Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikalyk_zhumys.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
12.56 Mб
Скачать

Тақырыб: Көру талдағышы. Көру талдағышының зерттеу әдістері.

1 ЖҰМЫС Көру өткірлігін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өткірлігін анықтау үшін 12 бағанға орналасқан әріпті белгілі Сивцев – Головин стандартты кестесін қолданады. Әр бағанға әріп мөлшері жоғарыдан төмен қарай. Әр бағанның бүйірінде арақашықтықты белгілейтін сан болады, бұдан берілген 1 көру бұрышынан әріпті қалыпты көз анықтайды. Кестені жарық қабырғаға іледі немесе қосымша электрлік лампамен жарықтандырады. Зерттелушіні кестеден 5м қашықтықта орындыққа отыруын және арнайы қалқамен көзін жабуын сұрайды. Тәжірибеші сілтеуішпен зерттелушіге әріптерді көрсетіп, оларды атауын сұрайды. Анықтауды бағанның жоғарғысынан төменге қарай түсіре отырып, ең төменгі бағанды көрсетеді. 2 – 3 секунд ішінде зерттелуші барлық әріптерді дұрыс айтады және анық көреді. Содан соң көру өткірлігін мына формула бойынша есептейді: V=d/D, мұнда V – көру өткірлігі, d – зерттелушінің кестеден арақашықтығы, D – қалыпты көздің көру арақашықтығы. Содан соң екінші көздің көру өткірлігін анықтайды.

Қорытынды:

2 ЖҰМЫС Форстер периметрінің көмегімен көру өрісін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өрісін анықтауды Форстер периметрінің көмегімен өткізеді. Периметрді жарыққа қарсы қояды. Зерттелушіні жарыққа арқасын қаратып отырғызады және периметр штативінің ойшасына иегін қоюын сұрайды. Егер сол көздің көру өрісі анықталса, иекті қойғыштың оң жақ бөлігіне қояды. Штатив ұшы көзшарасының төменгі шетімен келетіндей етіп реттейді. Зерттелуші бір көзбен периметр доғасының орталығындағы ақ дөңгелекті белгілеп, екінші көзді қолмен жабады. Периметр доғасын көлденең қалыпқа келтіріп, өлшеуді бастайды. Бұл үшін ақ марканы периметр доғасының ішкі беткеімен 90 - тан 0 - қа ақырын жылжытады. Зерттелушіні белгілінген көзге айыратын марканың қозғалмай көрінген кезін айтуын сұрайды. Сәйкес келетін бұрышты белгіліп, екіншілей тексереді. Көру өрісінің шекарасы дәл анықталғанына қарай, зерттелуші меридианы көбірек болады.

Бағытталуы

Көру өрісінің мөлшері, градуспен

Ақтың

Жасылдың, қызылдың, көктің

Жоғары

Төмен

Сыртқа

Ішке

Алынған нәтижемен екі түске де периметрлік сурет сызасыз. Ақ, жасыл және басқа түстердің көру өрісінің мөлшерін салыстырыңыз және олардың арасындағы айырмашылық себебін түсіндіріңіз.

Қорытынды:

3 ЖҰМЫС Аномалоскоп көмегімен түсті көруді зерттеу

Жұмыс барысы: АН – 59 аномалоскобы түстің үш түрлілігін анықтауға негізделген, бұл көздің торлы қабығында үш түрлі клеткалық жарық сезгіш қабылдағышы болуымен түсіндірілетін қағидаға негізделген. Бұлар барлық спектрлі сезімталдық бойынша ажыратылады. Торлы қабықта қалыптасатын сигналдар әрі қарай миға беріледі де, біздің түсті ажыратуымызға негіз береді. Сонымен АН – 59 аномалоскобында қабылдағыштың үш жүйесінің әр қайсысымен сынақ жүргізіледі және оның құралуының ерекшелігі болып саналады. Бірінші сынақта түсті ажырату жеткілікті түрде бағаланады.

Қорытынды:

4 ЖҰМЫС Мариотта тәжірибесі

Жұмыс барысы: Зерттелушіге сол көзін жауып, карточканы оң қолында ұстап ақырын ашық оң көзіне әкелуін сұрайды. Бұл кезде зерттелуші көзқарасын сол бейнеленуде ұстауы керек. Оң жақ көзден 20 – 25см арақашықтығында бейнелену жоғалады. Содан соң екінші көзбен де дәл осыны істейді.

