Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikalyk_zhumys.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
12.56 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті жайында түсінік.Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер). Олардың организмнің бейімделу іс-әрекеті үшін маңызы, жіктелуі.

2. Жүре пайда болған тәртіп- мінез- құлық. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде.

3. Балада шартты- рефлекторлық іс-әрекеттің пайда болуы.

4. Шартты рефлекстің пайда болу және көріну заңдылықтары. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. Шартты рефлекстердің жіктелуі.

5.Шартты рефлекстер пайда болуының физиологиялық механизмдері, олардың құрылыстық- қызметтік негізі (И.П. Павлов, П.К. Анохин).

6.Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

7. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық маңызы, еңбек дағдыларына үйренудегі және оларға ие болудағы маңызы.

8.Қызметтік жүйелер тұрғысынан қарағандағы біртұтас мінез-құлықтық актінің архитектурасы. (П.К. Анохин).

9. Шартты рефлекторлық іс-әрекеттің тежелуі. Қыртыстық тежелудің түрлері.

10.Тежелудің қыртыстағы талдауға және шартты-рефлекторлық іс-әрекетке қатысы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру.

2. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

15 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейрофизиологиялық механизмдері

1 ЖҰМЫС

Белсенді қашу шартты рефлексін құрастыруды өткізуге арналған нұсқау.

Стресс кезінде ОЖЖ-ң қызметтік жағдайын,оның біріктіруші әрекетін зерттеу мақсатымен белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру жүзуге асырылады.Дұрыс бағытты таңдауға бағытталған электрден қорғаныш айырмашылық рефлексін арнайы ілмекті калеерада жүргізеді.

Тәжірибелер Т-тәрізді, екі арнайы лабиринтте өткізіледі. Лабиринт бастапқы және үш параллельді (негізгі, оң және сол) коридорлардан тұрады. Лабиринттің әр бөлімі бір-бірінен пластинкадан жасалған есікшелермен бөлінген.Олар тәжірибелік жануарларды бір бағытта жіберіп отырады. Шарты белгі ретінде электр жарығы қолданылып, оны 5сек. Соң шартсыз тітіркендіргіш электр тогымен бекітеді. Жануарлар электр тогының жасайтын ауырлықтітіркенуінен қашып, бастапқы бөлімнен орталыққа, яғниақ егеуқұйрықтар қосымша коридорлардың біреуіне өтіп, қауіпсіз алаңға келеді.

Шартты рефлекстерді құрастыру келесі түрде өткізіледі:

1. Тәжірибелік жануарды камераға орналастырып, оның жалпы жағдайының бастапқы көрсеткіштерін тіркейді.Жалпы жағдайдың көрсеткіштері:

А) тынысалу мінездемесі (қалыпты, жиілеген,сиреген)

Б)физиологиялық қалыптың тұрақтылығы тұрақты,тігінен және көлденең белсенділік

В)тырысқақтық болады, болмайды

2. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулері жүргізіледі. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулерінің саны анықталады да, содан соң шартты рефлекс түзіледі.

2 ЖҰМЫС

Тәжiрибелiк жануаларда тәртiптiк реакцияны зерттеу.

Жануарлардың бағыттаушы - зерттеушiлiк тәртiптерi мен эмоционалдық реакцияларын зерттеу үшiн «Aшық алаң» тестін қолданады.

«Ашық алаң» бұл биiктiгi 40см қоршалған, диаметрi 80см дөңгелек алаң. Алаң Tереңдігі 1.5см, диаметрi 3см-ге тең, бiркелкi 16 саңылаулардан тұрады. «АА» - да жануарлардың тәртiптiк зерттеу үшiн, алаңның орталығынан 25см қашықтықта 2 сызық жүргiзiлген. 3ертгелiнетiн кез -келген фактордың әсерiнен жануарлар тәртiбiнiң динамикасы бақыланады.

Бұл үшiн егеуқұйрықты алаңның орталығына орналастырып, минуттық қараңғылыққа бейімдейді. Содан соң 2 минут iшiнде жануардың қорғаныштық және зерттеушiлiк реакцияларын бақылайды.

Тәжiрибеге алынған жануарлар қимыл – қозғалыстары және кеңістіктегі тұрпатын ұстау мүмкiншiлiктерi бойынша 2 топқа бөлініді:

1. Қорғаныштық реакция: 2. Зерттеушiлiк реакция:

а) груминг а) сүйенбей тігінен тұру

б) бiр орнындағы қозғалыссыз б) сүйеніп тігінен тұру

в) қозғалмау тұрпаты в) саңылауларға үңiлу

г) жасырын кезең г) локо

жұмыс №3 Жобаларды салу

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№16 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

Тақырыбы: ЖЖ іс-әрекетін зерттеу әдістері. ЖЖ іс-әрекетінің типтері.

Сағат саны: 4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

Астана 2010ж

1. Тақырыбы: ЖЖіс-әрекетін зерттеу әдістері. ЖЖіс-әрекетінің типтері.

2. Мақсаты: Оқытылатын тақырыптың өзектілігі, уақытша байланыстың түзілу қабілеттілігі және онық ұзақ сақталынуы шартты-рефлекторлық әрекетті анықтайтын, негіз болып табылатын, ми қыртысы құрылымдарының икемділігінде.

3. Оқу мақсаты: ЖЖІӘ- типтерінің анықталуының түрлі әдістері туралы көзқарас қалыптастыру ( Гиппократу және И.П.Павлов бойынша). I және II сигналдық жүйелердің негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастрыу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]