- •Сақтардың тайпалық одақтары: қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, өнері.
- •Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
- •Қазақ акср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс.(1920-30-жылдар)
- •Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
- •Ұлы Отан соғысының майданындағы қазақстандықтар. (1941-1945жж.)
Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
Ұлы Жібек жолы жолы туралы алғ мәліметті будда діндары Сюань Цзяннің қол жазбаларынан білеміз (629-630ж). БЗД 3-2 ғас Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ҰЖЖ шығыс пен батысты байланыстырып, Жерорта теңзенен Қытайға дейін Еуразияның қақ жарып өтетін керуен жтлынң жүйесі. Ұзындығы 7000 шақырымнан астам. Бұл жол Орта Азиямен Қазақсатн Терерториялары арөылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды: Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Мисопотамия Мысыр Сирия Қытай. Нефрит: Жаркентдария Шығ Түркістан Қытай. Дала: Қара теңіз жағалауы Дон Оңт Орал Ертіс Алтай Зайсан көлі. Қазақстан жеріндегі ҰЖЖ негізгі бағыттары Жетісу мен Оңт Қазақстан Арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді. Батыстан шығысқа бағытталған, Іле бағ, Еуропа бағ, Орта және Шығ бағыты. ҰЖЖ 6-7ғғ ең гүлденген бағыты Қытайдан жетісу оңт Қаз арөылы батысқа баратын жол. Тауар тасымалы: Саудадағы баты тауар Жібек. ОЛ алтынмен теңелетін и халқаралық валютаға айналған. Батыс елдеріне жеткізіліп, кейіннен Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. ҰЖЖ арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғаға, пілдер, арыстандар, арғымақ, тотықұс. Ортағасырлық Азияда әлемнің тқрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы не Үндістан, Бағалы тастар патшалығы не Иран мен Византия, Сәйгүліктер паш не Түрік п, адамдар пат не мемлекетті басқару және өнеркәсіп пат Қытай. ҰЖЖ арөылы Қытайда көп таралған Шығ Түркістан мен қазақстанның әуендері болды. Сырдариядағы Кедер қаласынан 9-10ғғ жататын Саздан жасалған маска табылды. Осы ғғ жерлеу дәстүріне өзгеріс еңгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болд. Орта ғасырлық ЖЖ маңызы: Отыырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты. Қалалар көбейді, сыртқы байланыс дамыды, сауда өркендеді. ҰЖЖ 2000ж бойы жұмыс істеді. 15ғ су жолы пайда болған соң кеуен жол тоқтатылды.
Түрік және Батыс-Түрік қағанаттары. 5 ғ. Қаз-н, Орта Азия, Шығыс Европа аумағында түркі тілдес халықтар өмір сүрді. 546 ж. Алтайдағы бір соғыста 50 мың теле тайпасы жеңіліс тапты. Қалдығы түріктерге қосылып кетті. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542ж-ғы шежіресінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552ж. Түрік қолбасшысы Бумын аварларға, жуандарға қарсы шығып, жеңеді де, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Бұл этно саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған. Ол 553ж. дүние салды. Оның ізбасары Мұқан қаған кезінде түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. 6ғ-да Қазақстан жері түрік қ-ң иелігінде болды. Түріктер Манчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемл-н де жаулап алды. Түріктер Орта Азияға жылжыды. Каспий теңізінен Солт. Үндістанға және Шығ. Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан эфталиттердің қарсылығына тап болды. 561-563жж Түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақтасты. 564ж Иранның шахы Хұсырау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфталиттердің негізгі күшін 587ж Бұхардың түбінде Түріктер талқандады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізінің елдеріне баратын Ұлы Жібек жолын қол астында ұстады. Түріктер мен қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. 