
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8.Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Қазақ елінің тарихы
- •XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
- •Көптік жалғаулары (Множественные окончания)
- •Қазақстан – Ұлы Отан соғысында
- •Хх ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Етістіктің өткен шақ категориясы ( Категория глагола прошедшего времени)
- •Етістіктің осы шақ категориясы (Категория настоящего времени глагола)
- •Қазақ тіліндегі модаль сөздер (Модальные слова в казахском языке)
- •Қазақ елінің хандары
- •Үш жүздің басын біріктірген хан – Абылай
- •Етістік (Глагол)
- •Етістік тудыратын жұрнақтар (Словообразующие суффиксы глаголов)
- •Көмекші есімдер (Служебные имена)
- •Кіші жүз әскерінің
- •Жіктік жалғаулары (Личные окончания)
- •Септік жалғаулары (Падежные окончания)
- •2 Апта. 6-тәжірибелік сабақ
- •Қазақ хандығының негізін
- •Тәуелдік категориясы (Категория притяжательности)
- •Тәуелдік екі түрлі болады:
- •1. Оңаша тәуелдену; 2. Ортақ тәуелдену.
- •Тәуелдену (Образование формы притяжательности) Оңаша тәуелдену (Формы личной притяжательности)
- •Қазақ халқының көсемдері
- •Етістіктің рай категориясы (Категория наклонения глагола)
- •Қазақ халқының атақты шешені – Қаз дауысты Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Қалау рай (Желательное наклонение)
- •Бұйрық рай (Повелительное наклонение)
- •3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ
- •Әйтеке би (1683-1722) Бас басыңа би болсаң,
- •Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі (Порядок слов в казахском языке)
- •Қазақ халқының шешендік өнері
- •Ел қорғаны – батырлар. Ел қорғаған – ер бабам
- •Халық батыры – Қабанбай (1703-1781)
- •Сын есім (Имя прилагательное)
- •Жоңғар басқыншылығында даңқы шыққан батыр – Райымбек (1705-?)
- •Сапалық сын есімдер (Качественные прилагательные)
- •Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
- •Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі (Ассимиляция)
- •Ілгерінді ықпал
- •Ұлы ғалым, ойшыл – Әбу Насыр әл-Фараби
- •Түркі халқының ұлы ақыны, діни поэзияның негізін салушы – Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)
- •Тұрлаусыз мүшелер Анықтауыш (Определение)
- •Қазақ хандықтарының тарихнамасы – Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)
- •Хх ғасырдың басындағы алты алаштың арыстары
- •Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ірі тюрколог (1873-1973)
- •Толықтауыш (Дополнение)
- •Ұланым, қорғаным, сен Алаш! Жолыңа құрбандық, мал мен бас,
- •( Ж. Аймауытов)
- •Ашық буын (Открытый слог)
- •Тұйық буын (Полузакрытый слог)
- •Бітеу буын (Закрытый слог)
- •Қазақ хандығының бірінші астанасы – Түркістан қаласы
- •Есептік, болжалдық, бөлшектік сан есімдері
- •Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық ірі қалалардың бірі – Отырар
- •Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )
- •1. Қатаң дауыссыздары:
- •2. Ұяң дауыссыздары:
- •3. Үнді дауыссыздары:
- •Дауысты дыбыстардың бөлінуі (Классификация гласных звуков)
- •Алматы – ғылымның, мәдениеттің орталығы, Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы
- •Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •Көсемше (Деепричастие)
- •Қаныш Сәтбаев – ғалым-геолог
- •Есімше, оның жасалу жолдары
- •6. Мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мағынасын түсіндіріңіздер. Есімшенің жұрнақтарын ажыратыңыздар.
- •7. Төмендегі сөздерге берілген жұрнақтарды қосып жазып, есімше жасаңыздар.
- •Мемлекет және қоғам қайраткері, академик –
- •Етіс категориясы
- •Ортақ, ырықсыз етіс категориялары
- •Ұстазым Ақжан әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойына арнау
- •Аймағанбетұлы Байқоңыров (1912-1980)
- •Қазақстанның мәдениеті, өнері, спорты
- •Қазақ халқының ұлттық музыкалық дәстүрі
- •Күшейтпелі шырай (Усилительная степень)
- •Асырмалы шырай (Превосходная степень)
- •Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры
- •Есімдік (Жіктеу, белгісіздік)
- •Бауырлар
- •Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
- •Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарих беттерінен: ізденістер мен жетістіктер
- •Тұйық етістік (Инфинитив)
- •Салт және сабақты етістіктер (Непереходные и переходные глаголы)
- •ҚазҰту – бүгінде ғылым мен білімнің бірегей орталығы
- •Тарих беттерінен: Әшір Бүркітбаев – тұңғыш ректор. ҚазҰту ректорлары. Ә.Ермеков – халықтың қалаулы ұлы
- •Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)
- •Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың қалаулы ұлы
- •Үстеу. Үстеудің түрлері
- •Мезгіл үстеулері (Наречия времени)
- •Күшейткіш үстеулері (Наречия усилительные)
- •«Тәуелсіздік», «Қазақ елі» монументтері, «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші
- •Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері
- •1. Мекен үстеулері: 2. Себеп-салдар үстеулері:
- •3. Мақсат үстеулері: 4. Сын-бейне үстеулері:
- •Желтоқсан шындығын ашқан халық жанашыры – Мұхтар Шаханов
- •Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков
- •Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш Президенті
- •1. Топтау үстеуі: 2. Мөлшер үстеуі:
- •Өркениетке өрлеу жолында
- •Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері. «Алтын адам»
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •Елдің де, тілдің де тірегі – жастар. Намыс туын желбіретуге жол ашқан да – жастар
- •Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •1. Қимыл-сын бағыныңқылы: 2. Себеп бағыныңқылы:
- •1. Қарсылықты бағыныңқылы 2. Шартты бағыныңқылы
- •Қазақстанның экологиялық мәселелері
- •Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар
- •Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •Әлемдік экологиялық проблемалар
- •Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •Тазалықты
- •Бейбітшілікті
- •Даналықты
- •Қазіргі экологиялық жағдайлар. Арал экологиясы. Алматы қаласының экологиясы
- •Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •1. Қарсылықты салалас : 2. Кезектес салалас:
- •3. Ыңғайлас салалас: 4. Себеп- салдар салалас:
- •1. Ыңғайлас
- •Салалас
- •Құрмалас
- •Сөйлемдердің
- •Түрлері:
- •2.Қарсылықты
- •3. Кезектес
- •4. Себеп-салдар
- •Салалас
- •Құрмалас
- •Сөйлемдердің
- •Түрлері:
- •5. Талғаулықты
- •5. Талғаулықты
- •Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер
- •Бала тәрбиесіндегі халық даналығы, салт-дәстүрлер. Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
- •Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •20. Жауын жер жастандырып, өз халқының жауынгерлерін жеңіске
- •21. Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы – б. Момышұлы
- •27. Әлихан Бөкейханов бүкіл өзінің өмірін неге арнады?
