Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОПиОП.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

13 Дәріс. Каталитикалық риформинг қондырғысының реакторы

Каталитикалық риформинг қондырғысының реакторында құрамында қалыпты құрылымдағы нафтенді және парафинді көмірсутектері бар бензин фракциясының ароматты көмірсутектері мен жоғарыоктанды изопарафиндермен байытылған өнімге айналуы өткізіледі. Каталитикалық риформингке негізінде платиналық катализатор қолданылады (0,5%-0.6% (масс) платина Al2O3-нің беткі қабатына жағылған). Сонымен қатар молибден оксиді ретінде болып келетін Мо катализаторын қолданады. Ол да Al2O3-нің беткі қабатына жағылған.

Реакцияны сутегі ортасында жүргізеді. Сутегінің жоғары дәрежеде болуы гидрирлеу реакциясының интенсификациялануына әсер етіп, сонымен қатар катализатордың кокстелуіне кері әсер етеді. Платиналы катализатордың беті біртіндеп кокс пен күкіртті қосылыстармен жабыла бастайды және активтілігін жоя бастайды. Регенерациялы 1 МПа қысымда кокс пен күкіртті қосылыстарды инертті газ бен ауа қосылыстарымен жағу арқылы жүргізеді. Жағуды 300-500°С температурада жүргізеді. Реакторлы блоктар үш және одан да көп реакторлардан тұрады. Бір қабат катализатормен толтырылған адиабаттық реакторлар-босденелі аппараттар – негізгі реакциялы аппараттар болып келеді. Және де полистропиалық реакторларда кездеседі. Олар адиабаттық секциялардан құрылған көпқабатты аппараттар.

Газды шикізат ағыны адиабаттық реакторларда 2 бағытта қозғалады: оксиалды – жоғарыдан төмен, радиалды – перефериядан ортасына қарай (булы-газды шикізат ағыны үшін).

Аппараттар – ішіне катализатор салынған сфералық түбі бар вертикалды цилиндр қалпында болады. Шетелде практикада сфера қалпындағы реакторлар кездеседі. Реакторлардың корпусының іші металл шыдамды болу үшін ыстыққа төзімді бетонмен қапталған. Реакторларды ішкі қаутаусыз көміртекті жоғары молекулалы болат немесе екіқабатты болаттан дайындайды (негізгі қабатты – хромомолибден болат, ішкі қабаты – тотбаспайтын болат).

Суретте адиабаттық реактор көрсетілген. Шикізат үстіңгі штуцерден беріледі.

Дизель отындарының гидротазалау қондырғыларының реакторлары. Дизель отындары каталитикалық гидротазалау олардың құрамындағы күкірттің 0,2%-ке шейін төмендету үшін қолданылады. Гидротазалау 2-5 МПа қысымда, 360-425°С температурада құрамында сутегісі бар газдың қатысында өткізіледі. Гидротазалаудың тереңдігі процестің температурасы мен қысымның көтерілуімен және сутегісі бар газдың циркуляциясының жиіленуімен жоғарылайды. Катализаторлары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ негізінде Al – Co – Mo катализаторы көбірек қолданылады.

Реактор темір бетонды постаменттерге сәйкес өз ағыны арқылы катализатордың жүктеуін қамтамасыз ететіндей орналастырады. Олар күкірт пен кокстың мөлшеріне байланысты 48-68 сағатқа созылатын регенерацияға раналған.

Суретте дизель отындарын гидротазалау қондырғысының политропиялық реакторы көрсетілген (көпқабатты, көпсекциялы). Диаметрі 1400 мм және биіктігі 15910 мм эллиптикалық түбімен. Корпустың қалыңдығы 40 мм екіқабатты болаттан дайындалған. Футировка қалыңдығы 125-200 мм ыстыққа төзімді торкрет-бетоннан дайындалған. Температураның 200°С көтерілуі. Берілген бөліктегі қабырғаның фетировкасының термияға тұрақтылығын бұзады. Кокстелген катализатор 12 м3 мөлшерде 450 мм-ге жоғарғы люк арқылы жүктеледі. Берілетін шикізат жоғарғы штуцер арқылы барлық бағытта тегіс таралады. Одан соң механикалық қоспаны ұстау үшін фильтрациялық қондырғыдан өткізеді.

