Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaxtan_tarikhy (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
05.12.2019
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.

Қазақ халқының қалыптасуы

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді. Бұл туралы Мүхаммед Қайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды. “Тарих-и-Рашиди”-да айтылған мәліметтер Мүхаммед Қайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі. Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып, ол өз еңбегінде Моғол ханы Есенбұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады. Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып, ол одақ 70 жылға созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару кезінде ғана бұзылды. Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді. Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды. Керей мен Жәнібек өз адамдарымен Моғолстанға моғол ханы Есенбұғының тірі кезінде келген. Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алқабын және Қозы Башы жерлерін бөліп берген. Өзбек ұлысындағы ыдыраудың себебі неде? Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуы, көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханға қалмақтар шапқыншылығынан зардап шеккен иеліктерді қалпына келтіру кезеңімен тұспа тұс келді. Ол қатаң тәртіп орнатты, өзіне қарсы келгендерге ғана емес, барлық көшпенділерге қатаң шаралар қолданды. Дала өзбектерінің ақсүйектерінің және ханның жақсы жағдайына жалпы көшпенділерді қанауға негізделді. Сонымен бірге олар және көрші аймақтың тұрғындары алым-салық және ондаған бағынушылық төлеуі керек еді. Мемлекет күшейген сайын, төлемнің де көлемі ұлғая түсті. Осының бәрі жалпы халықтың наразылығын туғызды, сөйтіп мемлекеттің тұрғындарының – малшылардың көрші аумақтарға қоныс аударуына әкелді. Бір жағынан жеңіп шыққан сұлтандар және сол ұлыстың хандары сол Жошы руынан шыққан, арам ойларын жүзеге асыру үшін тайпалар мен руларды ығыстырып, оларды өздерінің күндестеріне қарсы пайдаланып отырды. Осындай ыдыраған қоғамның, хан саясатына риза емес Өзбек ұлысының тайпалары мен рулардан тұратын қоғамның билік басында Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек тұрды. Жәнібек (Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы. Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы. Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі - Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды. Моғол хандарының өзбек ұлысының қашқындарына достық қарым қатынасы төмендегі себептермен түсіндіріледі: Біріншіден, Есенбұғының ол кезде солтүстіктің көшпенділерінің шабуылдарын тойтаруға күші болмады. Екіншіден, Керей мен Жәнібекте және олардың әскерінде ол батыс шекараларды өзінің інісі Жүнүс ханнан қорғаушыларын көрді. Есенбұғыны осындай шешім қабылдауына басқа да себептер болды, яғни, ханның мағынасы іштей де сырттай қатынастарда оны қолдаушы феодал ақсүйектер мен ұлыс адамдарының санымен анықталатын еді. Сондықтан да оның өз жағына неғұрлым көбірек өз көршілерінің жауластарын тартып, оларды өз тайпаларына қарсы пайдалануға тырысуы – табиғи құбылыс еді. М.Қ.Дулаттын “Тарих-и-Рашиди”, “Бахр ал асрар” Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз. 1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды, сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді. Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қарыс қатынас орнатты. М.Қ.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған. Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті. Жәнібек пен Керейдің әр қайсысы Өзбек ұлысындағы таққа иегерлікке үміттенді және олар Әбілқайыр ханға қауіп төндірді. Сондықтан ол Моғолстанға жорыққа шықты. Бірақ, ол осы жолда 57 жасында 1468 жылы ауырып, қайтыс болды.

Қазақ атауы

"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр. X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады. X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар. 1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды. "Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған. Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді: 1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.[1]

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады.

Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді. Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]