
- •Курстық жұмыс. Тақырыбы: « Инвестициялық саясат: мәні, жүзеге асыру формалары»
- •Алматы 2012 жоспар:
- •1.1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
- •1.2. Инвестициялардың жіктелуі.
- •2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
- •7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- •8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
- •1.3. Инвестициялық институттар мен шетел инвестицияларды тарту ерекшеліктері.
- •2.1. Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері және қолдау.
- •2.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Негізгі капиталға инвестициялардың тартылу индексі (тұрақты бағалар бойынша)
- •2.3 Инвестициялық климат, шетел капиталы мен инвестицияларын тарту факторы ретінде.
- •2. Мемлекет реттемейтін факторлар.
1.2. Инвестициялардың жіктелуі.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
инвестициялардың түрлері;
ақша құралдарын салу объектілері;
инвестицияландыруға қатысу сипаты;
инвестицияландыру кезеңі;
меншік түрлері;
инвестордың қатысу түрлері;
тәуекел дәрежесі;
ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
жерді, суды, ресурстарды, үйлерді падалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау” емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаларға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
ұзақ мерзімді, бұның ұзақтығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;