
- •Оның құрамдас элементтері.
- •Функциялары және құрылымы.
- •Бағалы қағаздар нарығы
- •2. Бағалы қағаздар нарығының қызметтері жалпы нарықтық және арнайы болып екіге бөлінеді.
- •3. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
- •№8 Дәріс. Зейнетақы нарығы
- •№9 Дәріс. Қаржылық делдалдылық және қаржылық делдалдар
- •№10 Дәріс. Қаржы нарығындағы коммерциялық банктер қызметі
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
3. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
1. Эмитенттер
2. Сатушылар
3. Инвесторлар
4. Делдалдар
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының басты қатысушылар – эмитенттер болып тадбылады.
Мемлекет эмитентті заң жүзінде белгілейді. Эмитент заңды тұлға, жергілікті басқару орган немесе мемлекеттік орган болып табылады.
Инвестор – (салым иесі) инвестор жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Олар бағалы қағаздар өз қаражатының есебінен сатып алады.
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Бұл бролкерлік және дилерлік ұйымдар
Андерайтер – жаңа шығарылған бағалы қағаздардың белгілі бір санын орналастыру жөнінде міндеттеме алған екінші адам.
Джобберлер - бағалы қағаздар нарығын конъютурасын мәселелер жөнінде кеңес берушілер.
№7 дәріс. Сақтандыру нарығы
Сақтандыру нарығының дамуының негізгі аспектілері
Сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері.
Қазақстанда сақтандыру нарығы дамуы
Сақтандыру нарығы сақтандырушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып-білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен түрліше жекеменшік иелері – ерекшеленген тауар өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.
Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:
реттеуші – нарық, барша басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:
1. Салалық белгісі бойынша:
өмірді сақтандыру нарығы (бұған, сондай-ақ, ұзақ мерзімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу, аннуитет және басқалар да жатады);
мүліктерді сақтандыру нарығы;
жауапкершілікті сақтандыру нарығы;
бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;
2. Ауқымдық жағынан:
ұлттық;
аймақтық;
халықаралық.
3. Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты:
мемлекеттік сақтандыру;
акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру;
сәйкес сақтандыру қорларын құрайтын өзара сақтандыру.
4. Жүзеге асырылу түрлері бойынша:
міндетті;
өз еркімен.
5. Объектілер бойынша:
жеке;
мүліктік.
Міндетті түрде – бұл заңдылық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтық өмірін немесе денсаулығын ешқандай заңдылық актілерімен, келісімсөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуге жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.
Ерікті түрде – екі жақтың бірдей ерік білдірген жағдайында жасалатын сақтандыру сақтандырудың объектісі болып заңға қайшы келмегенде кез келген азаматтық мүдде немесе заңды тұлғаның мүддесі алдынғы орынға шығарылады. Міндетті түрдегі ерік бойынша сақтандырудың айырмашылығы – ол келісімнің мерзімі шектеулі болып келеді, сақтандыру жарналарын төлегенде ғана жүзеге асырылады.
Міндетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесімділік табуы қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуы қамтамасыз ететін жүйе құруға мүмкіндік береді, өйткені сақтандыру әрекеті қандай болған жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.
Жеке сақтандырудың объектілері болып азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы жатады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген адамдар мен шаруашылық субъектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың объектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай-ақ, қаржылық тәуелділік саналады.
Мемлекеттік сақтандыру – бұл жағдайда сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады. Ол сақтандырудың барлық түрлеріне мемлекеттің бүтіндей үстемділігі болғанда, мемлекеттің сақтандырудың тек жекелеген түрлеріне үстемдігі болғанда немесе сақтандырылуға ешқандай да мемлекеттік үстемділік болмаған жағдайларда жүзеге асырыла береді. Қазір ТМД елдерінде сақтандырудың даму барысы өзінің шегіне жетуге жақын. Мысалы, Ресейде бюджет тарапынан әскерлерді, милиция қызметкерлерін, салық инспекциясы мен полицияны, прокурорларды, соттарды апаттан құтқарушыларды, ядролық қондырғылардың қызметкерлерін, ғарышкерлерді, депутаттарды, донорлар мен басқа да санаттардың қызметкерлерін міндетті түрде мемлекеттік тұрғыдан сақтандыру жүзеге асырылуда. Ресей Федерациясының 1991 жылдың 28 маусымдағы №1499-1 РФ азаматтарын медициналық тұрғыдан сақтандыру Заңы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жататын міндетті түрде медициналық сақтандырылу енгізілген.
Акционерлік сақтандыру – бұл сақтандырушылар ретінде акционерлік қоғамдар саналатын сақтандыру қызметінің түрі, бұл жағдайда жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай ресурстарды өздеріне тарту арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын құрайды. Бастапқы капиталды құраудың тәртібіне сәйкес ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдарын, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ажыратады. АҚ-ның мұндай түрлері бүкіләлемдік іс-тәжірибиеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам түрінде сақтандыру ұйымын құру заңмен анықталған.
Өзара сақтандыру – өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын қауіпсіздікті сақтаудың түрі. Бұл ретте сақтандырылушы сақтандыру қоғамның мүшесі де болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында сақтандырудың трансшекаралық деп аталатын түрі де қарастырылған, ол бойынша сақтандыру сыйлықақысы республикада да, онан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен немесе біздің республикамызда ратификацияланған халықаралық келісімдерімен анықталады. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдық-резидентінің өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайтадан сақтандыру үшін елден тыс жерлерге беру қайта сақтандыру ұйымының ҚР-ның резиденті еместерге тікелей немесе ҚР-ның сақтандыру брокер-резиденті арқылы, егер осы ұйымдардың рейтингісі болған жағдайларда берілуі жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы оған қатынасушылар мен сақтандыру салалары арқылы көрсетілген.
