Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karzhy_narygy_zhane_deldaldary_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
395.78 Кб
Скачать

1 дәріс. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және

Оның құрамдас элементтері.

  1. Қаржы нарығының мәні және мазмұны және оның құрылымы.

  2. Қаржы нарығының құрылымы және классификациясы

  3. Қазақстан қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері.

Қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдардардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды бөлу механизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.

Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік – оның көмегімен меелекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

  • ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құрылымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;

  • коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі;

  • баға белгілеу – қаржылық құралдардың барлығы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы институттарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъектілер ретіндегі үш тобы бар:

  • үй шаруашылығы (жеке тұлға);

  • меншік формаларына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;

  • мемлекеттік басқару органдары.

Сонымен, қаржы нарығы – бұл ең алдымен әр түрлі экономика субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойыша пайда болатын ақшалай қатынастар.

Қаржы нарығының функцияларын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

  • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;

  • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;

  • бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;

  • бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.

Қазақстан Республикасында қаржы нарығы келесідей нарықтардан тұрады: ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы, зейнетақы нарығы.

Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалай операциялар нарығында жүзеге асатын барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының субстанциясы болып табылады.

Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша босақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті сыйақы-пайыздар төлейді.

Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан әрі несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылыәр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.

Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары сияқты бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса, одан әрі айналысқа түседі. Айналым қаражатын толтыру үшін несие алу міндетті емес.

Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысы жөніндегі күманді аз тудырады. Сақтандыру тәуекелдіктері батыстық қаржы теориясында кезкелген кәсіпорынның қаржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бірі, бірақ мұндай теорияның негізінде мынадай түрлер болады: әрбір субъект жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және олардың болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелдерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру – бұл қайта бөлісу қатынасы.

2 дәріс. Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

  1. Ақша нарығы ұғымы

  2. Ақша нарығы құралдары

  3. Ақша нарығын басқару негіздері

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражаттарды бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл ойнайды. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.

Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функцияларын былайша анықтауға болады:

  • төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушыладың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;

  • коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;

  • есеп функциясы

Қаржы нарығына қатысушылардың арасындағы ақша айналымы пороцесінде мыналар арасындағы қатынастар пайда болады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ондағы жұмыспен қамтылған халықтың;

  • кәсіпорын мен салалар ішіндегі бөлімшелердің;

  • жабдықтаушы мен төлеушілердің;

  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;

  • мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс қорлардың;

  • несие жүйесі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің және биржаның, сақтандыру ұйымдарының, мүліктік қорлардың және қаржы-несие жүйесінің басқа да құралдарының немесе буындарының;

  • халық пен мемлекеттің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қаржы инфрақұрылымы құралдарының арасында

Бұлардың барлығы капиталдың қалыптасуын, олардың бөлінуін, экономикалық және әлеуметтік дамудың тиімділігін пайдалануды әрі бағалауды қоса қамтитын, қорларға ақша ресурстарының ауысу процесін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:

  • қолма-қол ақша (банкнот) табыстау;

  • чек беру;

  • векселдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;

  • төлем карточкасын пайдалану;

  • борыштық қолхаттардың айналымы.

Бүгінгі таңда ақша қаражаттарының негізгі айналымында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігін алмастырған қолма қолсыз ақша айналымы орын алып отыр. Оларға:

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талап-тапсырмасы;

  • аккредитивтер;

  • Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары жатады

3 дәріс. Депозиттік нарықтың қызмет ету ерекшеліктері

        1. Депозит нарығының мазмұны

        2. Депозиттер түрлері

        3. ҚР-дағы депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру ) Қорының қызметі

Ақша жинақтау функциясын орындай отырып, мәні бойынша халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және т.б жинақтары болатын депозиттерге трансформацияланады. Клиенттердің барлық салым ақшалары депозиттер болып табылады. Оған орналастырылған қаражаттардың көздері әр түрлі.

Қазақстанның банктік тәжірибесінде депозиттердің мынадай типтері бар:

1. Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Бұл түрдің қолайлылығы чектердің қауіпсіз болуымен және оны жазып беру арқылы төлемдерді орындаудағы қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сондай-ақ ол алғашқы талап етумен ақшаны қолма қол өндіріп алуға мүмкіндік береді. Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі ретінде контокоррент табылады. Ол банктің клиентпен болатын барлық операциялары ескерілетін біртұтас шоты.

