
- •Сақтардың тайпалық одақтары: қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, өнері.
- •Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
- •Қазақ акср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс.(1920-30-жылдар)
- •Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
- •Ұлы Отан соғысының майданындағы қазақстандықтар. (1941-1945жж.)
Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).
Абылай хан мен оның бірыңғай Қазақ мемлекетін құрудағы қызметі. Абылай – көреген саяси қайраткер бола отырып қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін туған дипломат.1740 ж. тамызда ол орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынбоға келіп, орыс өкіметінің «қамқорлығына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қатырасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшілік аттандырды(1757-77 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген). 1757 ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40000 әскерін талқандайды. 1755,1765 ж. Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын Шу бойын тазартады. Күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Щымкент, Сайрам қалалары қайта қазақ иелігіне өтеді. Ташкент салым төлеп тұратын болды. Абылай ханның артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп ал да, билей бер» саясатының көрінісі еді. Неплюевтің : «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген пікірі мұны айғақтай түседі.
Кіші жүздегі Сырым Датұлының көтерілісі. (1783-1797жж
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797)
Алғышарттары: 1)Жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің қазақтарға мал жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы. 2)Феодалдық және колониалдық қанаудың күшеюі.3) Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшырауы;4)Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.5)Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы.6)Ресей үкіметінің Кіші жүз әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.Мақсаты: а)Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.б)Орал қазақ әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.в)Нұралы хан мен оның сыбайластырының озбырлығына шек қою.. г)Хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады Көтеріліс барысы 1783ж. күзі - батырдың Орал қазақ әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.1783ж. желтоқсан - Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.1784ж. қараша- Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. 1785ж. 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.1785ж. 15 наурыз – көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Понамарев келеді.1790ж. 21 қазанда және 5 қарашада II Екатерина бейбіт аудандардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды.1792ж. Сырым Ресей империясына ашық күрес жариялады. 1795ж. Есім хан сайланды.1797ж. күз – полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады.1797ж. Қаратайдың қуғынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.Қозғаушы күштері Басты қозғаушы күші- қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Басшысы: Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802ж.). Сырым Айшуақ сұлтан хан болып сайланғаннан кейін, Қаратайдан құтылу үшін Хиуаға қашады. 1802 жылы Сырым Датұлы қайтыс болады Нәтижесі: 1801ж. патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.Тарихи маңызы:1)Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.2)Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.3)Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.4)Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.Жеңілу себептері: Қазақ феодалдық топтар мен старшындық арасындағы алауыздық. Руаралық қайшылықтар.Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.Қару-жарақтардың жеткіліксіз болуы. Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы. Орта жүздегі хандық билікті жою.Орта Жүзде хандық билiктiң жойылуы. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде
1824 жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы. Кіші жүздегі хандық билікті жою 1824 ынбор нубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жаргыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- Дистанция (54),басқарушысы – ру шонжарлары--Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1)Орталық басқару нығайтылды. 2)Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3)1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылд 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.
