Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodicheskie_ukaz_LSZ_kaz_kurs (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Кіріспе

Логистикалық тізбектерде материалдық ағындардың орын ауыстыруы анықталған орында қажетті қордың шоғырлануынсыз мүмкін емес, оларды сақтауға сәйкестендірілген қоймалар арналған. Қойма арқылы тасымалдау жанды және затқа айналған шығындармен байланысты бұл тауардың құнын жоғарлатады. Осыған байланысты қоймалардың қызмет ету мәселелері логистикалық тізбектердегі материалдық ағындардың қозғалысына түбегейлі ықпалын тигізеді, көлік құралдарын пайдалану және хабардар етуді кешіктіру.

Заманауи ірі қойма – бұл күрделі техникалық ғимарат, бір-бірімен байланысты көптеген элементтерден тұратын материалдық ағындарды өрнектеуге бағытталған және нақты құрылымы бар, жинақтау және өңдеумен қатар тұтынушылар арасында жүктерді тарату кешені. Параметрлер, технологиялық шешiмдер, жабдық құрастырымы және жүктердiң өңделуі түрлi номенклатуралардың мiнездемелерiне байланысты қоймаларды күрделi жүйелерге жатқызуға болады. Қойма, логистикалық тізбектің жоғары деңгейлi жүйесінің элементi болып табылады - қойма жүйесінде негізгі және техникалық талаптарды қалыптастырады, тиімді қызмет етуіне арналған мақсаттар мен қағидаларды орнатып, жүктерді өңдеудің шарттарын айқындайды.

Сондықтан қойма логистиялық тізбектен шеттетiлмей, интеграцияланған негізгі бөлiгi ретінде қарастырылуы тиіс. Тек қана мұндай жол арқылы қойманың негiзгi функцияларының табысты орындалуы және тиiмдiлiктiң биiк деңгейiне жетуге болады. Сонымен бiрге қойма жүйесінiң параметрлерi нақты қойма үшiн оның элементтерi және бұл элементтердiң өзара байланысына негiзделген құрылымы сияқты бiр-бiрiмен, едәуiр айырмашылығы болады. Қойма жүйесін жасауда келесi негiзгi қағидаларды ұстану керек: тек қана барлық ықпал ететiн факторларды есепке алу арқылы жеке шешiмнің тиiмдiлігі анықталады. Бұл қойманың, iшiнде немесе сыртында жүкті өңдеудің алғышарты, функционалдық есептердiң айқын анықталуы және негiздеушi талдау болып табылады. Кез келген шығындар экономикалық тұрғыдан ақталуы керек, яғни кез келген технологиялық және техникалық шешiмдер, тиiстi капитал жұмсауларға қатысты, нақты алдан ала көзделген мақсаттарга негізделіп, нарықта сәндi тенденциялармен ұсынылатын техникалық мүмкiндiктерге байланысты болмауы керек.

Қойманың негiзгi міндеті - қорды шоғырландыру, олардың сақталуы және тұтынушылардың тапсырыстарын үзiлiссiз және ырғақты орындалуын қамтамасыз ету. Қойманың негiзгi функцияларына келесiлерді атауға болады:

  1. Сұранысқа сәйкес өндiрiс ассортиментін тұтынуға өрнектеу - клиенттердiң тапсырыстарын орындау үшiн қажетті ассортименттерді жасау. Осы функция тарату логистикасында ерекше мәнге ие, мұнда сауда ассортименттері үлкен көлемдегі ауқымды тауарлар әр түрлі өндірушілерден, қызметіне қарай, құрылымына қарай, өлшеміне, түсіне және т.б қарай ерекшеленеді. Қоймадағы керек ассортименттерді жасау тұтынушылардың тапсырыстарын қарқынды орындауына және клиентке қажетті көлемдегі тапсырыстарды орындауға әсер етеді.

  2. Қоймада жинау және сақтау өнiм өндiрумен және оның тұтынуының аралығындағы уақыт айырмашылықтарды тегiстеуге мүмкiндiк бередi және құрылған тауарлық қор базасында үздiксiз өндiрiсті және жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкiндік бередi. Тауарларды тарату жүйесiнде сақтау кейбiр тауарлардың маусымдық тұтынуымен байланысты.

  3. Жүктердi унитизациялау және тасымалдау. Көптеген тұтынушылар қоймалардан «вагон сыйымдылығынан аз» немесе «трейлер сыйымдылығынан аз» партияға тапсырыс береді бұл мұндай жүктерді жеткiзуге қатысты шығындың едәуiр өсуіне әкеледі. Көлiк шығындарын қысқарту үшiн қойма бiрнеше клиенттердің партияларын біріктіріп (унитизацию ) көлiк құралының толық жүктеуiне дейiн осы функцияны жүзеге асыра алады.