568ж соғдылық көпес Моннах Түрік қағанатының елшілігін Константинопольға бастап барып, Византия имп-мен сауда келісімі жасалды және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойылды. Парсылар бұл одақтың жасалуына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. Иран түріктерге жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға және сауда қатынасына бөгет жасамауға уәде берді. Содан кейін барып, түрік әскері Амударияның арғы жағына әкетілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа билеген кезде ішкі соғыстар мен әлеум. қарама-қайшылық қағанатты әлсіретті. 603ж Түрік қағанатынан Бат.Түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығ.Түркістан жазирасынан Амударияға Еділ бойы мен Солт. Кавказ далаларына дейінгі аймақты иеленді. Батыс Түрік қағанаты(603-704).Қағанаттың өзегін Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жерінде өмір сүретін «10 тайпа» құрады. Шу өзенін 5 тайпа – Дулу, ал бат-қа қарай 5 тайпа – Нушиби жайлады. Астанасы – Суяб(қазіргі Тоқмақ маңы). Жазғы орталығы – Мыңбұлақ. Қағанаттағы бірінші адам қаған – жоғарғы билеуші, әскербасы, жердің иесі болып есептелді. Қағанаттағы жоғарғы шен – жабғу, шад және елтебер атағы тек қаған руына жататын адамдарға ғана берілді. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқын еркін малшылар(қара бодан) құрады. Жеғұй қаған(610-618) және оның кіші інісі Тон-жабғұ қаған(618-630) билігі тұсында қағанат құдыреттілігі ең жоғарғы дәрежесіне көтерілді. 16жылға созылған(640-657) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретті. Осыны күткен Таң имп-ң әскері Жетісуды басы алды. Түріктер Таң имп-на карсы үздіксіз күрес жүргізіп, ол ақыры 8ғ-ң басында түркештердің жеңісімен аяқталды.
Түргеш қағанаты.Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.
Қарлұқ мемлекеті.Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті.9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді.Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б
Оғыз мемл-ті. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғари(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді.10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді
Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ертіске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды.ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған. Қыпшақ хандығы. 11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады.1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті.Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.
Қарахан әулетінің мемл-ті. Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан (915-955) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемл-ң өз тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуымен оның ерте тарихында басты рөлді қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға шігіл мен яғма да кірген еді. 10ғ-да яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуді, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек 11ғ-да яғмалар Қиян теріскейде, Іле алқабында тұрды. Ыстықкөлдің солт.жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемл-ң құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, шігілдердің, яғмалардың саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қаз-н аумағының оңт-мен оңт-шығ-ғы түрік тайпалары тобының этникалық саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960ж қағанаттың мемл-к діні ислам деп жариялайды. Оның астанасы – Қашғар болды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемл-к дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемл-ті, Бат.Түрік, Түргеш, қарлұқ мемл-ң терең ықпалы болды. 12ғ-ң 2-ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығ.Қараханның қалған иеліктерін басып алады да, оның батыс тармағына қауіп төндіреді. 1141ж Қарахан Салжұқтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемл-ті екі хандығының билігі де қарақытай қолына көшті. 1210ж Шығ.Қарахандар әулеті наймандармен қиғаш келіп соқтығысып қалады. Ал 1212ж Хорезмшах Мұхаммед Бат.Қағанаттың соңғы қағаны Самарқанттық Османды өлтіреді. Ұзамай қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады.
