Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
teoria_neorg_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
927.23 Кб
Скачать
  1. V1 а топша элементтері. Күкірт, химиялық қасиеттері, қолданылуы.

VI А топша элементтерін оттек, күкірт, селен, теллур, полоний құрайды. Бұл элементтерді халькогендер деп те атайды. Кәдімгі жағдайда, оттек газ, күкірт борпылдақ ұнтақ, селен және теллур қатты, жартылай өткізгіштік қасиетке ие заттар. Ал, полоний металл, радиоактивті элемент.

Күкірт(ағылш. Sulfur), S – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 16, ат. м. 32,06.

Күкірттің табиғи қосылыстары

Балқаш, Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер (ZnS, PbS, FeS2, т.б.) күйінде болса, сульфаттары (CaS04 • 2Н20 - ғаныш (гипс), Na2S04 • • 10Н20 - мирабилит, FeS04 • 7Н20 - темір купоросы) т. б. болады. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі. Маңызды қосылыстары: FeS2 — темір колчеданы немесе пирит, ZnS —мырыш алдамышы (цинковая обманка или сфалерит (вюрцит)), PbS —галенит, HgS — киноварь, Sb2S3 — антимонит, CaSO4 ангидрит, BaSO4 барит, Na2SO4*10H2O глаубер тұзы.

Сульфид минералдардың тотығуынан пайда болатын күкірт кендері көбінесе сульфид кендерінің үстіңгі қабатында болады. Бұл жағдайда пайда болатын күкірттің реакциясын мынадай түрде көрсетейік.

RS + Fe2(SО4) 3 = 2FeS0 4 + RS04 + S

ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Ауада күкірт ангидридін түзе жанады. Күкірт ангидриді өткір иісті, түссіз газ:

Фтор ағынында көк жалынмен жанады:

Балқыған күкіртпен хлор әрекеттесіп, әр түрлі құрамдағы қосылыстар түзеді:

Қыздырғанда күкірт фосформен фосфор сульфидін түзеді, жоғары сульфид—P2S5:

Сонымен қатар қыздырғанда сутекпен, көміртекпен, кремниймен әрекеттеседі:

(күкірт сутек)

(күкірткөміртек)

Металл және металл емес жай заттармен қосып қыздырғанда сульфидтер түзеді:

Сілтілік металл сульфидтерінің ерітінділері күкіртпен полисульфидтер түзеді:

Қайнап жатқан сілті ерітіндісінде күкірт диспропорцияланады:

.

Концентрлі қышқылдармен (HNO3, H2SO4) күкірт ұзақ қыздырғанда ғана әрекеттеседі: (конц.)

(конц.)

Қолданылуы. Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ-дәрі жөне сіріңке өндірістерінде қолданылады. К. негізінен химия өнеркәсібінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ қағаз, резина, сіріңке жасауда, тоқыма өнеркәсібінде мата ағартуға, дәрі-дәрмек, косметик. препараттар дайындауда, пластмасса, қопарғыш заттар, тыңайтқыш, улы химикаттар алуда кеңінен қолданылады.

  1. Vi1 а топша элементтері. Фтор, хлор, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.

VIIА топша элементтеріне тұзтүзгіш, яғни галогендер деген атау тағылған.

Фтор (Fluorum), F — элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, ат. н. 9, ат. м. 18,998; галогендер тобына жатады.

Оның маңызды қосылыстарына: флюорит (балқытқыш шпат)-CaF2, криолит(мұзтас)-Na3AlF6, топаз, фторапатит -3Ca3(PO4)2*CaF2 жатады. Фтордың маңызды қосылысы фторсутек, судағы ерітіндісі фторсутек қышқылы деп аталады.