  4. Қызмет түрлерiн ұсыну. Бұл функцияның міндеті тұтынушыға қызмет көрсету,фирманың тұтынушыларға жоғары деңгейде қызметтарін қамтамасыз ету болып табылады. .

Олардың арасында:

– тауарларды сатуға дайындау; (контейнерлерді толтыру, таңудан босату және өнiмді буып қоюы, т.б)

құрал жабдықтардың жұмыс істеуін тексеру, монтаж;

өнiмді тауар түріне жеткізу, мысалы ағашты алдын ала өңдеу;

көлiктік-экспедициялық қызметтер және тағы басқалар.

Жүк үшін штабельдеудің биіктігі жылжымалы құрамның биiктiгiмен өлшенеді жүкті орналастыру кезінде қанша ярустық биіктікке көтеруге болатынын ескеру қажет.

Жүктерді тиеу кезінде қасиеттеріне байланысты бейтарап орналастырып, барлық жүктерге қолайлы режимдерін сақтау керек.

Жүктердің өзіндік қасиеттері басқа жүктердің сапасына әсерін тигізбеген жағдайда, жүктердің тиелуі барысында сақталуы қамтамасыз етіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты - жүктердiң және көлiктердің сипаттамасын есепке алуы арқылы (су көлігі, вагондар, автокөлiктер) жылжымалы құрамды, жүк таситын бөлмелерді ұтымды қолданып қойылған есепті шығару.

Курстық жұмыста берілген жүктерді пайдалану арқылы, есептердiң нақты шешiмiн құруды болжайды; жалпы жүктемені анықтау; қоймалардың және көлiк құралдарының ұтымды жүктелуі; қоймалар және көлiк құралдарының тиiмдi жүктелуiнiң белгiлерiн есептеу.

Бұл есептердi шешуде бiлiм және қолдану қабілеті қажет: а) жүктердің көліктік сипаттамасы және жүктелу технологиясына әсер ету бағасы, жүктерді тасымалдау және сақтау; б) негiзгi көрсеткiштер және қоймалардың жұмыстарын өлшеуіштер; в) (кемелер, вагондар, автокөлiктер) жылжымалы құрамға жүктердің жүктелуінің ұтымды белгiлерi, қоймалар; г ) қазiргi математикалық саралау әдiстерi және қоймалармен көлiк құралдарыныі жүктелуін оңтайландыру.

Жүктерді таңдайды – ыдысты дара жүктерді және өз еркімен. Көліктің сипаттамасына байланысты есептеулер жүргізіледі.

1.Берілген жүктердің көліктік сипаттамасы.

Тасымалдауға берілген сәттен бастап тауар - жүк болып қалыптасады. Тауар жүкке айналғаннан кейін көлік үшін тауардың сипаттамасы маңызға алынбайды (тұтыну қасиеті), алайда жүктің сипаттамасы есепке алынып ескеріледі.

Жүктiң көлiктік сипаттамасы - жүктерді тасымалдаудың техникасымен шарттарын айқындайтын, тиеу және сақтау қасиеттерінің жиынтығы.

Жүктің көлемі мен салмағының сипаттамалары, сақтау тәртібі, физикалық және химиялық қасиеттері, қаптаудың ерекшеліктерімен тара және кейбір тауарлық қасиеттер тауардың «көліктік симаттамасына» кіреді.

Жүктiң қасиеттерiмен оның көлiктік сипаттамалары тасымалдау техникамен өзара байланысты. Жүктерді тасымалдауға беру түрі қоймалардың мамандануына әсер етті. Соған байланысты тиеу-түсіру техникасымен жабдықтардың құрылымына жаңа талаптар қойылды.

Көліктік сипаттаманың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы «көліктің тасымалдауға жарайтын күй ұғымын» білдіреді.

Егер жүк тасымалға жарайтын күйде берілсе онда жүктiң сақталуы және тасымалдау қауiпсiздiгі қамтамасыз етiледi. Мұндай күйдiң белгiлерi: болып табылады:

- жүк шартқа сәйкес күйде болады;

- жүк тасымалдау шарттарымен стандарттарына сәйкес келедi;

- жүктің тарасы зақымданбаған, қаптамасы, құлыптар, пломба, бақылау ленталары, таңбалары;

- жүк ылғалдан, шаңнан және иістерден қорғалған;

- жүктiң бүлінген белгңлері жоқ.

Курстық жұмыстың объекті тасымалдауға берілген жүктер болып табылады.

Жүктердiң негiзгi көлiктік сипаттамасына тасымалдау шарттарына келесілер әсер етеді: бұлар ылғал тартқыштық, дымқылдық, жатып қалғандық, қатқыштық тағы басқалар.

