Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodicheskie_ukaz_LSZ_kaz_kurs (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

1. Еуропаллеттер (табандық).

Сипаттамалары:

Табансыз табандықтар өлшемдері 1200 х 800 х 150 мм,  салмағы- 6.5кг, динамикалық жүктемесі-1000кг, статикалық-2500кг.температуралық диапазоны: -40+70°С Табансыз табандықтар өлшемдері 1200 х 800 х 150 мм,  салмағы- 9кг,динамикалық жүктемесі-1000кг.,статикалық-2500кг.температуралық диапазоны: -40,+70°С

Табаны бар табандықтар өлшемдері 1200х800х160 мм, салмағы- 8.7кг,динамикалық жүктемесі- 1250кг,статикалық жүктемесі-3200кг, сөрелеп сақтау жүктемесі - 550 кг.

Табаны бар табандықтар өлшемдері 1200х800х160мм, салмағы- 11кг,динамикалық жүктемесі–1250кг, статистикалық жүктемесі-3200кг, сөрелеп сақтау жүктемесі- 550 кг.

 Жазық біртөсенішті төрт жақты табандық (паллеттер) аязға төзімді соққыға берік пластиктан жасалған пакеттелген жүктерді жинап механикаландырылған тиеу түсіру жұмыстарымен қоса, көліктік және қойма операцияларын жасауға арналған.

Пластикалық табандықтардың құрылымы жүктерді төрт жақтан автотиегіштермен екі қысқа жағы бар гидравликалық арбасы бар механихмдермен қармап алуға мүмкіндік береді.

Жалпы техникалық шарттарға сәйкес жасалған ГОСТ 9078-84 (СТ СЭВ 317-76) және ТУ ВY 690397528.001 - 2007.

Пластикалық паллеттердің артықшылығы:

- жұмыс істеу мерзімі (10 жыл немесе одан да көп);

- жоғары тазалық қасиеті;

- тазалау жеңілдігі;

- пластмассалық палеттердің қатты сүйықтарға шыдамдылығы (қышқылдар);

- соққымен иілістерге жоғары төзімділігі, беріктігі;

- шегелер, сүйiр бұрыштар, қабыршақтар, жаңқа, бұтақтар болмайды -жұмыстың қауiпсiздiгiн жоғарылататын және жүктi бұзылудан сақтайды;

- пластикалық табандықтар шірімейді, ылғалды зиянды заттармен иістер жинақталмайды

- табандықтың салмағы ауа райының әсерінен өзгермейді;

- екінші рет өңделу мүмкіндігі;

 

2.Металлдық табандықтар

1 Жалпы мәліметтер

Табандықтар жүктерді жинау үшін, тасымалдау және сақтау үшiн қолданылады.

Металлдық табандықтардың негiзгi артықшылықтарының бірі пайдалану мерзiмінің ұзақтығы және қоршаған ортаға зиян келтірмей, химия әсерлерімен қолайсыз жағдайларға беріктігін атауға болады. Металлдық табандықтардың пайдалану мерзiмінің ұзақтығы мен ағаш табандықтармен салыстырғанда бағасының қымбаттығына қарамастан тиiмдi.

Жүгi бар табандықтарды тасымалдау және орнату түрлі тиегіштермен жүзеге асады.

Мысал ретінде екі қарапайым құрылымдардың сипаттамалары берілген

  • Металлдық табандық – каркас құрылымды күйдірілген металл құбырлардан жасалған өлшесі 40х20х2 мм, жоғарғы жазықтығы (жүкке арналған төсеніш жазықтығы) төрт бұрышты құбырлардан жасалған өлшемдері 15х15х1,5 мм.

  • Табандық құрылымы бойынша төрт жақты бір төсенішті болып табылады.

  • Үсті полимерлі ұнтақпен жабылған. Жамылғының түсі – көк (RAL 5015).

  • Металлдық табандық. Каркасы толығымен құбырдан жасалған 40х20х2мм. Жоғарғы қабаты қосымша металдан жасалған жамылғымен жабылған жуандығы 2 мм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]