
- •1.2 Астық дақылдарының вегетативті органдары және
- •1 Аналитикалық шолу
- •1.1 Астық дақылдары туралы негізгі мағлұматтар
- •1.2 Астық дақылдарының вегетативті органдары және оның көбеюі мен өсіп өркендеуі
- •1.3 Ауа райының әсері
- •Кесте 2.1.2
- •2005 Жылғы мереорологиялық көрсеткіштер
- •1.4 Топырақ құрамы
- •Жер бедері
- •2 Ғылыми зерттеу бөлімі
- •2.1 Зерттеу жұмысын жүргізу
- •Ботаникалық – физиологиялық көрсеткіштер
- •Сенсорлық немесе адам сезім мүшелері арқылы анықталатын көрсеткіштер
- •2.2 Астық сапасын анықтаудың физикалық тәсілдері
- •Дәннің шынылығы
- •2.3 Тәжірибе нәтижесі және оларды талқылау
- •Астықтың ылғалдылығы
- •Астық сапасын тексерудің негіздері
- •Астық сапасын тексерудің сенсорлық тәсілі
- •Ботаникалық –физиологиялық көрсеткіштері бойынша тексеру
- •Астық сапасын тексерудің физикалық тәсілі
- •1 Л дәннің массасы
- •Астық сапасын химиялық тәсілмен тексерудің негіздері
- •Жарақаттаудан ескерту шаралары
Мазмұны
Кіріспе
1. Аналитикалық шолу
1.1 Астық дақылдары туралы негізгі мағлұматтар.
1.2 Астық дақылдарының вегетативті органдары және
оның көбеюі мен өсіп өркендеуі
1.3 Ауа райының әсері
1.4 Топырақ құнарлығы
2 Ғылыми – зерттеу бөлімі
2.1 Зерттеу жұмысын жүргізу
2.2 Тәжірибе әдістемесі
2.3 Тәжірибе нәтижесі және оларды талқылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиттер
Кіріспе
Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылын өркендетуге басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін жеткізу көзделіп отыр. Жер жүзінде адам саны көбейіп, соған байланысты тамақ өнеркәсібін өркендету мәселесі күрделі міндет болып тұрғанда, құнарлы жерлердің көлемі жыл сайын азайып, шөп – шабындық кеміп, мал көбінесе қолға қарайтын болғанда егін шаруашылығын өркендету, одан жыл сайын сапалы мол өнім алу – аса маңызды міндет болып отыр.
Егін шаруашылығының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орында (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік облыстарының бәрінде дерлік күшті және қатты бидай өсіріледі. Онсыз сапалы нан пісіру мүмкін емес және оны шет мемлекеттерге алтынға балап сатуға болады. сондықтан Қазақстанда жылына 15,5-17,5 млн тонна сапалы бидай өндіру жоспарлы меже саналады.
Қазақстан Республикасында астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарылып отыр, олар еліміздің барлық жерлеріне кең таралды. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор және астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған және автоматтандырылған.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астық көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Астық өнімдері тамақ өнеркәсібінде шикізатпен, мал шаруашылығын күрделі жеммен қамтамасыз етуге әліде жетіспейді. Сондықтан республикамызда 2000-2010 жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты бағыт деп есептеліп, әр адам басына жылына 1,5 тоннадан астық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем де жеткілікті болмақ.
Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір – түкпірінде тасымалдауға қолайла, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды.
Міне осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Міне осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дүние жүзінің көптеген елдерінде егін шаруашылығын дамытуға, сапалы астықты мол өндіруге үлкен мән беріледі.
1 Аналитикалық шолу
1.1 Астық дақылдары туралы негізгі мағлұматтар
Жер жүзіндегі барлық өсімдік дүниесі жабайы және мәдени өсімдіктер болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерге адам қолымен өсірілетін және оның қажеттеріне жарайтын өсімдіктер жатады. Олардың жабайы өсімдіктермен түбі бар, бірақ көп уақыт қолда өсіріліп, жақсы агротехникалық жағдайлар туғызудың арқасында, жақсы түрлерін таңдап алу, баптау арқылы көптеген жаңа түрлері мен сорттары шығарылып, өздерінің жабайы түрлеріне қарағанда түсімді едәуір көп беретін, адам қажетіне жарайтын қасиеттері ұлғайтылып өзгеріп кеткен. Міне осының арқасында тек қолда ғана өсетін болған, яғни жабайы түрде өсу қабілетін жоғалтқан.
Өсімдіктердің түпкі тарихи шыққан тегін тексере келіп, Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы арқасында жер жүзінде кең тараған өсімдіктер қауымын жіктеу, топтастыру өте жауапты және өте қиын жұмыс екенін еске салған жөн.
Биология ғылымы барлық өсімдіктерді олардың тарихи тегіне, өсімдіктердің және олардың дәнінің құрылысына қарай тұқымдастыққа (Familia), тектерге (genus), түрлерге (species), түр - тармақтарға (varietas), сорттарға бөледі. Бұл жіктеу өсімдіктер дүниесін, астық түрлерін оқып үйренуді жеңілдетеді.