2. Жинақ ақша салымы халықпен болатын операцияларда тараған және аса көп емес өтелетін салымға арналған. Оның талап етілгенген дейінгі салымнан тек төлемдерінде, ақшаны алу тәсілінде, пайыздарды кезеңдік есептеуде ғана айырмашылығы бар. Кейде онда пайыз бойынша салықтық жеңілдіктер болып тұрады.

3. Мерзімді салым – бұл тіркелген күні бар депозит, оларды мерзімінен бұрын жабу айыппұл төлеуге әкеліп соғады, ал ол бойынша сыйақы салымның мерзіміне және сапасына қарай есептеледі. Мерзімді салымның екі түрі бар: алып тастаусыз, алып тастау туралы алдын-ала хабарлаумен.

Депозиттік сертификат салымшының немесе оның құқығын иеленушінің мерзімі біткенде салым ақшаның сомасын немесе ол бойынша процентті алу құқығын айғақтайтын ақша немесе ол бойынша процентті алу құқығын растайтын ақша қаражаттарының салымы туралы банк-эмитенттің жазбаша куәлігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіруді (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің Қазақстандық қоры» жүзеге асырады.

Қор мақсаты екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Келесідей негізгі ұғымдар қолданылады:

1) банк-агент Қормен агенттік келісім негізінде салымшыларға орнын толтыру төлемдері бойынша шараларды жүзеге асыратын банк;

2) жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкі – жеке тұлғалардың салымдарын қайтару бойынша міндеттемелері ережеге сәйкес кепілденетін, қатысушы куәлігі бар, банк (қатысушы-банк)

3) банк салымшысы (депозиторы) – қатысушы-банкте салымдары бар жеке тұлғалар

4) салым (депозит) бойынша орнын толтыру – Қормен төлеуге жататын ақша сомасы

5) Банк төлемдері – қайтару бойынша міндеттемелері кепілденетін, салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерінде қатысушы-банкпен Қорға аударылатын ақша сомасы

Жеке тұлғалардың міндетті коллективтік кепілдендіру жүйесіне, банктің меншікті капиталынан жоғары мөлшерде жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау құқығы бар банктер бола алады.

4 дәріс. Несие нарығы, оның мәні және мазмұны

  1. Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны.

  2. Несие нарығының құралдары

  3. Несие нарығын басқару

Несие нарығы – бұл қаржылық құралдарды қажет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қатынасын және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі шарттармен қаражаттарды ұсынуды жүзеге асыратын қарым қатынастар механизмі.

Несие нарығына тән келесідей функцияларды бөліп алуға болады:

  • несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;

  • ақша корларын ссудалық капиталда тікелей шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;

  • мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қуатты қаржы-өнеркәсіп топтарының қалыптасуына ықпал ету.

Нарықтық экономикадағы жаңа немесе ұмытылған, көп қолданбайтын түсініктер мен категорияларды зерттеудің кілті – нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарын саяси экономикалық талдауды терең жүргізу. Әрбір экономикалық категорияны өндіріс тәсілінің нақты тарихи даму кезеңімен байланыстыру қажет.

Несиелік ресурс ұғымы туралы сұрақты өзекті деп санауға болмайды. Өйткені бұл түсінік бүгінгі күні экономикалық теорияда, қаржы теориясында, банк ісінде және тағы басқаларында қолданылады, бірақ әртүрлі ғылымның өкілдері – экономистер, қаржыгерлер несиелік ресурстардың түсінігін олардың мазмұнын қысқарту арқылы түсіндіреді.

Әлі күнге дейін «несиелік ресурстар» түсінігі, оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер, ресурстардың даму факторлары туралы нақты қалыптасқан бірыңғай көзқарас жоқ. Несиелік ресурстардың экономикалық табиғатын ұғыну олардың қызметтері мен мәселелерін жете түсіну болып табылады.

