
- •Физиология кафедрасы
- •20 Ж. « » Хаттама №
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Гальванидің 1-тәжірибесі:
- •Бақылау: ситуациялық есептерді шешу
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Бұлшық еттік талшықтардың(1)және миофибрильдердің құрылымы:а-анизотроптық дискілер,I-изотроптық дискілер,h.Z-пластинкалар.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Физиология кафедрасы
- •5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Реоэнцефалограмма.
- •Соматикалық(солдан) және вегативтік(оңнан)рефлекстердің схемасы.
- •Кесте. Элекроэнцефалограмма параметрлерінің көрінісі және әртүрлі ритмдердің тіркелу шарты.
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •«Астана медицина университеті» ақ Физиология кафедрасы
- •II. Деніміз сау болсын!
- •«Астана медицина университеті» ақ физиология кафедрасы
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау: тақырып бойынша ситуациялық есептер. «астана медицина университеті» ақ Физиология кафедрасы
- •Физиология кафедрасы
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6. Әдебиет:
- •Тақырыб: Көру талдағышы. Көру талдағышының зерттеу әдістері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері. Сеченовтық тежелу.
2. Орталықтан тежелудің механизмдері жайында қазіргі кездегі көзқарас.
3.Тежелудің негізгі түрлері- постсинапстық, пресинапстық, реципрокты, шеткергі
4.Соматикалық және вегетативті жүйке жүйесінің қызметтік ерекшеліктері.
5.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері.
6.Вегетативті рефлекстердің эфферентті бөлімінің ұйымдасу принциптері. Вегетативті түйіндерде қозу өткізу механизмі.
7.Вегетативті синапстар, циторецепторлар және блокаторлар. Рецепторлық субстанцияның және вегетатропты синапстық белсенді заттардың негізгі түрлері (адренергиялық, холинергиялық және басқалар) және вегетотропті синапсты активті заттар.
8.Гипоталамустың, мишықтың, лимбиялық жүйенің, торлы құрылымның және үлкен жарты шарлар қыртысының вегетативтік қызметтерді реттеудегі ролі..
9.Вегетативтік жүйке жүйесінің біртұтас мінез- құлықтық тәртіптік актінің қалыптасуында қызметтерді интеграциялауға қатысуы. Тәртіптің вегетативтік компоненттері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)
1 Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі).
2. Гольц тәжірибесі.
3. Висцеральді рефлекстер
4. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.
5. Қарашық рефлексін зерттеу. Жарыққа қарашықтың тікелей рефлексі.
6. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.
7. Кесте мен жобаны салу.
6. Әдебиет:
1.Тақырып бойынша дәріс
2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663
3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Қосымша:
1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.
3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
7. Бақылау: Ситуациялық есептерді шешу.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Физиология кафедрасы
№ 8 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері».
№1 ЖҰМЫС Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі)
ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды. Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін.
Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар, біреуі- 200 мл, NaCl тұздары, 0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа.
Жұмыс барысы:
Көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды.
Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.
Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз.
Қорытынды:
№2 ЖҰМЫС. Гольц тәжірибесі
Жұмыс барысы: жүрек әрекетінің рефлекторлық баяулауын немесе оның тоқтауын іштік қуыста (оның эпигастральді аймағында) орналасқан кезеген жүйкенің сезгіш талшығын және рецепторларды механикалық тітіркендіру арқылы тудыруға болады.Кәдімгі тәсілмен студентте жүректің жиырылу жиілігін санап, содан соң іштік қабырға бойын басыңқырап, қайтадан ЖЖЖ санайды. Осы кезде жүрек жиі жиырылады. Тәжірибені 2 рет қайталайды.
Қорытынды:
№ 3-жұмыс. Висцеральді рефлекстер.
А) Ашнердің көзді-жүрек рефлексі.
Жұмыс барысы: көзі жабық жатқан зерттелушіде ритмокардиоскоп көмегімен пульсті анықтайды. Көз алмаларын бас бармақпен әлсін басады және басуды тоқтатпай 10-15 сек. өткеннен кейін аспап көрсеткішін белгілейді.
Б) Превельдің ортостатикалық рефлексі.
Жұмыс барысы: жатқан (санар алдында пациент 3-6 минут жатып алады) пациентте ритмокардиоскоп көмегімен пульс санайды. Пациенттің тұруын өтініп, 15-20 сек. кейін пульсті қайта санайды.
В) Геринг рефлексі
Жұмыс барысы: отырған пациенттің пульсін санайды. Содан соң, оның терең дем алуын және тынысын кідіруін сұрайды. Осы кезде пульсті қайта санайды.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда пульс (тәжірибеге дейін және одан кейін) қалай және неліктен өзгергендігін көрсетіңіз.
№ 4-жұмыс. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.
Жұмыс барысы: шыны таяқшаның өткірсіз ұшыменневрологиялық балғаның ұстағымен немесе шпательмен тудырылады. Дені сау адам терісін әлсін тітіркендіргенде, ақ сызық- жергілікті ақ дермографизм білінеді. Дені сау адам терісін қатты және баяу тітіркендіргенде, тар ақ шеңбермен қоршалған қызыл сызық көрінеді. Бұл жергілікті қызыл дермографизм.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда не көргеніңізді белгілеңіз.
