
- •Жас урпакка тарбие жане былым берудегы Казакстан тарихы курсынын манызы мен орны.
- •Тас дауырындегы Казакстан.
- •Кола дауырындегы Казакстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер.
- •Казакстан жерындегы сактардын тайпалык одагы
- •Гундардын тайпалык одагы. «Улы коныс аудару»
- •Уйсындер жане канлылар тайпалык одактары.
- •Турык,Батыс Турык жане Тургеш каганаттары. (үі-үііі ғ.Ғ)
- •Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(үііі-хі ғ.Ғ)
- •10. Онтустык Казакстанды арабтардын жаулауы жане Казакстанда ислам дынынын тарала басталуы.
- •Карахан аулетынын мемлекеты. Саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы, шаруашылыгы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар улыстары.
- •Кыпшак хандыгы: саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы,шаруашылыгы
- •Казакстан монгол жаулаушылыгы дауырынде.
- •Алтын Орда: саяси тарихы, алеуметтык-экономикалык дамуы.
- •Ак Орда жане онын Казакстан тарихында алатын орны
- •Ногай Ордасы.
- •Моголстан мемлекеты.
- •Абылхайыр хандығы (Кошпелы озбектер мемлекеты).
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Казак хандыгынын курылуы мен ныгаюы.Керей мен Жаныбек,Бурындык хандар.
- •Хyi г. Казак хандыгы.Касым,Хакназар,Тауекел хандар.
- •Хyiі г. Казак хандыгы.Есым,Жангыр,Тауке хандар
- •Жеты – Жаргы – Казак халкынын адет – гурпы заңдар жинагы.
- •Хyiii г басындагы Казакстаннын алеуметтік – экономикалык жане саяси жагдайы.
- •«Актабан шубырынды, Алкакол сулама» Казак халкынын жонгар баскыншылыгына карсы азаттык куресы.
- •Кышы жане Орта жуздын Ресей бодандыгын кабылдауы.
- •Хүііі г. Казакстандагы Ресей империясынын отарлау саясаты.
- •Абылай ханнын мемлекеттык кызметы.
- •Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.
- •ХiХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».
- •Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1863-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі.
- •Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы (1918 – 1920жж). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақ акср – нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеудің іске асырылуы.
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақстандағы сациалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; қорытындысы мен зардаптары.
- •Ксро құрамында КазКср-нің құрылуы.
- •Ересектер арасында сауатсыздықты жою
- •Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері. (1941-1945 ж ж.)
- •Қазақстан - майдан арсеналы.Ғылым мен өнер майданға (1941-1945жж). Қазақстан - майдан арсеналы
- •1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •[Өңдеу]Көтеріліс хронологиясы
- •[Өңдеу]Тарихи маңызы
- •1945-1991 Жж Қазақстанның мәдени өмірі.
- •«Қазақ кср- нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы». 25 қазан 1990ж Қазақ кср-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)
- •Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.) Тәуелсiздiк кезеңі
- •[Өңдеу]Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Турык,Батыс Турык жане Тургеш каганаттары. (үі-үііі ғ.Ғ)
Қаз. Жерінде YI ғасырда құдіретті держава билеушілері ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этнонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында. Қытайдың Вэй князьдігіне солт. Бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап, жайлы жазылған. 546ж. тирек тайпалары қазіргі Монголияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерде үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемл. Орнында олар Түрік мемл. Құрады. Бұл этникалық әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 ж. көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасайды, күйретеді. Анағұй өзін өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш құатын да, барлық иелектерін алады. 553 ж. Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара Еске отырады. Оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға тусуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы, Түрік қағ. Екі дербес қағанатқа Шығыс, Батыс бөлінуі 603 ж. аяқталады.
Батыс т. Қағ. Шығыс түрік қағанатының біршама саяси тәуелділікте болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған. Орталығы Суяб, террит. Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алған. Қатар Түрік қаған. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар Ябғу, шад және елтебер қаған руының өкілдері тиеселі еді. Сот қызметтерін атқарған. Бектер тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті ақсүйектер сословиесінің басты тірегі.
Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(үііі-хі ғ.Ғ)
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).
Мемлекеттің құрылуы
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябтыбасып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу жәнеМауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»
Қимақ қағанатының құрылуы
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
Саяси тарихы
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар БатысҚазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук жәнеүшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісудытастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері жәнеЖетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады. Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған.
Огыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.[4]