Ылғал тартқыштық - бұл заттың қасиетi ауадан су буларын бөліп ерекшелейді. Бұл қасиет суда тез еритін заттарға тән(тұз, қант), сумен химиялық байланысқа түсетін (сөндiрiлмеген әк ) немесе құрылысы кеуектi (белсендiрiлген көмiр, талшықты заттар, шай, кофе тағы басқалар).

Құрғақ заттар ылғалды қоршаған ортаның ылғалдылығы өзінің ылғалдылығымен теңескенше дейін өзіне тартады. Ылғалды заттар ауаның ылғалдылығы төмендеген кезде құрғайды. Ылғалды жұту немесе бөлу жылдамдығы температураның жоғарлауымен өседі және ауаның қозғалу жылдамдығының өсуін жүкті қаптау қоймада сақтау кездерін ескеру қажет.

Ылғалдылық заттың ылғалдану деңгейімен сипатталады (құрақ заттың массалық пайызына) үлкен ылғалдылық заттарда шіру процессінің дамуына, кейбір жүктердің технологиялық сапасының жоғалуына әкеледі (талшықты және терi тауарлары, темекi шикiзаты тағы басқалар).

Сыртқы ортаның әсерінен жүктердің суға сезімталдығы өнімнің сапасымен түріне олардың бұзылуына, (азық-түлiк, тоқыма тауарлардың су болуына тағы басқалар)алып келеді.

Жабысып қалғандық - кейбiр дәндi және ұнтақ тәрiздi жүктердi сақтау кезінде бөлшектері нығызданып (тұздар, минералды тыңайтқыштар, кейбiр кендер тағы басқалар) бүтiн массаны құрастыра өзара байланыстырылады. Бұл қаптамасыз жүктерді вагондардан түсiру кезінде қиыдықтар туғызады.

Қату – көптеген үйілмелі жүктерге қолайсыз температурада, ылғалды күйінде (металлдардың кенi, Песоаны, саз, қиыршық тас, күйiндiлер тағы басқалар)

Аязға төзiмдiлiк - бұл сұйық өнімдердің еру кезінде өз қасиеттері мен формаларын сақтай алу қасиеті. Көкеністер, жемістер, балық өнімдері үшін әйнек ыдыстарында қату процессі қолайсыз.

Жабысу - кейбiр жүктерге тән қасиеттердің бірі қоюлану мен кебу (лак, гудрон, асфальт тағы басқалар).

Қаптасытамасыз тасымалданатын майда фракциялы жүктер (астық дақыл, құрылыс, қатты отын тағы басқалар) төгiледі. Сусымалы жүктер тиеу, түсiру процесінде оң ықпалды және терiс - вагонның шанағының саңылаулары арқылы төгілетіндігі. Майда фракциялы жүктер ашық жылжымалы құрамда тасымалданғанда үрленуге ұшырайды.

Өздiгiнен жану - кейбiр жүктердiң белгілі бір ортаға сәйкес өз температураларын жоғарылату қабiлеті, жануға дейiн апарады. Өздiгiнен жануға көмiрлердiң кейбiр сорттары, талшықты заттар, дымқыл дән, май сiңген жыртық шүберек және т.б жүктер бейім.

Отқа шыдамдылық - бұл материалдармен конструкциялардың оттың әсеріне шыдау және қарсыласу қабілеті. Оттың әсеріне шыдамсыз жүктер өте қауiптi болып есептеледi және тасымалдаудың ерекше шарттарын талап етедi.

Жарылу қаупi - кейбiр химиялық заттармен олардың қоспаларына тән қасиет. Жарылыстың зардаптарын есепке ала жарылғыш жүктерді қоймада сақтаудың қатал ережелерін сақтау керек

Улы заттарды ұқыпсыз қолдану кезінде адамдардың, малдардың , азық-түлiк тауарларының улануына әкеледі алып келедi.

Зақымдану кейбiр жүктер адам организміне зиянды әсерін тигізеді. Мұндай зиянды әсер шаң шығаратын жүктерде болады. Ізбес шаңы, сода, цемент, темекi тағы басқалар тыныс алу жолдарының тітіркенуіне әкеледі; апатит, көмiр шаңдары өкпені зақымдайды да силикозбен ауыртады. Терi және өнделмеген аң терiсiнің шаңдары инфекция аурулары себепшi бола алады.

Коррозия – химия және электрохимиялық процесстердiң қара және кейбiр түстi металлдарды шiрiтiп жiберу процессі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайының әсерінен пайда болады. Сондай материалдардың беттерінде (ылғал, көмiр шаңы, газдар, хлоридтар тағы басқалар) болады.

Морттық – соққылырға шыдауға қабiлетсiз жүктер олардың iшiнде әйнектер және әйнекбұйымдары фарфор, шифердi және метлах тақта қаптайтын керамика бұйымы тағы басқалар. Тиеу кезінде абайлап соққыларға жол бермеу керек.