Аталмыш нарықтың қызметі ҚР-дың Конституциясына, ҚР-дың Азаматтық Кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» заңға негізделген нормативтік-құқытық актілерменмен, сондай-ақ ҚР-дың басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
«Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығына қатысушылар болып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырылушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар саналады.
ҚР-ның сақтандыру нарығында сақтандыру қарым-қатынасының мына төмендегідей қатысушылары айрықшаланады:
сақтандыру нарығының қызметіне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру (сақтандырушылар) компаниялары;
келтірілген зиянды сақтандыру операцияларына таратып отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етуші қайта сақтандыру компаниялары;
сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен сақтандырылушының арасында ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;
сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары.
Сақтандыруға бақылау жүргізуші өкілетті мемлекеттік орган ҚР-ның қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды ретке келтіріп қадағалап отыратын Агенттігі болып табылады. (ары қарай Агенттік). Оның сақтандыруда реттеп отыру саласындағы негізгі міндеттері:
елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау көрсету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнықтыру;
сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін қадағалау;
сақтандырудың негізін заңды түрде бекіту, міндетті түрде сақтандыру түрлерін, республиканың сақтандырудың халықаралық жүйесіне қатысты принциптерін белгілеу;
сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда табушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.
Агенттікке ҚР-сының заңды актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне араласуға тыйым салынады.
Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, ірі өндіріс кәсіпорындары, қаржы институттары және басқалар сақтанушылар бола алады. Сақтанушыға сақтандырушыны өз еркінше де, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша да таңдауға ерік беріледі. Оған өзіндік ерекшелігі бар қызметке ұқсас сақтандыру компаниясының қызметі ұсынылады. Сақтандыру келісім шартына сәйкес сақтандырушы сақтану жағдайы туындағанда сақтанушыға жәрдем көрсетудің кепілі болып саналады. Келісім-шарт сақтанушының қажетті шарты ретінде есептеледі, өйткені сақтандырушының қорында шоғырланған көптеген тәуекел жарналарды сақтандырушы бизнесте меңгеру оңай.
Дамыған сақтандыру нарығына сақтандыру агенттері мен брокерлер белсенді түрде қатысатын болып саналды.
Сақтандыру агенті – өзіне берілген өкілдікке сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруы бойынша сақтандыру келімшарттарын жасауға сарапшылық ететін жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы сақтандыру келісімі бойынша қабылданған міндеттемелерді, сол сақтандыру ұйымынан алынған өкілдіктің шегінде оның атынан сақтандыру агенті жасаса, егер өзі тікелей қабылдап алған болса, сақтандыру ұйымы орындауы керек.
Сақтандыру брокері – сақтандыру мен қайта сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беруді және өз атынан және сақтандырушының тапсыруы бойынша немесе өз атынан және цеденттің тапсыруы бойынша келісімшарттары жасауды жүзеге асыруға сарапшылық ететін заңды тұлға.
Кез келген мемлекеттің заңында брокерлік қызметтің лицензиялану барысы көрсетілген, осы қызметтің тәртібі мен шарттары, брокердің атқаратын ісі, құқығы мен міндеті анықталған. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру ұйымының лауазымдық қызметін атқара алмайды. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңы бойынша сақтандыру брокері болып саналмайтын сақтандыру ұйымына немесе оның қызметкерлеріне, сондай-ақ резидент емес ұйымдарға сақтандыру брокерлігін құруға және қызмет етуге қатысуына рұқсат етілмейді. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокеріне республика территориясында филиалдар мен өкілдіктер ашуға да рұқсат жоқ.
Қазақстанның заңдылық іс-тәжірибесінде тұңғыш рет актуалдық қызмет деген түсінік ендіріліп отыр. Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлей алушылық және қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру және қайта сақтандырудың келісімшарты бойынша міндеттемелердің мөлшерін экономикалық-математикалық есептеулермен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке адам. Актуарийдің негізгі міндеті компанияның өзіне алған міндеттемесін орындауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын төлей алушылық деңгейін бір қалыпта ұстауға арналған ұсыныстар дайындау болып табылады.
Актуарий болып қызмет атқаруға ҚР-ның Ұлттық банкісі берген лицензиясы бар жеке тұлға құқылы. Оған ие болу үшін «Сақтандыру туралы» Заңда көрсетілмеген, құқықтық нормативтік актілерге сілтеме жасалынатын біршама шарттар қажет. Актуарийдің қызметі сақтандыруды қамтамасыз ету процесінің барлық құрыстырушыларының мониторингісі мен сақтанушының алдындағы міндеттерге байланысты резервтердің жеткіліктігі үшін сақтандыру ұйымдарын үнемі тексеріп отыруды қарастырады.
Өкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясының негізінде сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымының аудиті бойынша қызмет ететін аудитор немесе аудиторлық ұйым сақтандырушы нарықтың кәсіпқой қатысушысы бола алады. ҚР-ның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы бойынша сақтандыру ұйымдары әр жыл сайын өзінің жұмысына аудит жүргізіліп, оның қорытындысын шығарып отыруға және көшірмесін ҚР-ның Ұлттық банкіне тапсырып отыруға тиіс. Міндетті түрдегі сыртқы аудитпен қатар сақтандыру компаниясының заң бойынша өзінің құрылымында лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі де болуы міндетті. Ішкі аудит компаниясының ішкі саясаты бойынша анықталады, бірақ бұл жағдайда өкілетті мемлекеттік органның талаптары да ескеріледі.