфераның дамуына зор ықпал етеді.
16) Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.Меншіктің құқықтық жағын қарастыру арқылы қоғам мүшелері арасындағы материалдық байлықты бөлу, иелену, пайдалану, оған билік ету шарттарын білеміз.Меншік құқықтарын келесідей бөлуге болады: 1. иелену құқығы – толық емес, ішінара иемдену.Меншікті иеленуші меншіктенушінің қызмет ететін өкілі болып табылады. Иелену –меншіктің қызметі, оны меншіктенуші анықтайды. Мысалы, аренда, несие. 2. Пайдалану құқығы- қызмет ету бағыты бойынша мүлікті нақты пайдалану. Пайдалану меншік пен иеленуді жүзеге асыру нысанын білдіреді. Егер иелену меншіктің қызметі болса, пайдалану иеленудің қызметі. 3 билік ету құқығы – меншіктенушінің рұқсаты бойынша меншік объектісін пайдалануға беру туралы иеленушінің немесе басқа тұлғаның шешім қабылдауы. Меншік құқығы теориясы бойынша ресурстар өз бетінше меншік емес, ресурстарды пайдалану бойынша құқықтарының шоғыры – меншік болып табылады. Меншік құқығы теориясының негізін салушылар – Р.Коуз және А.Алчиан. Бұл теория б-ша меншік “құқығының шоғыры” 11 элементтен тұрады: 1 иелену құқығы, яғни игілікті физ-лық бақылау құқығы; 2 пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиеттерін іске асыру құқығы; 3 басқару құқығы, яғни игілікті кім, қалай пайдаланатынын шешу құқығы; 4 табыс алу құқығы, яғни игілікті пайдалану нәтижесін иелену құқығы; 5 егемендік құқығы, яғни игілікті тұтыну, өзгерту, бас тарту немесе жою құқығы; 6 қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді бүлінуден және қоршаған орта залалдарынан қорғау құқығы; 7 құқықтарды мұраға қалдыру құқығы; 8 игілікті мерзімсіз иелену құқығы; 9 қоршаған ортаға зиянды тәсілмен пайдалануға тыйым салу құқығы; 10 жауапкершілік құқығы, яғни қарызы үшін игілікті алу; 11 қалдық құқығы, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін прцедуралар мен институттардың болуы құқығы.Бұл теория б-ша меншік қатынастары ресурстардың шектеулілігімен байланысты.
17) Меншік объектілері мен субъектілері. Меншік – бұл зат емес, затқа байланысты адамдар арасындағы қатынсатар, яғни материалдық ж/е рухани игіліктер мен оларды өндіру жағдайларын пайдалану бойынша адамдар арасындағы қатынастар.Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы,яғни меншік объектісін иелену құқығы. Меншік объектісі – меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат,заттар,энергия,мүліктер,ақпараттар т.б.Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас иеліе ету,пайдалану,билік ету,жауапкершілігі бір уақытта құқықтық,заңдық және экономикалық категориямен байланысты. Өндіріс жағдайларына н/е капиталға меншіктің болуы адамдарды еңбек етуге, эк қатынасқа түсуге мәжбүрлейді. Меншік қатынастары екі элементтен тұрады: субъект ж/е объект. Меншік субъектінің объектіге қатынасы ретінде көрінуі мүмкін, бірақ меншіктің эк қатынас екенін дұрыс сипаттау үшін сол объектіге байланысты басқа да субъектілердің болуы шарт. Адамдар арасындағы меншікке негізделген шаруашылық байланыстар құқық арқылы реттелетіндіктен, ол құқықтық қатыныасқа айналады, яғни бұл қатынасқа қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттемелері бар. Мұндай құқықтық нормалар меншік қатынастарын бекіте түседі ж/е қоғамдағы ресурстардың бөлінуін реттейді. Меншік құқығының субъектілері болып жеке азаматтар, ұйымдар, мемлекет ж/е жергілікті билік органдары табылады. Меншік объетісіне шаруашылық үшін қажет барлық игіліктер, оның ішінде жылжымайтын мүліктер, санаткерлік меншік адамның ғылыми, өнер-шығармашылық туындылары: фирманың атауы, тауар белгісі жатады. Меншік объектілері әрқашан шектеулі. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар(2): 1) өз еңбегінің өнімін иемдену, меншікте заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек – бастапқы иемдену әдісі; 2) бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңы, оған сәйкес басқаның еңбегін иемдену заңы. Меншік субъектілері келесі түрлерге бөлінеді: 1) потенциалдық меншік иесі; 2) меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденушісі); 3) толық меншік иесі.