Ішкі (Бөкей) Ордасының құрылуы. Жәңгір хан мен оның қызметі.1771 жылы қалмақтар Едiл бойын тастап Жоңғария жерiне көшкеннен кейiн, Едiл мен Жайық өзендерi аралығы босап қалды. Осы оқиғадан кейiн Кiшi Жүз қазақтары ата-баблары тұрған қос өзен аралығына үнемi ұмтылумен болды. Алайда патша үкiметiнiң үкiмiмен қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшуiне тиым салынып келдi. Жайық бойына орналасқан Орал казактары қазақтардың көшiп-қонуына тосқауыл болып келдi. Е.Пугачев көтерiлiсi мен Сырым Датұлы көтерiлiстерi кезiнде қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп жүрдi. XVIII ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Кiшi Жүз қазақтарының едәуiр топтары Жайық пен Едiл өзендерi аралығына көшiп барды. 1801 жылғы 1 наурызда I Павелдiң жарлығымен қазақтардың осы жерге көшiп-қонуы заңдастырылды. Бұл шағын хандық - Iшкi Орда немесе алғашқы ханның есiмiне сай Бөкей Ордасы деген атауға ие болды. Хандық құрылуының бiрнеше себептерi болды. Отаршылдық саясаттың күшеюi салдарынан көптеген көшпелi қауымдар бұрынғы көшiп жүретiн орындарында қалудың көтерiлiстер аяқталғаннан кейiн көтерiлiске қатысушы рулар хан-сұлтандар тарапынан қудалауға ұшырады. Ресей әкiмшiлiгi қазақ руларының арасындағы өзара алауыздықты тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Кiшi Жүз қазақтары арасындағы тыныштық пен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Ел iшiнде күйзелiс басталды. Сонымен бiр мезгiлде Кiшi Жүз қазақтарына оңтүстiкте Хиуа хандығы басып алу және тонау саясатын жүргiздi. Осындай жағдайда бiрден-бiр амал – Жайықтың оң жақ жағасындағы бос жатқан жерлерге қоныс аудару болды. Көшiп келушiлердiң денi Сырым Датұлы қозғалысына қатысушылар болды. Одан кейiнгi жылдарда хандықтың халқы еселеп өсiп отырды. Деректерге сүйенсек, 1828 жылы Бөкей хандығы халқы 10225 шаңырақ болса, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен. Бөкей хандығында жерлер хан-сұлтандар мен олардың туыстарына үлестiрiлiп берiлген. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қолына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырған Жәнгiр Жасқұс деген жерде хан ордасын салғызады. Хан ордасында 12 биден құралған «хандық кеңес» болған. Патша әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi жердегi қол шоқпарына айналған бұл хандық езiлушi халық тарапынан қолдауға ие болған жоқ едi. Бұл iшкi-тартыс кейiннен халық көтерiлiстерiне алып келген болатын.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. (1836-1838жж.)Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы (1836-1838 жж.) Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер. Көтерілістің себептері: 1)Ақшалай салықтың өсуі. 2)Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі. 3)Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.4)Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.Мақсаты: 1)Хан озбырлығына шек қою.2)Шаруалар жағдайын жақсарту.3)Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.4)Әскери бекіністердің салынуын тоқтату. Көтеріліс барысы11836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котерілісбасшыларын тұтқындауды тапсырды. Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті. 1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы . 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Нәтижесі:1)Салық мөлшеріне шек қойылды.2)Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.3)Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.4)Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.5)Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.Тарихи маңызы:1)XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.2)Отаршылдыққа қарсы бағытталды.3)Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.Жеңілу себептері: 1)Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.2)Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.3)Қару-жарақтың теңсіздігі.4Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.5)Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)Алғышарттары:XIX ғ. 20-шы жж. Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады.XIX ғ. 20-30 жж. Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады.1822 ж. Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.Мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.Қазақ жерлерін бекіністер мен округттік билеу арқылы отарлауды тоқтату.Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.Көтеріліс барысыКөтеріліс бүкіл үш жүзді қамтып ,ұлт-азаттық сипат алды. 1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтар ұйымдастыру.1837ж. қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.1838ж. 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өрттеп жіберді. 1838ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды. 1838ж. күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.1841ж. Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. 1845ж. қазан, қарашада көтерілісшілердің Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін алуы және көтеріліс бағытын Түркістан, Ташкентке қарай бұруы. 1847ж. сәуір – Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірд.1847ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты Көтеріліс басшысы Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 жж.).Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары.Тарихи маңызы:Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.XIX ғ. I жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.Қазақ елінің ішк қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.Жеңілу себептері: Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі.Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.Руаралық қайшылықтар. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсету. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бүйрық беріліді