Химиялық қасиеттері

Фтор тікелей гелий, неон және аргонмен әрекеттеспейді. Ксенонмен фторидтер түзеді:

Xe+F2=XeF2

Xe+2F2=XeF4

Фтор өз топшасында тұрған галогендермен әрекеттесіп фторидтер түзеді:

F2+Cl2=2ClF

ClF+F2=ClF3

ClF3+F2=ClF5

Br2+F2=2BrF

Br2+3F2=2BrF3

I2+F2=2IF

I2+5F2=2IF5

I2+7F2=2IF7

Бром фториді тұрақсыз, жеңіл диспропорциялануға қшырайды:

3BrF=BrF3+Br2

Металдармен әрекеттесіп фторидтер түзеді.

Ғ2 + 2Li= 2LiF литий фториді

Ғ2 + Cu = CuF2 мыс (II) фториді

Бұл реакциялар осы заттардың (Li, Cu) оттегімен және хлормен жүретін реакцияларына қарағанда шабыттырақ өтеді.

Фтор сутегімен тіпті караңғыда да шабытты әрекеттеседі.

F2 + Н2 = 2НF фторлы сутек

Фтор оттекпен төмен температурада электрлік ұшқын разряды әсерінен әрекеттесіп эндотермиялық оксофторидтер түзеді:

O2+2F2=2OF2 ΔrH=+16,7кДж/моль

OF2 – ашық сары түсті, өткір иісті улы газ.

Фтор күкірт, фосфор, көміртек, кремниймен төмен температураның өзінде ақ әрекеттесе алады, ал 20-300°С аралығында тұтанып жанады:

S+3F2=SF6

2P+5F2=2PF5

C+2F2=CF4

Si+2F2=SiF4

2B+3F3=2BF3

Қолданылуы

Фтор медициналық түрлі препараттар, фтороорганикалық қосылыстар алуда кең қолданылады.

Фтор қосылыстары натрий фторацетаты, монофторсірке қышқылы ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылады.

Фтор және фтор қосылыстары реактивті двигательдерде отын ретінде қолданылады.

Металдармен түзілген фторидтер қиын балқитын заттардың монокристалдарын алуда, металл өңдеуде флюс ретінде, жылу тасымалдағыш заттар ретінде кең қолданылады.

Балқытқыш қышқыл шыны заттардың бетіне өрнек салу үшін пайдаланылады.

Хлор(лат. Clorum), Cl – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 17, атомдық массасы 35,45; галогендер тобына жатады.

Қосылыстары

Хлор табиғатта активті элемент болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі. Негізінен сілтілік және сілтілік-жер (II) металдарының хлоридтері күйінде; олар карналлит KC1*MgCl2*6Н2О, сильвинит NaCl*KCl, сильвин KCl, бишофит MgCl2*6Н2О, галит ас тұзы NaCl, мүйізді күміс AgCl.

Химиялық қасиеттері. Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға қарағанда төмен. Хлор оттегі, азот және бекзат газдардан басқа жай заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе жарықтандыру қажет.

Сутекпен жарық әсерінен қопарылыс жасай әрекеттеседі:

Н2 + С12 = 2HC1

Хлор күшті тотықтырғыш, тек фторға, оттекке қатысты ғана тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді:

С12 +F2 = 2C1F

F2 +2e =2F- | 1

Cl2 – 2e = 2Cl+ | 2

С12 +Br2 = 2BrC1

Br2 - 2e =2Br+ | 1

Cl2 + 2e = 2Cl- | 1

Барлық металдар хлормен әрекеттесіп, хлоридтер түзеді:

Хлор күрделі заттармен де әрекеттеседі.

Хлордың суда еруі барысында хлор суы төмендегі құрамда түзіледі:

Хлор сілті ерітінділері бойында диспропорциялануға ұшырайды және түзілген ерітінді шавель суы деп аталады:

Хлор өзінен активтілігі төмен бром, йодты олардың қосылыстарынан ығыстырып шығарады:

Органикалық заттармен:

Скипидар хлор атмосферасында күйелеш жалынмен жанады:

C10H16 + 8Cl2 = 16HCl + 10C

Қолданылуы

Хлорды ауыз суды хлорлауға, мата, қағаз ағартуда, тұз қышқылы мен органикалық синтезде, хлоры бар қосылыстар даярлауда, т.б. қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]