Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод ук по нап дипл раб_Лаура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
258.56 Кб
Скачать

5 Диплом жұмысын ресімдеу тәртібі

5.1 Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

5.2 Диплом жұмысының орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

5.3 Диплом жұмысын әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

5.4 Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

5.5 Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

5.6 Диплом жұмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

5.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

5.8 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

5.9 Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

5.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

5.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

5.12 Диплом жұмысының бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал:

Мазмұны

Введение

1 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

1.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің қазіргі заманғы жағдайына қысқаша шолу беру

1.2 Ақпараттық жүйені ендіруге арналған амалдар

1.3 Ақпараттық жүйені қолдану тәжірибесі

2 Кәсіпорынның коммерциялық инфрақұрылымының ақпараттық жүйесін жобалау

2.1 Магистрлік диссертация мәселелерінің маңызды қойылымы

2.2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалау кезеңдері

2.3 Ақпараттық қамтамасыздандыру

2.4 Мәліметтер үлгісін ұсынуды таңдау

3 ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУДЫҢ Техника - экономикалық негіздеуІ

3.1 Инвестициалық қаражатты және эксплуатациялық шығындарды есептеу

3.2 Адам өмірінің қауіпсіздігі

3.3 Техника - экономикалық негіздеу және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

5.13. Параграфтарды ұсақ бөліктерге бөлуге болмайды (бағынышты бөлімдер болмауы тиіс), мысалы:

3.2 Адам өмірінің қауіпсіздігі

3.2.1 Еңбек жағдайын талдау

3.2.2 Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық шешімдер

5.14. Параграфтарды және бағынышты бөлімдерді тезис түрінде рәсімдеуге болмайды, мысалы:

2 Кәсіпорынның коммерциялық инфрақұрылымының ақпараттық жүйесін жобалау күрделі шығындар көлемін едәуір азайтады және экономикалық тиімділікті арттырады....

5.15 Диплом жұмысының әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

5.16 Диплом жұмысының беттері және қосымшасы, диплом жұмысының құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

5.17 Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

5.18 Диплом жұмысына орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

5.19 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .

5.20 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 2.1.

5.21 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Сонымен қатар, ескертулерде болуы мүмкін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 5. Есептер байланысының сұлбасы*

Мысалы:

Сурет 5. Есептер байланысының сұлбасы*

*Ескерту – суретті құрған автор

5.22 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

5.23 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек, мысалы:

Кесте 1

Дербес компьютердің пайдалануына кететін жылдық шығындар*

Шығын баптарының атауы

Сомасы, тенге

Шығын құрылымы, %

Еңбек ақысы

989100

43

Жабдықтардың амортизациясы

701792

30

Электроқуат шығындары

208510,848

9

Ағымдағы кәсіби жөндеу жұмыстарының шығындары

146580

6

Материалдар шығындары

48860

2

Жанама шығындар

244300

10

Барлығы:

2339142,848

100

*Ескерту – Мәліметтер ЖШС«ALSER» 2008 жылғы есеп беру құжаттарынан автормен алынған, ал шығындар құрылымы автормен есептелген

5.24 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

5.25 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

5.26 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «2 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

