
- •050721 – “Органикалық заттардың химиялық технологиясы” мамандығы үшін
- •1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұнына:
- •Қосымша:
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •Оқу процесінің барлық бақылау түрлеріне арналған күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар: «Жобалау»
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •13 Дәріс. Каталитикалық риформинг қондырғысының реакторы
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Курстық жобаның міңдеті мен мақсаты
- •Пән бойынша кустық жобанын тақырыптары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
Тапсырма 1. Технологиялық үрдістер мен қондырғылардың классификациясы, олардың унификациясы мен стандартизациясы.
Технологиялық үрдістер мен қондырғылардың классификациясы.
Химиялық зауыт және мұнай машинажасау мамандықтарына арналған шығарылатын қондырғылардың номенклатурасы.
Жобалауға арналған нормативті-техникалық құжаттама.
Химиялық машинажасаудағы стандартизация, нормализация және унификация.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Барлық технологиялық үрдістерді сипаттау және қолданылатын қондырғыларды көрсету, ТМД номенклатура бойынша шығарылатын қондырғылардың негізгі топтарын атау, жобалауға арналған нормативті-техникалық құжаттама, унификация, стандартизация және нормализация мәндерін ашу.
Әдебиеттер: 9 нег.[8-11б], 2 нег. [7-14].
Тапсырма 2. Бастапқы технологиялық мәліметтердің жеке топтары.
Өнім сапасына қойылатын талаптар.
Бастапқы шикізат бойынша мәліметтер.
Өндіріс үрдісінің технологиялық сұлбасы.
Негізгі қондырғының сипаттамасы.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Бастапқы технологиялық мәліметтердің мәнін ашу қажет: Өнім сапасына қойылатын талаптар, бастапқы шикізат бойынша мәліметтер, өндіріс үрдісінің технологиялық сұлбасы, негізгі қондырғының сипаттамасы.
Әдебиеттер: 1 нег.[35-53].
Тапсырма 3. Бас және жағдайлық жоспар.
Бас және жағдайлық жоспарды жүзеге асыру кезінде шешілетін сұрақтар.
Бас жоспар сұлбаларын бекітуді қарастыру, келісімдер, жүзеге асыру реттері.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Бас және жағдайлық жоспарларды жүзеге асырған кезде барлық сұрақтардың шешімдерін атау қажет. Бас жоспарды жобалаудың негізгі принціптерін ашу және жүзеге асыру, келісу және бекітулердің реттілігін көрсету керек.
Әдебиеттер: 5 нег.[23-52], қос.СН 245-71.
Тапсырма 4. Операциялар мен шектерді топтастыру және қондырғыларды орналастырудың кейбір нормалары.
Технологиялық принціптер.
Көліктік принціптер.
Еңбекті қорғауға талаптар.
Құрылыстық нормалар мен ережелер.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Еңбек қорғаумен байланысты жобалау кезінде, жеке аппараттар мен операцияларды топтастырудың принціптерін көрсету.
Әдебиеттер: 1 нег.[333-338], қос. СН және П 11-90-81, 3 қос. [45-68].
Тапсырма 5. Өндірістің токсикалық, өрт және жарылыс-қауіптлігінің сипаттамасы.
Өндірістің өрт қауіптілігінің дәрежелері.
Өндірістік бөлімшелер және электрқондырғыларын таңдау көзқарасымен құрылғылар.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Өрт қауіптілігінің алты дәрежесін және бірнеше класқа бөлінетін өрт қауіпті бөлімшелер мен құрылғыларын атау және анықтама беру.
Әдебиеттер: 1 нег. [350-352], қос. СН 245-71, 5 қос. [137-151].
Тапсырма 6. Химия-технологиялық өндіріске тәне өндірістік қауіп пен зияндылар.
Өндіріс үрдісі кезінде пайда болатын қауіп пен зияндылар.
Атмосфераның ластауына байланысты қауіп пен зияндылар.
Химия-технологиялық үрдістер үшін ерекше қауіп пен зияндылар.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Өндірістік қауіп пен зияндыларды тудыратын потенциялды көздерді көрсету.
Әдебиеттер: 1 нег. [425-427], 3 нег. [125-148].
Тапсырма 7. Негізгі компоновты сұлбалар мен қондырғыларды орналастыру мысалдары.
Айналмалы пештердің бөлімі.
Сұйық немесе сусымалы өнімдер үшін ыдыс қоймасы.
Цехаралық көліктік құрылыстар.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Тазалық талаптар мен нормаларды ескере отырып қондырғыларды орналастыруын көрсету.
Әдебиеттер: 1 нег.[353-386], 2 қос.
Тапсырма 8. Жарылыс-өртқауіпті және жарылысқауіпті өндірістерді жобалау.
Жарылыс-өртқауіпті және жарылысқауіпті өндірістердің негізгі объектілері мен цехтарын жобалау.
Қондырғылар мен жұмыс орындарының орналасуына негізгі талаптар.
Өндірістің токсикалық, өрт және жарылысқауіптіліктің сипаты.
Жүргізу әдісі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Қоршау және жабуға арналған түрлі құрылымдарды қолдану нұсқаларын көрсету, қабатаралықтарындағы ашық аралықтардың функциясын көрсету, газдардың жиналуына кедергі келтіретін құрылғыларын көрсету, электрқондырғыларын, аппараттарды, сыртқы құрылғылар және технологиялық қондырғының компановкасын орнатылуын көрсету керек. Тазалық нормаларына сәйкес өндірістің токсикалық, өрт және жарылысқауіптілігіне сипаттама беру.
