Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhurn_10[1].doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
385.54 Кб
Скачать

3 Тарау. Қоғаммен байланыс қызметінің банк имиджін қалыптастырудағы маңызы.

Қарқынды даму позициясын ұстанған банк қоғаммен байланыс орнататын қызметінен тиімді жұмыс істеуі үшін жан - жақты жоспарланған даму стратегиясында PR-дың әр принципіне баса назар аударуы керек. Мұнда, қоғаммен байланыс қызметінің жоспарлылық принципі барлық мақсаттарға жоспарлы түрде жетудің тактикасын анықтайды. Сонымен қатар, егер қоғамдық пікірдегі өзгерістер бақылауға алынып, тиісті шешім қабылданса, онда жүйелілік принципіне сай осы мақсаттарға жетуге негізделген PR – шаралардың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы белгілі бір ретке келтіріледі.

Банк жайлы қажетті ақпаратты даярлау мен сол ақпаратты тиімді құралдар арқылы қоғамға таратуды - қоғамдық пікірді жағымды тұрғыда қалыптасуды үздіксіздік ақпарттандыруға негізделген принцип атқарады. Яғни, түрлі ақпарат таратушы құралдар көмегімен потенциалды тұтынушыларға арнайы ақпараттар үздіксіз тасымалданса, бұл белгілі бір жағымды имиджін қалыптастырады. Сондай – ақ, ақпараттандыру мен ақпарат алмасу кезінде, әрі ұзақ мерзімді жағымды арақатынас орнату барысында қоғаммен байланыс қызметі шынайылық принципіне сүйенуі керек. Себебі жалған ақпаратпен жұмыс істеу кәсіби шеберлікке жатпайды және кез келген уақытта банк беделінің күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін. Атқарылған ісіне объективті баға беру мен әртүрлі жағдайларда заң жолынан ауытқымай жағымды көпжақты қарым – қатынас орнатуда тиімді қызмет ету қоғаммен байланыстың басты принциптері болып табылады.

Банктің қоғаммен, түрлі мақсатты аудиторияларымен, сыртқы және ішкі топтарымен жағымды қарым-қатынас орнатуы, соның нәтежиесінде арнайы коммуникативтік саясатына байланысты болады. Оның жүзеге асырылуын қалыптасатын белгілі бір қоғамдық имиджі ұйымның қоғаммен байланыс бөлімшесіне жүктеледі.

Қазкоммерцбанк туралы ақпарат.

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк қазіргі уақытта активі, несие қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.

Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында қарыз бен несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай-ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттарына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. 2006 ж. 1 шілдедегі жай-күйі бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және 69 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).

Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан») және Ресейде («Москоммерцбанк») еншілес банктері бар.

Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып қала береді. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2005 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі бір жарым есеге өсіп, 303,4 миллиард теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн. $-дан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2005 жылдың өзінде ғана 65,6 мыңнан 73 мыңға дейін артты.

2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша банкте ипотеканы қосқанда, 67 мың тұтынушылық несиесіне қызмет көрсетілді. Тұтынушылық несиенің жалпы көлемі 641 млн. долларды құрады (2004 жылы 395,6 млн. $).

Б анк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады. 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк шығарған 409 960 карточка айналыста болды.

Сондай-ақ, Банк American Express және Diners Club карточкаларын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып Қазкоммерцбанк магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонустық карталарын шығарды.

Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2006 жылдың бірінші наурызында банкоматтар саны - 399, сауда/қызмет көрсету кәсіпорындарында орнатылған POS-терминалдар саны – 2364-і құрады, ал қолма-қол ақша беруге арналған POS-терминалдар саны – 162. Банк, сондай-ақ, Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар үшін, Onlinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ, қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

Банктік қызметтен басқа, Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі қатысушысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда, компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.