Орта ғ.ғ қалалар . Құрылымы: Қалалар ірі су алқаптарының бойында, сауда керуен бойында, феодалдардың ордалары мен бекіністер бойында пайда б. 10-12ғ орта қ қ қала мәдениетінің гүлденген кезі. 9-12ғ халық көп қоныстан қала ИСПИДЖАБ. 10-12 Қазақстанынң ірі қаласы ИСпиджаб. Әр қала тәуелсәз өмәр сүрген және өз билеушісі болған: КЕрменкент билеушісі күлтегін табан, Барысхан билеушісі барысхан тебіні, Науакент билеушісі Ялан шах, Семекна билеушісі инал тегін, олардың өз әскері қз билеушілірі болған. Қала халқы негізінен егіншілік, қолөнер саудамен айналысыьт. Тараз саудагерлер қаласы, Суяб әр елдіңі аудагерлері кездесетін ел халқының жартысы саудамен айналысатын қала атанды, Испиджаб әлем саудагерлердің қазба байлығының қайнар көзі атанды. Қала ауданлдары: цитадель қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан, шахристан бай шонжарлар, дін қызметкерлері әскери басшылар тұратын аудан, рабад қол өнершілдер , саугерлер, егіншілер тұратын аудан. Қамал орталық орын. Қазхақстанның оңт 25қала тьабылыд, Жетісу оңт бпатысында 27 қала болған. Отырар әкімшілк , сауда, қолөнер, мәдениет орт. 20ғ 70-80 ж Отырардың орны қазалып, аспан астындағы мұражай атанды. Оның моншасы еден астмен жүргізілген су құбырларымен жфылытады. Әл Фараби туған қала. Баласағұн Шу өзен бойындағы мәдениетпен өнердің жамыған жері, өсу кезеңдерін 5-7,8-9,10-12ғғ бастан кешкен көп қабатты қала. Қала құрылысындағы өзгерістер: 10-12 ғғ қалаларда ислам дінінінң енуіне байл мешіттер пайда б, жаңа құрылыс түрінің бірі шығ моншасы. 10-12 ,ғғ тұрғын үйлер бір бірімен байланысты қатар салынған үш бөлимеден тұрды. Олар қоржын үйлер д.а
VIII-XII ғасырлардағы ғылым және мәдениет. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. 1 Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.Жүсіп БаласағұнЖүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәгері.Қожа Ахмет Яссауи Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға..Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмедтің ұлы Ибраһим пірдің семьясында туған. Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба). Арыстан-Бабаның кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің, жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы - тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық діни ағымның дінбасына айналады. Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша, оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі). "Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылады. Осы кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала" (трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ). "Рисала" ислам қағидаларын түсіндіретін прозалық шығарма. Қағаздың көнелілігі мен жазылу мәнеріне қарағанда "Рисала" "Диуаниден" ерте жазылған деп ойлауға болады. Онда Мағрипат, Шариғат, Тарихат, Хакиқат ретіндегі ислам ілімінің негіздері жеке қаралады және Құран аяттарына түсініктеме беріледі.
Монғол мемлекетінің құрылуы мен Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық саясаты.) Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.
Ақ ОрдаЖетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. ХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болдыХандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен ханМүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан
Ноғай Ордасы 1 Солт.-шығ.-ғы өріс қоныстары Сібірге дейін, оңт.-шығ.-та кейде Сырдария бойында, Арал теңізінің жағасында көшіп-қонып жүрген. Негізгі көп қоныстанған жері Жайық, Еділ және Қара теңіздің шығ. жағалауы. Билік басында хан болды. Халық құрамы түрлі болды: түрік және түркіленген моңғол тайпалары мен тайпалық бірлестіктері болған. Ноғай Ордасына қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, найман, алшын, тамалар енетін. Ол этникалық-саяси бірлестік ретінде п.б. Бар байлықтары – мыңдаған мал – үйір-үйір жылқы, түйе, қой, ірі қара мал далалық ноғай ақсүйектерінің қолында болды. Сонда да формальды түрде жер-су рулық қауымдастықтың ортақ меншігі болып саналды. ХVІғ-да Ноғай Ордасы орыс мемл.-мен сауда-экон. және саяси байланыс орнатады. Ноғай Ордасының тарихы Еділ мен Қазақстандағы көрші мемл.-тер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар әсіресе көшпелі өзбектермен қазақтар тарихына айрықша жақын. Едіге ханның ұлы Нұраддин (1426-1440)жж
Моғолстан мемлекеті «Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.» Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақа алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді. Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды. Астанасы – Алмалық. Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді. 70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды. Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады. Хандары: Тоғылық-Темір (1348-1360)→ Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388) → Қызыр Қожа (1389-1399) → →Мұхаммед хан (1408-1416) →Уәйіс хан (1418-1428) → Есенбұға хан (1433-1462) → Жүніс хан (1462-1487) → →Сұлтан Ахмет (1484-1506) → Махмуд хан (1487-1508) ...... → Рашид хан (1533-1565).
