
- •Астана медицина университеті ақ жалпы және биоЛогиялық химия кафедрасы силлабус
- •1.7 Оқытушылар жөнінде мәлімет:
- •1.9 Пән саясаты:
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.8 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыбы (сөж)
- •2.9 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Орыс тілінде:
- •Ағылшын тілінде:
- •2.10 Оқу және оқыту әдістемесі
- •2.11 Бағалау ережелері мен критерийлері
- •Бақылау және білімді бағалау.
2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттерде негізгі метаболиттік процестердің адам организміндегі және ұлпадағы ерекшеліктері мен олардың реттелуі, молекулалық механизмдері, ауруға диагноз қою үшін, және оны тиімді емдеуде биохимиялық көрсеткіштерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру.
2.3 Пәннің міндеттері:
-дәрігерлерді дайындауда биологиялық химияның маңызы туралы ұғым қлыптастыру;
-тірі организмдегі ақуыздардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың биологиялық қызметтері, қасиеттері және химиялық құрылысы туралы білімді қалыптастыру;
-зат алмасу, энергия алмасу және метаболиттік процестердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру;
-организмнің маңызды мүшелері мен ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктері туралы түсінікті қалыптастыру;
-ауруға диагноз қоюға және метаболизм ауытқуларына түзетулер енгізуде қазіргі заманғы биохимиялық әдімстер туралы түсінік қалыптастыру;
2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері
Студент
білуге тиіс:
- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері: көмірсулар, липидтер, жай және күрделі ақуыздар, витаминдердің құрылысы, қызметін және қасиеттерін;
метаболиттік процестің реттелуі және жүру механизмін, клетканың құрамдық және қызметтік ұйымдасуының молекулалық негізін;
генетикалық ақпараттың молекулалық механизмінің жеткізілуін;
энергия алмасуының бұзылуы мен энергия айналымының механизмін;
организм, ұлпа және мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;
алмасу процестерінің және физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін, бұзылу нәтижесінде мүмкін болатын салдары;
негізгі қоректі заттардың (ақуыздар, липидтер және көмірсулардың), минералды заттардың және судың метаболизмдегі ролін;
адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың патология және қалыпты жағдайдағы негізгі биохимиялық константаларын.
істей алуы тиіс:
негізгі биохимиялық зерттеулер нәтижесінен қорытынды шығара білу;
метаболизм карталарын және арнаулы анықтамаларды қолдана білу;
биохимиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын-ала болжау және биологиялық белсенді заттар жетіспеушілігі кезіндегі олардың реттеуі;
дағдыларды меңгеруі тиіс:
адам организмі биологиялық сұйықтарындағы көмірсулар, липидтер мен азотты заттар алмасуының аралық заттарын сандық анықтаy;
адам организмі биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің белсенділігін анықтау әдістерін жүргізуді.
2.5 Алғы реквизиттері: химия, молекулярлы биология және медициналық генетика, медбиофизика, анатомия, гистология, қалыпты физиология.
2.5 Кейінгі реквизиттері: патологиялық физиология, ішкі аурулардың пропедевтикасы, эндокринология, фармакология және т.б.
Бағдарламаны пәннің мазмұнын көрсетуші негізгі құжат деп қарастырғанмен, дәрістердің, зертханалық жұмыстардың орналасу кезегін өзгертуге мүмкіндік бар.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
Ақуыздардың құрылысы мен функционалдық жіктелуі. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен жіктелуі. Мембрана жасушаішілік биохимиясы Зат алмасуға кіріспе. Тағам биохимиясы. Жасушаның ьиоэнергетикасы (энергетикалық алмасу). Катаболизмның жалпы жолдары және энергетикалық алмасуы. Аминқышқылдар мен ақуыздардың алмасуы. Көмірсулар, майлар мен ақуыздардың өзара алмасуы. Рзат алмасудың реттелуі. Гормондар биохимиясы. Тұз су алмасуы.Гомеостаздық реттелуі. Зәр және бүйрек биохимиясы. Хромопротеидтердің алмасуы. Бауыр биохимиясы. Қан биохимиясы. Дәнекер, сүйек және тіс биохимиямы Бұлшықет ұлпасының биохимиясы. Жүйке ұлпасының биохимиясы.