№5-жұмыс. Қарашық рефлексін зерттеу. Қарашықтың жарыққа деген тікелей реакциясы.
Жұмыс барысы: зерттелуші біркелкі жарықтандырылған бөлмеде және көзі ашық күйінде дәрігерге қарама-қарсы отырады. Дәрігер алақандарымен зерттелушінің көзін жапқанда қарашық бірден ұлғаяды. Осындай әдіспен келесі көздің реакциясын зерттейді.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда қай бұлшық етттер көмегімен қарашық диаметрі өзгереді және осы бұлшық еттер қандай жүйкелік талшықтармен жүйкелендіріледі?
№ 6-жұмыс. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.
Жұмыс барысы: трапеция бұлшық етінің аймағында ауыртпалық немесе суықтық тітіркендіргішпен тудырылады. Дені сау адам терісін эфирмен сүрту немесе иненің үшкір ұшымен тітіркендіру кезінде «қаз терісінің» түзілуі туады.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда жұлынның алдыңғы түбірлері, бүйірлі мүйіздері және шектелі симпатикалық бағанның жарақатында рефлекстің тумайтындығын жазыңыз. Жұлын көлденеңдігінің жарақаттануы, жарақаттан төмен жерде рефлекс күшеюін тудырады.
№7 ЖҰМЫС. Кестемен жобаны салу
Пресинапстық тежелу.А-1-тежелген нейрон,А-2-қоздыратын нейрон,А-3-эффекторлық нейрон.
Жүректің симпатикалық және парасимпатикалық иннервациясы.
Жүректің интеррецепторларының рефлекстері және оның графикалық кескіндемесі.
А-нейрон 1-ден нейрон 2-ге қозу өтуі;Б-тежелу;В-пресинаптикалық тежелу;С-антидромдық тежелу;Д-Н.Е.Введенскийдің пессимум типі бойынша тежелу.
«Сеченовтік тежелу»:
А-тәжірибие схемасы: 1-жартышарсыз бақаның рефлекс уақытын анықтау, 2-NaCl-ң кристалигін көру аймағына енгізгеннен кейін,дәл сол бақаның рефлексінің уақыты көбеюі;
Б-тежелудің болжамды механизмі: 1-мотонейроннан қозу өтуі, 2- мотонейронға шыкпайтын тежелу көрсетімі (қозатын синапстар қызылмен,тежелу-қарамен көрсетілге
Вегативтік жүйке жүйесі: А-симпатикалық жүйе, Б-парасимпатикалық жүйе.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Физиология кафедрасы
№ 8 сабаққа таратылатын материал
Бақылау: ситуациялық есептерді шығару
Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: ОЖЖ тежелу процестері.
№15 ситуациялық есеп:
Егер күндіз терезеден көп уақыт далаға қарап тұрып, содан соң көзіңді жұмсаң, біршама уақыт ішінде айқаспасын көресін.Бұл көрініс қандай жүйкелік орталықтың қасиетімен түсіндіріледі және бұның тегершігі қандай?
Шешу алгоритмі:
Жүйке орталықтарының қасиеттері.
Жүйке орталықтарындағы бір уақытылы және іздік қозудың физиологиялық тегершігі.
№17 ситуациялық есеп:
Адам тік қалпында оң аяғын көтереді, рефлексорлрдың жиырылуын не шақырады?Берілген құбылыстың тегершігі қандай?
Шешу алгоритмі:
ОЖЖ қызметінің координациялауы туралы ұғым.
Бұл қызметтің негіздері: жүйкелік үрдістер, олардың қарым-қатынасы, қозғалыс актілерін координациялау негізінде жатқан тегершіктер.
Қозғалыстың бейімделуінің реттелу актілеріне және қалыптасуына қатысатын ОЖЖ деңгейлері.
№23 ситуациялық есеп:
ЭЭГөге наркоз кезінде науқаста амплитудасы 280 мВ және жиілігі 0,57 Гц потенциалдар пайда болды. Операция өткізуге наркоз тереңдігі жеткілікті ме?
Шешу алгоритмі:
ЭЭГ әдісі туралы түсінік.
ЭЭГ толқындарының негізгі түрлері және оларға мінездеме.
ЭЭГ толқындарының табиғаты.
Толқындардың жеке түрлерінің мидың функционалды жағдайымен байланысы. Берілгендерге баға.
№16 ситуациялық есеп:
Адам оң аяғымен алға аттағанда қай қолы алға қозғалады және неліктен?
Шешу алгоритмі:
ОЖЖ қызметінің координациялауы туралы ұғым.
Бұл қызметтің негіздері: жүйкелік үрдістер, олардың қарым-қатынасы, қозғалыс актілерін координациялау негізінде жатқан тегершіктер.
Қозғалыстың бейімделуінің реттелу актілеріне және қалыптасуына қатысатын ОЖЖ деңгейлері.
№16 ситуациялық есеп:
Адам оң аяғымен алға аттағанда қай қолы алға қозғалады және неліктен?
Шешу алгоритмі:
ОЖЖ қызметінің координациялауы туралы ұғым.
Бұл қызметтің негіздері: жүйкелік үрдістер, олардың қарым-қатынасы, қозғалыс актілерін координациялау негізінде жатқан тегершіктер.
Қозғалыстың бейімделуінің реттелу актілеріне және қалыптасуына қатысатын ОЖЖ деңгейлері.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