18) ҚР – ң меншік түрлері. Қазақстандағы меншік түрлері
меншіктің түрлерімен формалары :Жеке меншік ;еңбекке негізделген жеке меншік;еңбекке негізделмеген жеке меншік;ұйымдық меншік: Акционерлік, сервистік серіктестіктер, корпаротивтер, холдингтер, біріккен кәсіпорындар, жшс.қоғамдық меншік: жалпы мемлекеттік жәнемонисипадық негізін 2ге бөлуге болады: мемлкететтік және жеке меншік. Мемлекеттік меншік бөлінеді: 1) мемлекеттік 2) муниципалдық.
19) Өтпелі экономика мәні, түрлері және сипаттамалары Өтпелі экономика үрдісінің мәні мен кезеңдерін,Әлемде өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді. Олардың пайымдауынша, экономикалық реформаның тереңдігі мен оның мақсаты ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу дәрежесіне, жинақталып қалған макро және микроэкономикалық ұдайы өндіріс проблемаларын тиімді шешу қажеттілігіне, тұтас алғанда отандық экономиканың және оның жекелеген секторларының жай-күйіне тікелей байланысты.
Шаруашылық жүйелерін реформалау практикасына орай Халықаралық валюта қоры мен Батыстың басқа да қаржы ұйымдары шаралардың қоржынын жасап, оларды дамушы елдерге ұсынған. Бұлардың арасында: елдегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді тікелей басқарудағы мемлекеттің рөлін шектеу, рыноктық тетіктер пайдасына директивалық әдістерден бас тарту; бағалар мен жалақыны ырықтандыру; сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру; экономиканың мемлекеттік емес секторын дамыту және мемлекеттік меншікті жекешелендіру үшін жағдайлар туғызу; мемлекеттік бюджет тапшылығын мейлінше азайту; елде жүйелі институттық өзгерістерді жүзеге асыру; қаржы саласының тиімділігін арттыру; инфляцияға қарсы қатаң күрес жүргізу және басқалары бар.Бастапқы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен институттық ерекшеліктерге қарай бірінші кезеңнің өзінде макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшін қаржы институттарының жәрдемімен экономикалық реформалар жүргізудің жеке ұлттық бағдарламалары әзірленіп, іске асырылды. Алайда, талдау көрсеткендей, реформаларға мұндай көзқарас тұтас алғанда ойдағыдай болып шықпады. Әдетте, макроэкономикалық тұрақтылық, егер болғанның өзінде едәуір кеш көрініс тапты. Қазақстан да бұдан сырт қалған жоқ. Халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына бағыну, стандартты дағдарысқа қарсы шараларды қарадүрсін қолдана салу бұрынғы кеңестік елдер үшін онша қолайлы болмады.
Біріншіден, экономикалық жүйенің кеңестік түрін нарықтық түріне өзгерту шын мәнісінде қоғамдық даму моделін эволюциялық жолмен ауыстыру болып табылатыны ескерілмеді.
Екіншіден, шаруашылық жүргізуді жаңғыртудың кезеңдік кестесі де және өтпелі экономика теориясының өзі де жасалмады. Оның міндетін дәстүрлі нарықтық шаралармен, жай ғана қайталаумен шешу мүмкін емес еді.Үшіншіден, белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада қалыптасқан едәуір жоғары біліми деңгейі бар дәстүрлі әлеуметтік ықпалдастықпен байланысты қоғамның нарықтық қатынастарға әлеуметтік жағынан икемделу қажеттілігіне назар аударылмады.
Осынау үш фактордың пайымдауынша, өтпелі кезеңнің экономикасы жалпыға бірдей, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерді ескеретін өзінің экономикалық теориясына сүйенуге, оның экономикалық дағдарыстың әлеуметтік ауыртпалықтарын жеңілдетуге қабілетті және кейіннен қоғам дамуының стратегиялық мақсатына жету үшін тірек болатын өзінің әрекет ету тетіктері болуға тиіс. Яғни, өтпелі экономика – ұзақ мерзімді әрі күрделі кезең, шаруашылық пен қоғамды жаңғыртудан бастап, экономикалық моделді іске асыруға және жаңа қоғамдық-саяси құрылғыны енгізуге дейінгі кезең. Оның барысында кезең-кезеңімен әрі күрделілігіне қарай түптеп келгенде экономикалық жағынан өсуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарды кіріктірудің алуан мақсаттағы міндеті шешіледі.