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)Территориясы: Хиуа хандығы.Қоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері:Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ , қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі, Салықтың көбеюі ,тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3сом 50 тиын қосымша салық салуы.Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.Көтеріліс барысы1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.Наразылық басқа аймақтарда да күшейді.Көтерілісшілер Әулиеата,Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.Қозғаушы күштеріКөтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды.Негізгі қозғаушы күші – қазақ ,қырғыз шаруалары.Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылыгы. Ұйымдастырудың әлсіздігі. Феодалдардың опасыздығы. Тарихи маңызы: Қазақ , қырғыз біріккен қозғалысы.Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.Есет Көтебарұлы (1847-1858 жылдары) Территориясы: Батыс Қазақстан Себептері Отаршылдыққа қарсы. Хиуаға, Ресейге қарсыМақсаты:Қазақ жерін отаршылдықтан азат ету, елін, жерін Ресей, Хиуа зорлық пен зомбылығынан қорғау Көтеріліс барысы: Көтеріліс отаршылдыққа қарсы, феодалдық басқыншылыққа қарсы.Қозғаушы күштері: Қарапайым халық, отар болған қарапайым малшылар, шаруалар, ауыл тұрғындары. Көтеріліс басшысы: Есет Көтебарұлы. Сексенге дерлік келген Есет Көтібарұлы қайтыс болып, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақжиде өз руының зиратына жерленді.Жеңілу себептері, Есет көтерілісіндей:Күрестің стихиялылыгы. Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы. Тарихи маңызы: Қазақ халқының саяси сезімі өсті
Ұлы Жүздiң Ресей қол астына өтуi XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi
ХІХғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты.Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау. XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. \1868ж Жетісу губернаторы Колпаковский басшылығымен “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы “уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар:1)15ж-ға алық төлеуден, әскери міндеттен босатылды. 2)Жан басына 30десятина жер берілді. 1883ж Жетісуда Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар,дүнгендерді орналастыру жөнінде жңа ереже бекітілді.1)Жан басына 10 десятина жер беру 2)Қоныстанушыларды салық пен міндеткерліктерден 3 ж босату. 1889ж 13 шілде”Село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуды, бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже”қабылданды.:1)Қоныс аударатын ааймақтар-Тобыл, Том губерниясы, Жетісу,Ақмола,Семей обл.2)Жан басына 15 дес жер беру. 2)Қоныстанушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету. Бұл ереже күші 1891-92жж Торғай мен Орал обл-на таралды.Қогыс аудару басты аймағы Жетісу,Шымкент,Ташкент, Әулиеата уез-де37қоныс құрылды. 1886ж 2 маусым-«Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралыереже»бекітілді.1)Түркістанда Ресейлік үлгімен жааңа соттар құрылды.2)Төменгі сот халықтық сот. 1891ж 25науры «Ақмола,Семей,Жетісу,ОралТорғай обл басқару туралы ереже» бекітілді.1)Т8рк3стан өлкесінде 3обл(Ақмола.Семей,Жетсу)орт Ташкент
1867-1868 жылдардағы реформаларХандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:Батыс облысы, орталығы - Торғай.Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құруӘлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілдіӘкімшілік басқару құрылымы 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кepi әсер еткен буыны –әкімшіл ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргіздіБолыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иелендіРеформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.II. Сот iciн басқару рылымы: Әскери сот-сот комиссиялары – уездік соттар – билер мен қазылар сотыСот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі. Реформа нәтижесі :Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.1886-91 жылдардағы реформалар1886ж2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару және жер,салық өзгерістерін енгізу» :1. Ресей үлгілеріндегі жаңа соттар құрылды;2. Соттардың төтенше съезі әскери-губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілеттік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізіліді; 2.төменгі сот бөлігіі-халықтық сот(империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын); 3.соттардың төтенше съезі облыстық әскери-губернатордың рұқсатымен шақырылды; 4.төтенше съезд өкілідк құқығы берілген чиновнигінің қатысуымен өткізілді. 1867-68жж әкімшілік сот істері 1886-91жылғы 17 баптан тұратын жаңа заң: 1.Ресейдің үстем тап өкілдерінің мүдделерін; 2.