Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaxtan_tarikhy (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.

ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ: ӨРКЕНДЕУДІҢ ӨРЕЛІ ӨРІСІ

Президентіміз Н.Назарбаев 1997 жылғы қазанда 2030 жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стартегиялық бағдарламаны ұсынғаны баршамызға аян. Елбасы сол бағдарламаны жүзеге асыруда өткен жылдардағы атқарылған істерге баға беріп, болашақ атқарылар істің нақты нысандарын көрсетіп берді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44- бабының 1 тармағына сәйкес, Елбасымыз елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы өз халқына жыл сайын жолдауын арнайды.

«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы тек Қазақстандықтардың ғана емес, күллі әлемдік қауымдастықтың да ойынан шыға алғаны азаматтарға мәлім.

Қазақстан Республикасының стратегиясын 2030 жылға дейін белгілеген халыққа арнаған жолдауында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистралі қандай болуы тиіс, соны анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек. Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс анықтау, тиісті стратегияларды таңдау, осы жолмен жүру кезінде күш-жігеріміз бен төзімділігімізді көрсету арқылы біз өзімізді құр сенделуден, қуатымызды, уақытымызды және ресурстарымызды бекер жұмсаудан сақтап қаламыз» деп нақтылап көрсетті.

“Қазақстан-2030” бағдарламасы қабылданғаннан бері 15 жылдан астам уақытты артқа тасталды. Кешегі мен бүгінгіні салыстырсақ, арада үлкен айырмашылық бар. Мұны заман ағымына көзі жіті, көңілі жүйрік маманданған экономикалық сарапшылар ғана емес, бүкіл ел, бұқара халық сезеді.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған республикалар арасында абдырап қалған республикалардың бірі Қазақстан болғаны ақиқат.

Сол уақыттарда халықтың санасында, «Қалай ел боламыз, кімге сүйенеміз, кімге сенеміз деген сұрақ көтерілді. Өйткені бұрынғы Одақтағы экономикалық байланыстардың үзілуіне, шаруашылық жүргізу формаларының бұзылып, жаңасының әлі толық қалыптасып үлгірмеуіне байланысты бүкіл ел құрдымға құлап бара жатқандай әсерде болған кезең болды. Міне, қоғамды осындай көңіл-күй кернеп алған кезде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы“Қазақстан-2030” Стратегиясын елге жария етті.

Ол кезеңде бұл жарияланған құжат елге құрғақ қиялдай көрінгені рас. Себебі ел жоқшылықтың қамытына бас кіргізген тұста осындай тәтті түсті көзге елестетуге ел жүрегінің дауаламағандығы ақиқат.

Әрине ғасыр тоғысында басталған тарихи құбылыстардың,, бүгінгі өзгерістердің немен аяқталарын білмей тұрып, болашықтың жайын көзге елестету қиын болғаны түсінікті.

Бірақ, уақыт өз дегенін істеді. “Қазақстан-2030” Стратегиясындағы болжамдар ақиқатқа айнала бастады. Одан бері он бес жыл өтті. Қазақстан мемлекетті он бес жылда өзге елдер жете алмай отырған биіктерге қол жеткізілді. “Қазақстан-2030 Стратегия мемлекетке жарқын жеңістер мен тамаша табыстар әкелді және ел үшін шын мәнінде тарихи кезең болып табылды.

Осы стартегияның арқасында жеткен оң табыстар қазіргі күні Қазақстанның беделі мен абыройын әлем халқының алдында көтере түсуде.

Мұны Қазақстандықтар ғана емес, басқа елдер де көріп отыр. Өйткені Қазақстан өзін мемлекет ретінде әлемге мойындатып, Еуропа төріне дейін көтерілді.

Алайда, зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен-өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нартәуекел қажет болғанына елдің көзі жетіп отыр. Осындай ұлы мақсат, жауапкершілік, салиқалы ой, қауырт қажеттіліктен барып “Қазақстан-2030”Стратегиясы дүниеге келгені және оның іс жүзінде жүзеге асырылғаны айқын.

Енді ғана аяғын басқан жас тәуелсіз мемлекетіміздің өз даму бағытын қаншалықты дұрыс таңдап және оны қаншалықты табандылықпен жүзеге асырып жатқаны Елбасымыздың өз халқына деген сүйіспеншілігі, адалдығы, жанашырлығы деп бағалау қажет.

1997 жылғы қазанда жарияланған Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауында, негізінен қаралған мәселелер:- Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, Реформаларды аяқтау, Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, “Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту. 7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын және өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: 1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою. 2. Жекешелендіру процесін аяқтау. 3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру. 4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру. 5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау. 6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру.

Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады» деген. Әрине діттеген бұл меже өз мақсатына жетті.

Елбасы қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзбен қарап, байыпты талдап, кешегі қиын қыстау күндерді қалай атқару атқаруды, бүгінгі күні шамасы қандай екендігін дәл айқындап берді.

Қазіргі таңда Тәуелсіздіктің таңы атқан, тұғыры биік, мақсаты айқын-Қазақстан Республикасы барша әлемге танылды, елімізді дүние жүзі түгел мойындады және ел экономикасы артып, халықтың әл аухаты жақсарып, ұлттың қауіпсіздігі нығайа түсті деп айта аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]