
- •Жас урпакка тарбие жане былым берудегы Казакстан тарихы курсынын манызы мен орны.
- •Тас дауырындегы Казакстан.
- •Кола дауырындегы Казакстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер.
- •Казакстан жерындегы сактардын тайпалык одагы
- •Гундардын тайпалык одагы. «Улы коныс аудару»
- •Уйсындер жане канлылар тайпалык одактары.
- •Турык,Батыс Турык жане Тургеш каганаттары. (үі-үііі ғ.Ғ)
- •Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(үііі-хі ғ.Ғ)
- •10. Онтустык Казакстанды арабтардын жаулауы жане Казакстанда ислам дынынын тарала басталуы.
- •Карахан аулетынын мемлекеты. Саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы, шаруашылыгы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар улыстары.
- •Кыпшак хандыгы: саяси тарихы, шаруашылыгы, когамдык курылысы,шаруашылыгы
- •Казакстан монгол жаулаушылыгы дауырынде.
- •Алтын Орда: саяси тарихы, алеуметтык-экономикалык дамуы.
- •Ак Орда жане онын Казакстан тарихында алатын орны
- •Ногай Ордасы.
- •Моголстан мемлекеты.
- •Абылхайыр хандығы (Кошпелы озбектер мемлекеты).
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Казак хандыгынын курылуы мен ныгаюы.Керей мен Жаныбек,Бурындык хандар.
- •Хyi г. Казак хандыгы.Касым,Хакназар,Тауекел хандар.
- •Хyiі г. Казак хандыгы.Есым,Жангыр,Тауке хандар
- •Жеты – Жаргы – Казак халкынын адет – гурпы заңдар жинагы.
- •Хyiii г басындагы Казакстаннын алеуметтік – экономикалык жане саяси жагдайы.
- •«Актабан шубырынды, Алкакол сулама» Казак халкынын жонгар баскыншылыгына карсы азаттык куресы.
- •Кышы жане Орта жуздын Ресей бодандыгын кабылдауы.
- •Хүііі г. Казакстандагы Ресей империясынын отарлау саясаты.
- •Абылай ханнын мемлекеттык кызметы.
- •Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.
- •ХiХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».
- •Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1863-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі.
- •Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы (1918 – 1920жж). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақ акср – нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеудің іске асырылуы.
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақстандағы сациалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; қорытындысы мен зардаптары.
- •Ксро құрамында КазКср-нің құрылуы.
- •Ересектер арасында сауатсыздықты жою
- •Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері. (1941-1945 ж ж.)
- •Қазақстан - майдан арсеналы.Ғылым мен өнер майданға (1941-1945жж). Қазақстан - майдан арсеналы
- •1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •[Өңдеу]Көтеріліс хронологиясы
- •[Өңдеу]Тарихи маңызы
- •1945-1991 Жж Қазақстанның мәдени өмірі.
- •«Қазақ кср- нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы». 25 қазан 1990ж Қазақ кср-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)
- •Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.) Тәуелсiздiк кезеңі
- •[Өңдеу]Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Ногай Ордасы.
Ноғай ордасы
Ноғай Ордасы Астанасы: Сарайшық Тілі: Қыпшақ Халқы: Ноғай
Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. –Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайларСырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза,Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.[1][2]
Ноғай Ордасы
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды. Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған. ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.