Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод ук по нап дипл раб_Лаура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
258.56 Кб
Скачать

7 Диплом жұмысын қорғау тәртібі

7.1 Диплом жұмысын қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

7.2 Диплом жұмысын қорғауға дейін студент өз жұмысы бойынша баяндама жасап, көрекі құралдарын рәсімдеп, рецензент жасаған ескертулерге жауап ойластырады.

7.3 Диплом жұмысын қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Диплом жұмысын қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

7.4 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.

7.5 Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды. Онда зерттеудің неғұрлым маңызды нәтижелеріне мән беріледі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, негізгі қорытындылары мен қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар). Студенттің баяндамасы диплом жұмысының негізгі мазмұнын ашатын көрнекі немесе интерактивті кестелік-иллюстрациялық материалдардан (кесте, сызба, диаграмма, графиктер және т.б.) тұратын слайдтар түрінде ұсынылуы тиіс.

Қорғау кезінде автор тек өзінің теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі ұстау қабілеттілігін, сөйлеу мәнерінің жоғарылығын, өз позициясына жауапкершілікпен қарап, қойылған сұраққа нақты әрі қысқаша жауап бере алатындығын көрсете білуі керек.

7.6 Диплом жұмысын талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.

7.7 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

7.8 Диплом жұмысын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

7.9 Диплом жұмысын қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

Егер студентке дипломдық жұмысы үшін және бүкіл оқу мерзімінде үлгерімі бойынша оң баға қойылса, «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.

  1. Диплом жұмысының мазмұны және рәсімдеуі бойынша кемшіліктер

Дипломдық жұмыс ғылыми жетекші мен пікір берушінің пікірімен бірге кафедра мәжілісінде қарастырылып, жұмысты қорғауға жіберу туралы нақты шешім қабылданады. Осы шешіммен бірге дипломдық жұмыс Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғау датасына 10 күн қалғанға дейін ұсынылуы керек.

Дипломдық жұмысты қорғауға рұқсат берілмеу себептері:

- програмалық пәндер бойынша қарыздары немесе теріс бағалары болса;

  • ақылы оқитын студенттер келісім шарттарын орындамаған болса;

  • дипломдық жұмыстың мазмұны және рәсімдеу талаптарын бұзған болса;

  • дипломдық жұмысты қорғауға ұсынылу формасымен мерзімін сақтамаса, сонымен қатар ғылыми жетекші немесе пікір берушінің пікірі болмаса.

Егерде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы дипломдық жұмысты қорғау бойынша теріс баға берсе, онда дипломдық жұмыс бір жылдан кем емес уақыт ішінде өңделген түрінде қайта қорғалуы мүмкін.

Егер студент өз жұмысын қорғауға орынды себеппен келмесе, Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының шешімімен қорғау мерзімі кейінгі уақытқа ауыстырылады.