
Емтихан билеті № 10
1.Саяси және соттық шешендік өнер. Саяси шешендік - [грек. Rhetorike] - саяси элита немесе саяси институттар субъектілерінің саяси қарым-қатынас үрдісінде өздерінің тыңдаушыларын нақты идеологиялық қағидалардың қажеттілігі мен ақиқаттылығына сендіру өнері. Саясаткердің ерекше сөйлеу мәдениетінің сипаты. Риторика мәдениет элементі ретінде антика дәуіріндепайда болған, ол саяси қатынаста сендіру мақсатында қолданылған. Көне Грекияда танымал шешендер танымал саясаткерлер болған. Шешендік саясаттың міндетті бөлігі болып есептелген. Саяси шешендік теріс, жағымсыз мағынада саясат объектілерін шындыққа сай емес жағдайларға сендіруге тырысу. Жағымсыз мағынасындағы саяси шешендік пен саяси популизм ұқсас.
Саяси шешендік идеологиялық шешендікпен тығыз байланысты, яғни қандай да бір идеялық-саяси көзқарастар жүйесіне сай келетін сөйлеу штамптары, қалыптасқып қалған сөз тіркестері. Бұл жерде жалпы сөйлеу емес, нақты фразеологияны игеру.
2.Элегия – ойлы, мұңға толы, қаралы характерде жазылған музыкалық пьеса. Ежелгі Грекия мен Римде әр түрлі тақырыптағы элегиялар туып, алғашқыда олар лирикалық, сатиралық және жауынгерлік сипатта болды. Кейінірек мұң аралас лирикалық ән-толғау түріндегі муз. туындылар ғана элегия деп аталды. Қайта өркендеу дәуірінде элегия еуропалық елдердің музыкасы мен әдебиетінде де тарала бастады. 17 ғасырда элегия жеке музыкалық жанрға айналды.
3. Еврипид (б. з. д. 480—406) — үшінші трагедия ақыны. 92 драмалық шығарма жазған, бізге содан 17 трагедия мен 1 сатиралықдрама жеткен. Оның трагедиялары әр түрлі саяси көзқарастарға және қазіргі заман туралы ойларға толы. 35 жылдық шығармашылық өмірінде үлкен табысқа жеткен емес, бар-жоғы бес рет бірінші бәйге алған. Соғыс атаулыға қарсы жазылған патриоттық шығармаларында ("Троя әйелдері,"Андромаха"Геракл"Гераклидтер") антикалық дәуірдің демократиялық идейларына қатты көңіл бөлді. Еврипид жасаған бейнелер мен сюжеттерден кейін көптеген әдебиетшілер үлгі алды. Драматург кейіпкерлерін шындық өмірге жақындатты. Оның жағымды кейіпкерлері байлыққа қызығушылық қылмыс жасауға апаруы мүмкін деген ой айтады. Ол соғыстың адамдарға, әсіресе әйелдер мен балаларға қаншама қайғы-қасірет әкелетінін көрсетеді ("Гекуба "Троя әйелдері"). Соғысты тек өз елінің тәуелсіздігін сақтау үшін ғана бастауға болады, — деп есептейді ЕврипиЕврипидтің танымал трагедияларының бірі — "Медея". Оның сюжеті аргонавтар туралы аңызмифтен алынған.