
- •Сутегі, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері
- •Қасиеттері
- •Сутегінің химиялық қасиеттері
- •1 А топша элементтері, сілтілік металдар. Натрий, калий, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Табиғатта таралуы
- •Химиялың қасиеттері
- •Натрийдің қосылыстарының қолданылуы
- •Взаимодействие с простыми веществами
- •Взаимодействие со сложными веществами
- •Соединения с кислородом
- •II а топша элементтері, сілтілік-жер металдар. Магний, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Химиялық қасиет
- •III а топша элементтері. Алюминий, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •7.Қазақстанда кездесетін кен орындары: Қостанай,Ақтөбе облыстарында
- •1V а топша элементтері. Көміртегі, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Периодтық жүйедегі орны
- •3.Табиғатта таралуы
- •4.Алынуы
- •6.Химиялық қасиеттері
- •7.Қолданылуы
- •IV а топша элементтері. Кремний, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Кремний қышқылы, силикаттар
- •V а топша элементтері. Азот, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •V а топша элементтері. Фосфор, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •V1 а топша элементтері. Оттегі, озон, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Оттегінің алынуы
- •Оттегінің физикалық қасиеттері
- •Оттегінің химиялық қасиеттері
- •Жай заттармен әрекеттесуі
- •Күрделі заттармен әрекеттесуі
- •Оттегінің табиғаттағы айналымы және қолданылуы
- •Оттегінің аллотропиялық түр өзгерістері. Озон
- •Озонның химиялық қасиеттері
- •V1 а топша элементтері. Күкірт, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Vi1 а топша элементтері. Фтор, хлор, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Vii1 а топша элементтері. Инертті газдар, қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •VIII б топша элементтері. Темір, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •VII б топша элементтері. Марганец, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Химические свойства
- •Применение в промышленности
- •VI б топша элементтері. Хром, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •V б топша элементтері. Ванадий оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Атомно-водородная энергетика
- •Химические источники тока
- •В производстве серной кислоты
- •IV б топша элементтері. Титан, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •III б топша элементтері. Лантан, актиний, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •Химические свойства:
- •Важнейшие соединения:
- •II б топша элементтері. Мырыш, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •I б топша элементтері. Мыс, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
- •I б топша элементтері. Күміс, алтын, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
I б топша элементтері. Мыс, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Бірінші «Б» топша элементтерін мыс, күміс және алтын металдары құрайды. Аталғн металдардың d, f- котракция (сығылу) әсерінен атом радиустары сілтілік металдарға қарағанда шағын болып келеді
Мыс - Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы: Мыс – I топтың қосымша топшасындағы металл. Мыс атомының электрондық формуласы:
+29 Cu 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1
Мыс атомындағы s-электрондардың біреуі сыртқы (төртінші) энергетикалық деңгейден d-деңгейшесіне ауысқандықтан, мыс қосылыстарында +1 тотығу дәрежесін (мысалы, Cu2O) және +2 тотығу дәрежесін (мысалы, CuO) көрсетеді. Табиғатта таралуы: Мыс табиғатта негізінде байланысқан түрде кездеседі, мысалы мынадай минералдардың: мыс жылтыры Cu2S, куприт Cu2O, мыс колчеданы CuFeS2, малахит (CuOH)2CO3 құрамына кіреді.
Мыс кентастары-құрамынан мыс алынатын табиғи шикізат. Оның құрамына мысы бар 240-тан аса минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері: халькопирит (құрамындағы мыстың мөлшері 34%), борнит (63,3), ковеллин (66,4), халькозин (79,8), теннантит (57), тетраэдрит (52,3), энаргит (48,3), куприт (88,8), тенорит (79,8), малахит (57,7), азурит (55,3), хризоколла (36,1), брошантит (56,2), атакамит (59,5).
