Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaxtan_tarikhy (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Кышы жане Орта жуздын Ресей бодандыгын кабылдауы.

XVIII ғасырда Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы

Жоңғарларға қарсы жанқиярлық күрес қазақ билеушілеріне – сұлтандар мен билерге үлкен сын болды. Осындай күрделі кезеңде олардың біразы халықтың көкейінен шыға алмай, сүрінді. Қалмаққа қарсы қол бастаған, қазақ даласының әртүрлі аймақтарын қорғауда ерлікпен елге танылған Кіші жүз ханы Әбілқайырды сұлтандар мен билердің үлкен тобының жалпықазақ тағына отырғызуды қолдамағаны тарихтан белгілі. Өзін менсінбейтін және өзімен тайталасқан Тәуке ханнан тараған төре тұқымдарын тұқырту үшін Әбілқайыр орыстың көмегімен бөлшектенген Қазақ хандығын біртұтас мемлекеттік жүйеге біріктіру және башқұрттарды Қазақ хандығына қосып алу жолын ұстанды. Осылайша, ол бастаған Кіші жүздің бір топ билері, батырлары және сұлтандары 1731 жылы М.Тевкелев бастаған орыс елшілігімен келісімшарт жасауға барды.

Еріксізден жоңғарларға салық төлеушіге айналған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс та қиындықтан Ресейдің көмегімен шығудан үміттеніп, Әбілқайыр ордасына келген М.Тев­келев­ке Қонаймырза мен Сармәмбетті елші етіп жіберді. Бірақ олар қайтып кеткен М.Тев­келевпен жолыға алмай қалды. Келесі жылы Әбілқайыр хан өзінің ұлы Ералы сұлтанды басшы етіп Петерборға қазақ елшілігін аттандырды. Бұл елшілік қатарында Ұлы жүздің Аралбай және Оразкелді батырлары да болды. Әбілқайыр, осылайша, орыстар алдында өзінің шалғайдағы Ұлы жүз қазақтарына да ықпал жасай алатынын дәлелдемек еді. Десек те, бұған Әбілқайырды біржақты кінәлау орынсыз. Өйткені жоғарыда аталған Ұлы жүз батырларын орысқа аттандырғандар, шын мәнінде, Ұлы жүздің игі жақсылары – Төле би, Қодар би, Сатай батыр, Хангелді батыр, Бөлек батыр еді. Бұл кісілердің хатын алған Ресей патшайымы 1734 жылы Ұлы жүзді Ресейге бодан етіп қабылдау туралы қаулы шығарды. Мұндай қадамға Ұлы жүздің Төле би бастаған басшылары Әбілқайырдың ықпалымен емес, өз беттерінше және өз еріктерімен барды. Бірақ орыстардың Ұлы жүзді бодандыққа қабылдау туралы шешімі елдің шалғайлығына және сол тұстағы осы аймақта қалыптасқан ауыр саяси ахуалға байланысты Ұлы жүзге жетпей, Орынбор канцеляриясында қалып қойды. Орта жүз ханы Сәмеке де көп кешікпей орыс патшасына бағынышты болуға екі рет ықылас танытты. Қазақ жерін жеделдете отар­лауды мақсат еткен орыс билеушілері де қарап жатпады. Сәмекенің хатына сүйенген олар, 1734 жылы Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлық шығарып үлгерді. 1735 жылы Орта жүздің тағы бір ханы Күшік пен Барақ сұлтан басқа игі жақсылардың қолдауымен Орта жүзге орыс елшілігін жіберу­ді сұрап, Тевкелевтің атына хат жолдады. Көп кешікпей-ақ, 1738 жылы Орта жүз бен Кіші жүздің 58 рубасы Ресей патшайымының билігін мойындап, оған адал болуға ант берді. Дәл осы жылы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс Ор қаласынан шығып, Ташкентке тоқтаған керуеніндегі орыс елшілігінің басшысы Карл Миллер арқылы орыс патшайымына өзінің Ресейге қарайтынын айтып, тағы да хат жолдады. Бұл өтінішті 1738 жылы орыс патшайымы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы қаулыға қол қойып, В.Н.Татищевке бодан болатындардан ант қабылдауды тапсырған. Осының алдында ғана Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалған орыстың атақты тарихшысы В.Н.Татищев 1737 жылы Әбілқайыр ханнан екінші қайтара бодандыққа ант қабылдап, отаршылдық бұғауын заңдастыра түсті. Көп кешікпей, 1740 жылы осы жолға Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен қалмаққа қарсы соғыста даңққа бөлен­ген, елге ықпалды Абылай сұлтан да түсіп, өздерінің орысқа бодан болуға келісетіндерін мәлімдеді. Абылай В.Н.Татищевке мұндай келісімді қорғаудан «қажет болған жағдайда өз жанын аямайтынын» да айтып сендірді. Алайда В.Н.