Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астық дақылдары туралы негізгі мағлұматтар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
281.09 Кб
Скачать

2.2 Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдері

Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдеріне дәннің формасын, оның ұзындығын, жылтырлығын, қалыңдығын, ірілігін, көлемін, толықтығын немесе шөпектігін, біркелкілігін, 1000 дәннің және бір литр дәннің массасы, шыны тәрізділігін, тығыздығын, қауыздылығын, механикалық зақымдануы, сызаттануын, механикалық және аэродинамикалық қасиетттерін, тазалығын, зиянды жәндіктермен зақымданғандығын анықтау қажет. Бұл көрсеткіштер астықты сақтау және өңдеу процестерінде шешуші орын алады. Осы көрсеткіштердің көмегімен оның кейбір сапаларының мөлшерін, оны қоймаға құю, бір орыннан екінші орынға ауыстыру, тазалау және өңдеу сияқты көп мәселелерді шешуге болады және қандай көлемдегі қойманың керектігін анықтайды. Барлық лабораториялық жұмыстар осы физикалық тәсілдермен астық сапасын анықтаудан басталады.

Астықтың және басқа дақылдар дәнінің пішіні әр түрлі болады. Әр дақыл бірінен –бірі өздерінің тұқымдарының сыртқы пішінімен айырылысады. Бір дақылдың ішіндегі әр кіші түрдің, сорттардың да тұқымдарының пішіндері көбінесе әр түрлі болады. Кейде бір масақтың, әсіресе жүгерінің бір собығының тұсындағы дәндерінің өзінің әр түрлі болуы мүмкін. Бұл әр дәннің ерте немесе кеш байлануына т.б. түрлі табиғи жағдайларға байланысты болады. Үлкен партиялы астықтың көлемі әр дәннің көлемі мен оның арасындағы қуыстардың көлемінен тұрады. Сондықтан бұл екі көлемдіктердің өзара байланыстары да әр түрлі. Бұлар дән пішіндерінің әртүрлілігіне байланысты.

Белгілі шектерді еске ала отырып дән пішінін мына төмендегі негізгі геометриялық формаларға жатқызған жөн: шар пішінді, жасымық тәрізді, эллипсоидша оралған, тіпті ешқандай формаға да ұқсамайтын (жоғарыдағы айтылған үш размерлері әр түрлі) болып келу де мүмкін.

Шар пішінде дөп-дөңгелек дәннің барлық үш бірдей өлшемдері бірдей болады. одан бұршақ, тары қонақ жүгерінің және жүгерінің кейбір сорттары жатады.

Жасымық тәріздес немесе екі жағы да дөңес линзаға ұқсас формаға жасымық және басқа да бірқатар өсімдіктердің дәндері жатады. Олардың ұзындығы жалпақтығынан әлде қайда үлкен.

Дәнді дақылдардың үш өлшемдері үш түрлі, еш қандай геометрилық формаға ұқсамайды. Сонда да олардың дөңгелектеу ұзыншақ (қара бидай), бүйрек тәріздес (үрме бұршақ) сияқты деп бөліп жүр. Қарақұмықтың дәні үшбұрышты пирамида тәрізді деп аталып кеткен.

Астық және басқа да дақылдар дәндерінің пішіні оны тазалау және сорттау барысында шешуші орын алады. Астық тазалайтын машиналардың елекіштерінің тесіктері әр дақылдың дәнінің формасына, оның ірілігіне арналып жасалынады. Егер дән ірі болып, пішіні шарға ұқсас болса, оның эндоспермі де үлкен болып, сыртқы қабықтарының көлемі азая түсеті. Соның нәтижесінде одан алынатын ұнның шығымы көбейеді. Мұндай астықтың бір литрінің массасы да үлкен болады, литрлік пуркаға салғанда тығыз орналасып оның малмағы өседі.

Дәннің линиялық өлшемдері – ұзындығы, көлденеңі мен қалыңдығы, оның ірілігінің бірден – бір белгісі. Дәннің ұзыны деп оның төменгі ұрығының ұшынан басқа жоғарғы аралығын, ал қалыңдығы деп оның арқасы мен ішкі сайы бар аралықтың өлшемдерін айтады. Бұл өлшемдерді микрометр және басқа да аспаптар арқылы өлшеп, немесе ВНИИЗ сына тәрізді саңлаулы классификаторымен өлшеп анықтауға, ал іс жүзінде өндірісте әр түрлі тесіктері бар елеуіштерді пайдаланып анықтауға болады. егер ғылыми – зерттеу елеуіштерді пайдаланып анықтауға болады. Егер ғылыми – зерттеу мекемелерінде осы өлшемдерді қолмен өлшеп анықтаса, онда оны математикалық статистика әдістері арқылы есептеп, дұрыстығын табады.

Әдетте ірі дән ұн, жарма сияқты дайын шикізаттарды көбіре береді. Олардың эндоспермі үлкен, ал қабыршақтары аз болады.

Бұл қатынастар бидайды ұн тартуға дайындау процесінде елеулі орын алады. Бидайды дайындау ең алдымен оны сулап жылытудан басталады. Мұндай оның бұл өлшемдері өзгеруі мүмкін.