Гидрокрекингтің реакторлары. Ауыр мұнай дистилляттарының гидрокрекингісін 15 МПа қысымы және температурасы 450°С-гі стационарлы қабатты катализаторы бар реакторларда өткізіледі. Бұл вертикалды цилиндрлі аппарат. Ұзындығы бір фильтрациядан және бірнеше реакциялық зоналардан құралған. Мұнай дистилляты сутегі қоспасымен жоғарыдан төмен фильтрациялық зона арқылы келеді. Бұдан кейін басқа реакциялық зоналардан төменгі штуцерге қарай келеді. Контакт зонасының конструкциясы булы газ бен сұйық фазаның тең таралуын қамтамасыз етеді. Аппараттың корпусы көпқабатты және ішкі жағы ыстыққа төзімді торкрет-бетонмен қапталған (катализатор регенерациясында қабаттың температурасы 560°С-қа дейін көтеріледі). Барлық ішкі қондырғылары және катализаторлар болаттан жасалған стаканның (гильза) ішіне орналастырылған 12х18410Т. Стакан мен аппараттың қабырғасының арасындағы дөңгелек кеңістік сутегімен үрленеді.

Күкірт қышқылды алкилдеу қондырғысының контакторы. Алкилдеу процесін бензиннен жоғарыоктанды компоненттер алу үшін қолданады. Алкилдеу реакциясы төменгі темепратура мен қысымда жүреді. Катализатор ретінде 96-100% H2SO4 қолданылады. Алкилдеу процесі өту үшін реакция зонасында көмірсутек фазасы мен катализатордың шапшаң әрекеттесуі қажет.

Реакция кезінде бөлінетін жылу ортаның температурасын 7-10°С ұстап тұру керек. Контактор 1 МПа қысымға есептелген цилиндрлік корпустан, ішкі қабықтан, мұздатқыштың трубасынан, суытқыштың таратушы камерасынан, насостан және осы насосқа келтіргіштен тұрады. Мұндай реакторларды металл жасайтын орындарда орналастырады. Аппараттың жоғарғы бөлігі әдетте сырқа шығып тұрады. Негізгі өлшемдері Н=11730 мм, диаметрі 2140 мм.

Артық жылуды айдап тастау үшін әдетте сұйық аммиак немесе пропанды қолданады. Хладагент тарататын камераға жоғарыдан беріледі. Ішкі трубадан сырқы трубаға дейін өтеді және алынған жылу есебінде буланады, трубалар арасынан қабырғаның камерасына көтеріледі. Осы жерден штуцер арқылы компрессорға беріледі. Қазіргі кезде вертикалды контакторлар қолданылмайды. Олардың орнына горизонтальды реакторлар қолданылады. Олар U – тәрізді трубалар суытқышы бар және де каскад тәріздес реакторлар.

Шикізат реакторға төменнен беріледі және циркуляция есебіне жоғарыға көтеріледі және катализатормен араласады.

1 – шикізат; 2 – қышқыл; 3 – изобутан; 4 – компрессорға жүретін линия; 5 – өңделген қышқыл; 6 – өнім шығуы.

Әдебиеттер: 6, 7, 8 нег.; 6 қос.

Бақылау сұрақтары:

Ұсақталатын материалдардың қасиеттері.

Ұсақтағыштар, олардың жұмыс істеу принціпі және ұсақтау ірілігі бойынша ажыратылуы.

Кинематикалық ерекшеліктеріне байланысты беттіғ ұсақтағыштардың тобы.