Әбілқайыр мемлекеті Батысынды Жайықтан бастап, шығ-да балқаш көліне дейін, оңт-де Сырдарияның төм. Ағысы және Арал өңірінен Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді иемденді. Негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлұқтардан шыққан түрік тайпалары. Ерте орта ғасырдағы Дешті Қыпшақ, қаңлы, үйсін, қарлұқ халықтарының түркіленіп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары. Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруаш. тәжірибе машықтарын әлеум. нормамен мемл. ұйымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға мәдени жетістік алмасуына себепші болды. 1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі.
44. Қазақ халқының Белгілі Қаз-ндық тарихшы М.Ақынжанов «қазақ» сөзі «қас»(нағыз), сақ(тайпа) деген екі сөздің қосындысы дейді. Ал 982ж парсы тілінде жазылған «Худуд әл-Ғалам» атты кітапта «Алан мемл-де қасақ деген ұлыс бар»,- делінген. Біреулер оны түрік етістігі, «қаз»-ға «ғақ» жұрнағын жалғап, «қазғақ»(еркін адам) сөзін құраса, біреулер сол «қаз»-дан «үйрек» және «ақ» деген ойға қонымсыз этимологиясын жасайды. Қайткенде де «қазақ» түрік сөзі екені анық. Оның шығу түркіні қандай болғанымен әуелден еркін, ер жүрек адамдар деген мағынаны білдіреді.
Қазақ мемлекеттігінің басы. XV-XVI ғасырлар тоғысындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемл-тігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемл-те орныққан ұлыстық жүйінің тарихымен тікелей байланысты. Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. 15ғ-ң орт-нан бастап, 17ғ-ға дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Заид ад Дин «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қаз-н терминімен жетісудің оңт-бат-ғы Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қоластында болған қазақтар қоныстанған аймақтарды айтады. Әбілхайыр ханның сыртына кетуші рулар мен тайпалар Жәнібекпен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар 1-рет М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабынан көрінеді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты және өздерінің бас тартуларын Шыңғыс хан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрі мен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті-Қыпшақта билік дасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді. Дулати қазақ хандығының құрылған уақытын Хижраның 870ж (1465-1466жж) жатқызады. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске араласып кетті.
16ғ-ғы Қазақ хандығы.Қазақ хандарының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445ж шамасында туған. Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы қуаттылығына 16ғ-ң 1-ширегінде, әсіресе, Қасым ханның тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап, билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Мұрындық пен Қасымның өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорық жасады. 1510ж Мұхаммед Шайбани Сығанаққа келді, бірақ Қасым әскерінен быт-шыты шыққан жеңіліске ұшырады. Талқандалған, әрі тарыдай шашылған өзбектердің тірі қалғаны Самарқанға қашты. Сол жылдың соңында Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хораанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қасым ханның тұсында қазақ мемл-ті туралы батыс елдеріндегілер де білді. Қазақ халқының саны 1 млн-ға жетті. Қазақ хандығы Москваға елші жіберіп, өзара байланыс бастады. Қазақ хандығының терр-сы бат-да Жайыққа, солт-де Қарқаралыға дейін, солт.шығ-да Балқаш, шығысында Жетісу аймағын, оңт-де Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймағын иемденді. Қасым қайтыс болғаннан кейін, 20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Қасым ханнан кейінгі мемл-ң әлсіреуіне тойтарыс беріп, оны бұрынғы қалпына келтіру бағытында үлкен табыстарға жеткен көрнекті қазақ ханы Ақназар болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбдірашидке қарсы күресті. Сүйтіп, шығ-ғы және Жетісудің оңт-гі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да, сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдоллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты. Ақназар өзінің әкесі Қасымнаң тұсындағы қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты.