"Қазкоммерцбанк" АҚ тарихы

Банк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде   Медеу Банкі АҚ («Медеу банкі»)  деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде  құрылды. Банкті құру мақсаты банктік секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі  басқаша атаумен – «Қазкоммерцбанк» АҚ  болып қайта тіркеуден өтті және  банктік операциялар жүргізуге  ҰБК-ден 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген  №4466-1910-АҚ  тіркеу туралы  куәлігі бар. Банк, сондай-ақ оның бас офисі  мына мекен-жай бойынша тіркелген: Гагарин д-лы, 135 ж., Алматы, 480060, Қазақстан, банктің телефон номері: + 7 3272 585-670 және 585-185, факс + 7 3272 585-229. Қазкоммерцбанктің Интернеттегі мекен-жайы: http://www.kkb.kz.

1994 жылдың сәуірінде Банк, Қазақстанда тіркелген,  Астана Холдинг («Астана Холдинг»)  банкімен–коммерциялық банкімен бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық торабы арқылы негізгі іскерлік және елді орталықтарға қатысады.

1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі,  Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық  қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.

1995 жылдан Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми консультанты ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру  процесіне белсене қатысты. 1996 жылы Банк  өзінің негізгі мақсатына  - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына – қол жеткізуде үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық  тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің берілуі. Қазкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі  болып табылады.

1997 сәуірінде Қазкоммерцбанк ЕБРР  қаржыландыратын және  сол кезеңде CCF Франция банктерінің (Credit Commerciale de France) ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды көздеген «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік - 1997 ж.  осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс Мемлекеттік «Hermes» Экспорттық Сақтандыру компаниясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк  тұтастай  14  халықаралық синдикатталған несиле ала және төлей отырып, Синдикатталған несиелер нарығында  белсенді болып келеді.

1998 жылдың мамыр айында Банк үш жылдық еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық корпоративті эмитент еурооблигациясының бірінші шығарылымы болды. Кейінгі жылдары Банк барлығы 1,5 млрд. АҚШ долларынан артық сомаға ішкі және халықаралық еурооблигациялар шығарды.

1997-2004 жылдар аралығында Қазкоммерцбанкке қатарынан «Euromoney», «Global Finance» және «The Banker» сияқты әлемнің жетекші қаржылық басылымдары  «Қазақстандағы үздік банк» атағын берді.

2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.

2002 жылы Қазкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан кейін ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.  Сондай-ақ Қазкоммерцбанк Москвадағы Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен (Москоммерцбанк КБ), оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және  одан әрі Банк шығарған 15%  жай акцияны сатып алды.

Банк стратегиясы

  • Банктік қызметтерді кеңейту. Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.  Өз қоржынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді  ұлғайтуға тырысады.

  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.  Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға  жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.

  • Қор жасау базасын жақсарту. Банк бағынышты және негізгі борыш шығарылымын (шығаруды), активтерді секьюритизациялау бағдарламасын, көп жақты қаржылық ұйымдармен және шетелдік кредиттік-сараптау агенттіктерімен  ынтымақтастықты кіргізе отырып және компания, мысалы бөлшек сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.

  • Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу.  Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинау  үшін қадам басты және сақтандыру қызметін көрсететін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ және "Казкоммерц Полис"АҚ   еншілес кәсіпорындарының  қызметі арқылы басқа заттар арасында өз орнын алып отыр.

Қазкоммерцбанк көрсететін негізгі қызметтер:

  • Коммуналдық төлемдер

  • Western Union  ақша аударымдары

  • Ақша аударымдары

  • Чектермен операциялар

  • Валюта айырбастау

  • Шоттармен операциялар

  • «Әмбебап агент» Бағдарламасы  өзіне үш бағыт бойынша жеке қызмет көрсетуді біріктіреді:

  • Банктік қызметтер;

  • Зейнетақымен қамсыздандыру;

  • Сақтандыру;

