Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaxtan_tarikhy (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.

“... 1868ж (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ жерін орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді”.

Патша үкіметіне жоғарыдан шаруалардың басыбайлылық құқығын шешуге шешім қабылдауға біздің пікірімізше мынадай себептер болды. 1.Ресейде шаруалардың крепостниктік құқығын жою арқылы әбден езілген қаналған орыс шаруалар бұқарасын тынышталдыру. 2.Реседе тыныштық орнату арқылы өзінің шет аймақтарындағы шаруалар мен Ресей шаруаларының патша үкіметінің езгісіне қарсы одақтасып бас көтеру соғыс қауіпінің алдын алу, бұндай қауіп болмай коймайтынын Емельян Пугачев көтерілісі қарсанында бас көтерген қазақ шаруаларының орыс шаруаларымен біріккені дәлелдеп берді.Емельян Пугачев көтерілісі жеңіліс тауып басылғанмен қазақ даласындағы патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістер жалғасын тауып жатты.

3.Ресей жеріндегі шаруаларды крепостниктік құқықтан босату арқылы оларды отар аймақтарындағы “ Жаңа жерлерге ” коныстандырылу арқылы өздерінің бұратана халықтардың жерін басып алып игеретін саяси құралына айналдыру еді. 4.1857-1858 жж. Ресейдегі дворяндық енгізу себебі қазақ даласы есебінен шешу арқылы Ресейдегі тұйықка тірелген жер мәселесін шешудің шешімін табу арқылы екі жақты шиеленіскен саяси мәселенің шешімін тапты. Екінші кезең Қазақстанның Ресей отарына айналуы 1867 ж реформадан 1917жылғы революциясына дейін.

Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70—90-жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер бірден бір ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881—8Зжылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды.

1884 жылдың басына карай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) болды. Олар былайша қоныс тепті: 4477 ұйғыр отбасы (19209 адам) Жаркент учаскесі шеңберінде, Өсек және Шарын өзендерінін бойына, калған көпшілік бөлегі — 5275 отбасы (26164 адам) Верный уезіне Шелек және Талғар өзендерінің аралығына орналасты, сондай-ақ Верный қаласына орын тепті. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді. Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекші қазақ ауданында) болыстары құрылды. Дүнгендер мен ұйғырлар тұтас деревня болып көшіп, жаңа орындарында кауымдар кұрды, ол қауымдар не тек қана ауылдастардан кұрылды, немесе «егер олар аз болса, көршілес бірнеше кыстақтың тұрғындарынан кұрылды, бірақ соңғы жағдайда бүрынғы байланыс сақталып калды: жаңа орында бір кауымға кірген әр түрлі қыстақ тұрғындары әдетте жеке елуліктер мен ондықтар құрып отырды».

1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер - 14130, ұйғырлар - 55 999 адам болды.

(Жетісуда ең жақсы жерлер қазақтардың пайдасына тартып алынып қойғ-андықтан, ұйғырлар мен дүнгендер колдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Қоныстанудың алғашқы жылында арықтар мен негізгі каналдар казу өте киын болды, оның үстіне қоныстану-шыларға үлесті жерлер барлық дүнгендер мен ұйғырларлар көшіп келгенге дейін, уакытша берілетін еді.

Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4-5десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 каңтарынан бастап оброктык алым-салық салынатын болды. Қоныстанушыларға берілген жердің егін егуге екінің бірінде онша жарамды болмағанын немесе мүлдем жарамсыз болғанын айтпағанда, олар жер учаскелерін іс жүзінде одан да кемітілген нормалармен алды. Жетісудың 10 мыңдүнгенхалқына небәрі 27 мың десятина, яғни жан басына шакканда 3 десятинаға жетпейтін жер берілді. Дүнген және ұйғыр шаруаларының еңбекші бөлігі жермен нашар қамтамасыз етілген болып шықты. Сөйтіп, кауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері кауымның көптеген мүшелерінің үлесті жерлерін өз қолдарына шоғырландырып, ірі жер иелеріне айналды. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылықтұрмысында қолдан суары-латын егістің төлімі егістен орасан басым болғаны көрсете алады: ұйғыр-ларда суармалы жер 30 694 десятина (97,2%), тәлімі жер 882 десятина (2,8%) болды; дүнгендердетиісінше 11 025 десятина (71,5%) және 4386 десятина (28,5%) болды. Қауым мүшелері арасында суды бөлінген жер бойынша мұраптар бөліп отырды. Жетісуда қоныс аудару қоныстанушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т.б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар - қазақтар мен қырғыздардың әсерімен Дүнгендер мал шаруашлығымен айналыса бастады.

Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]