
- •Жас урпакка тарбие жане былым берудегы Казакстан тарихы курсынын манызы мен орны.
- •Тас дауырындегы Казакстан.
- •Кола дауырындегы Казакстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер.
- •Казакстан жерындегы сактардын тайпалык одагы
- •Гундардын тайпалык одагы. «Улы коныс аудару»
- •Уйсындер жане канлылар тайпалык одактары.
- •Турык,Батыс Турык жане Тургеш каганаттары. (үі-үііі ғ.Ғ)
- •Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(үііі-хі ғ.Ғ)
- •10. Онтустык Казакстанды арабтардын жаулауы жане Казакстанда ислам дынынын тарала басталуы.
- •Карахан аулетынын мемлекеты. Саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы, шаруашылыгы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар улыстары.
- •Кыпшак хандыгы: саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы,шаруашылыгы
- •Казакстан монгол жаулаушылыгы дауырынде.
- •Алтын Орда: саяси тарихы, алеуметтык-экономикалык дамуы.
- •Ак Орда жане онын Казакстан тарихында алатын орны
- •Ногай Ордасы.
- •Моголстан мемлекеты.
- •Абылхайыр хандығы (Кошпелы озбектер мемлекеты).
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Казак хандыгынын курылуы мен ныгаюы.Керей мен Жаныбек,Бурындык хандар.
- •Хyi г. Казак хандыгы.Касым,Хакназар,Тауекел хандар.
- •Хyiі г. Казак хандыгы.Есым,Жангыр,Тауке хандар
- •Жеты – Жаргы – Казак халкынын адет – гурпы заңдар жинагы.
- •Хyiii г басындагы Казакстаннын алеуметтік – экономикалык жане саяси жагдайы.
- •«Актабан шубырынды, Алкакол сулама» Казак халкынын жонгар баскыншылыгына карсы азаттык куресы.
- •Кышы жане Орта жуздын Ресей бодандыгын кабылдауы.
- •Хүііі г. Казакстандагы Ресей империясынын отарлау саясаты.
- •Абылай ханнын мемлекеттык кызметы.
- •Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.
- •ХiХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».
- •Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1863-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі.
- •Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы (1918 – 1920жж). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақ акср – нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеудің іске асырылуы.
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақстандағы сациалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; қорытындысы мен зардаптары.
- •Ксро құрамында КазКср-нің құрылуы.
- •Ересектер арасында сауатсыздықты жою
- •Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері. (1941-1945 ж ж.)
- •Қазақстан - майдан арсеналы.Ғылым мен өнер майданға (1941-1945жж). Қазақстан - майдан арсеналы
- •1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •[Өңдеу]Көтеріліс хронологиясы
- •[Өңдеу]Тарихи маңызы
- •1945-1991 Жж Қазақстанның мәдени өмірі.
- •«Қазақ кср- нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы». 25 қазан 1990ж Қазақ кср-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)
- •Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.) Тәуелсiздiк кезеңі
- •[Өңдеу]Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
Сыр бойы қазақтарының патша үкіметіне қарсы күреске шығуының себептері
Патша үкіметінің әкімшілігі барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты Сырдарияның төменгі ағысы бойында да әскери бекіністер сала бастады. Жаңа салынған әскери бекіністерге Орынбор мен Жайық шөбінен қазақтарды, сондай-ақ башқұрттардың отбасыларын көшіріп әкеліп, орналастыра бастады. 1848 жылы Райым бекінісі төңірегінде Орынбор қазақтарының 26 отбасы тұрып жатты. Қоныс аударып, көшіп келушілердің қатары жыл санап арта түсті. Көшіп келгендердің бәрі де Сырдарияның жағасындағы ең құнарлы әрі жақсы суарылатын жерлерге орналастырылды, жергілікті халық өздерінің ежелгі ата-бабасының жерлерінен біртіндеп ығыстырыла бастады. Соның салдарынан Сыр бойындағы диқан қазақтар енді жаңадан тың және тыңайған жерлерді игеруге мәжбүр болды. Олардың бірқатары қоныс аударып келгендердің және шенеуніктердің шаруашылықтарына жалданып жұмыс істей бастады. Райым бекінісі таратылғаннан кейін қоныс аударып келген қазақтар 1855 жылы Қазалы қамалына көшірілді. Олар мұнда келгеннен кейін де ең жақсы, құнарлы, суармалы жерлерге ие болды. Оларға бұрынғысынша үлкен артықшылықтар мен жеңілдіктер берілді. Қарапайым қазақтардың арасындағы наразылық жыл өткен сайын күшейе түсті де, ақырында ол Ресейдің әскери әкімшілігінің озбырлық іс-әрекеттеріне қарсы ашық күреске ұласты. Ресейдің Арал маңындағы аймақтарды Орта Азия хандықтарының езгісінен азат етуі халықтың жағдайын жақсарта алған жок. Патша үкіметі қазақтың әрбір отбасына 1,5 сомнан салық салды. Қазақтардың суармалы жақсы жерлерін қоныс аударушылар мен шенеуніктерге тартып алып беру одан әрі жалғастырыла түсті. Міне, бұл жағдайлардың бәрі де қазақтардыРесейдің отаршыл өкімет билігіне қарсы барған сайын белсендірек күресуге мәжбүр етті.
Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі (1856-1857 жылдар)
Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін майдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты. Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақ салуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті нәрсе болатын. 1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтеріліске шыққандардың жалпы саны 3 мың адамға дейін жетті. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады. 1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар барлық бәленің басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын. 1857 жылғы қаңтардакөтерілісшілердің саны 5 мың адамға жетті. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды қарсы шабуылға шықты. 300 қазақ, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбіректер және ракеталы станоктармен қаруланған болатын. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Көтерілісшілерді жігерлендіру үшін олардың алдында желбірете ақ ту ұстаған Жанқожа батыр келе жатты. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.
Көтерілістің жеңілуі
Көтерілістің негізгі күштері жеңілгеннен кейін Жанқожа батыр Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрікмендерден әскери жасақ құрап беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді. Бірақ Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты. Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдыңөмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен.Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті». Кузьмин бастаған жазалаушы отряд көтерілісшілердің 164 ауылын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлерді өртеп, малдың бәрін айдап әкетті. Көтеріліске белсене қатысқандар жазалау шаралары кезінде қаза тапты. Мал-мүлкі түгел тоналған шектілер ашаршылыққа ұшырады. Олардың бір бөлігі Хиуа хандығы жағына өтіп кетті, енді бір бөлігі әскери бекіністергеқайта оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады. Жанқожа батырды оның парасаттылығы мен ер жүрек батырлығы үшін орыс әскерилерінің өздері де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиетті адам деп санайтын. Халықтың сүйікті ұлы болған оны зор құрметпен жерледі.
Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс
Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған батырлардың бірі Есет Көтібарұлы (1807-1888) болды. Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасаттыақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді. Есет Көтібарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тындаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус Чарлз Есет батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Aт пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхиттүбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Әздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қырғызды көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз aт төбеліндей өз ғана жатжерліктерге бағынуға тиістіміз?!» 1838 жылы Есет батыр Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл жасауға қатысты. Ол 1847-1848 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті. 1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ресей әскеріне шабуылдары кейін де жалғаса түсті. Патша әкімшілігі Есет батырға қарсы бірнеше рет жазалаушы әскер жіберді. Алайда туып-өскен елінің жер жағдайын жақсы білетін ол жазалаушы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетіп жүрді. Оның үстіне, өз жігіттерін екі топқа бөліп, дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жігіттері Ресейдің сауда керуендері мен жазалушы әскерлеріңебатыл да сәтті шабуылдар жасап отырды. 1855 жылы ол отаршыл әкімшіліктің жергілікті қолшоқпары билеуші-сұлтан Арслан Жантөреұлын өлтірді. Патша үкіметінің сауда керуендері мен бекініс-қамалдарына шабуыл жасауын үдете түседі. Есет Көтібарұлының тарапынан Хиуамен әскери одақ құру жөнінде жасаған ұсынысы сәтсіз аяқталды. Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргізген Есет батыр 1858 жылы өз еркімен Ресей империясының бейбіт келісім жасасу жөніндегі шартын қабылдады. Өйткені ол Ресейдің аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрі күрес жүргізудің пайдасы жоқ бос әурешілік болып шығатынын түсінді. Патша үкіметі оның бұған дейін Ресей империясынақарсы жүргізген күресіне кешірім жасады. Батыр үй басынан алынатын түтін салығынан босатылды. Кейінірек ол тіпті Торғай облысындағы Ырғыз уездік бастығының көмекшісі қызметіне тағайындалды. 1873 жылы Хиуаға қарсы жасалған жорыққа Ресей әскерлерінің құрамында белсене қатысты.
ХIХ ғ. 60 – жж. Ортасында қазақ жерлерін Ресей империясының жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.
ХIХ ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.
