
- •Жас урпакка тарбие жане былым берудегы Казакстан тарихы курсынын манызы мен орны.
- •Тас дауырындегы Казакстан.
- •Кола дауырындегы Казакстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер.
- •Казакстан жерындегы сактардын тайпалык одагы
- •Гундардын тайпалык одагы. «Улы коныс аудару»
- •Уйсындер жане канлылар тайпалык одактары.
- •Турык,Батыс Турык жане Тургеш каганаттары. (үі-үііі ғ.Ғ)
- •Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(үііі-хі ғ.Ғ)
- •10. Онтустык Казакстанды арабтардын жаулауы жане Казакстанда ислам дынынын тарала басталуы.
- •Карахан аулетынын мемлекеты. Саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы, шаруашылыгы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар улыстары.
- •Кыпшак хандыгы: саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы,шаруашылыгы
- •Казакстан монгол жаулаушылыгы дауырынде.
- •Алтын Орда: саяси тарихы, алеуметтык-экономикалык дамуы.
- •Ак Орда жане онын Казакстан тарихында алатын орны
- •Ногай Ордасы.
- •Моголстан мемлекеты.
- •Абылхайыр хандығы (Кошпелы озбектер мемлекеты).
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Казак хандыгынын курылуы мен ныгаюы.Керей мен Жаныбек,Бурындык хандар.
- •Хyi г. Казак хандыгы.Касым,Хакназар,Тауекел хандар.
- •Хyiі г. Казак хандыгы.Есым,Жангыр,Тауке хандар
- •Жеты – Жаргы – Казак халкынын адет – гурпы заңдар жинагы.
- •Хyiii г басындагы Казакстаннын алеуметтік – экономикалык жане саяси жагдайы.
- •«Актабан шубырынды, Алкакол сулама» Казак халкынын жонгар баскыншылыгына карсы азаттык куресы.
- •Кышы жане Орта жуздын Ресей бодандыгын кабылдауы.
- •Хүііі г. Казакстандагы Ресей империясынын отарлау саясаты.
- •Абылай ханнын мемлекеттык кызметы.
- •Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.
- •ХiХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».
- •Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1863-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі.
- •Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы (1918 – 1920жж). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақ акср – нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеудің іске асырылуы.
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақстандағы сациалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; қорытындысы мен зардаптары.
- •Ксро құрамында КазКср-нің құрылуы.
- •Ересектер арасында сауатсыздықты жою
- •Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері. (1941-1945 ж ж.)
- •Қазақстан - майдан арсеналы.Ғылым мен өнер майданға (1941-1945жж). Қазақстан - майдан арсеналы
- •1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •[Өңдеу]Көтеріліс хронологиясы
- •[Өңдеу]Тарихи маңызы
- •1945-1991 Жж Қазақстанның мәдени өмірі.
- •«Қазақ кср- нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы». 25 қазан 1990ж Қазақ кср-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)
- •Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.) Тәуелсiздiк кезеңі
- •[Өңдеу]Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; қорытындысы мен зардаптары.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.1930 жылы 30 мамырда республика үкіметіжаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.Онда көтерілген мәселелер: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.