Конусты ұсақтағыштардың түрі мен сипаты.

Белдік ұсақтағыштардың, соққы әрекетті ұсақтағыштардың, барабанды шар тәрізді диірмендердің классификациясы, жалпы мәліметтері.

Жұмыс мүшелері қозғалысының жоғарғы жылдамдықты, ерекше жұмсақ ұсақтауға арналған диірмендердің жалпы мәліметтері.

Іріктеу үрдісінің негізі мен тағайындалуы.

15 – дәріс. Дипломдық жобаны ұйымдастыру.

Дипломдық жобамен жұмыс практика кезеңінде басталады. Студент дипломдық жобаның мазмұны мен көлеміне қойылатын талаптарын шығару мақсатында, дипломдық жобаның программасымен мұқият танысуы керек. Төменде дипломдық жобалау программасының мысалы келтірілген.

Дипломдық жобаның көлемі. Дипломдық жоба екі бөліктен тұрады: есепті-түсініктемелік хат және графикалық бөлік.

Есепті-түсініктемелік хат 120 – 150 бет қолдан жазылған мәтіннен артық болмауы және келесі бөлімдерді қамтуы керек:

1)жобаланатын өндіріс құрылысының ауданы мен зауыт қуатының дәйектемесі;

2)технологиялық бөлік;

3)жылутехникалық бөлік;

4)өндірісті және бақылауды автоматтау бойынша бөлім;

5)құрылыстық бөлік;

6)техникалық кауіпсіздігі бойынша шаралар туралы бөлім;

7)экономикалық бөлік;

8)қолданылған әдебиеттердің тізімі.

Жобаның графикалық бөлігі келесіні қамтуы керек:

1)зауыттың бас жоспарының схемасы (масштаб 1:500 – 1:1000) – 1 парақ;

2)өндірістік корпустардың жоспары, кейде цехтардың қабат бойынша жоспары (масштаб 1:200 – 1:800) – 1-2 парақ;

3)көлденең қима (масшатб 1:50 – 1:400); көлденең қиықтар (масшатб 1:50 – 1:400) – 2 парақ;

4)цехтің біреуінің негізгі технологиялық агерегатты автоматтандырудың сұлбасы;

5)ерекше тапсырма – 1парақ.

Сызбалар стандартты өлшемді парақтарда (576х814 мм) орындалады.

Егер үлкен өлшемді парақтарды пайдалану қажеттігі туатын болса, онда сызбаларды МЕСТ 2301-68 – ге сәйкес ұзындықтарға үлкейту керек. Сызбалар әрекет ететін МЕСТ-та көрсетілген ережелер бойынша орындалады.

Ескерту . 1. көлденең және көлденең қималар мен цех жоспарының мөлшерін дипломдық жобаның жетекшісімен орнатылады.

  1. сызбалардың саны 6-дан кем болмау керек.

Есепті-түсініктемелі хаттың мазмұны. Технологиялық бөлік.

  1. шикізат кен орнының сипаттамасы. Шикізат материалдар кенінің шарттары, пайдалы қазбалардың қуаты, кеннің топографиялық және гидрогеологиялық шарттары, пласт кендері;

  2. шикізат материалдарының сипаттамасы. Физикалық қасиеті, минералдық құрам, химиялық құрам, жайылу және қалыңдық бойынша тұрақтылық құрамы, қабаттың болуы, қосындылар;

  3. таңдап алынған шикізат материалдардың технологиялық бағасы.

  4. жобада қабылданған өндіріс әдісінің дәйектемесі.

  5. шикізат қоспасын есептеу. Есептеу қасиеттері берілген өнімді алуды қамтамасыз етуі керек, ал шихта өндірістің қолайлы шарттарына жауап беруі керек.