1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.Қазақ даласы әкімшілік басқарудағы кезекті 1867-1868 жылдардағы реформаларын жүргізуден бұрын патша өкіметі уақытша ережені дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл жөнінде мұрағат қорларындағы деректерде: «қырғыз даласы (мұнан былай қазақ Ө.И.) Орынбор және Сібір ведмоствасы екі жүйемен басқарылды, бір бірінен айырмашылығы бар. Бір халықты екі түрлі жүйемен басқару. Жартылай жабайы тұрғындарда азаматтықты және үкіметтің түріне сәйкестендіру түбі бір қолайлы жағдайларға апару мүмкін емес». Жергілікті орындарда әрі текті басқару жүйесін зерттеу үшін, қырғыздардың (қазақтар Ө.И..) келешек басқару құрылымының жалпы жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін 5июньде 1865ж жоғары әмір иесінің бұйрығы бойынша қазақ даласына ерекше коммисия іс сапарға жіберілген. “... 1868ж (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ жерін орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді”. Қортындылай отырып, 1822,1824 және 1867-1868жж реформалар қазақ даласының дәстүрлі әкімшілік басқару жүйесін түпкілікті бұзды. Әскери сипаттағы әкімшілік басқару жүйесін Ресей патша үкіметі қазақ даласына орнатты. Жаңа реформалар облыс басындағы әскери генерал-губернаторлардың билік басына келуімен қатар әскери округнда билік жүргізді. Жаңа реформа нәтижесінде қазақ даласында әскери және азаматтық биліктің бөлінбеуіне де өзіндік себебі бар. Отарлық саясатты жүзеге асыру үшін тек қана күш қолдану арқылы бір сөзбен айтқанда зорлық аппаратынсыз жүзеге асыруы мүмкін емес еді .Сондықтан әскери билік басындағы генерал-губернаторлардың қолына облыстың билік тұтқаларын беруінде өзіндік себептері бар еді. Қазақ даласында жаңа реформаға байланысты салық түрі де өзгерді жасақ, түйме, алым- салық. Бұрынғы зекет, соғым салықтарының бәрінің орнын ақшалай алынатын салық ауыстырды. Отарлық саяси саясаттың түпкі көздегені экономикалық мүдде болатын. Экономикалық мүдделерін жүзеге асыру алғы шарттары саясиланған мақсат. Қазақ даласын жоңғар шапқыншыларынан қорғау мақсатын да көрші елге созған “көмек қолы” ретінде бекіністер мен қалалар салды.Салынған қалалар кейіннен қазақ даласын басқаратын патша үкіметінің әкімшілік орталығына айналды. Кейін ол қалалар Ресей үкіметінің экономиколық пайда әкелетін шет аймақтарындағы орталықтары ролін атқарды.ХІХғ Қазақ даласына темір жол салу арқылы қазақ даласының Ресей патша үкіметінің қазынасын еселей түсетін өндіріс салуда аймағына айналдырса өз кезегінде қазақ даласына капиталистік қатынастардың алғышарттықэлементтерін әкеліп өндіріс орындары ашылды. Ресей патша әкімшілігінің бақылауына қараған қазақ даласының экономикасы да өз тәуелсіздігін жойды. Көшпелі экономикалық мәдениет өзгерісіне ұшырай бастады. Қазақстанның жаңа тарихы дәуірі екі кезеңнен қарастырылады. Бірінші кезең Қазақстан Ресей құрамында XVIIIғ.- XIXғ. 60 жылдары 1867- 1868 жж. реформаға патша үкіметі мұқият әзірленді, қен байтақ қазақ даласы патша үкіметіне онай игерілетін олжа емес екендігін бір жарым ғасыр бойы қазақ даласын отарлаудағы әкімшілік іс- тәжірибелерінен көз жеткізген болатын. Дайындықтардын бірі Ресей жеріндегі шаруалардың басы байлылық(крепостниктік) құқығын жою. Патша үкіметі Ресейдегі бұқара халықтын езгіге қарсы бас көтеруінен қорккаңдығын оған дәлел Степан Разин, Емельян Пугачев т.б. бастаған бұліктерден қорықты. Оның үстіне Ресейдегі бұқара халықтын езгіге қарсы көтерілісін болдырмау жолдарының қауіпсіздігін қарастырып мәселені жоғарыдан шешуге мүдделі болды. Патша үкіметіне жоғарыдан шаруалардың басыбайлылық құқығын шешуге шешім қабылдауға біздің пікірімізше мынадай себептер болды. 1.Ресейде шаруалардың крепостниктік құқығын жою арқылы әбден езілген қаналған орыс шаруалар бұқарасын тынышталдыру. 2.Реседе тыныштық орнату арқылы өзінің шет аймақтарындағы шаруалар мен Ресей шаруаларының патша үкіметінің езгісіне қарсы одақтасып бас көтеру соғыс қауіпінің алдын алу, бұндай қауіп болмай коймайтынын Емельян Пугачев көтерілісі қарсанында бас көтерген қазақ шаруаларының орыс шаруаларымен біріккені дәлелдеп берді.Емельян Пугачев көтерілісі жеңіліс тауып басылғанмен қазақ даласындағы патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістер жалғасын тауып жатты.