отарлаушы әкішілік пен жергілікті ақсүйектердің мүдделерін қорғау1891ж 25наурыз “Ақмола, Семей, Жетісу Торғай облыстарын басқару туралы ереже”бекітілді:1.Түркістан өлкесінде 3 облыс:Сырдария. Ферғана, Самарқанд құрылып, орталығы-Ташкент. 2.Дала өлкесінде 3 облыс:Ақмола, Семей, Жетісу, орт-Омбы.Отаршылдық басқарманың күштеу аппарты:Ірі облыстық орталықтарды қалалық полийия басқармасы уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылыр мен ауыл старшындарын бекіту облыс әскери-губернатордың құзырында болды. Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті. Қазақстанды қосып алғаннан кейін Ресей өлкенің таиғатын, тарихын экономикасын зерттеуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен қазақ жеріне орыс ғалымдары, саяхатшылары келе бастады. XVIII ғасырда, 1769 жылы шығарылған ең алғашқы экспедицияны П.С.Паллас басқарығ, "Ресей империясының провинцияларына саяхат" (1773 ж.) деген еңбегін жариялады. 1772 жылы Н.Рычков "Кағитан Н.Рычковтың 1771 жылы Қырғыз-қайсақ өлкесіне жасаған саяхатынан күнделік жазбаларын" басып шығарды. 1832 жылы А.И.Левшиннің "Қырғыз-қайсақ, немесе кырғыз-қазақ ордалары мен даласын баяндау" деп аталатын кітабының жарық көруі орыстардың Қазақстанды зерттеуіндегі маңызды белес болды. ХІХ ғасырдағы қазақ өлкесін зерттеушілердің бірі атақты ғалым, Орыс Географиялық Қоғамының басшысы П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) болды. Оның басшылығымен көп томдық "Ресей. Отанды геграфиялық тұрғыдан толық баяндау" деп аталатын зерттеу құрастырылып, басып шығарылды. Оның "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" деп аталынатын екі томы Қазақстан мен Орта Азиянының географиялық жағдайын, табиғи байлығын, тарихын, халық тұрмысын баяндауға арналды. "Түркі тайғаларының ауыз әдебиетінің үлгілері" атты еңбек жазған Петербург Академиясының академигі В.В.Радлов (1837-1918) қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге зор үлес қосты. Сондай-ақ "Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу", "Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер" деп аталынатын кітаптардың авторы шығыстанушы-ғалым В.В.Вельяминов-Зернов (1830-1904) қазақ халқының тарихының маңызды кезеңдерін зерттеді. Өлке тарихын зерттеумен А.И.Добросмыслов, Н.Н.Аристов, М.Красовский және т.б. айналысты.ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуына ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері маңызды роль атқарды. Орыс Географиялық Қоғамының бөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1877 ж.), 1897 жылы Түркістанда ашылды. Олар тарих, этнография, география туралы материалдар жарияланған жинақтар шығарды. ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттер құрылып, олардың жариялаған еңбектерінде де өлкенің тарихы, мәдениеті, статистикасы, этнографиясы туралы мол мәліметтер жазылды. Сондай-ақ Қазақстанды зерттеумен Ауыл шаруашылығы қоғамы, Шығыстың тарихы мен археологиясының әуесқойлары, антропология, жаратылыстану әуесқойлары қоғамдары да айналысты. Мұндай ғылыми орындардың жұмыстарына қазақ зиялылары да, мысалы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев араласығ тұрды.Бұл кезеңде білім беру, оқу ісінде де өзгерістер болды. Ауқаттылардың балалары Бұхара, Самарқанд, хиуа, Ташкент медреселерінде, кедей қазақтардың балалары ауылдағы мұсылман мектептерінде арабша сауаттарын ашты. Ал азаматтық сипаттағы орыс оқу орындары отарлық аппараттың шенеуніктерін даярлау үшін қажет болды. 1786 жылы Омбыда Азиат мектебі, 1789 жылы Орынборда Үкіметтік мектеп осы мақсатта ашылды. 1825 жылы Орынборда, 1846 жылы Омбыда кадет корпустары, 1841 жылы Бөкей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан қазақ азаматтық мектебі ашылды. 1877 жылы Ы.Алтынсариннің күш салуымен Ырғызда қыздар училищесі құрылды. 1890-1896 жылдары Торпайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды. 1879 жылы Түркістанда мұғалімдер семинариясы, 1883 жылы Орынборда қазақ мұғалімдік мектеп ашылды.ХІХ ғ. ІІ ж. қазақ халқының ірі өкілдері Ш.Уәлиханов, М.-С. Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев өмір сүріп, шығармашылықпен айналысса, ХХ ғасырдың басында олардың қатарын Ш.Құдайбердиев ("Түріктердің: қырғыздардың және хандық династияның шығу шежіресі"), М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов ("Қырық мысал", "Маса"), М.Дулатов ("Оян, қазақ!") және т.б. толықтырды.ХІХ -ХХ ғ. басында қазақ музыка мәдениеті өрлев кезеңінде болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дина Нұрғейісова, Тәттімбет, Ықылас, әнші-сазгерлер Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди шығармашылықтары кең танымал болдыҚазақ басғасөзінің өмірге келуі осы кезеңде басталды. 1870 жылы 28 наурызда "Түркістан уәлаяты" газеті, 1911 жылы бірінші қазақ журналы "Айқап" алғашқы сандарын жариялады. 1913-1918 жылдар аралыпында шыққан "Қазақ" газеті қазақ қоғамының барлық жақтарын жазып тұрды.Сайығ келгенде, қоғамның мәдени өміріндегі бұл өзгерістердің игілігін барлық қазақ халқы отаршылдық саясат зардабынан көре алмады.