Қорытынды:

5 ЖҰМЫС Қарашық рефлекстері

Жұмыс барысы: Зерттелуші шам жарығына қарама-қарсы отрырады. Зерттеуші, зерттелушінің екі көздің қарашығының өзгерісін бақылайды, содан соң, зерттелуші бір көзін алақанмен жабады, ал зерттеуші осы көздің қарашығының өзгерісін бақылайды. Содан кейін осы көздің ашылғандағы қарашықтың өзгерісін анықтайды. Зерттелуші екі көзін де 30 сек. жабады, ал зерттеуші екі көз ашылғандағы қарашықтың өзгеру реакциясын бақылайды.

Келесі кезекте зерттелушінің алысқа көздерін тігуін сұрайды. Осы кезде 15 см. алшақтатылған саусақ ұшына немесе қаламсапқа көздерін жылдам тігуін қадағалайды. Осы уақытта зерттеуші көз конвергенциясы және біруақытта қарашық реакциясын бақылайды және көз өсі мен қарашық шамасы қалай өзгеретіндігін белгілейді.

6 Жұмыс. Бинокулярлық көру қабілетін зерттеу.

1 жұмыс «екі қарындаш»

Керекті құрал-жабдықтар: 2 карындаш. Зерттеу объектісі: адам.

Жұмыс барысы: бір қарындаш үстел үстінде жатыр. Зерттелушіге көзін жұмбай тұрып екінші қарындашты үстел үстінде жатқан қарындаштың ортасына тигізе отырып перпендикуляр қоюын сұрайды. Бинокулярлық көру қабілеті қалыпты адам бұл жұмысты бір істегеннен-ақ тигізе алады,ал қалыпты емес жағдайда ол бірнеше рет қайталаса да істей алмайды . Содан соң зерттелушіге көзін кезекпен,яғни оң және сол көзін жұма отырып екінші қарындаштың ұшымен бірінші қарындашқа тигізу керек . Монокулярлық көру қабілеті бойынша бірінші қарындаштың ұшын екіншісіне тигізу қиын.

Қорытынды: Зерттелуші көзі ашық кезінде екінші қарындашты біріншіге неше рет қайталағанда және қаншалықты дәл тигізгенін анықтаңыз. Бір көзі ашық кезінде бұл жұмысты жүзеге асыру не себепті қиын екенін түсіндіріңіз.

2 Жұмыс«Алақандағы тесік»

Керекті құрал-жабдықтар: Тесігі бар темір түтік.

Зерттеу объектісі: адам.

Барысы: Зерттелуші екі көзімен жақсы жарықтанған кеңістікке түтіктің тесігі арқылы сол қолымен ұстап тұрып қарайды .Зерттелуші сол қарап тұрған қалпында түтікке оң жағынан оң алақанын қояды . Егер зерттелушінің бинокулярлық көру қабілеті бұзылмаса, онда кеңістіктегі түтікпен көрген бейне алақанның ортасына өту арқылы «алақандағы тесік» сияқты көрінеді.Бинокулярлық көру қабілеті бұзылған жағдайда «алақандағы тесікті»көре алмаймыз.

Қорытынды: Зертелушінің жауаптарына анализ жаса және бинокулярлық көру қабілетінің қалыпты немесе бұзылған жағдайына қорытынды жасаңыз.

жұмыс №7 Жобаларды салу

Көру өрісінің сызбанұсқасы

Науқастың аты-жөні ....................................................... Күні ............................

Сол көз Оң көз

Көру өткірлігі Нысан Көру өткірлігі Нысан

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№13 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

Тақырыбы: Есту, тепе-теңдік талдағыштары.

Сағат саны: 4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

Астана 2010 ж.

1. Тақырыбы: Есту, тепе-теңдік талдағыштары.

2. Мақсаты: Есту және тепе-теңдік талдағыштары сенсорлық жүйенің қалғандарымен бірге, сыртқы әлемді тану мен сыртқы орта факторларына ағзаның бейімделу әрекетінде маңызды роль атқарады. Сенсорлық жүйелердің қызметтік механизмдерін түсіну үшін, рецепторлы аппаратының ,өткізгіштердің және аталып кеткен анализаторлық жүйелердің маңызы зор.

3. Оқу мақсаты: Есту және тепе-теңдік талдағыштарының құрылысы мен қызметтенуі туралы түсінік беру. Есту мүшесі және тепе-теңдік аппараты жұмысының жалпы принциптерін ұйымдастыру. Студентке есту өткірлігін, есту сезімталдылығының табалдырығын анықтауды үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]