Егер бидайдың әр түрлерінің осы өлшемдері салыстыратын болсақ, онда, ВНИИЗ – дің мәліметіне қарағанда, жұмсақ бидайдың көлденеңі және қалыңдығы үлкендеу, ал қатты бидайдың бұл өлшемдері сәл кішілеу болады. Сондықтан бұларды сорттау және оларды арамшөптердің тұқымынан айырып алу үшін қолданылатын елеуіштердің тесіктері осы мөлшерді еске алып, солар арқылы бөліп алуға лайықталған.

Жеке дәннің көлемі астық қоспаларының ішіндегі қуыстардың көлемі, бір литр астықпен салмағын, тазалауға және өңдеуге арналған астықтың көлемін және онан шығатын өнімнің көлемін есептеп табуға керекті көрсеткіш. Ірі дәннің көп және сапалы өнім беретіні ежелден белгілі, ал 1000 дәннің массасы да осындай ұқсас дәнмен салыстырғанда көбірек болады.

Дәннің ірілігі оның толықтығына, ал бұлардың өзі жердің құнарлығы мен ауа райының жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Осы күнгі астық қоймаларына түсіп жүрген дәннің көлемі төменде берілген (мм3)

Бидай 11-56

Қара бидай 10-30

Жүгері 140-260

Арпа 20-40

Толған дән деп толық піскен, барлық өзіне сай құрылыс бөлшектерінің біркелкі ең тұрақты кәмелетке жетіп, өркендеген кезін айтады. Толған дән ірі де ұсақ та болуы мүмкін. Ұсақ дәннің көлемі кішірек болғанмен, ол әбден жетіліп кәмелетіне толған немесе оның эндоспермінің өркендеу кезеңі ертерек тоқтап қалған сатыда болуы да ықтимал. Шөпек немесе ұшқын дән деп толық жетілмеген, кәмелетке толмаған, сыртқы қабаттары өзінің өсу кезеңдерінде кездескен қолайсыз жағдайлардың салдарынан қатпарланып қалған дәндерді айтады. Кейде мұндай дәннің эндоспермінде болмай, тек қабыршақтардан ғана тұруы мүмкін. Қуаңшылық жылдары мұндай дәннің саны өте көбейіп, ал ауа райы қолайлы жылдары олар өте азайып кетеді. Сонда да астық қоспалары осындай әр түрлі толымдылықтағы дәндердің қоспасынан тұрады. Шөпек дәннің бетін әжім басып кетуі олардың ішкі құрылыстарының тегіс толмағандығын көрсетеді. Неге десең дән қабыршақтары ерте жарыладыда, содан кейін барып эндоспермге қоректік заттар құйыла бастайды. Ол құйылу дереу тоқтай қалса, қабыршақтардың іші бос қалып, кепкенде тырыса бастайды. Екінші жағдай – табиғи жағдайда олардың екеуінің өсуі бірдей жүріп біріне бірі сай өсіп жетіледі. Құрғақшылық түсе қалса, дәннің жеміс қабыршағы тағы біраз өседі, ал қоректік заттар қуаңшылықтан эндоспермге жетіп үлгере алмайды. Сондықтан эндоспермде әдетте көп жиналатын ұсақ, көпқырлы хондриосом крахмалдары жетіспей қалады.

Егер бидайдың әр ботаникалық түрлерін өзара салыстырсақ, онда қатты бидай ертерек және көбірек қуаңшылыққа ұшырап, тез шөпектенеді. Сондықтан да ол шөлге төзімсіз келедіде, қуаңшылық аудандарда аз кездеседі. Ал жұмсақ бидай шөлге төзімді, ұсақ көп қырлы хондриасомды крахмалдың азаюына қарамастан өзінің сыртқы пішінін тез өзгерте қоймайды. Тек мұндай астықтың шынылығы жоғарлайды. Сондықтан да суармалы аудандарда және жаңбыр көп жауған жылдары осы хондриосомды крахмалдардың көбірек жиналуына байланысты астықтың дәні толық болып, оның эндоспермі көбінесе ұн тәрізді болып қалады. Міне осының бәрі дәнге қоректік заттардың әр түрлі ағылып келуінің салдары.

Шөпек дәннің пайда болуы жер қыртысының құрғап кетуінен, ауа райының қуаңдануынан, астықтан дәннің көктей семіп қалуынан, қара күйе, фузариоз, тотығу сияқты аурулардың салдарынан шырмауық тәрізді өсімдік паразиттерінің соруынан, сары ала қоңыздың өсімдікті немесе дәнді зақымдануынан тағы басқа да кездей соқ жағдайлардың салдарынан болады.

