
- •Дипломдық жұмыстың мазмұны:
- •1 Тарау. Компанияның іскерлік репутациясы ұғымының мәні
- •2 Тарау. Іскерлік репутацияны қалыптастырудағы тәжірибелік
- •1 Тарау. Компанияның іскерлік репутациясы ұғымының мәні
- •1.1 Іскерлік репутация туралы жалпы ұғым
- •1.2 Репутация мен имиджді қалыптастыру бұқарамен байланыстың
- •1.3 Іскерлік репутацияның құндылықтары және қалыптастыру
- •2 Тарау. Іскерлік репутацияны қалыптастырудағы тәжірибелік
- •2.1 Репутациялық кризис және репутациялық менеджмент
- •2.2 Іскерлік репутацияны қалыптастыру тәсілдері
- •3 Тарау. Қоғаммен байланыс қызметінің банк имиджін қалыптастырудағы маңызы.
Дипломдық жұмыстың мазмұны:
Кіріспе _______________________________________________________
1 Тарау. Компанияның іскерлік репутациясы ұғымының мәні
мен маңызы____________________________________________________
1.1 Іскерлік репутация туралы жалпы ұғым__________________
1.2 Репутация мен имиджді қалыптастыру бұқарамен байланыстың мақсаты мен қызметі ретінде _________________________________
1.3 Іскерлік репутацияның құндылықтары және қалыптастыру
процессі___________________________________________________
2 Тарау. Іскерлік репутацияны қалыптастырудағы тәжірибелік
апектілер______________________________________________________
2.1 Репутациялық кризис және репутациялық менеджмент_____
2.2 Іскерлік репутацияны қалыптастыру тәсілдері______________
2.3 Репутацияны қалыптастырудағы психологиялық аспектілер__
3 Тарау. Қоғаммен байланыс қызметінің банк имиджін қалыптастырудағы маңызы__________________________________
Қорытынды ____________________________________________________
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _________________________________
КІРІСПЕ
Нарықтық экономиканың дамуы өз репутациясының дұрыс және тиімді түрде қалыптасуына мүдделі субъектілердің көбеуін тудырды. Жақсы іскерлік репутация – бұл компанияның және оның басшыларының тұрақты жағымды бағаға ие болуы, ол маңызды факторлардың тұтастай жиынтығынан құралады. Мұндай факторларға атап айтқанда жақсы несиелік тарихы, инвестициялық тартымдылық, қаржылық тұрақтылық жатады. Репутация – кәсіпорынның баға жетпес капиталы. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында жақсы есімнен айырылу, «репутациядан айырылу» деген сөз кәсіпкердік мәнсабының аяқталуы, кәсіпорынның қирауы дегенді білдіреді. Компаниялар мен корпорациялардың иелері бұл жағдайды жақсы түсінеді және сол себептен бәсекелестерінің, серіктерінің, әсіресе тұтынушылардың арасында өз репутациясын сақтап қалуға тырысады. Тауар өндірушілердің осындай репутациясын сақтап қалуға деген қажеттіліктері үнемі және мақсатқа лайықты түрдегі жарнамамен, фирмаға қазіргі кезде және келешекте жағымды көзқарасты қалыптастыруға арналған Паблик Рилейшнз мамандарының өзара байланысқан акциялар жүйесімен қанағаттандырылып отырады.
Жарнама, промоушн, маркетинг және т.б. тәрізді коммуникациялық пәндердің барлығының ішінде – бұқарамен қарым-қатынас – беделді қалыптастыру үшін аса лайықты әдіс болып табылады, себебі ол көпшіліктің пікіріне әсер етудің аса икемді және кешенді құралы болып табылады.
Бедел – бұл өзін тек қана социология, психология, лингвистика, коммуникациялар, журналистика салалары бойынша үлкен білімі бар, шынайы кәсіби шебер ғана басқара алатын нәзік материя. Паблик Рилейшнз мамандарының іс-әрекетінің бұл түрі корпоративтік жарнама деп те, беделді де, иституттық та, бейне-жарнама деп те аталады. Бұл терминдердің мәні біреу ғана – ПР-үндеулерде фирманың өсіп-өркендеуінің себептерін, оның материалдық-қаржылық мүмкіндіктерінің беріктігін, оның қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігін, өндірістің жаңа технологиялық деңгейін көрсетіп берді. Осы дәйектемелердің барлығы фирманың тауарларын лезде сатып алуға емес, олар тұтынушының жалпы алғанда фирмаға, оның ұжымы мен басшылығына деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға, фирма мен тұтынушының ең қатаң талғамын қанағаттандыратын оның өнімінің репутациясын қалыптастыруға арналған. Және де дәл осы фирманың жоғары абыройы, оның беделі келешек нарықты қалыптастырады, оны даярлайды.
«Іскерлік репутация» түсінігі бизнесте әрдайым маңызды рөлге ие болған. Дәл сол себептен ірі қалалардағы байыпты адамдар іскерлік абыройды қалыптастырудың қажеттігін баяғыда-ақ түсінген. Олар ұйымның ішінде ПР (паблик рилейшнз)-бөлімдерді құруда, соңғылары фирманың жағымды репутациясын қалыптастыру мен соны ұстаумен айналысады. Штатында бұқарамен қарым-қатынас жөніндегі өз маманын ұстауға мүмкіншілігі жоқ басқалары арнайы агенттіктердің көмегіне жүгінуде. Жалпы алғанда жоғарыдағы екі нұсқаның екеуі де жақсы.
Бұл еңбекте бейнені қалыптастыру объектілері мен әдістерін мүмкін болар негіздемелеудің жолы көрсетілген, сондай-ақ кейбір ПР(PR)-компаниялардың тәжірибесінен алынған мысалдар келтірілген.
Айрықша көңіл бейнені қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне бөлінген. Сондай-ақ Public Relations-тың тиімді бұқаралық коммуникация құралы ретіндегі маңыздылығы көрсетілген.
Бұл дипломдық еңбектің зерттеу мақсатына компанияның іскерлік репутациясын зерттеу жатады және қоғамның көз алдындағы жағымды имиджді қалыптастырудың әдістері мен заңдылықтарын атап көрсету.
Міндеттері:
Бұқарамен байланыс қызметінің компания беделі мен іскерлік репутациясын қалыптастырудағы рөлін анықтау;
компанияның іскерлік абыройын қалыптастыратын факторларды анықтау;
Іскерлік репутацияның компанияның бәсекеге қабілеттілігінің тиімділігіне тигізетін әсер ету факторларын анықтау;
Іскерлік репутацияны қалыптастырудағы PR-технологияларды көрсету.