Химиялық қасиеттері: Құрғақ ауада қалыпты температурада мыс мүлде өзгермейді деуге болады. Температураны жоғарылатқанда мыс жай да, күрделі заттармен реакцияға түседі. Жай заттармен өзара әрекеттесуі:
а) Cu+Cl2 □(→┴t ) CuCl2
б) 2Cu +O2 □(→┴t ) 2CuO
в) Cu+S □(→┴t ) CuS
Күрделі заттармен өзара әрекеттесуі:
а) Cu+2H2SO4 □(→┴t ) CuSO4+SO2↑+2H2O
б) Cu+4HNO3 □(→┴t ) Cu(NO3)2+2NO2↑+2H2O
в) Cu+8HNO3 □(→┴t ) 3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O
Қолданылуы: Таза мыс (құрамында Cu=99,9%) электротехникалық өндірісте электрөткізгіш сымдар, кабель жасау үшін және жылу алмасқыш аппараттарда пайдаланылады. Мыс тағы да әр түрлі құймалар өндіруде қолданылады. Мыстың қосылыстары да кең түрде қолданылады, мысалы: мыс (ІІ) сульфатының кристаллогидраты (мыс купорасы) CuO4∙5H2O өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте пайдаланылады: мыс (ІІ) гидроксиді Cu(OH)2 органикалық қосылыстағы альдегидтік топты анықтау үшін тотықтырғыш ретінде қолданылады.
I б топша элементтері. Күміс, алтын, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Күміс (латынша Argentum), Ag – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag.
Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3, саф күміс, т.б. Күміс жұмсақ, созылғыш (1 г күмістен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығыздығы 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Күміс қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады.
Химиялық қасиеті. Күмістің белсенділігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды
Күмістің нитратпен әрекеттесуі: 3Ag + 4HNO3 = 3AgNO3 + NO + 2H2O
Күмістің сульфатпен әрекеттесуі: 2Ag + 2H2SO4 = Ag2SO4 + SO2 + 2H2O
Күмістің сульфидпен әрекеттесуі: 4Ag + 2H2S + O2 = 2Ag2S + 2Н2O
Ag2S + 4CN- = 2Ag (CN)2- + S2-
Ag2S + O2 = 2Ag + SO2
4Ag + 8CN- + O2 + 2Н2O = 4Ag(CN)2 + 4OН-
Қолданылуы. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада күміс препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртехникалық және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда күміс Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.
Алтын (лат. Aurum), Au – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ С, қайнау температурасы 2947 С.
Қосылыстары
Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.
Химиялық қасиеті
«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының қоспасы:
3HCl + HNO3 = 2Cl+NOCl+2H2O,
Au + 2Cl + NOCI = AuCl3 + NO, АuСl3 + НСl = Н[АuСl]4
Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:
2Au + 6H2SeO4 = Au2(SeO)4 + 3SeO2 + 6H2O
Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады.
Цианның сулы ерітіндісінде дицианоаурат түзіледі:
4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] + 4NaOH;
Сілтілермен әрекеттеседі: 2Au + 2NaOH + 3NaNO3 = 2Na[AuO2] + 2Na2O,
2Au + 3BaO2 = Ba[AuO2]2 + 3BaO,
Маргенцтің, никельдің кобальттің хлоридтерімен: 3Au + 3MnCl4 = 2AuCl3 + 3MnCl2,
Тионилхлорид: 2Au + 4SOCl2 = 2AuCl3 + 2SO2 + S2Cl2
Қолданылуы
Алтын ақшалық құнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік істерде, зергерлік бұйымдарға қолданылады. Алтын өте технологиялы, одан өте жіңішке фольга және микросым жасап шығару қиындыққа алып келмейді. Алтынмен жабу металлдар мен керамикаға өте оңай жасалады. Осындай пайдалы қасиеттерінің жиынтығы алтынның қазіргі заман техникасының маңызды салаларында қолдануға мүмкіндік береді: электроникада, байланыс техникасында, ғарыщтық және авиациалық техникада, химияда.