
- •5В070400 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандықтарының барлық оқу түрінің түлекші курс студенттеріне диплом жұмысын жазуға және қорғауға арналған
- •1 Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер
- •2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау
- •3 Диплом жұмысының жазылу ережелері
- •4 Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
- •5 Диплом жұмысын ресімдеу тәртібі
- •Мазмұны
- •6 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі
- •7 Диплом жұмысын қорғау тәртібі
- •Диплом жұмысының мазмұны және рәсімдеуі бойынша кемшіліктер
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Диплом жұмысының тапсырмасын рәсімдеу мысалы
- •Тапсырма
- •Күнтізбелік графикті рәсімдеу мысалы
- •Күнтізбелік графигі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет
- •Смағұлова а.М.
- •Ақпаратты өңдейтін және басқаратын қолданбалы жүйені жобалау
- •Диплом жұмысы
- •Мамандық 050704 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру»
- •Алматы, 2012
- •5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 5в070400 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандықтарына арналған диплом жұмысын жазуға және қорғауға арналған әдістемелік нұсқаулар
4 Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
4.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.
4.2 Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
Диплом жұмысын жазу кезінде құрылымдық элементтерге қойылатын талаптарға сүйену керек. Әдетте, орта есеппен кіріспе мен қорытынды 3-5 беттен тұрады, 1-ші бөлім (кіріспемен бірге) – жұмыстың 30%, 2-ші бөлім – 40-45%, 3-ші бөлім (қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен бірге) – 25-30% құрайды. Параграфтар көлемі бойынша бір-бірімен салыстырмалы түрде болуы тиіс (бұл дегеніміз, орта есеппен әр параграф 8-10 бет болуы керек). Бір параграф 4 бет болып, ал басқасы – 15 бет болуы рұқсат етілмейді.
Мәтіннің баяндалуы. Диплом жұмысының мәтіні қысқа, анық болуы керек, әр түрлі түсіндірмелерді енгізудің қажеті жоқ. Міндетті талаптарды баяндағанда келесі сөэдер қолдануы тиіс: «тиісті, міндетті», «тиіс», «қажет», «керек», «рұқсат аетілмейді», «тыйым салынған», «бұдан шығарылмайды».
Баяндауды үшінші адам атынан жүргізуге болмайды.
Мысалы:Біздің мақсатымыз болып табылады ....
Дипломдық жұмыс жазу барысында біз келесі нәтижелер алдық....
Мәтінде белгіленген стандартқа сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады, ал егер олар жоқ болса экономикалық және ғылыми-техникалық әдебиеттерде қабылданған терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Мәтінде қолдануға болмайды:
- теріс сөйлеу тілін, техницизмді (әдебиетке кері кеткен сөздерді), кәсіпкерлік сөздерді;
- бірдей түсінік үшін мағынасы бір-біріне жақын келетін әртүрлі экономикалық және ғылыми-техникалық терминдерді;
- егер физикалық шамалар сандық бірліктермен берілмесе, онда оларды қысқартуға болмайды;
- мөлшерлердің теріс немесе оң мағыналарының алдында математикалық (-) немесе (+) таңбаларын қолдануға болмайды («минус» немесе «плюс» сөзін жазу керек);
- сандық мәні жоқ математикалық таңбаларды қолдануға мысалы, > (үлкен), < (кіші), = (тең), ≠ (тең емес), сонымен қатар № (нөмір), % (пайыз) таңбаларын;
- тіркеу нөмірі жоқ стандарт индекстерін;
- егер құжат мәтінінде физикалық шамалардың сандық мәндерінің диапазоны келтірілген болса, онда физикалық шама бірлігінің белгісін диапазонның соңғы сандық мәнінен кейін көрсетіледі (мысалы, 1-ден 5 мм дейін; плюс 10-нан минус 40 градус Цельсияға дейін).
Мәтінде рұқсат етіледі:
- жалпы қабылданған қысқартуларды қолдану. Жұмыста бірінші рет атап өтілгенде терминнің толық аталуы, сонан соң жақша ішінде осы атаудың қысқаша нұсқасы беріледі. Бұдан кейін мәтін бойында берілген атаудың қысқаша нұсқасын қолдануға болады.
4.3 Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті);
- титул беті;
- диплом жұмысының орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
4.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы,
- студенттің тегі және аты-жөні,
- диплом жұмысының тақырыбы,
- жұмыстың түрі-диплом жұмысы,
- мамандықтың атауы және коды,
- қала және жыл.
4.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі (Г қосымшасы):
- диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы,
- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы,
- шектеуіш гриф (қажет болғанда),
- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы,
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы,
- мамандықтың атауы және коды,
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,
қала және жыл көрсетіледі,
Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті В және Г қосымшаларына сәйкес келтіріледі (мұқаба өзгеруі де мүмкін).
4.6 Диплом жұмысының мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.
4.7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
4.8 Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.
Диплом жұмысының негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).
4.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
4.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
4.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
4.12 Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының авторы - өз мойнына алады.