Әдебиеттер: 5 нег.[137-147], 11 қос.
Тапсырма 9. Ауаны кондиционерлеу, жылыту және вентиляция.
Жалпы сұрақтар.
Жылыту.
Вентиляция.
Вентиляциялық жүйелерді автоматтау.
Жүргізу түрі – пренезентация.
Әдістемелік ұсыныс. Химиялық өндірістің цехтарында қалыпты санитар-гигиеналық жағдайларды құруға әсер ететін барлық шарттарды көрсету қажет.
Әдебиеттер: 15 нег. [39-52].
Тапсырма 10. Әкімшіл-шаруашылық және тұрмыстық бөлімше өлшемдер номенклатурасын анықтау.
Тұрмыстық бөлімшелердің өлшемдері, орналасуы.
Әкімшілік және кеңсе бөлімшелерінің құрамы.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Әкімшіл-шаруашылық және тұрмыстық бөлімшлердің орналасудың түрлі нұсқаларын көрсету, олардың өндірістік бөлімдермен байланысы, өлшемдері және құрамы.
Әдебиеттер: 4 нег. [18-45], 1 қос. [182-192].
Тапсырма 11. Шикізат материалдарын алдын ала ұсақтау түйінін жүзеге асыру.
Қондырғының түрін таңдау үшін шикізат материалдардың физикалық қасиеті.
Ұсақтағыш құрылғылардың түрлері, жұмыс істеу принціптері.
Материалдарды ұсақтаудың аппаратуралық сұлбалары, шартты белгіленуі.
Қондырғыны топтастырудың принціптері және ораналастыру.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Ұсақтауға ұшырайтын, топтарға бөлінетін минералды шикізаттардың физикалық қасиеттерін сипаттау және мысал келтіру керек, ұсақтауға қолданатын аппараттар түрін көрсету қажет. Материалдарды ұсақтау, үгіту кезеңдерінің, қондырғылардың шартты белгіленуімен, технологиялық сұлбаларын көрсету.
Әдебиеттер: 8 нег. [5-60]; [21]; 17 қос..
Тапсырма 12. Пневмотасымалдағыш құрылғыларын жобалау.
Пневмотасымалдағыш құрылғының тағайындалуы және жұмыс істеу принципі.
Сирек фазада пневмотасымалдағыш құрылғысын графикалық ұйымдастыру.
Тығыз фазада пневмотасымалдағыш құрылғысын графикалық ұйымдастыру.
Аралас пневмотасымалдағыш құрылғысын графикалық ұйымдастыру.
Жүргізу әдісі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Пневмотасымалдағыш жүйелердің қолдану аймағын, артықшылықтары мен кемшіліктерін, оларда материалдарды орналастыру принціптерін көрсету қажет. Құрылғыларды таңдау мен есептеу формулаларын келтіру және нормативті құжатқа сәйкес құрылғылардың технологиялық сұлбасын орындау.
Әдебиеттер: 2 нег. [135-140]; [24]; 11 қос.
Тапсырма 13. Аппаратуралық түйіндер және құбырлармен байлау.
Құбырлы пеш.
Мерзімді әрекетті реактор.
Үздіксіз әрекетті реактор.
Фильтрлеу.
Сорбцияның түйіні.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Технологиялық сұлбалардың жеке түйіндерін бөлшекті өңдеу, құбыр және арматурамен, мұнда физикалық (химиялық) үрдістердің біреуі басталып және толығымен аяқталады, байланған аппаратты немесе аппарат топтарын көрсету керек.
Әдебиеттер: 3 нег. [14-50]; 1 нег. [109-127], 18 қос.
Тапсырма 14. Шаңұстау және газдарды тазалау түйіндерін жүзеге асыру.
Циклон, жеңді фильтрлер, газдарды дымқыл тазалау аппарттардың тағайындалуы, түрлері, жұмыс істеу принциптері.
Шаңұстау, газдарды тазалау түйіндерін графикалық ұйымдастыру.
Жүргізу түрі – презентация.
Әдістемелік ұсыныс. Барлық аппараттар түрлерін қарастыру, шаңұстаудың, газдарды тазалаудың әдісі мен механизімін суреттеу, қондырғылардың кемшілігі мен артықшылығын көрсету, қондырғыны есептеудің негізгі теңдеулерін көрсету.
Әдебиеттер: 3 нег. [36-40], 1 нег. [116-117], 2 нег. [155-167], 9 нег. [83-134], 11 қос.
Тапсырма 15. Дипломдық жобаның графикалық бөлігін ұйымдастыру.
Сызбаларға қойылатын жалпы талаптар.
Өндірістің технологиялық сұлбасы, бақылау нүктесі және басқару.
Негізгі аппараттардың сызбалары.
Құрылыстық-монтажды сызбалар.
Техника-экономикалық көрсеткіштердің таблицасы.
Жүргізу түрі – презинтация.
Әдістемелік ұсыныс. Нормативті құжаттамаға сәйкес барлық сызбалардың орындалу ретін көрсету, машина мен аппараттарды номерлеу ретімен технологиялық сұлбаны ұйымдастыру, жазбаларға, ұстанымға және техникалық шарттарға сәйкес жалпы түрдегі сызбаларды ұйымдастыру, аппараттардың бөлшектер мен саймандар спецификациясын құру.
Әдебиеттер: 1 нег. [328-329]; 5нег. [100-181], 19 қос.