
- •Курстық жұмыс. Тақырыбы: « Инвестициялық саясат: мәні, жүзеге асыру формалары»
- •Алматы 2012 жоспар:
- •1.1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
- •1.2. Инвестициялардың жіктелуі.
- •2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
- •7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- •8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
- •1.3. Инвестициялық институттар мен шетел инвестицияларды тарту ерекшеліктері.
- •2.1. Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері және қолдау.
- •2.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Негізгі капиталға инвестициялардың тартылу индексі (тұрақты бағалар бойынша)
- •2.3 Инвестициялық климат, шетел капиталы мен инвестицияларын тарту факторы ретінде.
- •2. Мемлекет реттемейтін факторлар.
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Экономика және бизнес факультеті.
Экономикалық теория кафедрасы.
Курстық жұмыс. Тақырыбы: « Инвестициялық саясат: мәні, жүзеге асыру формалары»
Орындаған: Ныгыметова А.М.
Экономика және бизнес факультеті.
Қаржы 1-топ
Ғылыми жетекші: Айтуғанова З.Ш.
э.ғ.к. аға оқытушы.
Алматы 2012 жоспар:
Кіріспе............................................................................................................3-4
І тарау. Инвестициялық саясаттың жалпы сипаты………………….4-18
1.1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері……4-8
1.2. Инвестициялардың жіктелуі...................................................................9-11
1.3.Инвестициялық институттар мен шетел инвестицияларды тарту ерекшеліктері………………………………………………………………...11-18
ІІ тарау. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу барысындағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері……………19-44
2.1. Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері................................19-26
2.2.ҚР инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері.....................................................................................................26-38
2.3. Инвестициялық климат, шетел капиталы мен инвестицияларын тарту факторы ретінде……………………………………………………………...38-44
Қорытынды………………………………………………………………….45
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................46
КІРІСПЕ.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
инвестицияның жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу;
инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау;
экономикалық саясат либерализациясының ұлғаюымен ынталандырылатын, технологиялық процесс пен бәсекенің қозғаушы күші болатын глобализация кезінде бүгінгі әлемдік инвестициялардың түр-сипатын анықтау;
Қазақстан Республикасында инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін анықтау
Жағымды инвестициялық саясат жүргізудегі инвестицияларды институттардың жиынтық жұмысына шолу жасау;
Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды қарастырып, анализ жасау.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттағы басты мақсаты – ұлттық мүдделерін сақтай отырып шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру мен шетелдік және отандық инвестицияларды экономиканың басым салаларына тарту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсаттан туындайтын Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және «қоржындық» инвестицияларды тарту болып келді.