Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaxtan_tarikhy (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.

  1. Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған

  1. Азамат соғысы жылдарындағы (1918 – 1920жж). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астықмонополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]