
- •Жас урпакка тарбие жане былым берудегы Казакстан тарихы курсынын манызы мен орны.
- •Тас дауырындегы Казакстан.
- •Кола дауырындегы Казакстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер.
- •Казакстан жерындегы сактардын тайпалык одагы
- •Гундардын тайпалык одагы. «Улы коныс аудару»
- •Уйсындер жане канлылар тайпалык одактары.
- •Турык,Батыс Турык жане Тургеш каганаттары. (үі-үііі ғ.Ғ)
- •Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(үііі-хі ғ.Ғ)
- •10. Онтустык Казакстанды арабтардын жаулауы жане Казакстанда ислам дынынын тарала басталуы.
- •Карахан аулетынын мемлекеты. Саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы, шаруашылыгы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар улыстары.
- •Кыпшак хандыгы: саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы,шаруашылыгы
- •Казакстан монгол жаулаушылыгы дауырынде.
- •Алтын Орда: саяси тарихы, алеуметтык-экономикалык дамуы.
- •Ак Орда жане онын Казакстан тарихында алатын орны
- •Ногай Ордасы.
- •Моголстан мемлекеты.
- •Абылхайыр хандығы (Кошпелы озбектер мемлекеты).
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Казак хандыгынын курылуы мен ныгаюы.Керей мен Жаныбек,Бурындык хандар.
- •Хyi г. Казак хандыгы.Касым,Хакназар,Тауекел хандар.
- •Хyiі г. Казак хандыгы.Есым,Жангыр,Тауке хандар
- •Жеты – Жаргы – Казак халкынын адет – гурпы заңдар жинагы.
- •Хyiii г басындагы Казакстаннын алеуметтік – экономикалык жане саяси жагдайы.
- •«Актабан шубырынды, Алкакол сулама» Казак халкынын жонгар баскыншылыгына карсы азаттык куресы.
- •Кышы жане Орта жуздын Ресей бодандыгын кабылдауы.
- •Хүііі г. Казакстандагы Ресей империясынын отарлау саясаты.
- •Абылай ханнын мемлекеттык кызметы.
- •Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.
- •ХiХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».
- •Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1863-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі.
- •Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы (1918 – 1920жж). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақ акср – нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеудің іске асырылуы.
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақстандағы сациалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; қорытындысы мен зардаптары.
- •Ксро құрамында КазКср-нің құрылуы.
- •Ересектер арасында сауатсыздықты жою
- •Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері. (1941-1945 ж ж.)
- •Қазақстан - майдан арсеналы.Ғылым мен өнер майданға (1941-1945жж). Қазақстан - майдан арсеналы
- •1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •[Өңдеу]Көтеріліс хронологиясы
- •[Өңдеу]Тарихи маңызы
- •1945-1991 Жж Қазақстанның мәдени өмірі.
- •«Қазақ кср- нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы». 25 қазан 1990ж Қазақ кср-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)
- •Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.) Тәуелсiздiк кезеңі
- •[Өңдеу]Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
Көтерілістің шығу себептері
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды. Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы жәнеҚамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібіргебіржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауғашекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ.
Көтерілістің тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.
Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтерілісаяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.