XIX ғасырдың 2 жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Ресейде аграрлық мәселенің шешілмеві, қазақ даласына қоныс аудару саясатының жоспарлы түрде жүргізілуі өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайына өзгерістер енгізді. Бұрынғы жағдай көшпелі шаруашылықтардың орнына енді отырықшылықты - мал шаруашылыпы және отырықшылықты - егіншілік сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды.Қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды. Кедейленген қазақтардың қала және село пролетариаты - жатақтарға айналуы өсе түсті.Аталған кезеңде Қазақстанда өнеркәсіп өндірістері, түрлі кәсіпшіліктер ашылып, олардың дамуы жеделдеді. Мысалы: ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін - май шайқайтын, былғары шығаратын, ұн тартатын және т.б. Шымкент сантонин зауыты (1822ж.) химия өнеркәсібінің бастамасы болды.Сондай-ақ оңтүстік аудандарда, Шымкент пен Түркістанда мақта тазалайтын бірнеше зауыттар, ал Верный қаласында темекі шығаратын екі кәсіпорын жұмыс істеді.Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде тұз-кен орындары ашылды. Әсіресе ғасыр басында оның маңызы күшейді. Тұз жергілікті мұқтаж үшін де, сол сияқты шетке шығару үшін де өндірілді. Олардың неғұрлым ірісі ішкі Ордадағы 5 мың қазақ жұмыс істеген Басқұншақ, Павлодар уезіндегі Коряковск кәсіпшіліктері болды.Жайық, Ембі, Ертіс өзендері, Арал мен Каспий теңіздері аймақтарында балық кәсіпшілігі дамыды.Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Спасск мыс қорыту зауыты, Успенск руднигі, Қарағанды көмір кені, Екібастұз және Риддер кәсіпорындары шетел өнеркәсіпшілерінің де (АҚШ, Германия, Бельгия, Шуеция) назарын аударып, өлке байлығы талан-таражға түсті.ХХ ғасырдың басында алтын шығару, көмір өндіру (екібастұзда, Қарағандыда), мұнай (Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аймағында) шығару арта түсті.Ресей капитализмінің кеңейе дамығ, оның ұлттық шет аймақтарға жылжуы Қазақстанда банк филиалдары мен кредит (несие) мекемелерінің құрылуына әкелді. Мемлекеттік банктің өлкедегі бөлімдері сауда-өнеркәсіптік орталықтар - Оралда (1876 ж.), Петропавлда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омскіде (1895 ж.), Верныйда (1912 ж.) ашылды. Өлке территориясындағы филиалдарының саны жөнінен екінші орынды сауда айналымын несиелендіруге көп қаржы салған Орыс сауда-өнеркәсіптік банкі алды.Сауда-саттық, алыс-беріс күшейді. Саудаға түсетін товар негізінен мал болды. Әр жазда Сарысу уезі арқылы Ресей орталыпына Ақмола, Қарқаралы және Сарысу уездерінен 60 мыңға дейін мүйізді ірі қара мал, 200 мыңға дейін қой айдап әкелінді. Сыртқа шығарылатын астық көлемі де артты. Орал, Орынбор, Семей қалалары астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналды.ХІХ ғ. ІІ ж. мен ХХ ғ. басында сауда-саттықтың жаңа -жәрмеңкелік түрі шықты. Қарқаралы уезіндегі Қоянды, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл, Ақмола уезіндегі Константиновск, Атбасар уезіндегі Перовск, Верный уезіндегі Қарқара жәрмеңкелері неғұрлым ірі жәрмеңкелер саналды.ХХ ғ. басында қала халқының саны өсе түсті. Орал (47,5 мың адам), Петропавл мен Верный (43,2 мыңнан), Семей (34,4 мың) ірі қалалар саналды.Қазақстанның капиталистік өнеркәсіптің шикізат көздері мен оны сыртқа шығару аймағына айналуында темір жолдың маңызы зор болды. Өлкеде Орынбор-Ташкент, Троицк, Алтай және Жетісу темір жолдарын салу өрістетілді. 1917 жылға дейін Қазақстанда барлығы 2793 шақырым жол төселді.Су жолдары да (Семей облысында) ғайдаланылды. Ертіс арқылы жүктерді "Пароход шаруашылығы мен сауданың Батыс-Сібір серіктестігінің" пароход компаниялары және басқалар тасыды.Өнеркәсіптің дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолының кеңінен пайдаланылуы Қазақстанда жұмысшы кадрлары қалыптасуына да алғышарт болды.1913 жылы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Ал Қазан төңкерісі мен төңкеріс жүріп жатқан кезеңде Қазақстан жұмысшыларының саны 90 мыңдай болды. Фабрика-зауыт жұмысшылары болған қазақ жұмысшыларының жағдайы төмен (жұмыстың ең ауырына жіберілуі, мардымсыз жалақы, көптеген штрафтар, басқа ұлт жұмысшыларынан алалаушылық) болды. ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басында қазақ өлкесі Ресейге толығымен кіріптар болды.Қазақстандағы темір жол салынуының басталуы. Сібір темір жолы.Сібір темір жолы Ресейдің европалық аудандарын Қиыр Шығыспен тікелей байланыстыратын торағ. 1891-1915 жылдары салынды. Батыс Сібір, Орта Сібір, Байкал, Амур, Уссурий және Шығыс Қытай болып 7 бөлікте жұмыс бірдей жүргізілді. Сібір темір жолы Челябинскіден Владиуостокқа дейін созылды (10 мың км). Батыс Сібір учаскесі (1891-1896 жж., ұзындығы 1324 км) сол кездегі Ақмола облысының Омбы және Петропавл уездерін басып өтті. 1900 жылы аяқталған Орта Сібір учаскесі Обь өзенінен Иркутскіге дейін) мен Батыс Сібір учаскесі бірігіп, Сібір темір жолы болып аталды. Солтүстік Қазақстанда магистраль арқылы Ресейдің ішкі аудандарынан ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-саймандар, өнеркәсіп заттары әкелінді.
Қазақ КСР тарихының өткен ғасырын еске алсақ, көзге толық, көңілге медеу, ең алдымен, үш адамды айтамыз. Олар: кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да, үш бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар – үшеуі үш мұнарадай болған: Шоқан, Ыбырай, Абай». М. ӘуезовШоқан Уәлиханов (1835-1865) – тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, суретші.Шоқан (Мұхаммед Қанапия) – 1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте өсті. Әкесі Шыңғыс – Абылай ханның немересі. Оның жетіліп, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер етті. 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты. Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы кспедициясына қатысты. 1865 жылы – «қытайдағы дүнгендер көтерілісі» деген аырғ еңбегі жарияланды. Шоқан мұраларының бірі – бейнелеу өнеріндегі еңбектері (150 сурет болған)1865 жылы сәірде Алтынемел жотасы етегінде өкпе ауруынан қайтыс болды.
Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз алдырған. (Абай) Ыбырай Алтынсарин 1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.
1905-07 жылдары Ресейдегі революция және оның Қазақстанға ықпалы. 1905 жылы 9 қаңтарда "қанды жексенбіден" басталған 1 орыс төңкерісінен Қазақстанда сырт қалмады. Ақған айында Түркістанда, Перовскіде, Жусалыда, Шалқарда демонстрациялар, мамыр айында Верный, Қостанайда жұмысшы стачкалары болды. 1905 жылы жазда қазақ халқының үкіметке наразылығы ұйымдасқан және саяси сипат алды. Қозғалыстың басында ұлттық интеллигенция, оның басты жетекшісі Ә.Бөкейханов тұрды. Ол 1905 жылы жазда Қоянды жәрмеңкесінде 14500 адам қол қойылған Қарқаралы ғетициясын дайындаушылардың бірі болды. Петицияда қазақ халқының өмірлік маңызды мұқтаждары, аграрлық, діни мәселелер айтылды. 18-19 қазанда Орынборда жаппай саяси ереуілдер, 25 қазанда Омбыда саяси демонстрация, 16-28 қарашада Семейде ғочта-телеграф қызметшілерінің ереуілдері болды. Жұмысшы, шаруа қозғалысына, 6-7 қарашада Батыс Сібір ғолкының солдаттары, ал 21 қарашада Жаркент гарнизонының солдаттары қосылды. Қазақ және орыс жұмысшыларының ең ірі бас көтерулері Успенск руднигінде болды. Оны "Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы" басқарды. 1905 жылы 6 желтоқсанда жұмысшылар жалақыны көбейту, еңбек пен тұрмысты жақсарту және т.б. мәселелерді қамтығ ғетиция жазды. 10 желтоқсанда олардың талағтарының бірқатары қанағаттандырылып, ереуіл әлсіреді. 1905 жылы желтоқсанда Өскеменде, Павлодарда және т.б. қала, елді мекендерде толқулар болып өтті. 1906 жылы ақпанда Семейде қазақтардың съезі өтіп, онда қоныс аударуды тоқтату, жерді қазақ халқының меншігі етіғ тану, тіл, дін тұту еркіндігі, ана тілінде білім алуды дамыту т.б. талағтар айтылды. 1906 жылы 3 шілде де 500 жұмысшы қатысқан стачка Семейде болды. Революциялық қозғалыс Ресейде екі жарым жылға созылды. 1905 жылы 17 қазандағы Манифест бойынша Ресейде Мемлекеттік Дума өмірге келді. 1906 жылғы 27 сәуірден 8 шілдеге дейін өмір сүрген 1 Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат сайланды. Думада өткір сыналған аграрлық мәселе, Думаның таратылуына себепші болды. 1907 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастапан 2 Мемлекеттік Дума да аграрлық мәселе баса айтылды. Қазақстаннан оған 13 депутат (оның бірі - тұңғыш инженер М.Тынышбаев) қатысты. Революциялық толқудың әлсіреуі 1907 жылы 3 маусымда патшаның 2 Думаны таратып жіберуіне әкелді. Бұл төңкерістің жеңілгенін көрсетті. Қазақстан халқының 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысуы, олардың ұлттық және әлеуметтік бостандықтарды жеңіп алу жолындағы тәжірибе мектебі болды.