  6. зауыттың материалдық балансы. Жеке цехтар мен зауыт бөлімдерінің жұмыс режимі, зауыттың материалдық балансын есептеу (жылдық), бөлімдердің материалдық балансы (тәуліктік, сағаттық);

  7. өндірістің технологиялық сұлбасы. Цех және зауыт ішіндегі көліктерді кіргізу арқылы, өндіріс сұлбасының толық суреттемесі. Өндіріс сұлбасы мен қабылданған , технологиялық және экономикалық жақтарымен, технологиялық қондырғының дәйектемесі.

  8. технологиялық және көліктік қондырғыны есептеу мен оны каталог бойынша таңдау. Берілген технологиялық операцияда қажетті өнімділікті қондырғыны материалдық баланс бойынша анықтау, қондырғыны каталог бойынша таңдау, бір түрдегі қондырғының санын анықтау. Қондырғының сипаттамасы және оның өнімділігін тексерістік есептеу. Қойманың сыйымдылығын есептеу және механизация сұлбасының дәйектемесі, сақтауға қажетті шикізаттың, отынның, қосындылардың мөлшерін есептеу. Қойманың түрін таңдау және оның өлшемдерін анықтау, қойма қондырғыларын таңдау және есептеу.

Құрылыстық бөлік:

1. жобаланатын өндірістік цехтар ғимараттардың сызбаларын, сонымен қатар бас жоспардың сұлбаларын графикалық ұйымдастыру (бұл бөлімде өзінідік графикалық бөлігі жоқ, және құрылыстық бөлік бойынша барлық графикалық жұмыстар технологиялық бөлік сызбаларында орындалады).

2. «құрылыстық бөлік» деп аталатын жалпы түсініктемелік хаттағы бөлім. Түсініктемелік хаттағы «құрылыстық бөлік» бөлімінде келесі сұрақтар болуы керек: құрылыстың климаттық шарттары; зауыт құрылысы үшің алаңды таңдаудың дәйектемесі; топографиялық шарттар, инженерлі-геологиялық шарттар (грунтқа жіберілетін күштер, грунттың қату тереңдігі, грунт суларының деңгейі және т.б.); басжоспар шешімінің суреттемесі; қабылданған негізгі өндірістік цехтар ғимараттарының құрылымдары; ғимараттың кубатурасы.

Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы профилактика бойынша шаралар. Техника қауіпсіздігі, өндірістік тазалық және өртке қарсы техника шарттары, өндірістің бас жоспарын жобалау кезінде, өндірістің максимал механизация, автоматизациясы мен қондырғының герметикасын ескеру арқылы технологиялық үрдісті жүзеге асыру кезінде ескерілу қажет. Н102 – 76 және Н101 – 71 өнірістік кәсіп орынды жобалаудың тазалық нормалары мен өртке қарсы қарастырылған қашықтықты сақтай отырып, қондырғыны орналастыруға ерекше көңіл бөліну керек. Көрсетілген талаптарды орындау жөндеу-монтаждық жұмыстарды жүргізу мен өндірістік үрдістерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

Жылутехникалық бөлік.

  1. айналмалы немесе шахталы пештерін жылулық есептеу (пештердің жылу балансы; жалпы және жеке аймақтардың өлшемдерін анықтау; күйдіруге кеткен отынның шығыны); буландыру камерасын жылулық есептеу.

  2. үлкейтілген көрсеткіштер бойынша кептіру қондырғыларын есептеу.

  3. үлкейтілген көрсеткіштер бойынша материалдарды бір мезгілде үгіту мен кептіруге арналған диірмендерді есептеу (шикізат немесе көмірді үгіту үшін).

Бақылау мен өндірісті автоматтандыру.

  1. өндірісті бақылауды автоматтандыру.

  2. технологиялық үрдістерді автоматтандыру.