Татищев Ұлы жүз басшыларынан ант қабылдап үлгермеді. Жолбарыс ханның Ресеймен жақындасуына барынша қарсы болған діндарлар (қожалар) 1740 жылы Жолбарыс ханды Ташкент мешітінде әдейі өлтір­ді. Ал мұның өзі Ұлы жүз басшыларының Ресейге бодандыққа ант беруін біраз уақытқа кешеуілдетіп жіберді. Бұл орайда айта кетер бір маңызды нәрсе бодандық қамытын өз еркімен кию туралы шешім қазақ басшыларының орыстарға сүйеніп жоңғарлардан қорғану пиғылынан туындаған еді. Алайда орыстан әділдік күткен және онымен тең дәрежеде одақтас болуды көздеген қазақтардың үміті ақталмады. Орыс­тар қазақтарды жоңғар­лардан қорғаудың орнына оларға қарсы Еділ қалмақтарын, башқұрттарды және орыс казактарын арандатып айдап салып отырды. Осындайда Қалдан Серен қоңтайшы да қазаққа ауыр шарттар қойып, қазақты өзіне бағындырмақ болды. Мұның өзі Орта жүз қазақтарын тұйыққа тіреп, арғын мен керей тайпаларының 100-ге тарта билеуші өкілін, наймандардың кейбір рубасыларын 1742 жылы Ресей құрамына өте­тіндерін мойындап, Құран сүйіп, ант беруге мәжбүрледі. Жаз мезгілінде болған осы ант беруге Кіші жүз ханы Әбілқайырға ілесіп, Орта жүздің ғана емес, Ұлы жүздің де батыр, би, старшындары император Елизавета Петровнаға бодан болатындарын мәлімдеді. Араға бір жыл салып, Орта жүздегі Барақ сұлтан басқарған 40 000 шаңырақ та Елизавета патшайымға екі рет өтініш жасап, Ресей бодандығын қабылдады. Бұған разы болған Елизавета Бараққа қылыш сыйлады. Ал арада үш жылдан соң Күшік сұлтан да өзінің қарауындағыларымен Ресей қарауына өтетіндігін мәлімдеді. Осындай ауыр ахуалда Барақтың Әбілқа­йыр ханды өлтіруі, онан соң көп кешікпей, Барақтың өзінің де өлтірілуі қазақ даласында Абылай сұлтанның рөлін көтерді. Оның саясатына үлкен ықпал жасаған аса маңызды мәселе – 1755 жылы көктемде Цинь империясының қалың әскерінің жоңғар жеріне баса-көктеп кіріп, қалмақтардың көпшілігін қырып тастауы еді. Мұның өзі Абылайханды әрі Қытай императорынан, әрі орыс патшайымынан қолдау іздеуге амалсыз мәжбүрледі. Қазақ билеушілері орысқа бодан болудың жолын іздестіріп жатқанда оңтүстіктегі Ферға­на жазығында Қоқан хандығы күшейіп, оның билеу­шілері Ұлы жүз руларын қатыгездікпен басып-жаныштады. Енді осы аймақтағы рулар мен тайпалар бірде – Қытайға, бірде – Қоқан билігіне жалтақтап өмір сүретін заманға кез болды. Осындайда Абылай ханның жалайыр және шапырашты тайпаларына билік жасай­тын ұлы Сүйік сұлтан 1819 жылы қыс мезгілінде қоластындағы жұртымен Ресей қарамағына өтті. Бұл Ұлы жүздің Ресей құрамына жаппай өтуін бастап берді. Алайда Қоқан хандығы мен Қытайды өзіне ашық жау етуден қаймыққан Жоламан Тіленшіұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарды тұншықтырудан қолы тимеген Ресей Ұлы жүз аймағына әскер кіргізуге асыға қоймады. Сондықтан да дулат, албан, суан, шапырашты, сарыүйсін тайпалары атынан Аягөз арқылы Батыс Сібір генерал-губернаторына 1846 жылдың көктемінде барып, Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы өтініш жасаған Мәңке Нұрақовтың өтініші де аяқсыз қалды. Алайда, көп кешікпей-ақ, осы жылдың жаз айынан бастап, Кенесарының Жетісуға қоныс аударуына байланысты Ресей әкімшілігі бұл мәселеге баса назар аударуға мәжбүр болды. Генерал Н.Вишневский бастаған орыс экспедициясы жеделдете Лепсі бойына келіп, Ұлы жүздің игі жақсыларын жинап, көпсанды дулат тайпасының сұлтаны, Абылай ханның немересі Әли Әділұлына Ресейдің подполковнигі әскери шенін беріп, оның кеудесіне Андреев лентасына бекітілген алтын медальді тақты. Басқа рубасылар да сый-сияпатсыз қала қойған жоқ. Осыдан соң Ұлы жүз (1846 жылдың жаз мезгілінде) Ресейдің қол астына қабылданды. Осы рәсімде Ұлы жүздің 39 игі жақсылары орысқа адал болуға ант берді. Келесі жылдың жаз мезгілінде орыстар салып жатқан Қапал (Қопалы) бекінісінде Абылай ханның ұрпақтары Сүйік, Әли және Әкімбек сұлтандар Ресейге Ұлы жүздің бодан болғанын растап, тағы да ант берді. Осылайша қазақ елінің Ресейге отар болуының саяси-құжаттық негіздері қаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]