Тұқымдастық (латынша Familia ), орысша семейство, өсімдіктер дүниесіндегі ең үлкен категориялық жік. Бұл жіктемеде өсімдіктің шыққан тегіне, оның дәнінің құрылысына қарай бөлінетін бірлік. Ауыл шаруашылығында көп тараған тұқымдастарға дәнді дақылдар (Gramineae), бұршақ тұқымдастар (Fabaceae) жатады.
Тектер (genus) әр тұқымдастық тектерге бөлінеді. Бұған тарихи тегі бір, бір тұқымдастыққа жататын көптеген өсімдіктер топтары жатады. Мысалы, дәнді жақылдар тұқымдастығына бидай (Triticum), қара бидай (Secale) (Hordeum), сұлы (Avena), тары (Panicum), жүгері (Zeaemays), күріш (Orusa) т.б. көптеген мәдени және жабайы, оның ішінде арам шөптер тобына жататын, тектер кіреді. Басқа тұқымдастарға да осындай көптеген тектер кіреді. Олармен оқулықтың екінші бөлімінде танысуға болады.
Тектер одан қарай түрлерге (Species) бөлінеді. Бұлар тектен кейінгі кішірек бірлік. Оған мысал, үшін бидай тегіне жұмсақ, қатты кожа бидай, бесбас бидай, жалғыз дәнді, екі дәнді бидай (полба) сияқты көптеген түрлері кіреді. Түрлерге бөлуде дәннің түсі, сыртқы әлпеті, технологиялық және химиялық кейбір қасиеттерінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұлардың тұқым қуалау ерекшеліктері де ескеріледі. Бұл ең тараған бірлік. Оны К.Линней бірінші рет ашқан және қолданған. Бұл бірліктің аты екі сөзден тұрады – бірінші сөз тегінің, ал екіншісі – түр аты. Мысалы, жұмсақ бидай Triticum aestivum, қатты бидай - Tr. durum, кожа бидай - Tr.compactum, бесбас бидай - Tr. tirgidum, жалғыз дәнді бидай - Tr. tonococcum, екі дәнді бидай - Tr. dicoccum т.б. Бұған үшінші сөз де қосылуы мүмкін.
Түр тармақтар (Varietas). Өсімдіктің түрлері өзінің сыртқы құрылысының ерекшеліктеріне қарай түр – тармақтарға бөлінеді. Мысал ретінде өзіміз осыған дейін айтып келе жатқан жұмсақ бидай түр – тармақтарын алайық. Түр тармақтардың қазақша аттары жоқ, сондықтан оларды тек латын тілінде ғана беруге мәжбүр болып отырмыз. Олар, лютесценс – қызыл дәнді, ақ қауызды қылтанақсыз бидай, эритроспермум – қызыл дәнді, ақ қауызды қылтанақты бидай, альбидум – қылтанақсыз, ақ қауызды ақ бидай, альборубрум – қылтанақсыз, қызыл қауызды ақ бидай т.б. көптеген түр тармақтар кездеседі.
Ауыл шаруашылығында, технологиялық ғылымдарда және тәжірибе жүзінде ең көп тараған жіктей бірлігі – сорт. Сорт дегеніміз ғылым жүзінде ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институттарында, тәжірибе және селекция станцияларында шығарылған немесе жергілікті жерде себіліп жатқан, әбден танымалы, қалыптасқан өсімдіктер тобы. Оған жататын өсімдіктердің бойы, түсі – түрі, түсімі, химиялық құрамы және технологиялық қасиеттері, тұқым қуалау қабілеттері, суыққа, ыстыққа, шқлге, ауруға, зиянды жәндіктермен зақымдануға т.б. қолайсыз жағдайларға төзімділігі бірдей қалыптасқан бір түр – тармаққа өсімдіктер тобы кіреді.
Жаңа сорт шығарылған соң, оны ең жақсы деген стандартты сортпен салыстырады. Жаңа сорт орташа есеппен үш жыл ішінде жеңіп, өзінің артықшылығын көрсетсе, сонда ғана оны аудандастырады. Бұл сында ең басты нысана ретінде оның өнімділігі, сапасы, технологиялық қасиеттері, жердің, ауа райының құбылмалығына т.б. қолайсыз жағдайларға төзімділігі алынады. Егер ол аудандастырыла қалса, оған тапшы сорт деген атақ беріліп, оның тұқымын тез көбейте бастайды, ал әлі аудандаспаған, бірақ көрсеткіштері жақсы сорт “келешегі бар” сорт деп аталады. Қазір Қазақстанның барлық облыстарында көптеген мемлекеттік сортты сынау станциялары ұйымдастырылған және олар жаңа сорттарды қатал түрде тексеріп, олардың ең жақсыларын ғана ауыл шаруашылығында белгілі аудандарда аудандастырады.