Электротехникалық бөлік. Қондырғылардың приводына арналған электрқозғаушының қажетті қуатын есептеу және оны каталог бойынша таңдау. Электрқозғаушылардың тізімін құру және олардың қуаттарының қосындысын анықтау. Күш және жарықтандыру энергияларының жалпы қажеттілігін анықтау. Электрқозғауышты қосудың максималь және орташа коэффициентін анықтау. Шығарылатын өнімнің бірлігіне электрэнергияның шекті шығынын есептеу.

Экономикалық бөлік.

  1. құрылыс аудан мен зауыт қуатының экономикалық дәйектемесі. Жобаланатын объект өнімінің мәні. Зауыт жобаланатын аймақтың экономикалық жағдайы, оның болашақ дамуы. Тұтыну аудан және жобаланатын зауыт өніміне сұраныс. Зауыт құрылысының мүмкінділігін анықтайтын экономикалық факторлар (шикізат базасының, отынның, сумен және электрмен жабдықтау көздерінің, көліктік байланыстарының болуы, жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі).

  2. жұмыс күшінің, қызметекрелердің және еңбек ақы қорының санын есептеу.

  3. зауыттың құрылысына кететің үлкен шығындар.

  4. өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау (баға кесу).

  5. техника-экономикалық көрсеткіштер (шикізат материалдардың, отындардың шекті шығындары; электрэнергиялар; электр қаруландыру, бір жұмыскерге шығару, қуат бірлігіне үлкен шығындар).

  6. жобаланатын зауыттың техника-экономикалық көрсеткіштерін әрекет ететін ұқсас кәсіп орындармен салыстыру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі. Түсініктеме хаттың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келесі формада берілуі керек:

Кітаптар үшін: автордың тегі және аты-жөні (инициалы), кітаптың аты, баспа, шығару жылы, беттер.

Журнал мақалалары үшін: автордың тег және аты-жөні, журналдың аты, шығару жылы, том, номер, бет.

Жобамен жұмыс жүргізуді ұйымдастырылу. Диплом алдындағы практика программасы студент жұмысын дипломдық жобаға материал жинау бойынша бағыттайды және ұйымдастырады. Студент әдеби көздермен өзіндік жұмыс кезінде, бір мезгілде қозғалған сұрақтың көлемі мен нақты тапсырманың мазмұны бойынша өзінің білімін кеңейтіп тереңдетуі керек. Солай сияқты, студент диплом алдындағы программаға сәйкес жүргізілетін жобаға материалдарды жинаумен қатар, бір мезгілде қажетті әдебиеттер тізімімен қолдану арқылы әдеби материлдармен жұмысты орындауы керек. Практиканың соңында дипломантта дипломдық жобаны орындаумен байланысты барлық сұрақтар бойынша қажетті білімдер болуы керек. Бұл білімдер практика материалдарына және сәйкесінше әдебиеттерді өз бетінше терең зерттеуне негізделуі керек.

Диплом алдындағы практикаға жолдаманың алдында студентке берілетін дипломдық тапсырмада, жобаланатын зауыт құрылысының аймағы, өндіріс әдісі және агрегат түрі (ұзын айналмалы пештер, циклонды жылуалмастырғыштары бар пештер, шахталы пештер және т.б.) туралы сілтемелер және т.с.с. болуы керек, сонымен қатар зауыттың көрсетілген қуатын анықтайды. Бұл сұрақтар жобалауға тапсырмада қаралған болса да, есте сақтау керек, олар аймақтың экономикасын, шикізат базасы туралы материалды және құрылыс алаңы туралы мәліметтерін зерттеу негізінде студентпен негізделуі керек.

Құрылыс аудан мен зауыттың көрсетілген қуатының дәйектемесі. Бөлім саланың алдында тұрған жалпы міндеттер негізінде; өнеркәсіп дамуы бойынша міндеттер негізінде; берілген аймақтың болашақ даму анализі негізінде; материалды шығару және тұтыну туралы, осы өнімді тұтынудың болашақ кеңеюі туралы мәліметтер нәтижесі негізінде; шикізат базаларының мүмкіндіктер, отынмен жабдықтау, электрмен жабдықтау, көліктік байланыс түр мүмкіндіктері негізінде құрылады.