Жоғарыда көрсетілген шөптердің өзі де әр түрлі болады, яғни толық жетілген дәннің аздап қана солуынан бастап ұшық болып ұшып кетуіне дейін болады. осы шөпектің әрқайсысы қай кезеңінде қолайсыз жағдайға шалдығуына байланысты. Дән жаралған соң ең алдымен оның ұзыны, одан кейін көлденеңі, ең соңында қалыңдығы өседі. Осыған байланысты қай кезеңжде қуаңшылыққа ұшыраса, содан кейінгі жүретін процестер бәсеңдеп не тоқтап қалады. Осының салдарынан көбінесе шөпек дән не ұзын, не жалпақ болып қалуы мүмкін.

Шөпек дәнді оның сыртқы пішініне қарап көз мөлшерімен де анықтауға болады. олардың екі бүйірі қабысқан, жотасы арық малдың жотасындай қырлы-сырлы болады. Мұндай дәнді астықтың тазалығын анықтағанда дәнді қосындылар тобына жатқызады. Мамбиш пен Рыбкина көптеген астық парияларын зерттеп дәнді қалдықтарға дәннің жеке массасы 15 мг-нан кем болса жатқыза беруге болатынан айтады.

Біркелкілік – деп астық қоспаларының ішіндегі барлық дәннің бірдей ірілігі, немесе ылғалдылығы, немесе тазалығы, немесе түсті-түгі, немесе химиялық құрамы т.б. көрсеткіштері бойынша біркелкі болуын айтады.

Біркелкілік астықтың ылғалдылығын анықтаудаерекше орын алды. Егер бірнеше кішігірім партиялардың ылғалдылығы біркелкі болса оларды бірімен – бірін қоса беруге болады. егер астықтың үлкен тазартылған және құрғатылған партиясында аздап болса да ылғалдылығы жоғары астық қосылып кетсе, сол арада активтік аймақ пайда болып, астықтың қыза бастауына себепші болады. Ылғалдылығы тұрақты шектен жоғарыастық өзінің бос қозғалып тұратын немесе астықтың белок сияқты заттарымен байланысы жоқ су басқа құрғақ дәнге шабады. Соның салдарынан астықтың тыныс алу процесі жиілеп, жылу бөліне бастайды да, біраз уақыттан соң астықтың өзінен өзі қызу процесі басталып кетеді.

Біркелкілігін әр дәннің линиялық мөлшерін жеке-жеке өлшеп, сонан соң математикалық әдістер арқылы олардың ауытқуы шектерін табады, ал өндіріс орындарында оларды тиісті елеуіштермен елеп, процентін табады. Содан кейін, немесе әр елеуіштен өтпей қалған массаны, немесе екі елеуіште қалған дәндердің массаларының қосындылары арқылы бағаланады.

1000 дәннің массасы анықтау көбінесе тұқымға арналған астықтың сапасын тексергенде қолданылады. әдетте бір дақылдың бір сортының ірі 1000 дәннің массасы ұсақ 1000 дәннің массасынан әлдеқайда үлкен болады. бұл оны зндосперміндегі қоректік заттар қорының көп екенін, дәннің толықтығын көрсетеді. Дән ірі болған сайын оның эндоспермі мен қабыршақтарының арасындағы қатынасы өсе береді.

Астықтың ірі, яғни мың дәнінің массасының үлкен болуы оның зернопульт (астық басқару тетігі) арқылы тазалауда маңызы зор. Ірі және ауыр дән астықты зернопультпен лақтырғанда алысқа ұшады, ал ұшақ дән мен оның ішіндегі жеңіл қалдықтар жақын түседі.

Ірі бидайдан ұн көп шығады.

Егер 1000 дәннің массасына оның тұқымдық сапасы жағынан баға берсек, онда ірі дәннен өніп шыққан өсімдік күшті және осы себептен жазда өнімді де көп береді. Сондықтан тұқымға тек қана ірі, 1000 дәнінің массасы жоғары астықты пайдалануға болады.

1000 дәннің массасын, астықты тазаланғанннан соң, одан орташа сынама алып, тегіс жерге жақсылап араластырып, жаймалап, төрт бұрышты жасап, оның қисық сызығы бойынша төрт үш бұрышқа бөледі де, әр үш бұрыштан кез – келген 250 дәннен санап алады. Сонан соң екі қарама – қарсы жақтан екі үш бұрыштан алынған 500 дәнді қосып өлшейді. Егер осы екі 500 дәннен тұратын өлшемдердің арасындағы айырмашылығы 5 проценттен аспаса, оларды қосып, мына формула арқылы 1000 дәннің құрғақ затқа шаққандағы массасын табады:

Мұнда, А – 1000 дәннің, ылғалдықсыз массасы, г;

В – ылғалды

1000 – дәнді санауды жеңілдету үшін мына аспаптар қолданылады: СР-100-ұшында 100дән орналасатын тесіктері бар электрлік шаң сорғыш, екіншісі – электрлік мотордың орнына суды пайдаланатын сорғыш, үшіншісі– электронды санағыш.

1000 дәннің массасы әр дақылдың ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, Қазақстанда бидайдың құрғақ затқа шаққандағы 1000 дәннің массасы 30-47 г дейін өзгереді. Ол өзгерістьр жердің құнарлығына, ауа райының қолайлығына және агротехникалық шаралардың қолдану дәрежесіне байланысты болады.