Экономикалық қызметтегі адамдардың жиынтық қатынастары бірқатар критерилер бойынша жүйелендіріледі, ал сол критерилердің біріне ресурстар мен өнімдердің өндірістен тұтынуға дейінгі қозғалысы жатады. Экономикалық қатынастар бұл аспектіде өндіріс, қайта бөлу, айырбас және тұтыну игіліктері ретінде қарастырылады. Ұдайы өндірістің бірыңғай әрбір сатысында бұл қатынастар әртүрлі формаға айналады, ал қатынастарға күнделікті жаңа субъектілер еніп отырады.

Несиелік ресурстарды банктік ресурстар деп те атайды. Г.Белоглазова несиелік ресурстарға былайша анықтама береді: «Банктік ресурстар – банктердің пассивті операциялар жүргізуі нәтижесінде қалыптасатын және банктің пассивінде көрсетілетін қаржы көзі. Банктік ресурстарға банктің жеке қаражаттары, қарыздық және тартылған қаражаттар жатады. Пассивті және активті операциялар бір-бірімен тығыз байланысты: пассивтердің құрылымы мен сипаты көбіне банктің активті операциялар жүргізу мүмкіндігін анықтайды, сонымен қатар несиелеу облысындағы банктің саясатын өзгерту ресурстардың сипатына ықпал етуі мүмкін». Мұндай ұйғарым ерекше көңіл аударады. Ол шаруашылық жүргізудің қазіргі кездегі жағдайында несиелік ресурстарды қолданудың кең мүмкіндіктерін анықтайды. Несиелік формада өндірістің барлық сатысының экономикалық қатынастары жүзеге асады, сонымен қатар қоғамдық өндірістің біртұтастылығы қалыптасады [1, 26 б.].

Несиені экономикалық категория ретінде қарастыра отырып ресейлік зерттеушілер былай санайды, несие – бұл қарыздық капиталдың қозғалысы. Қарыз капиталы – бұл қайтарымдылық, төлемділік шарттарымен және пайыз түрінде берілетін ақша капиталы, капиталдың ерекше тарихи формасы.

Несие – тауарлы-материалды қатынастар бар барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға, өндіріс әдістеріне, экономика типіне, өркениетті жүйелерге, технологиялық укладтарға және тағы басқаларға қатысты экономикалық категория.

«Несие» деген сөздің өзі латынның «кредитум» (қарыз, «кредо» - сенемін) деген сөзінен шыққан. Несие экономикалық қатынас ретінде – бұл әрқашан тәуекел және де несиегер мен қарыз алушының сенімі. Сенім нақты психологиялық мағынаны білдіргенмен, субъектінің, не объектінің, не несиені қамтамасыз етудің түсінігіне негізделген.

Бұл категорияның мәні құнның қайта оралу қозғалысымен түсіндіріледі. К. Маркс былай жазған: «құн қозғалысы – қайтару шарты – берілетін немесе алынатын қарыздың қозғалысы».

Несие – бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастар саласын сипаттайтын қоғамдық қатынастардың бір түрі. Оның материалдық негізі болып құнның қозғалысы табылады. Құн несиені басқа категориялармен біріктіреді, экономикалық құбылыстардың негізіне жатады. Сонымен қатар, несие экономикалық категория ретінде басқа құн категориларынан ерекшелейтін өзінің сипаттамалары бар. Мұндай сипаттамаға құнның қайтарымдылық негіздегі қозғалуы жатады. Қайтарымдылық несиегер үшін де, сонымен бірге қарыз алушы үшін де маңызды болып табылады.

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. Ол экономикалық категория ретінде әртүрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

5 дәріс. Валюта нарығы және валюталық операциялар

  1. Валюталық нарықтар: түрлері және негізгі даму кезеңдері

  2. Валюталық курс және валюталық операциялар

  3. ҚР валюталық саясат және валюталық реттеу

Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат;       Валюталық операциялар келесілер табылады:

  - валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;

  • валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жiберу және аудару.

Валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

     - шетел валютасы;

     - номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;

     - резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;

     - тазартылған құйма алтын;

     - резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;

     - резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;

Валюталық шарт - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келiсiм, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізiнде және (немесе) оларды орындау үшiн валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар.

 Шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрліктерi.

Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;       2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

      3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Валюталық бақылаудың мiндеттерi:

1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;

2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;

3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.

6 дәріс. Бағалы қағаздар нарығы, оның

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]