Халықаралық марапаттары

"Қазкоммерцбанк" АҚ-ның халықаралық марапаттары

2005

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

Валюталы қ операциялар бойынша үздік банк

Global Finance

2004

Орталы қ және Шығыс Еуропадағы сауданы қаржыландыру бойынша үздік банк

Emerging Markets

Дамушы Рыноктарды ң үздік банкі

Global Finance

Сауданы қаржыландыру бойынша үздік банк

Global Finance

Қазақстандағы жыл банкі

The Banker

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

2003

Қазақстандағы жыл банкі

The Banker

Қазақстандағы үздік банк

Global Finance

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

2002

Қазақстандағы жыл банкі

The Banker

Қазақстандағы үздік банк

Global Finance

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

2001

Қазақстандағы жыл банкі

The Banker

Қазақстандағы үздік банк

Global Finance

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

2000

Қазақстандағы жыл банкі

The Banker

Қазақстандағы үздік банк

Global Finance

Қазақстандағы үздік жергілікті банк

Central European

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

1999

Қазақстандағы үздік жергілікті банк

Central European

Қазақстандағы үздік банк

Global Finance

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

1998

Қазақстандағы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

Қазақстандағы үздік жергілікті банк

Central European

1997

Орта Азияда ғы үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

1995

Орта Азия мен Закавказьедегі үздік банк, Жетілгені үшін марапаты

Euromoney Publications

Call-Center

Банкте көптен бері арнайы үйретуден өткен персоналмен жиынтықталған Call Center жұмыс істейді. Біздің қызметкерлеріміздің түрлі ақпараттық деректер базасының ауқымды м өлшеріне қол жеткізу мүмкіндігі бар, бұл клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқартуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға, кез келген сұраққа тез, әрі нақты жауап беруге және «Қазкоммерцбанк» АҚ ұсынатын қызметтерді пайдалануда шұғыл және жан-жақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Телефондар арқылы тәулік бойы, мейрамсыз және демалыссыз жұмыс істейтін Call Centerге хабарласып, Сіз шұғыл және дұрыс жауап аласыз. 585-444 *, 50-77-11 – жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін банк қызметтері мен өнімдері бойынша  барлық ақпараттық анықтама:

  • Депозиттер;

  • Несиелеу ;

  • Валюта бағамы;

  • Құжаттамалық операциялар;

  • Банк бөлімшелері мен филиалдарының мекен-жайы, телефондары және жұмыс тәртібі;

  • Банкоматтар торабы туралы ақпарат;

  • Сейфтік қызметтер;

  • Шоттармен және чектермен операциялар;

  • Ақша аударымдары;

  • Тарифтер;

585-334 * - «Қазкоммерцбанк» АҚ порталдық жүйесін пайдаланушыларды қолдауға бағдарланған, оларға төмендегілер арқылы қол жеткізуге болады:

    • интернет-портал (Homebank)

    • телефондық портал 585-333 (телебанкинг)

    • GSM-портал (К-Cell  үшін 7000, Altel  үшін*154)

    • WAP-портал (wap.homebank.kz)

    • Порталда тіркеу

Алма-ТВ, Алматытелеком және басқалардың ұялы байланыс қызметтері үшін төлем жасауға жазылу

Техникалық және даулы мәселелерді шешу проблемалары туындаған жағдайда көмек көрсету 

Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты барлық сұрақтар бойынша клиенттерге ақыл-кеңес беру

Дауыстық авторлау режимінде операция жүргізу (төлемді карточкалар бойынша қабылдайтын сауда және сервис кәсіпорындары үшін) 

585-111- бонустық GoCard төлем карточкасы бойынша жұмыс істеуге бағдарланған:

  • GoCardты алу/пайдалануға байланысты клиенттердің  барлық сұрақтары бойынша ақыл-кеңес беру

  • Қазкоммерцбанктің бонустық бағдарламасы туралы ақпараттар беру

  • Жинақталған/ пайдаланылған бонустар туралы ақпараттар ұсыну

  • GoCard  бонустық карточкасын шектеу/ашу (пин-кодты дұрыс термеген жағдайда)

Call Center ай сайын өзінің абоненттерінен 15 мыңнан астам қоңырау қабылдайды және оның қызметкерлері кез келген уақытта  «Қазкоммерцбанк» АҚ қызметтеріне қатысты мәселелер бойынша ақыл-кеңес беруге дайын. Таяу уақытта банктің интернет-ресурсына келушілер өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша Call-центр қызметкерлеріне сұрақтар қоя алады және бірден оларға он-лайн режимінде жауап ала алады. Осы мақсаттарға интернет-чаттар технологиясына негізделген коммуникация жүйесіқолданылмақ.