17ғ-ғы қазақ хандығы 17ғ-да қаз-ндағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феод. алауыздықтар күшейе түсті. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққы берілді. Оңт-те іс жүзінде табаққұлдың мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын Мұхаммед өзін тәуелсіз ханмын деп жариялады. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 612ж қазақ әскерлерінің Бұхара түбіне шапқыншылық жасауына жауап ретінде Иманқұл хан қазақ жерлеріне жорық ұйымдастырып Түркістан аймағын(Ашпара мен Қаратаудың шеткергі шегіне дейін) басып өтті, сүйтіп оның бірнеше қалалары мен елді мекендерін тонады. 1627ж Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірде бір жылдан соң Есімнің өзі де қайтыс болды. 1635ж жоңғар хандығының құрылуына байл-ты ойраттардың Ертіс маңына және Жетісудағы қазақ жерлерін жаулап алу қаупі арта түсті. 1644ж Жалаңтөс батыр басқарған Самарқандтық әскерлермен бірге жауға аттанған Жәңгір хан жоңғар қолдарының бірін тас-алқан етіп жеңді. 17ғ-ң 30-жылдары қонтайшы Қалданның басшылығымен жоңғар әскерлерімен Жетісу мен Оңт-Қаз-ға басып кірді. Бірнеше қазақ ұлыстары талқандалды, 9 қала жаулап алынды. Түкпе жазба материалдар солардың арасынан Сайрам, Манкент, Қараспан, Шымкент, Ташкент т.б. қалаларды айтады. Тәуке хан билік еткен кезде қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Жоңғарлардың шапқыншылығы жоңғарлардың сауда жолдарын кесіп тастады. Бейібіт халықтың шаруашылығына үлкен зиян тигізді.
XVII-XVIII ғасырлар тоғысындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның қазақ жерлерін біріктірудегі саясаты. «Жеті жарғы». 17 ғ басында билік үшін талас тартыс күшейе түсті. 1680-1718 ж қазақ хандығының хантағына Жәңгірдің баласы Тәуке отырды. Тәуке өзбилігін билер сияқты әлеуметтік тіректің көмегі арқылы нығайтуға ұмтылды. Билердің қолдауына сүйенген Тәуке хан биліккебағынбай ақсүйектер тобына қарсы батыл күрес жүргізді. Тәуке тұсында көзге түске билер маңызды мемлекеттік істерді шешкен кезде хан кеңесінде маңызды орын алды, хан төңірегіндегі билер сот міндеттерін де атқарды, Сырдария бойында Иәукенің хандық өкіметі нығайып,, Түркістан оның астансы болды. Тәуке ерекшелігі:Хандықтың боолшекьтенуі окталылып , бір орталыққа бағындырылуы, Жонгар шапрқыншылығы басендеп, тыныштық орнады, мемлекеттік курылыстын негізгі ұстанымдарын анықтайтын ЖЖ заңын жасады, көрші елдермен достык катынаста болуды коздеді. Тәуке негізгі мақсаты Хан билігін ныгайту. Билер кенесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кенесі Күлтөбеде, Битобеде откізілген. Дауды маселені шешуді билер сотына жүктеді. Тәуке Жеті жарғыны жазу үшін Көлтебенің баурайына атақты Төле би бастаған жеті билерді жинап алды. Олар Қасым мен Есім хандар ұстағ,ан ежелгі әдет ғұрып заңдарының басын құрап, Жеті жарғы деген жаңа әдет ғұрып заңдарының жинағын шығарды. Қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған ғылымға белгілі ең алғашқы заң нұсқасы осы ЖЖ болды. Ақсүйектердің артықшылық жағдайын көздеді, құн төлеу үшін адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді; Ер кісі үшін мың қой, әйел үшін бес жүз қой толенді. Сұлтанды не кожаны олтірсе жеті адамннің кунын толеу. Урлық ушін үш тогыз толеттіріп, дүре согу, әйел зорлағанды олим жазасына кесу. Тәуке хан 1686-93 ж Сібірге бес рет елшилик жиберилип, орыс катынастарын дамытты. 17 18ғғ жонгарлар жетісудын бир болігін жаулап алып, Сарысу озені алқабына дейін жетті. Үш жүздің окілдері 1710 ж Қарақұм жиынын откізді. Нәтижесінде бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстарылды. 1718 Тәуке қащзасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.