Шаңдану - жүктердің қалыпты орнатылаған күйден орын ауыстыру барысында өте ұсақ бөлшектерiнiң бір бірімен әрекетке түсу процессі. Шаңдар әдетте жүктерді тиеу және түсiру кезінде пайда болады. Цемент, көмiр, апатит концентраты, дән тағы басқалар қатты шаң бөледі. Қоршаған ортаның ластануымен заттардың химиялық реакцияға түсу қабілеті кейбiр органикалық заттардың шаңдары (астық дақыл ұннан жасалған, көмiр), кейбір металдар (алюмини, магни) от және электр ұшқынынан тұтанып өрт қауіпін тудырады.

(Кендердiң күйiндi түйiршiктелген концентраттары) жеке жүктер сұйылу қасиеттерiне ие болады, яғни жүктердің арасына суларды жинақтап белгілі бір сұйық күйге дейін өзгертеді. Бұл пойыздың қозғалуында жүктiң орын ауыстырып, тоқтау және пайда болатын инерция күштерi бөлiмшелердің қисық жолында пайда болады. Соның әсерінен вагонның домалақ қабырғаларының әсерінен , жолда доңғалаққа түсетiн салмақ әсер етеді.

Сұйық және газ сияқты жүктердi тасымалдау және сақтау барысында тараның ішіндегі қысым есепке алынады.

Мал және өсiмдiк текті өнiмдерді сақтау және тасымалдау кезінде ферменттердің ықпалмен өнiмдердің жасушаларында тыныс алу, пiсу, өсу және автолиз процесстерi өтеді.

Тыныс алу процестері өсiмдiк тектi өнiмдерде жүреді (дән, көкенiстер, жемiстер, сонымен бiрге жұмыртқа), (көмiрсутектер, майлар тағы сол сияқтылар) ауаның оттегiмен тотығуында болады және қурап қалған заттардың жоғалтуымен аяқталады. Ауаның ылғалдылығы мен температурасы жоғарлаған сайын тыныс алу процессінің қарқындылығы артады. Органикалық заттарын жоғалту мен тотығу арқылы тыныс алу процесінде өздiгiнен жылу бөлу арқылы өнімнің жылынуына және бүлінуіне қолайлы жағдай жасайды.

Пiсу процесі кейбiр өсiмдiк текті өнiмдерде орын алады, яғни ферментативті үдерістердің арқасында нанның дәнді дақылдары қантты крахмалға айналады, ал өнімнің жемiстерінде крахмал қантқа айналады.

Өсу процесі астық, картоп және тамырлы жемiстерде байқалады, үлкен ылғалдылықпен тиiстi температура шарттарында үдемелі тыныс алу процессімен өтеді. Нәтижесінде өнiмнiң химиялық құрамы өзгереді. Өсу процесін өнімдерді қараңғы бөлмелерде және төмен температурада сақтау арқылы баяулатуға болады.

Автолиз процесі (ет, майшабақ, ұн, жазық тағы басқалар) кейбiр өнiмдердiң пiсуiнде байқалады және олардың тканьдарын құрайтын ферменттердiң ықпалмен ақуызды көмiутектер және майларының ыдырауынан тұрады. Өнімдерді сақтаудың қолайсыз жағдайларында және ауаның үлкен ылғалдылығында өнiмде микробиологиялық процесстер дамиды, бұл процесс ашу, шiру және азық-түлiк өнiмдерiнің сапаларының төмендеуіне және қолдану үшiн тiптi жарамсыздығына себепші болады .

Малдар мен құстарды тасымалдау кезінде және малдардың шикі өнімдері (ет, атылған құстар, iшкi органдары, тоң май, жұмыртқа, сүт, бал тағы басқалар) , малдардың шикізаттары (терi, малдармен құстардың жүндері, сүйектері сол сияқтылар) және сабандарды тасымалдағанда жұқпалы ауруларды тасымалдау қауіпі бар.

Өсiмдiктермен ауылшаруашылық, орман өнiмдерінің кейбiр түрлерін тасымалдау кезінде өсiмдiктермен арамшөптердің ауруларын тасымалдау қауіпі бар. Жүктерді сақтау және тасымалдау шарттары жүктердің түрлеріне арналып тиiстi жылжымалы құрамның таңдалуымен және тасымалға дайындық жүргізу арқылы жоғарыда аталған зардаптарды алдын алуға болады.

Жүктерді қоймада сақтау, ыдысқа және қаптамаға қойылатын талаптар және жүктерді тасымалдауға дайындау шарттары ППГ, КМАПРиСО – да келтірілген.

Жүктердің салмағы мен көлемінің сипаттамалары 1.1. кестеде келтірілген

Жүктердің сәйкестігіне қарай 1.2 құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]