2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспарының жобасы
№ |
Дәріс тақырыбы |
Өткізу түрі |
Сағат |
1 |
Кіріспе. Ақуыздың құрылысы мен қызметі. |
Тақырыптық |
1 |
2 |
Ферменттер. Ферменттер белсенділігін реттеу. |
Тақырыптық |
1 |
3. |
Зат алмасуға кіріспе. Энергетикалық алмасу. |
тақырыптық |
1 |
4 |
Биологиялық тотығу. ТАТ. Тотыға фосфорлану. |
тақырыптық |
1 |
5. |
Катаболизмнің жалпы жолдары. |
тақырыптық |
1 |
6. |
Көмірсулардың алмасуы. |
тақырыптық |
2 |
7. |
Майлардың алмасуы. |
тақырыптық |
2 |
8. |
Ақуыздар мен аминқышқылдарының алмасуы. |
тақырыптық |
2 |
9. |
Нуклеотидтердің алмасуы. Көмірсулардың , майлардың және ақуыздардың өзара алмасуы. |
тақырыптық |
1 |
10. |
Зат алмасуының реттелуі. Гормондар биохимиясы. |
тақырыптық |
1 |
11. |
Тұз-су алмасуы.Гомеостаздың реттелуі. |
тақырыптық |
1 |
12. |
Бауыр биохимиясы. Хромопротеидтер алмасуы. |
тақырыптық |
1 |
13. |
Қан биохимиясы. |
тақырыптық |
1 |
14. |
Бұлшықет және жүйке ұлпасыньң биохимиясы. . |
тақырыптық |
1 |
15. |
Дәнекер, сүйек және тic ұлпасыньң биохимиясы. |
тақырыптық |
1 |
|
Барлығы:18 сағат |
тақырыптық |
1 |
2.7. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптарының жобалық жоспары
№ |
Тәжірибелік сабақтардың тақырыбы |
Өткізу түрі |
Сағат |
1 |
Ақуыздардың құрылысы, қызметі және физико-химиялық қасиеттері. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
2 |
Ферменттер. Ферменттердің қасиеттері. Ферменттер белсенділігінің реттелуі. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
3 |
Қан сарысуындағы жалпы ақуыздардың сандық анықталуы. |
Зертханалық сабақ |
1 |
4 |
Аралық бақылау: Ақуыздар. Ферменттер. |
Семинар, бақылау жұмысы |
4 |
5 |
Зат алмасуға кіріспе. Энергетикалық алмасу. Ұлпалық тыныс алу. Электрондарды тасылмалдау тізбегі (ЭТТ). Тотыға фосфорлану. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
6 |
Катаболизмнің жалпы жолдары. Глюкозаның аэробты ыдырауы. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
7 |
Глюкозаның анаэробты ыдырауы.Глюконеогенез. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауы. Гликоген алмасуы. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
8 |
Қанның құрамындағы глюкозаны реттеу. |
Зертханалық сабақ |
1 |
9 |
Аралық бақылау: Зат алмасуына кіріспе. ТАТ. Катаболизмнің жалпы жолдары. Көмірсулардың алмасуы. |
Семинар, бақылау жұмысы |
4 |
10 |
Майлардың қорытылуы мен сіңірілуі. Жоғары май қышқылдарының алмасуы. Триацилглициридтер мен фосфолипидтердің клеткаішілік алмасуы. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
11 |
Холестериннің алмасуы. Майлар алмасуының бұзылуы мен реттелуі. |
Тәжірибелік сабақ |
4 |
12 |
Қан сарысуындағы холестеринді , жалпы майларды сандық анықтау. |
Зертханалық сабақ |
1 |
13 |
Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі. Аминқышқылдарының алмасуының жалпы жолдары. |
Тәжірибелік сабақ |
4 |
14 |
Асқазан сөлінің анализі . Қандағы азоттық алмасуды метаболиттік және ферменттік анықтау. |
Зертханалық сабақ |
1 |
15 |
Аммиактың алмасуы және оның залалсыздандыру жолдары. Кейбір аминқышқылдарының алмасу ерекшеліктері. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
16 |
Нуклеотидтердің алмасуы. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
17 |
Аралық бақылау: Майлардың алмасуы. Аминқышқылдар мен нуклеотидтердің алмасуы.
|
Семинар, бақылау жұмысы |
5 |
18 |
Гормондар биохимиясы. Зат алмасудың гормоналдық реттелуі. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
19 |
Су - тұз алмасуы.Бүйрек және зәр биохимиясы |
Тәжірибелік сабақ |
4 |
20 |
Зәрдің құрамындағы қалыпты және патологиялық құрамды анықтау. |
Зертханалық сабақ |
1 |
21 |
Бауыр биохимиясы.Хромопротеидтердің алмасуы. |
Тәжірибелік сабақ |
5 |
22 |
Қан биохимиясы. |
Тәжірибелік сабақ |
4 |
23 |
Қан құрамындағы биохимиялық көрсеткіштерін анықтау. |
Зертханалық сабақ |
1 |
24 |
Аралық бақылау: Гомеостаздың және зат алмасудың гормоналдық реттелуі.Тіндер мен ағзалардың биохимиясы. |
Семинар, бақылау жұмысы |
5 |
Барлығы: 90 сағат
Оқытушының қорытынды кеңес беру уақыты.
Студенттерге қорытынды кеңес беру пән оқытушысымен бірге, кесте бойынша кафедрада өтеді. Доцент Блудова С.А. сейсенбі 14 – 16 сағатқа дейін, аға оқытушы Зейнульдина А.С. сейсенбі16 – 18сағатқа дейін. Кафедрада ай сайын студенттердің ғылыми үйірмесінің отырысы болып отырады.
Ағымдық және аралық бақылауды өткізу уақыты
Бақылау |
Өткізу уақыты (апта) |
I аралық бақылау |
IX |
I I аралық бақылау |
XVIII |