5.27 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Кесте 2

Жоба өңдеушілердің негізгі еңбек ақысын есептеу

Кезеңдердің атауы және жұмыс мазмұны

Орындаушы

Еңбек сиымдылығы

Жабдықтарды пайдалану ұзақтылығы, сағат

1 сағат жұмыстың еңбек ақысы, тенге

Еңбек ақысының сомасы, тенге

Норма-сағат

% жалпы еңбек сиымдылығынан

1

Сервис концепциясын өңдеу

Жетекші

16

1,26

-

750

12000

2

Жұмыс мазмұнын құру

Жетекші

16

1,26

-

750

12000

Веб- бағдарламалаушы

16

1,26

-

500

8000

3

Жазылатын ақпараттың сипаттамаларын анықтау

Веб- бағдарламалаушы

8

0,63

-

500

4000

Продолжение таблицы 2

4

Нарықты талдау және бизнес-жоспар жазу

Жетекші

40

3,14

-

750

30000

5

Пайдаланылатын программалық құралдарды таңдау

Веб- бағдарламалаушы

16

1,26

-

500

8000

6

Деректер базасын жобалау

Веб-бағдарламалаушы

120

9,43

120

500

60000

7

API әлеуметтік желісін құру

Веб- бағдарламалаушы

120

9,43

120

500

60000

8

Сайт дизайнын құру

Веб-дизайнер

120

9,43

120

750

90000

9

альфа версиясын шығару және құжат дайындау

Веб- бағдарламалаушы

120

9,43

120

500

60000

10

альфа-версияны тесттеу

Веб- бағдарламалаушы

80

6,29

80

500

40000

11

альфа-версиясындағы қателерді жөндеу

Веб- бағдарламалаушы

80

6,29

80

500

40000

12

Қосымша қызмет және өзгертулер жасау

Жетекші

40

3,14

-

750

30000

Веб- бағдарламалаушы

40

3,14

-

500

20000

13

Қосымша қызмет және өзгертулерді ендіру

Веб- бағдарламалаушы

80

6,29

80

500

40000

14

бета-версияны шығару және құжат дайындау

Веб- бағдарламалаушы

40

3,14

40

500

20000

15

бета-версияны тесттеу

Веб- бағдарламалаушы

80

6,29

80

500

40000

16

бета- версиясындағы қателерді жөндеу

Веб- бағдарламалаушы

80

6,29

80

500

40000

17

Финалдық версиясын шығару және құжат дайындау

Веб- бағдарламалаушы

120

9,43

120

500

60000

18

Финалдық версиядағы қателерді жөндеу

Веб- бағдарламалаушы

40

3,14

40

500

20000

Барлығы:

1272

100

440

-

694000

5.28 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

5.29 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

5.30 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

5.31 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

5.32 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

5.33 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

5.34 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады.Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Мысалы:

Ескертулер:

1 Мәліметтер әдебиеттерден алынған [14, C.27];

2 Құжат мекеме басшысымен бекітілген;

3 Құжатты нотариус арқылы куәландыру керек.

5.35 Көп графты кестелерді қосымшаға шығаруға болады.

5.36 Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

5.37 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

5.38 Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

5.39 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

5.40 Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1):

, лк (3.1)

мұнда – нормалық жарықталғандық

– шамның жарық ағыны, лм

– шамдар саны, шт.

– бөлме көлемі, м²

5.41 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады, мысалы [26, с.14-17].

5.42 Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Мысалы:

1 Банк В.Р., Зверев В.С. Информационные системы в экономике. Учебное пособие – Москва.: Экономист. - 2005 – 254 с.

2 Бралиева Н.Б. Управление развитием информационных процессов в экономике Казахстана и их моделирование: Монография. - Алматы: Экономика, 2002. – 232 с.

3 Смирнова Г.Н., Сорокин А.А., Тельнов Ю.Ф. Проектирование экономических информационных систем. М.: Финансы и статистика, 2002 – 320 с.

4 Неверова Е.Г. Технология проектирования баз данных и знаний. - Алматы, Институт развития Казахстана, 2000 – 217 с.

5 Қазақстан Республикасы 26 пособие – Москва.ономике. (1)кже при проверке деятельностиПрезидентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Үкімі «2000–2003ж. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама».

6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ құру».

7 Гринберг А.С., Горбачев Н.Н. Информационные технологии управления. Учебное пособие – Москва.: Юнити - Дана, 2004.

8 Хакимжанов Т.Е. Сборник задач по охране труда и безопасности жизнедеятельности: Учебное пособие для вузов.– Алматы: ЭВЕРО, 2007.

5.43 Қосымшалар осы диплом жұмысының жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

5.44 Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

5.45 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Егер диплодық жұмыс бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

5.46 Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.