Қазкоммерцбанк қызметтерін алға жылжытуға арналған ПР жоба.

Бүгінгі күнде Қазақстан инвесторларды өте қызықтырады, бұл өте маңызды көрсеткіш, себебі пайдалы қазбаларға толы мемлекет болсақ та, олардан дайын өнім шығару үшін арнайы өңдеуден өткізу үлкен қиыншылық және бұл мәселе шешілсе халықаралық нарығыны шығып, бәсекеге жарамды кәсіпорындар саны едәуір өсетін еді.

Инвестициялық саясатты одан әрі дамыту үшін:

  • макроэкономикалық тұрақтылық болу керек, инфляцияның қарқындауына жол бермеу;

  • мемлекеттік заңнамалар мен нормативтік актілердің, салықтық және кедендік жүйенің аса тиімді болып, тұрақтануы;

  • шетелдік және біріккен кәсіпорындарды тіркеуді мүмкіндігінше жеңілірек, әрі аздаған уақыт аралығында ұйымдастыру;

  • коррупциямен және арнайы дайындалған экономикалық қылмыспен күрес жүргізу;

  • Қазақстанның түрлі сауда, экономика, қаржыға байланысты халықаралық ұйымдар мүшесі болуы;

  • Ақпараттық және консалтингтік жүйенің дамуы;

  • Инвесторларды қауіп – қатерден сақтайтын сақтандыру жүйесін жетілдіру;

Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында көптеген банктер өз қызметтерін ұсынады. Сондықтан әр банктің басты мақсаты - ерекшелену болып табылады. Осы жағдайлар жоғарғы бәсекелестікке әкеліп отыр. Нарықтағы қатаң бәсеке, қызметтердің жаңа түрлерін ұсынуға және қөрсетілетін қызметтерді жаңа сатыға көтеруге ықпалын тигізеді.

Қазкоммерцбанкті ерекшелейтін ұсыныстар:

  • Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі қатысушысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда, компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады.

  • Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі,  Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық  қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.

  • 1995 жылдан Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми консультанты ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру  процесіне белсене қатысты.

  • Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық  тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің берілуі. Қазкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі  болып табылады.

  • Банкте көптен бері арнайы үйретуден өткен персоналмен жиынтықталған Call Center жұмыс істейді. Біздің қызметкерлеріміздің түрлі ақпараттық деректер базасының ауқымды мөлшеріне қол жеткізу мүмкіндігі бар, бұл клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқартуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға, кез келген сұраққа тез, әрі нақты жауап беруге және «Қазкоммерцбанк» АҚ ұсынатын қызметтерді пайдалануда шұғыл және жан-жақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазкоммерцбанктің алға қойған мақсаттары:

  • Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарту.

  • Шет елдік инвестиция көлемін арттыру.

  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту. 

  • Қор жасау базасын жақсарту. 

  • Бөлшек сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.

  • Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинауға бет алу.

  • Банк клиенттері мен әріптестері арасында жоғарғы сенімділікке ие болу;

  • Активтарының кірістерін ұлғайту,сонымен қатар бүкіл тәуекелді басқаруда қазіргі заманға сай тәсілдерді қолдану.

  • Клиеттердің көңілінен шығу.Бұл мақсат ұсынылатын қызметтердің сапалы,әрі тез уақыт аралығында көмек беруге сүйенеді.

  • Қызмет көрсету дәрежесін арттыру.

Зерттеу:

Бүгінгі таңда Қазком – 2006 Ұлттық сауалнамасы өз мәресіне жетті. Аталған акция аясында тұтынушылардың сұрақтарын, ескертулерін, банктің өніміне және банктің қызмет көрсету сапасына берген бағасы жайлы біраз ақпарат алынды.

