Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
posobie_po_delo.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.11.2019
Размер:
548.35 Кб
Скачать

34

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ...................................................................................................................4

1 Өмірбаян ...............................................................................................................5

2 Түйіндеме ...........................................................................................................11

3 Өтініш .................................................................................................................17

4 Хабарландыру ....................................................................................................22

5 Мінездеме ……………………………………………………………………...28

6 Анықтама ............................................................................................................34

7 Хаттама ...............................................................................................................37

8 Бұйрық ................................................................................................................43

9 Тест тапсырмалары ............................................................................................48

Әдебиет тізімі ........................................................................................................59

АЛҒЫ СӨЗ

Бұл әдістемелік нұсқаулық Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу типтік бағдарламасы бойынша әзірленген оқу бағдарламасын (силлабус) басшылыққа ала отырып, құрастырылды. Әдістемеліктің басты ерекшелігі – тақырыптарға сай берілетін сөздіктердің, грамматикамен, лексикамен ұштастырылған тапсырмалардың студент үшін жеңілден ауырға ұстанымы арқылы ұсынылуында.

Әзірленген нұсқаулықпен жұмыс істеу студентке осы пәннен алған теориялық білімін практикада бекітуге, құжат түрлерін өз бетімен құрастыра білуге, оны күнделікті өмірде еркін пайдалануға үйретеді. Тапсырмалардың кесте, жүйе түрінде берілуі білім алушылардың қабылдауын жеңілдетеді, олардың білімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады.

Ісқағаздар түрлеріне берілетін анықтамалар, олардың үлгілері мемлекеттік тілді құжаттауда қолдануға көп көмегін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ осы нұсқаулық мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізумен айналысушы мамандардың барлығына жәрдемдесері сөзсіз.

1 Өмірбаян

1.1 Тақырып бойынша жаңа сөздер. (Новые слова по теме).

  1. өмірбаян – автобиография

  2. ресми құжат – официальный документ

  3. азамат – гражданин

  4. тегі, аты, әкесінің аты – фамилия, имя, отчество

  5. туған жылы, күні, айы – год рождения, дата, месяц

  6. туған жері – место рождения

  7. ұлты – национальность

  8. отбасы - семья

  9. отбасы жағдайы – семейное положение

  10. ата-ана, әке-шеше – родители

  11. ұлым – мой сын

  12. қызым – моя дочь

  13. тұрмыстамын – замужем

  14. тұрмыста емеспін, тұрмысқа шықпағанмын – не замужем

  15. үйленгенмін – женат

  16. үйленбегенмін, бойдақпын – не женат

  17. орта мектеп – средняя школа

  18. жоғары білім – высшее образование

  19. қазір оқимын – сейчас учусь

  20. қазір жұмыс істеймін – сейчас работаю

  21. қазір тұрамын – сейчас живу

1.2 Өмірбаян туралы мәтінді оқыңыз. (Прочитайте текст об автобиографии).

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.

(Ә. Хазимованың кітабынан)

1.3 Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).

  1. Өмірбаян қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?

  3. Өмірбаянды қайда жазады?

  4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?

1.4 Грамматикалық минимум. Өткен шақ.

Жедел өткен шақ

Основа глагола + -ды, - ді, - ты, -ті + личное окончание

Мысалы:

Мен жаз + ды + м

Сен кел + ді + ң

Сіз айт + ты + ңыз

Ол кет + ті

Біз жаз + ды + қ

Сендер кел + ді + ңдер

Сіздер айт + ты + ңдар

Олар кет + ті

Бұрынғы өткен шақ

Основа глагола + -ған, -ген, -қан, - кен + личное окочание

Мысалы:

Мен жаз + ған + мын

Сен жаз + ған + сың

Сіз айт + қан + сыз

Ол кет + кен

Біз жаз + ған + быз

Сендер кел + ген + сіңдер

Сіздер айт + қан + сыңдар

Олар кет + кен

Етістіктер

Глаголы

дүниеге келу, туу

оқу

түсу

бітіру, тәмамдау

жұмысқа орналасу

жұмыс істеу, қызмет ету, қызмет атқару

родиться

учиться

поступить

закончить

устроиться на работу

работать

    1. Бекіту жаттығулар. (Упражнения для закрепления).

      1. Өткен шақ жалғауын қойыңыз. (Вставьте окончание прошедшего времени).

  1. Мен Семей қаласында туды... . 2. Сен қай жерде дүниеге келді... ?

3. Мен №44 орта мектепті бітірді... . 4. Сіз қай жоғары оқу орынды тәмамдады...? 5. Мен 2004 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға оқуға түсті... . 6. Сен қайда жұмыс істеді... ? 7. Мен 1990 жылы Өскемен қаласының Қорғасын-мырыш зауытына жұмысқа орналасты... . 8. Мен 1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау зауытында техник болып қызмет етті... . 9. Сіз 2000 жылы «Информатика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді... .

      1. Дұрыс қосымша қойыңыз. (Вставьте нужный аффикс).

- м

- ім

- ым

- ң

- ің

- ың

М

- ді

- ды

- ті

- ты

ен дүниеге кел…

Сен дүниеге кел…

Мен бітір… + +

Сен бітір…

Мен оқуға түс…

Сен оқуға түс…

М

- ған

- ген

- қан

- кен

ен ту..

С

- мын

- мін

- сың

- сің

ен ту…

Мен орналас… + +

Сен орналас…

Мен жұмыс істе…

Сен жұмыс істе…

1.5.3 Кестені толтырыңыз. (Дополните таблицу).

Етістіктер

Жедел өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ

дүниеге келу

дүниеге келді

дүниеге келген

туу

оқу

түсу

бітіру

жақсы көру

жұмысқа орналасу

жұмыс істеу

қызмет ету

қызмет атқару

1.5.4 Дұрыс етістік қойыңыз. (Вставьте нужный глагол).

1. Ол 1988 жылы Алматы қаласында ... . 2. Мен 1975 жылы Семей

университетіне ... . 3. Сен 2005 жылы орта мектепті ... . 4. Олар 1995-2000 жылдар аралығында Өскемен қаласында ... . 5. Сіз биыл біздің фирмаға жұмысқа ... . 6. 1990-1995 жылдар аралығанда мен «Мерей» кәсіпорында ... .

Керекті сөздер: оқуға түстім, дүниеге келді, бітірдің, орналастыңыз, жұмыс істедім, оқыды.

1.5.5 Есте сақтаңыз. (Запомните).

«Жыл» сөзінің қолданысы:

1980 жылы дүниеге келді – родилась в 1980 году

1985 жылы мектеп бітірді – в 1985 году закончил школу

1988 жылы оқуға түсті – в 1988 году поступил на учебу

1999 жылы жұмысқа орналасты – в 1999 году устроился на работу

2000 жылдан 2005 жылға дейін – с 2000 по 2005 годы

1990-1995 жылдар аралығында – 1990-1995 годы

2001 жылдың 15 мамырында - 15 мая 2001 года

2006 жылдан бері (бастап) – с 2006 года

1.5.6 Дұрыс аударыңыз. (Правильно переведите).

Я родилась в 1986 году.

С 1990 по 2001 годы учился в школе №16.

В 2005 году поступил в университет.

1972-1980 годы работал на заводе.

С 2000 года учусь в институте.

1.5.7 Еске түсіріңіз. (Вспомните).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]