Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaxtan_tarikhy (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.

С.Датұлының ұлт азаттық көтерілісі 1783-1897 . Сырым бастаған қозғалыстың басталуы 1783 ж уақиғаға байланысты болды. Сол жылы Сырым ауылының үстіне орыс саудагері Филип Григорев өтіп бара жатқанда, қазақтар шабуыл жасап тонайды.Бұдан кейін сырымды тополин бекінісіне тұтқындап, Орал қаласында түрмеге жабады. 1784 жылы тамыз айынан бастап Жайық қазақтары Сырым мен нұралы ханның ауылына шабул жасай бастайды.сол себепті 1784 ж Нұралы Сырымды 70 жылқы мен 350 сом ақша беріп , шығарып алады.Сырым мен Барақ 1000 адамдай қал жинап, төменгі Орал ж/е Елек бекіністеріне шабуыл жасайды. 1785 ж көктем айында сырым бастаған қазақтар қозғалысыеың негізі ауданы – төменгі Орал маңында ірі шайқастар болды. 1783-1785 ж арасында Сырымнан басқа Тама руының старшиналары – Қадыр мен садыр айтарлықтай ерлікпен күрес жүргізді. Сырымның ұлт – азттық қозғалысы өз заманында қазақ даласында қазақ даласындағы ең ауыр екі жағдайдан алып шыға алды. Отаршылдық тынымсыз шабуылын тыйдырса , өрісі таралған Жайықтың арғы шүйгін жайылымдарына шығуға жол ашты.

36. XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.

1.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері. XVIII ғасырдағы жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қырғын соғыс, толассыз шайқас, ұрыстар, екі халықтың бір-біріне деген өшпенділігі, еліспей беріспеуге бел буған бекемдігі, халықтың сан сала рухани мұрасында шыншылдықпен орын алғанын қазақтың музыкалық өнер туындыларынан да көреміз.

Қазақтың музыканы сүйетіні, аса сазгер халық екені ертеден музыка өнерінің тарихын зерттеген, бұл өнер туралы өте бағалы, шын жүректік сөздерін айта білген көптеген шығармаларда кездеседі. Мәдениетіміздің аса бағалы арналарының бірі ретінде рухани айналымға түсіп отырған көптеген халық сазгерлерінің өмірбаяны мен күй аңыздарының арасында біз қарастырып отырған еңбекте XVIII ғасырға қатысты материалдар аз емес. Яғни ол еңбекте сол тұстағы халық тағдырына байланысы бар күйлер, оларды шығарушылар туралы да сөз болады. Бұл арада айта кететін бір жай Акселеу Тарақты бұл мәселені тек осы кітапта ғана емес, одан бұрын шыққан еңбектерінде де жазған болатын. 1989 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Сонар» атты зерттеу еңбегінде қазақтың ұлттық мәдениеті туралы ой толғаған, оның маңызды салаларының ірі қазақ музыкасының пайда болуы, дамуы, өсіп-өркендеуі жайында терең пікірлер айтады, нақты мысалдар келтіреді.

XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының арасында аса ілтипатпен аталатындары «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы», «Кеңес» т.б. күйлер.

Бұл күйлердің шығарушысы кімдер болды?

Солардың бірі — Байжігіт куйші, Керейдің Абақ тайпасынан шыққан, теңдесі жоқ өнер иесі болған адам. Ол жоңғарлардың 1723 жылғы қазақтарға тұтқиыл шабуылы басталған кезде 18 жастағы жігіт еді. Сол кездің өзінде жасынан домбыра тартып, кемелденіп қалған ол «Ақтабан» атты күй шығарады. Халық қасіретін кез алдына әкеліп, жан-жүйеңді босататын осы күйден кейінгі оның кең тараған шығармасы «Қайың сауған». Ол да ақтабан шұбырынды оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, барлық үмітсіздікті, түңілуді емес, қайта жеңіскедеген жігер мен қажымас күреске шақырған, сенімге толы сазды үнмен келетін күй.

Бұл күйді Құрманғазы айдаудан қайтып келе жатып, арқанын атақты күйшісі Тәттімбетке кездескенде шығарған екен деседі. Қазақ елінің бүкіл Шығысы мен Батысына, Оңтүстігіне аты кеңінен тараған Тәттімбет Қазанқапұлы (1815-1860) Кұрекең арнайы іздеп келгенде аурудың азабын шегіп, тесек тартып жатқан екен. Бірін бірі көруді арман етіп аңсап жүрген қазақтың екі қасиетті өнерпазы бір-бірінің өнерін тамашалап, бірнеше күнді бірге өткізеді. Осы кездесуде орындалған «Сарыарқа» күйі бүкіл қазақ даласына кеңінен тарап кетеді. Осы күйді тыңдап, толғаныс үстінде жатқан Тәттімбет «Көкейкесті» деген атпен күй шығарады. Көптен көкейімде, көңілімде жүрген, жанымды толқытқан күй еді деп, оны Кұрманғазыға бағыштайды. Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған, жанға жағымды, жаймақоңыр күйлердің дәстүрін қалыптастырған Тәттімбет заманының белгілі, беделді, лауазымды адамы бол ды. Ол елуден астам халыққа кеңінен тараған күйлерін қалдырды. Бұлардың арасында «Азына», «Бес төре», «Балқан тау», «Былкылдақ», «Қос басар», «Балбырауын», «Бозторғай»,т.б. камералық, симпониялық, аспаптық,опералық туындыларға арқау болған. Қазір Қарағанды қаласында белгілі дирижер Ш. Қажығалиев ұйымдастырған Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі сол күйлерді нақышына келтіріп орындайды. Оркестр көптеген Шығыс өлдерінде өнер көрсетіп, үздік өнерімен кеңінен танымал болды.

XIX ғасырда қазақтың музыкалық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып, халықтың музыкалық қазынасын тамаша күй туындыларымен байытқан Тарақ ұлы Абыл (1820-1881), Назарұлы Қожеке (1823-1881), Шоңманұлы Тоқа (1830-1914), Сарымалай (1835-1885), Қазанғап (1854-1917), Ерназар ұлы Дайрабай, Нұрпейісова Дина (1865—1955), Дүкен ұлы Ықылас (1843-1916), Ерғали ұлы Мәмен (1859-1931), Қалмамбет ұлы Өскенбай (1860-1925), Тауданбекұлы Дәуірбай (1873-1937) сияқты аты шыққан дарынды композитор-күйшілер болған.

Сонымен XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының музыка мәдениеті мен оның өкілдерін сөз еткенде бұл кезеңде қазақ жеріндегі музыка өнерінің дамылсыздамығанын, оның өсіп, өркендеуінің алтың діңгегі қазақ халқынын рухани өрісі болғанын байқаймыз.

Казақ халқының XVIII-XIX ғасырлардағы рухани шарықтауының өнімді өзегі — музыка саласындағы туындылар мен оны жасаушы дарынды сазгерлердің игі дәстүрлері XX ғасырда онан әрі дамып, өзінің лайықты жалғасын тапқанын айтуымыз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]