
Емтихан билеті № 9
Ежелгі Грекия әдебиетіндегі махаббатақырыбы.мифте Бұл образды Афродита көрсетді. Афродита — ежелгі грек мифологиясындағы махаббат пен сұлулық пірі, Зевстің қызы. Мінезі мен шығу тегі жағынан шығыстық Аштартқа (Астартаға) жақын. Афродита түрліше аталған. Римдіктер оны Шолпан (Венера) деп пайымдаған. Афродитаның көне замандағы мүсіндерінен неғұрлым білгілілері: Лудовизи тағының бедері (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасыр.), Алкамен Афродитасы (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасыр), Праксительдің Афродита Книдскаясы (біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың ортасы), Медичи Афродитасы (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр). Афродита (Шолпан) Милосская (біздің заманымыздан бұрын 3 — 2 ғасыр), Афродита Таврическая (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр, Ленинградтағы Эрмитажда сақтаулы).
Лириканың негізгі тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Бұл тақырып ежелгі ақын-әйел Сапфоның өлеңдерінде бейнелеуін тапты. Лесбос аралының тұрғыны Сапфо өлеңдері махаббат, сұлулық, нәзіктілік, табиғат тақырыптарына арналған.
Комедия Комедия(гр. котосііа - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б.з.б. 445 - 385). Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады
Цезарь – саяси және әдеби қызметі. Гай Юлий Цезарь(Ggaіus Julіus Cesar) (б.з.б. 102/100, Рим — 15.3.44, сонда) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. Цезарь — патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды. Сулла қайтыс болғаннан кейін (б.з.б. 78 ж.) Римге қайта оралып, саяси күреске араласты. Цезарь — жазушылықпен де айналысты. Оның екі шығармасы — “Галл соғысы жөніндегі жазбалар” мен “Азамат соғысы жөніндегі жазбалары” біздің заманға дейін келіп жетті. Бұл шығармаларға ойластырылған айқын композиция, қарапайым, түсінікті баяндау, кейіпкерлердің нақтылығы, жекелеген адамдар мен халықтарды (әсіресе, галлдарды) тәптіштеп сипаттау, көркем тіл тән. Цезарьдың біздің заманға дейін сақталмаған сөздері мен хаттарының жинақтары, екі памфлеті, бірнеше өлеңмен жазылған еңбектері, грамматика жөніндегі трактаты белгілі. 19 ғ-ға дейін Еуропаның әскерилері Ц-дың әскери өнерін оқып-үйренді. Наполеон Цезарьдің еңбектерін әрбір офицер білуге тиіс деп есептеді. Цезарь стратегиясына негізгі соққы бағытын дұрыс анықтай білу, қарсыластардың арасындағы алауыздықты пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандау, батыл стратег. айла-әрекеттерді жүзеге асыру, жаяу әскер мен флоттың бірлескен қимылын ұйымдастыра білу тән болды.