XVI-XVII ғасырлардағы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті. 16 -17 ғғ қазақ мәдениеті. Бұл ғас қазақ халқыныі өзіндік мәдениеті қалыптасты. Қ. Жалайридың Жамиғат тауарих шығармасын Б. Годуновқа тапсырды. Онда Ораз Мұхаммедтің өмірбаяны жазылған. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Мұхаммед Хайдар Дул 1546 жылы парсы тілінде жазылған Тарихи Рашиди еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. 16 ғ Усман Кухистанидің Тарихи Әбілхайыр хани еңбегі жазылды. Шах Махмудтың Тарихи шах МахмудБен мырза Фазил Чорас шығармасында Қасым хан мен Тәуекел хан тур құнды мәл жазылған. Осы кезде сонымен қатар ауыз әдебиеті де жақсы дамыды. Қобыланды, Ер тарғын, Қамбар, Алпамыс, Ер Қосай т.б. 15-17 ғғ жыраулар: Доспанбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар. ДІНІ осы ғғ ислам дінінің таралуына суфистік миссионерлер елеулі үлес қосты. Суфизмның түркі дәстүрін Яссауи таратты. Көшпелілер арасында тәңірге, табиғатқа , ата баба аруағына табыну сақталды. Отқа табыну ерекше болып, от Ана үйдің қамқоршысы болып саналды. Әр мал түліктерінің пірлері болған деп саналған. Жерлеу әстүрінде ислам діні мен Тәңірге табыну ықпалы қатар жүрді. Халықтық әдет ғұрыпты айқндайтын көптеген дәстүрлер бар: үйлену тойы, әмеңгерлік тб. Саз өнері бірнеше салаға болінеді: айтыс, терме, толғау, ән, күй, би өнері. Муз аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, асатаяқ тб. Материалдық мәд: Көш кезіде алып жүруге қолайлы тұрғын үй негізгі түрі киіз үй.
XVIIғ.-XVIII ғасырдың бірінші үш онжылдығында қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. 1726 ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Торғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүстігінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес көлінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш – қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жерді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра берді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батысқа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бірге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқаннан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде достық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйекте 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына басып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды. Қаз-н 17-18ғғ. Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайлаудың сәті түсті. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемл-к құрылымның егізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтық жеті жарғы деп аталған нормалар жиынтығы жасалынды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы 1710-1711жж, 13 және 18жж етек алды. Ал 1723ж «Ақтабан Шұбырынды» олар қазақтардың бір бөлігін этникалық терр-нан тысқары шалғайға асырып тастады. Көптеген қазақтар орта азияға қашты, мұның өзі жергілікті халықпен арадағы қатынасты ұшықтырмай қалмады. Патриархалдық-феод. қатынастардың ерекшелігі қазақ мемлекеттігі дәрежесіне кері әсер етті. Солай болғанмен Тәуке айтарлықтай күшті хан болып саналды, қазақ жүздерінің бәріне билігін жүргізген хандардың ішінен соңғысы болғанын атап көрсеткен жөн. Ол өлгеннен кейін жүздерді өздерінің хандары биледі. Олардың шыққан тегі әр түрлі. Жүздер дербес хандықтарға айналды. Олардың белгілі атаулары болған жоқ.