PR-технологияларды пайдалану

Банк қызметтеріне байланысты ПР технологияларын пайдалану қоғаммен байланыс маманынан арнайы білімдерді қажет етеді. Сондықтан өткізілетін ПР шараларын келесідей технологияларды пайдалануы бойынша бөлдік:

  1. Жарнама

Жарнаманың қоғамдағы ролі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуінде. Бүгінгі жаңа тенденциялардың: талғам мен стильдің, әсер ету әдісі мен тартымды болу концепциясы арқылы жарнама адамның эстетикалық қажеттілігіне әсер етеді.

  • Қазкоммерцбанк, жаңа өмір сапасына баса назар аудара отырып,  New City  - жаңадан  салынып жатқан үйін алуға ипотекалық несие берудің арнайы бағдарламасын ұсынады. Осыған орай жарнамалық акция өткізу;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарында берілетін жарнаманы сараптау;

  • Сыртқы жарнамаға көңіл бөлу;

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары

  • Казкоммерцбанктің жаңа фирмалық стилін енгізуіне байланысты ақпарат тарату.

Фирмалық стиль мынадай элементтерден тұрады:

  • Тауар белгісі.

  • Логотип – фирманың ерекше жазылған және арнайы дайындалған толық немесе қысқаша аты;

  • Фирмалық ұран, сөз мәнері (слоган)-бұл фирма ұраны;

  • Фирмалық блок – белгі мен логотиптің компазициялық бірігуі;

  • Бірыңғай стиль;

  • Фирмалық түс немесе түстер жиынтығы;

  • Шрифтердің фирмалық жиынтығы;

  • Фирмалық константалар (формат, мәтін версткасы);

Сонымен қатар фирмалық стиль қызметкерлердің ерекше жұмыс киімін де қамтиды. Фирмалық стильдің басты мақсаты – фирма тауарларының тез өтуін және бәсеке қабілеттілігін жоғарлату.

  1. Демеушілік және Қайырымдылық

  • Зейнеткерлер жайлы қамқорлықты мойнымызға ала отырып, оларға зейнетақы алудың жаңа қызметін пайдалануды ұсынамыз: енді Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығынан және зейнетақы жинау қорынан зейнетақы мен жәрдемақыны банкінің Казкоммерцбанктің кез-келген бөлімшесі арқылы алуға болады.

4.Сыртқы ПР мәселелері

  • Шет елдік инвесторлармен тұрақты қарым қатынас орнату.

  • Жаңа акционерлерді қатыстырумен бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы өз капиталын ұлғайту,нәтижесінде активтердің санын көбейту.Ең алдымен салымдар экономиканың қарқынды дамыған-құрылыс,машина жасау,ауыл шаруашылығы,мұнай химиясы,көлік және т.б сегменттері қаржыландырылатын болады.

  • Активтарының кірістерін ұлғайту,сонымен қатар бүкіл тәуекелді басқаруда қазіргі заманға сай тәсілдерді қолдану.Оның нәтижесінде тепе-теңдікпен диверсификация;

  • Технологяларды модернизациялау мен жұмыс сферасын ұлғайту, қызмет көрсету сапасын арттырудың арқасында жоғарғы табысқа жету

Ішкі корпоративті ПР мәселері

  • Банктік қызметтерді кеңейту. Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейту.

  • Өз қоржынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді  ұлғайту.Осыған байланысты кең ауқымды ПР шаралырын жүзеге асыру.

  • Ұсынылатын қызметтердің сапалы, әрі тез уақыт аралығында көмек беру.

  • Банктің жаңа филиалдарын ашу.Ашылған филиалдарға жоғарғы дәрежелі мамандарды шақыру;

  • Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға  жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек. Осыған орай, банк қызметшілері арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.

  • Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы оқу қурстарын жене квалификацияны жоғарлату курстарын ұйымдастыру.

Банк Қазақстан қаржылық нарығында мемлекеттік банк жүйесінің дұрыс принциптерімен қарқынды дамуына өз үлесін қосады және тұрғындарға кеңінен сапалы да қажетті қызмет көрсетуге тырысады. Ал ПР технологиялары осы мақсаттарды бұқараға жеткізудің бір амалы.

63