Зауыттың шикізаттық базасы. Бөлімге шикізаттың кер орны мен сипаттамасы кіреді. Кен орынның сипаттамасының құрамында аймақтың геологиясы туралы, кен орынның литологиялық қиығы туралы қысқаша мәліметтер, пайдалы қоспалары мен зиянды қоспалардың біртектілігі туралы, пайдалы қазбалар қоры туралы мәліметтер, таулы жұмыстарды ұйымдастыру және әдістері туралы келтірілген мәліметтер кіреді. Шикізат сипаттамасына шикізат материалдарының химиялық сипаттама туралы мәліметтер (жеке компоненттердің болудың тербеліс шектері, кен орын немесе кен орынның аймақтары бойынша пайдалы қазбалардың орташа өлшенген құрамы), технологиялық мәліметтер – жыныстың беріктігі, гранулометриялық құрам, ылғалдылық, үгітуге кеткен энергияның шекті шығындары, кен орынның шикізаттық компоненттің негізіндегі шикзат қалдығының мүмкін ылғалдылығы кіреді. Бөлім студенттің, тапсырмамен көзделген өнімнің өндірісі үшін, шикізатты пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындылармен аяқталады.

Өндірістік алаң туралы мәліметтер. Бұл бөлімге алаңнын бедері туралы, грунт, климат, сулы ресурстар туралы, құрылысқа алаң мен кен орынның өзара орналасуы туралы немесе алаңның мүмкін болатын нұсқаулар туралы мәліметтер кіреді.

Жиналған материалдарды анилиздеп және оларды түсіндіру арқылы студент қорытынды жасайды, ол жобаның негізіне қаланады. Құрылыс аудан дәйектемесі мен шикізат туралы мәліметтер материалдары жобаға түсініктемелік хаттың бірінші және екінші бөлімі болып табылады. өндірістік алаң туралы материалдар «құрылыстық бөлік» бөліміне кіреді.

«Құрылыс аудан дәйектемесі» бөліміндегі қорытындыны студент жобаның экономикалық бөлігі бойынша консультантпен ақылдаусуы керек; өндірістік алаң бойынша материалдарды – жоба жетекшісі мен құрылыстық бөлік бойынша консультантпен. Шикізат, отын қасиеттерінің анализі, жобаланатын зауытты технологиялық сумен, қажетті өнімділікпен қамсыздандыру, сонымен қатар зауыт қондырғыларын шығару жоспарын ескеру негізінде , өндіріс әдісі дәйектеледі және негізгі технологиялық агрегат таңдалынады – күйдіру пеші және т.б.

Жобада қабылданған өндіріс әдісі мен қондырғы түрі дәйектемесі түсініктемелік хаттың келесі бөлімі болып табылады. Бөлімде өндіріс әдістері мен қабылданған агрегат тиімділігінің дәйектемесінің салыстырулары болуы керек. Өндіріс әдісін таңдағаннан кейін, технологиялық сұлбаның қаңқасын жүзеге асыруға кіріседі. Технологиялық сұлба жобаның жетекшісімен келісілуі керек. Жобаға түсініктемелік хаттың ішіне арнайы «технологиялық сұлбаларды жүзеге асыру» бөлімі кіргізіледі, мұнда қабылданған нұсқалар дәйектемесіне сәйкес сұлбаның толық түсіндірмесі келтіріледі.

Материалдық балансты жүргізу үшін қоспаның құрамына негізделген шығын коэффициенттері, сонымен қатар күйдіруге, кептіруге және басқа да технологиялық қажеттіліктерге отынның шығындары туралы мәліметтер қажет.