- •29. Ортағасырлық ірі Отырар қаласына қандай баға, несі үшін
- •30. Ұлы м. Әуезовтің әдеби, ғылыми мұрасының алтын екі діңгегі
- •Өздік бақылау жұмыстарының жауаптары:
Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Олар: ораза айт, құрбан айт деп аталады. Айт – Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Айт күндері: – Айт құтты болсын!
– Айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б. Майлин),-деп құттықтап жатады.
Оразаның мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғатта ораза ұстаған адам таң азаннан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтану керектігі айтылған.
Рамазан айында ең басты діни амал (ауыз бекіту) – ораза болып табылады. Ораза ұстаған адам ораза кезінде жеуден, ішуден, темекі шегуден бас тартуы керек. Сонымен қатар, рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын тиянақты орындауға, құмарлық сезімдерден бас тартуға, зорлық-зомбылықтан сақтануға, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық сияқты нәрселерге жол бермеуге тиіс. Ұрсысу, өсек тасудан сақтану қажет.
Рамазан кезінде адамдар тату-тәтті, ынтымақты, бейбітшілікте өмір сүреді деп күтіледі. Барлық ерсі, өрескел әдеттен аулақ болып, жан, ар тазалығын сақтау маңызды болып саналады. Оразаның негізгі мақсаты – тіршіліктегі барлық жамандықтан арылып, адамның ішкі жан-дүниесінің тазаруы болып табылады.
Ораза – тазалыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, өтірік-өсек айтпауға, татулыққа, ауызбірліке, достыққа, кешірімшіл болуға тәрбиелейді.
Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт мейрамы өтеді. Орза айттың бірінші күні мұсылмандар мешітке барып, айт намазын оқиды.
Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң Құрбан айт мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» деп аталуының себебі – осы айтта құрбандық шалынады, сондықтан құрбандық шалу мерекесі деп аталады.
Құрбан айттың негізгі мақсаты – өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске түсіру, соларға құран оқытып, құрбандық шалу. Сонымен қатар, құрбан айт мерекесі мұсылмандардың бес парызының бірі – қасиетті Меккеге барып, қажылық жасаумен байланысты. Қажылықтың соңғы күнінде құрбандық шалу салты жасалады.
Мұсылмандар құрбан айт күні шалған құрбандығының қабыл болып, арман-тілектерінің орындалуын Алла тағаладан сұрайды. Елінің тыныштықта, бейбітшілікте әр отбасының шаттыққа бөленіп, тату-тәтті өмір сүруін тілейді.
Сөздік:
пітір – налог в честь месячного поста рамазана
садақа – подачка; подаяние; жертва; милостыня
ораза – пост у мусыльман; рамазан на мусыльманском востоке
шариғат – мусыльманское вероучение
ораза айы – месяц рамазана
зорлық-зомбылық – насилие
дүниеқорлық – жадность; мещанство; стяжательство
құрбандық – жертвенное животное
құрбандық шалу – жертвоприношение
құрбандыққа шалу – зарезать в качестве жертвы
566-тапсырма. Мәтіннің бірінші бөлігі ораза айтқа жоспар құрып, жоспар бойынша мазмұндаңыздар.
567-тапсырма. Мәтіннен тәрбиелік мағынаны білдіретін сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
568-тапсырма. Құрбан айтқа қатысты мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар
Ү л г і:
– Құрбан айт мерекесі қашан басталады?
– Құрбан айт мерекесі ораза айттан кейін 70 күн өткен соң басталады.
569-тапсырма. Одағайларды тауып, олардың астын сызыңыздар.
Әттең-ай, әттең-ай, дүние неткен тәтті ең-ай! Бәрекелді, Жібекжан, айың тусын оңыңнан... Ай-хай, өте шығар дүние қас қағымда! Оу, ағайын, ағайын бір кәдеге жарайын. Тәйт, тоқтат мына әңгімені! Тырау-тырау, тырналар, елге сәлем ала бар. Құру-құру, жануарым. Жә, тый көзіңнің жасын!
570-тапсырма. Одағайдың әр түріне жататын одағайларды көрсетілген торларға толтырыңыздар.
Берілген одағайларды тиісті түрлеріне бөліп жазыңыздар: Бәрекелді, әттеген-ай, әттең, алақай, беу, қап, әй, ей, өу, уһ, пай-пай, ойпыр-ай, бәсе, түу, аһ, өй, тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, қош-қош.
15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.