Қазақ ұлттық интеллигенция және оның ХХғ. басындағы өлкенің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі. Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған. Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікғей оларды саяси қуғындау басталды. 20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті. Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды. 60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті. Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты.
1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс Территориясы: Бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір Себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлық. Сылтау: Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық. Мақсаты: Ұлттық және саяси азаттық. Сипаты: империализмге және отаршылдыққа қарсылық Көтеріліс барысы Жетісудағы көтеріліс: 1916 жыл 11 тамыз – 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядын талқандады. 1916ж. қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы” шешімі шықты. 1916ж. 9 қыркүйек – жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты. 1916 жыл 10-12 қыркүйек – Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.Торғайдағы көтеріліс:1916ж. қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға, 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916ж. 22 қазан – Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. 1916 ж қараша-1917ж ақпан – Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1917ж. – Торғай көтерілісі талқандалды Қозғаушы күштері: Қолөнершілер, шаруалар қалың тобы, жергілікті жұмысшы табының өкілдері, демократияшыл зиялылар қатысты. Көтеріліс басшысы: Жетісу көтерілісінің жетікшілері: Б.Әшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосақов (Мерке). Торғайда көтеріліс басшылары: Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин. Көтеріліс кезінде Бекболат Әшекеев Жеңілу себептері: 1.Бытыраңқылығы. 2.Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 3.Руаралық тартыстар. 4.Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. 5.Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы. 6.Қазақ феодалдарының сатқындығы. Нәтижесі: 1.1916 жылғы қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы шешімі шықты”. 2.Жетісудағы 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті. 3.37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды. 4.Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн 510 мың 360 десятинасы тартып алынды. 5.Жүздеген ауылдар тоналып , өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 6. .3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді, 162-сі каторгаға атылды.
1917 жылы Ресейдегі Ақпан буржуазия-демократиялық революция және оның Қазақстан үшін мәні. 1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Ақған оқиғалары тез арада Қазақстанға да жетіп, наурыз айының басында ірі қалаларда төңкерісті қолдаған митингілер, демонстрациялар болып өтті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды. Сондай-ақ облыстық, уездік қазақ, казак, мұсылман, татар комитеттері пайда болды. Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар (1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия, Қытайдағы Жетісу босқындарын кері қайтару, ұлттық, діни шектеушілікке тиым салу, тыл жұмысына кеткендерді мобилизациялау) енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында, "Талағ" Петропавлда, "Жанар" Семейде және т.б. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды. Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты. 1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.