Зауытты жобалау кезінде жобаның маңызды бөлімі ретінде, шикізат компоненттерінің арасындағы қатынасты анықтайтын, олардың саның орнататын және қоспаларды түзету туралы маңызды нұсқаулар беретін шикізат қоспасын есептеу болып табылады.

Келесі саты негізгі агрегаттардың (кептіргіш барабандар, кептіргіштер, пештер) жылулық есептерін орындау болып табылады. Жылутехникалық есептердің нәтижесі жылутехникалық бөлік бойынша консультантпен келісіледі.

Нақтыланған мәліметтер негізінде сағаттық, тәуліктік және жылдық резервте зауыт бойынша баланс құрылады. Өндірістік цехтардың жұмыс режимін анықтап және материалдық балансты құрғаннан кейін студент негізгі және қосымша қондырғыны есептеуге және таңдауға кіріседі.

Қондырғыны таңдау және есептеуді аяқтағаннан кейін, цехті жоспарлау мен қондырғыларды орналастыруға кіріседі, бір мезгілде бас жоспарға қойылған талаптарды ескере отырып құрылыс пен ғимараттардың құрылымы мен түрлері туралы сұрақтарды шешіп отырады. Дипломант жобаның графикалық бөлігінде жобалау, қондырғыларды орналастыру және құрылыстық бөлік бойынша қабылданған сұрақтарды ұйымдастырады. Техника қауіпсіздігі сұрақтары дипломантпен қондырғыны таңдау, цех пен бас жоспарды жобалау бойынша бөлімдерді орындау кезінде қайта өңделеді.

Жобаның аяқталушы бөлігі, оның техника-экономикалық бөлігі болып табылады.

Техника-экономикалық бөлікті жобалау, жобалау құрамына кіретін объектілердің тізімін құрудан және жобаланған объектіге кіретін құрылыс ғимараттарын салу құнының сметасын орнату үшін жұмыс көлемін анықтаудан басталады.

Сметті құнын анықтау, үлкейтілген сметті нормалар негізінде, сонымен қатар ертеректе жолбаланған сондай объектілердің сметті құны бойынша немесе бұл құрылыстың типті жобаларындағы смета бойынша жүргізіледі.

Объект тізімінде көрсетілген барлық құрылыс құнын анықтаған кезде, алдында құрылған спецификация бойынша негізгі және қосымша қондырғыға қондырғы мен оның монтажының құны анықталады (қондырғының құны көтерме бағалар анықтамасы бойныша немесе 1т қондырғының орташа құны бойынша үлкейтілген есептеулер негізінде).

Барлық қондырғының және оның монтажының құнын анықтағаннан кейін, жобаланған объектілерінің толық құнын сметті-қаржылық есептеу құрылады және 1т өнімге шекті шығындарды анықтайды.

Жоспардың техника-экономикалық бөліктің келесі кезені ретінде, зауытқа қызмет көрсету үшін қажет адамдардың келуін анықтау мән олардың сандық тізімі, еңбек ақысының, оған еңбек өнімділігін есептеу, қорын анықтау болып табылады. Еңбек ақысының қорын анықтау жылдық резервте жүргізіледі. Отынға, электрэнергиясына және қосымша материалдарға көтерме бағалар анықтамасы бойынша, 1т өнімнің өзіндік құн калькуляциясын (баға кесу) құру үшін, олардың өзіндік құны орнатылады.

Жобаның техника-экономикалық бөлігінің соңғы кезеңі жобаланған объектілердің техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау болып табылады, олардың тиімділігі туралы соңғы қорытынды үшін, олар (көрсеткіштер) ұқсас немесе нормативті көрсеткіштермен салыстырылады.

Әдебиеттер: 2 нег. [320-328]; 10, 11.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дипломдық жобаның көлемі.

  2. Есепті-түсініктемелік хаттың мазмұны.

  3. Жобамен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

  4. Дипломдық жобаның графикалық бөлімінің мазмұны.

  5. Дипломдық жобаға тапсырма мазмұны.