Қазақстанда Кеңестердің билік орнатуы. 1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады. 1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды. Кеңес үкіметі мен Алаш-Орда. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастапан қазақ қоғамы Орынборда (1917 ж. 5-13 желтоқсанда) 2 Бүкілқазақ съезін өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдер қатысты. Съезді Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды. Съезде алдымен тез өзгеріп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру айтылды. Негізінен қаралған мәселе саны 10 болды: Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одағы туралы; қазақ-қырғыз автономиясы; милиция туралы; ұлт кеңесі; ұлт қазынасы; мүфтилік мәселесі; халық соты; ауылды басқару және азық-түлік мәселесі. Алашорда үкіметі. Қазақ зиялыларының құрған қозғалыстарының бiрi 1905 жылы "Aлаш" қозғалысы. 1917 жылы "Алаш" партиясы әлеуметтiк негiзi - капиталистiк даму жолына бағыт алған зиялылар. Мақсаты: Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. Автономиялық ұлттык мемлекет құру. Бағыты: реформистік капитализм жолы.Жетекшiсi Әлихан Бөкейханов (1869—1937). Шынғыс хан ұрпағы Ресей либералдык-демократиялык қозғалысының қайраткерi бұрынғы кадет партиясынын мүшесi Мүшелерi: А. Байтурсынов, М. Дулатов, Ш. Кудайбердиев, М. Тынышпаев, Г. Қарашев, С. Торайгыров, Х. Габбасов, А. Ермеков ағайынды Досмухамедовтар. "Алаш" партиясы жетекшiлер Қазан төңкерiсiн және Қазақ мемлекетiн кеңестiк негiзде құру идеясын қабылдамады. Себептері Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді Алаш партиясы ақиқат жағында болды Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады .
Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі. Алаш-Орда. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастапан қазақ қоғамы Орынборда (1917 ж. 5-13 желтоқсанда) 2 Бүкілқазақ съезін өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдер қатысты. Съезді Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды. Съезде алдымен тез өзгеріп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру айтылды. Негізінен қаралған мәселе саны 10 болды: 1)территориялық - ұлттық автономия құру. 2)Қазақ (қырғыз) облыстарынын автономиясына Алаш атауын беру. 3)Автономиялы Алаш облыстарынын террториясын Алаштын мемлекеттік меншігі деп жариялау 4)Алаш автономиясының конституциясын Букілресейлік құрылтай жиналысында бекіту 5)Алашорда уакытша Халык кеңесін 25 мушеден қурып оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау Кеңестің төрағасы - Ә Бөкейханов 6)Алашорданынң уакытша орталығы – Семей. 7)Қазан революциясынын көп бұрын қазақ либералдык - демократиялык қозғалысының жетекшілері Қазақ өлкесінің Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады. Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, "уақытша халық Кеңесі" түріндегі берік билік құру, оған Алаш-Орда деген ат беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы-Семей (Жаңа Семей) қаласы еді. Мақсаты: 1)Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. 2)Автономиялық ұлттык мемлекет құру. \ Бағыты: реформистік капитализм жолы. \ Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі-автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Себептері 1)Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады 2)Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді 3)Алаш партиясы ақиқат жағында болды 4)Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады \ 1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды. Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау. 1)Дінді мемлекеттен бөлектеу. 2)Сот сін қазақ тілінде жургізу. 3)Әскери қызметті өз жерінде аткару. 4)Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал –демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады. 5)Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы. 6)Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі 7)Жерді алдымен жергілікті халыққа беру. \ Бағдарлама жобасының маңызы: 1)Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2)Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті. 3)1917 жылы қараша – 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі \Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті. 1)Жетісу губерниясы – 57% 2)Семей уезінде-85% 3)Торғай Орал 4) губернияларында – 75%. \ Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.
Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан. (1918-1920жж.)Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты. Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтығ жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілді. Қазақ, мұсылман, дұңған, ұйғыр бөлімдері жасақталды.1918 жылы жазда Орынбор аймағында ауыр жағдай қалыптасты. Оны 3 шілдеде атаман Дутов басып алып, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліғ тастайды. Ақтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.1918 жылы 18 шілдеде Мәскеуден қару-жарақ, киім-кешек тиеген экспедиция Волга, Касғий теңізі, Маңғышлақ арқылы 11 қарашада Шалқарға жетті. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Сергиоғоль, ржар, Сарқанд басып алынды. 1918 . Солтүстік Жетісу майданы құрылды, күзде солтүстік Жетісудің тек Леғсі уезінен басқа өңірі ақтардың қолында қалды. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді.